2) 3) тармақшалар 2008 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енді
2) магистранттар және оқытушылар - 4:1;
3) докторанттар және оқытушылар - 3:1.
53-бап. Әлеуметтік кепілдіктер
1. Педагог қызметкерлер мынадай:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй, оның ішінде қызметтік үй және (немесе) жатақхана;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген адамдар үшін ұзақтығы күнтізбелік 56 күн; оқу-әдістемелік қамтамасыз ету, мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген адамдар үшін - күнтізбелік 42 күн ақы төленетін жыл сайынғы демалыс алудың әлеуметтік кепілдіктерін иеленеді.
2. Ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша:
1) қала жағдайында педагогтік қызметпен айналысатын педагог қызметкерлердің ставкаларымен салыстырғанда айлықақылар мен тарифтік ставкалар кемінде жиырма бес процентке арттырылып белгіленеді;
2) коммуналдық қызмет көрсетулерге шығыстарды жабуға және тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша белгіленетін мөлшерде бюджет қаражаты есебінен біржолғы ақшалай өтемақы төленеді;
3) 2008.24.12 № 111-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2008.24.12 № 111-IV ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру саласының педагог қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады.
2008.24.12 № 111-IV ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды
2-2. Ауылдық жерде жұмыс істейтін, жеке меншігінде малы бар білім беру саласының педагог қызметкерлеріне жергілікті өкілді және атқарушы органдардың шешімі бойынша жемшөп, мал жаю және шөп шабу үшін жер учаскелері беріледі.
3. Білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне жыл сайын тиісті бюджет қаражаты есебінен:
1) тармақша 2008 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енді
1) оларға кезекті еңбек демалысын беру кезінде мемлекеттік білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасымен айқындалған мөлшерде күнтізбелік жылда бір рет сауықтыруға жәрдемақы;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын иеленушіге жұмсау бағытын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын айлық есептік көрсеткіштің 2000 еселенген мөлшерінде мемлекеттік грант;
3) тармақша 2008 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енді
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) «Үздік педагог» атағын иеленушіге айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінде сыйақы төленеді.
8-тарау. Білім беру саласындағы мемлекеттік реттеу
54-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік реттеудің мақсаты мен нысандары
1. Білім беру саласындағы мемлекеттік реттеу білім алуға конституциялық құқықтарды іске асыруды қамтамасыз ететін жағдайларды жасауға және білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметтерін көрсетудің жоғары сапасын қамтамасыз етуге бағытталған.
2. Білім беру саласындағы мемлекеттік реттеу құқықтық қамтамасыз ету, білім сапасын басқару, стандарттау, бақылау жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
55-бап. Білім беру сапасын басқару
1. Білім беру сапасын басқару білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға бағытталған және білім сапасын бағалаудың бірыңғай ұлттық жүйесін құрайтын мемлекеттік және институционалдық құрылымдарын, білім беруді қаржыландыруға бөлінетін қаражатты пайдалану ұтымдылығын және білім беру жүйесі жұмыс істеуінің тұтастай тиімділігін қамтиды.
2. Білім беру сапасын басқару білім беру мониторингінің нәтижелері негізінде барлық деңгейлерде басқарушылық шешімдерді қабылдау арқылы жүзеге асырылады.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Бiлiм беру мониторингi бiлiм беру жүйесінің сапасын сырттай және iшкi бағалау үшін статистикалық және талдамалық бағалау көрсеткіштерінің кешені көмегімен жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |