жадыдан (дискілік жады) және әр түрлі периферийлік құрылғылардан
тұрады.
Программа орындауға қатысты түйінді (өзекті) компоненттер: орталық
процессор, кэш және жады.
Жалғыз процессорлы компьютерлер архитектурасын дамыту үшін
мынадай әр түрлі тәсілдерді қолдануға болады:
1.
Орталық процессордың бір ішкі бөлігін 4 функционалдық
модульдермен (сумматор, көбейткіштер) алмастыру;
2.
Орталық процессордың өткізу жолағын (қабілетін) үлкейту үшін оған
жадының 2 не оданда көп блоктарын қосу;
3.
Уақыт бірлігінде орындалатын командалардың санын арттыру үшін бір
жадылы екі және одан да көп процессорларды қосу;
4.
Барлық компьютерлердің жұмыстары бір бағытта бағытталу үшін, яғни
бір программаны орындау үшін толық компьютерді машиналар желісіне
қосу;
Параллельділікті әртүрлі деңгейіне қарай былай классификациялауға болады:
- тапсырма деңгейінің параллельдігі;
-программа деңгейінің параллельдігі ;
-командалар деңгейінің параллельдігі;
-арифметикалық және биттік туралау параллельдігі ;
1) Тапсырма деңгейінің параллельділігі - параллельділіктің ең жоғарғы
деңгейі. Бұл деңгейде орталық процессор мен енгізу-шығару жүйесі
параллель жұмыс жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: