Қазақстан рспубликасы ғылым және білім министрлігі



бет4/4
Дата08.10.2023
өлшемі67,5 Kb.
#113417
1   2   3   4
І.Кеңесбаев

  • «Абайға дейін де қазақ әдеби тілінің ұрығы себілген болатын...олар жаңа туа бастаған жазба әдебиеттің кейбір уәкілдерінің шығармаларынан табылады»





Мен үшін, әдеби тіл — жалпыхалықтық тілдің белгілі жүйеге түскен, стильдік тармақтары сараланған, варваризм, жаргон, диалект, дөрекі сөздерден тазарған, шеберлер арқылы сұрыпталған түрі.

Қазақ әдеби тілінің даму барысын дәуірлерге бөлу мәселесінде де орныққан бірыңғай пікір жоқ. Ол да – түсінікті. Өйткені бұл тілдің басталар тұсы мен әрі қарайғы даму бағыты әрқилы танылып келген соң, оның дәуірлерге бөлінісі де біркелкі болмақ емес.


Қазақ әдеби тілінің даму көшін дәуірлерге бөлместен бұрын, оның басын қай кезден бастау алатындығы жайлы пікірлермен танысу қажет. Мұнда да біркелкілік жоқ.
Қазақ әдеби тілінің басталар тұсы жайындағы көзқарастарды беске бөліп топтастыруға болады:

  • Қазақ әдеби тілінің тарихын ертеден, көне түркі дәуірі- нен, ғұндар мемлекеті кезінен бастайды (Ғ.Мұсабаев II ға- сырдан, Ә.Марғұлан, Б.Кенжебаев V ғасырдан т.б.).

  • Қазақ әдеби тілінің тарихы XVIII ғасырдан басталады (Қ.Жұмалиев, М.Балақаев т.б.).

  • XIX ғасырдың II жартысынан басталады (Қ.Жұбанов, Н.Сауранбаев, С.Аманжолов, І.Кеңесбаев). Бұл тұжырымды ұстаушылар XIX ғасырдың II жартысына дейін де қазақта әдеби тілді танытатын үлгілер болды дегенді қоса айтады. Сірә, бұл жердегі пікір қазақтың ұлттық әдеби тілін көздей айтылған болу керек.

  • Қазақ әдеби тілі Қазан революциясынан кейін басталады (Т.Қордабаев).

  • Қазақтың төл әдеби тілі ауызша дамыған авторлы поэзия түрінде оның халық болып құралған кезеңінен, XV-ХVI ғасырлардан басталады, ал ескі жазба әдеби тілі XVI-ХVII ғасырлардан, жаңа ұлттық, жазба әдеби тілі XIX ғасырдың II жартысынан басталады (Р.Сыздықова, Қ.Өмірәлиев, Б.Әбілқасымов, А.Ысқақов, Ә.Құрышжанов т.б.).

Б.Кенжебаев, Х.Сүйінішәлиев, М.Жолдасбеков, М.Мағауин

  1. 1) Көне дәуір (V-ХIV ғ.) – қазақ қауымының рулық-ұлыстық дәуірі. Бұл кездегі әдеби шығармалар – көптеген түркі халық- тарына ортақ мұра.

  2. 2) Хандық дәуірдегі әдебиет (XV-ХVIII ғ.) – қазақтың төл әдебиетінің басталу шағы, алғашқы дәуірі.

  3. 3) XIX ғасырдағы әдебиет.

  4. 4) ХХ ғасырдың басындағы (1900-1920) бұқарашыл әдебиет.

  5. 5) Социалистік дәуір әдебиеті.

Н.Сауранбаев 

1) XIX ғасырдың II жартысына дейінгі
2) ХІХ ғасырдың II жартысынан XX ғасырдың 20-жылдарына дейінгі
3) советтік дәуір



Ә.Құрышжанов

1) ХVIII ғасырдың II жартысы, бұл – қазақ әдеби тілінің алғашқы дәуірі
2) ХIX ғасыр, бұл ғасырдың екінші жартысында жаңа сапалы жазба әдеби тіл пайда болды
3) Октябрь революциясынан кейінгі



М.Балақаев

1) XVIII-ХIX ғ. әдеби тіл.
2)XIX ғасырдың I жартысындағы әдеби тіл.
3) XIX ғасырдың II жартысындағы әдеби тіл.
4) XX ғасырдың басындағы әдеби тіл.
5) 1920-1930 жылдардағы әдеби тіл.
6) 1940 жылдан кейінгі әдеби тіл.

Қорытындылай келе, ғалымдардың әдеби тілдің кезеңдерін дәуірлеу мәселесіне келгенде ойлары бір арнаға тоғыспағанын көреміз. Менің ойымша, қазақ әдеби тілі ауызша дамыған авторлы поэзия түрінде оның халық болып құралған кезеңінен, XV-ХVI ғасырлардан басталады.
Егер кезеңге бөліп көрсетер болсам:

  1. Хандық дәуірдегі әдеби тіл (XV-ХVIII ғ.)

  2. XIX ғасырдың I жартысындағы әдеби тіл

  3. XIX ғасырдың II жартысындағы әдеби тіл

  4. XX ғасырдың 20 жылдарындағы әдеби тіл

  5. Советтік дәуірдегі әдеби тіл


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Қазақ әдеби тілінің тарихы» М.Балақаев, Р.Сыздық, Е.Жанпейісов – 1968.

  2. «Қазақ тіл білімінің мәселелері» Сауранбаев Н. — Алматы, 1982.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет