Қызметкерлердің еңбек өнімділігін қалай арттыруға болады
Сіздің компанияңыздың қызметкері өз жұмысын жақсы көреді. Ол жақсы жалақы алып, өз жұмысына риза болады. Сонымен қатар, өз арманын жүзеге асыру үшін ол қызмет уақытынан тыс маңдай терін төгуге дайын. Бірақ оған тыныштық бермейтін бір нәрсе бар. Қызметкер оның жұмысы компания үшін қаншалықты маңызды екенін білмейді. Басшылық бұл туралы ойлау тиіс пе?
Міндетті түрде! Басшылар компанияларында орын алған барлық нәрсеге жеке қарым-қатынас көрсетуге тиіс, өйткені бұл олардың қызметкерлері үшін өте маңызды болып табылады. Зерттеулер дәлелдегендей, адамдар тек ақша үшін ғана жұмыс істемейді. Егер еңбектері тек төленіп қана қоймай, бағаланып, танылса, олар үлкен қайтарыммен жұмыс істей алады.
Қызметкерлерге ұйымның дамуына қосқан үлестері қаншалықты бағаланатынын көрсету маңызды. Жиналыс жасап, онда "көрнекті" қызметкерлердің тізімін оқу міндетті емес. Жылдың ішінде жұмысын атап өтуге болатын адамдарға ынталандыру сыйлықтарын ұсынуға болады. Ең бастысы, адам айналасындағылар үшін жұмысы құнды екенін сезінеді.
Бүгін кеңседе жүзеге асыруға болатын идеялар:
· Сапалы орындалған жұмыс үшін қызметкерлерді мақтау. Тіпті бұл күнделікті міндеттер болса да, тәнті болуға лайық әрекеттерді белгілеп қойыңыз. Басшымен айтылған мадақтау немесе алғыс сөздері, қызметкерлердің жұмысымен қанағаттандыру деңгейін айтарлықтай ұлғайтуға қабілетті, сондай-ақ, олардың жұмыс сапасын арттырады. Жақсы атқарылған жұмыс үшін басшы өз қызметкерлеріне ризашылығын көрсетсе, онда адамдар ісінің құндылығын түсінеді.
· Әртүрлілікті мойындау және құрметтеу. Басшыға қызметкерлері үшін маңызды мерекелер мен атаулы күндер туралы білген жөн. Діни наным-сенімдері немесе ерекше отбасылық оқиғаларын құрметтейтін жетекші көптеген адамдарға жағымды. Өз кезегінде қызметкерлер жұмыс істеп жүрген компаниясын одан аса бағалайды.
· Жұмыс берушіге өзіне бағынышты адамдарының өміріне қызығушылық білдірген жөн. Қызметкерлеріңізді отбасын, маңызды оқиғалары, қызығушылықтары туралы мәлімет беруді сұраңыз. Қызметкерлерге отбасымен немесе достарымен келуге болатын корпоративтік іс-шаралар ұйымдастырыңыз. Бұл компания қызметкерлеріне бейресми жағдайда бір-бірімен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді.
· Қызметкерлеріңізге икемді кестені ұсыныңыз. Әр жұмыс көлемінің орындау мерзімдері бар, ол туралы қызметкерлерге белгілі болу керек. Оларға іс-әрекеттерін үйлестіруге көмектесетін кестені беріңіз. Қажеттілік туындаған кезде бір-бірінің орнын басуға рұқсат етіңіз.
· Алғыс ретінде шағын сыйлықтар сыйлаңыз. Басшының ықыласы көңіл-күйді айтарлықтай жақсартуға және жұмыс күнін әрлендіруге көмектеседі.
· "Рахмет" деп жиі айтыңыз. Бұл "сиқырлы" сөздің үлкен күші бар.
Бұл қарапайым кеңестер қызметкерлер мен басшылық арасындағы қарым-қатынастарды жақсартуға көмектесе алады, сонымен қатар қызметкерлердің өзін-өзі бағалау деңгейін көтеріп, олардың жұмысқа деген қызығушығы мен бейілділігін ұлғайтады. Бұл өз кезегінде, кәсіпорын қызметшілерінің еңбек өнімділігін арттырады, демек, компанияның табысы да өсе түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |