СӨЖ №1
Менеджмент басқару туралы ғылым
1.Білім берудегі басқару ұғымы. Білім беруді демо-кратиялық басқару моделі.
2.Педагогикалық менеджменттің кәсіптік қызметің айрықша түрі ретіндеталдау.
Білім берудегі басқару – біртұтас педагогикалық үрдіске қатысатындардың барынша жоғары нәтижеге жетуді көздеген мақсатты, сапалы өзара әрекеттесуі.
Басқару объектісі биологиялық, техникалық, әлеуметтік жүйелер бола алады. Білім беру әлеуметтік жүйеге жатады және елдің, өлкенің, облыстың, қаланың және ауданның аумағында қызмет етеді. Кез келген іс-әрекет сияқты, басқару да бірқатар қағидаларды ұстануға негізделе отырып жүргізіледі. Басқару қағидалары басқару заңдылықтарының нақты байқалуы мен бейнеленуі болып табылады.
Білім беру жүйесін мемлекеттік баскару сипаты мынадай қағидалар принциптер жиынтығымен анықталады:
• білім берудің ізгілік сипатта болуы;
білім берудің жалпыға бірдейлігі;
• білім беру жүйесінің ұлттық мәдениеттерді және салт-дәстүрлерді мемлекеттік тараптан қорғауы;
• білім берудің зиялылығы;
• білім берудегі еркіндік пен плюрализм;
• білім берудің демократиялық сипатта болуы.
Білім берудегі демократиялық басқару
Демократиялык басқару - өзіндік құны бар жетістік.
Әлем елдеріндегі демократияның қалаулы жеңісі үшін бірнеше себептер бар. Демократиялык басқару дамуды оң кезеңін ынталандыра алады, өйткені саяси еркіндік әлеуметтік және экономикалык мүмкіндіктерді ұлғайтатын бағдарламаларды кабылдауға адамдардың кол жеткізулеріне мүмкіндік туғызады, ал ашык талқылау қоғамдастыктарға басымдыктарды қалыптастыруға көмектеседі.
Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру, логикалық ойлауын дамыту.
Оқушылардың сөйлеу мәдениетін, өз ойын еркін жеткізуді дамыту.
Оқушылардың тілдік қарым-қатынас деңгейлерін жоғарлату.
Оқушы бойында инабаттылықты қалыптастыру.
Демократиялық басқарудың ұстанымдары:
Педагогикалық менеджмент ұғымы
Педагогикалық менеджмент – бұл қағидалардың, әдістердің, ұйымдастырылған формалардың, технологиялық әдіс жинақтарының қызметін көтеруге және дамытуға бағытталған педагогикалық жүйелерді басқару.
Педагогикалық менеджмент анықтамасына қарап, кез келген оқытушы оқу -танымдық процесінің менеджері екенін көреміз (оларды басқару субъектісі ретінде) ал, орта білім беру мекемелерінің жетекшісі- жалпы алғандағы оқу- тәрбиелік процесінің менеджері (осы процесті басқаратын субъект ретінде).
Педагогикалық менеджмент
Білім беру жүйесіндегі басқару қазіргі таңда «педагогикалық менеджмент» ұғымымен байланысты. Алайда, педагогикаға қатысты «басқару» ұғымының аясы кең әрі көлемді болып келеді, себебі «менеджмент» термині басынан басқарудың бір формасы ретінде, нақтырақ айтсақ, кәсіпкерлер корпорациясы немесе акционерлік компания арқылы әлеуметтік-экономикалық үдерістерді басқарудың бір формасы түрінде енгізілген. Менеджмент ұғымы алғашқыда бизнес саласында пайда болғанымен, бүгінде Батыста тек фирманы, корпорацияны басқару ғана емес, оның қолдану аясы әлдеқайда кеңіген.Оның көптеген постулаттары мен теориялық позициялары кез-келген саладағы басқаруға, оның ішінде білім саласындағы басқаруға да қолданылады.
Басқарушы жүйе құрылымы төрт деңгейге бөлінеді:
Мектеп директоры, мектеп кеңесі, оқушылар комитеті, қоғамдық ұйымдар жетекшілерінен тұрады. Бұл деңгей мектепті дамытудың стратегиялық бағытын анықтайды.
Мектеп директорының орынбасары, мектеп психологы, әлеуметтік педагог, қоғамдық пайдалы еңбекті ұйымдастырушы, аға вожатыйлар, мектеп директорының шаруашылық жөніндегі көмекшісі, өзін-өзі басқаруға қатысатын органдар мен бірлестіктер.
Мұғалімдер, тәрбиешілер, сынып жетекшілері.
Оқушылар, сынып және жалпы мектеп оқушыларының өзін-өзі басқару органы. Бұл деңгейдің бөлінуі мұғалімдер мен оқушылардың арасындағы қатынастың субъект-субъектілік сипатын көрсетеді.
Құзыреттілік тәсіл – бұл білім беру мақсаттарын анықтау принциптерінің, білім беру мазмұнын іріктеудің, білім беру үрдісі мен білім нәтижесін бағалаудың жалпы принциптерінің жиынтығы.
Құзыреттілік жай ғана бұл ұғымдардың жиынтығы емес, сонымен бірге ол студенттердің шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі мен құндылық бағдарларының жүйесін де көрсетеді. Құзыреттілік тәсіл білімдік парадигмадан біртіндеп мектеп бітірушінің қазіргі көпфакторлы әлеуметтік-саяси, нарықтық-экономикалық, коммуникациялық және ақпараттық қаныққан кеңістік жағдайында тіршілік ету әлеуетін, қабілетін көрсететін құзыреттер кешенін игертуге жағдай жасау дағдыларын қалыптастыруға қарай бет бұруды білдіреді
Достарыңызбен бөлісу: |