Қазақстан тарих Ұбт 2022 де келетін 100 дата



Pdf көрінісі
Дата14.05.2022
өлшемі333,22 Kb.
#34357
Байланысты:
тарих 100 дата



 

        


Қазақстан тарих ҰБТ 2022 де келетін 100 дата 

1. Б.з.б. ІІІ–ІІ мыңжылдықтың аралығы – Энеолит (мыс-тас 

дәуірі). 

2. Б.з.б. ІІ мыңжылдықтың басы – Қола (мыс пен қалайының 

қосындысы) қорытуды меңгеру. 

3. Б.з.б. І мыңжылдықтың басы – Темірді игеру басталды. 

4. Б.з.б. I мыңжылдық ‒ Сақ тайпалық одақтарының өмір 

сүрген мерзімі.  

5. Б.з.б. І мыңжылдық – Көшпелі мал шаруашылығының 

қалыптасуы. 

6. Б.з.б. VІІІ ғ. ‒ Қазақстан аумағындағы ең ежелгі сақ 

қорғандары. 

7. Б.з.б. ІІІ ғ. соңы ‒ Көшпелі ғұн (хунну) тайпаларының 

билігіне Мөденің келуі. 

8. Б.з.б. 530 ж. ‒ Сақ-массагеттердің парсы патшасы Кирді 

талқандауы. 

9. 552–603 жж. ‒ Түрік қағанатының өмір сүрген мерзімі. 

10. 603–704 жж. ‒ Батыс Түрік қағанатының өмір сүрген 

мерзімі. 

11. 704–756 жж. ‒ Түргеш қағанатының өмір сүрген мерзімі. 

12. 751 ж. ‒ Атлах (Талас) шайқасы. 

13. 756–940 жж. ‒ Қарлұқтар мемлекетінің өмір сүрген 

мерзімі. 



 

Басқада ҰБТ да келетін сливтар MegaBilim телеграм каналда 

14. 870 ж. – Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірге келген жылы. 

15. 942-1212 жж. ‒ Қарахан мемлекетінің өмір сүрген 

мерзімі. 

16. ІX ғ. соңы‒XI ғ. басы (ІX ғ. соңы‒XI ғ. ортасы) ‒ Оғыз 

мемлекетінің өмір сүрген мерзімі. 

17. ХІ ғасыр. – Махмуд Қашғаридің өмір сүрген уақыты. 

18. ХІ ғасыр. – Жүсіп Баласағұнидің «Құтты білік» 

поэмасының жазылған мерзімі. 

19. ХІІ ғасыр. – Қожа Ахмет Йассауидің «Диуани Хикмет» 

еңбегінің жазылған мерзімі. 

20. 960 ж. ‒ Қарахан мемлекетінде ислам  дінін мемлекеттік 

дін деп жариялануы. 

21. XI ғ. басы‒XIII ғ. басы ‒ Қыпшақ хандығының өмір сүрген 

мерзімі. 

22. 1236/1237‒1242 жж. ‒ Батудың Руське және Шығыс 

Еуропаға жорығы. 

23. XIV ғ. І жартысы ‒ Өзбек ханның Алтын Ордада билік 

етуі. 


24. 1465 ж. ‒ Қазақ хандығының құрылуы. 

25. XVI ғ. басы ‒ Қасым ханның билік еткен уақыты. 

26. XVI ғ. басы – «Қасым ханның қасқа жолы» заңдары 

шықты. 



 

27. 1538‒1580 жж. ‒ Хақназар ханның билік еткен уақыты. 

28. 1582/1583‒1598 жж. ‒ Тәуекел ханның билік еткен 

уақыты. 


29. XVI ғ. соңы–XVIІ ғ. басы – «Есім ханның ескі жолы» 

заңдары шықты. 

30. 1628/1629–1652 жж. – Жәңгір ханның ел билеуі. 

31. 1643 ж. ‒ Орбұлақ шайқасы. 

32. 1680‒1715/1718 жж. ‒ Тәуке ханның билік еткен уақыты. 

33. ХVII ғ. соңы. ‒ Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңдар 

жинағы. 

34. 1723 ж. ‒ «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның» 

(«Ұлы апат жылдары») басталуы. 

35. 1726/1728 ж. ‒ Бұланты шайқасы. 

36. 1729/1730 ж. ‒ Аңырақай шайқасы. 

37. 1731 ж. – Кіші жүз қазақтарының бір бөлігі Ресейдің қол 

астына өтуі. 

38. 1771‒1781 жж. ‒ Абылайдың Қазақ хандығын басқарған 

жылдары. 

39. 1783‒1797 жж. ‒ Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық 

көтеріліс. 

40. 1835–1865 жж. – Шоқан Уалихановтың өмір сүрген 

жылдары. 



 

41. 1836‒1838 жж. ‒ Исатай Тайманұлы мен Махамбет 

Өтемісұлы бастаған көтеріліс. 

42. 1837‒1847 жж. ‒ Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс. 

43. 1841 ж. ‒ Бөкей хандығында қазақ балаларына арналған 

алғашқы зайырлы мектептің ашылуы. 

44. 1841–1889 жж. – Ыбырай Алтынсариннің өмір сүрген 

жылдары. 

45. 1845–1904 жж. – Қазақтың ұлы ақыны, ойшылы әрі 

ағартушысы Абай Құнанбаевтың өмір сүрген жылдары. 

46. 1866–1937 жж. – Әлихан Бөкейхановтың өмір сүрген 

уақыты. 


47. 1893 ж. – В.Томсен ежелгі түркі жазбаларының құпиясын 

ашты. 


48. 1913‒1918 жж. ‒ «Қазақ» жалпыұлттық газетінің шығуы. 

49. 1916 ж. – Қазақстан және Орта Азиядағы ұлт-азаттық 

қозғалыс. 

50. 1917 ж., шілде ‒ «Алаш» партиясының құрылуы. 

51. 1917 ж., желтоқсан ‒ Орынборда ІІ жалпықазақ съезі. 

Алаш-Орда үкіметінің құрылуы. 

52. 1918–1920 жж. – Қазақстандағы шетел интервенциясы 

мен Азамат 

соғысы. 

53. 1920 ж. ‒ Қырғыз (Қазақ) АССР-нің құрылуы. 




 

54. 1925 ж., сәуір ‒ Қазақ Кеңестерінің V съезі өтіп, қазақ 

халқының тарихи атауы қалпына келтірілді. 

55. 1925 ж. – Қазақ АКСР-i астанасын Орынбордан 

Қызылордаға 

көшірілуі. 

56. 1928 ж. – Алғашқы жоғары оқу орны – Қазақ 

мемлекеттiк 

педагогикалық институтының ашылуы. 

57. 1929 ж. – Қазақ АКСР-i астанасын Қызылордадан Алматы 

қаласына көшірілуі. 

58. 1931-1932/1933 жж. ‒ Күштеп ұжымдастыру 

жылдарындағы жаппай ашаршылық. 

59. 1932 ж. ‒ Ашаршылыққа байланысты, апаттың көлемі 

туралы «Бесеудің хатын» жазған республика қайраткерлері: 

Ғ. Мүсірепов, М.Ғатауллин, М.Дәулетқалиев, Е.Алтынбеков, 

Қ.Куанышев. 

60. 1936 ж. – Қазақ АКСР-iнің одақтық республика болып 

қайта құрылуы (ҚазКСР). 

ҰБТ 2022 / MegaBilim телеграм каналнан 

61. 1937 ж. – Қазақ КСР Конституциясының қабылдануы. 

62. 1939 ж. – Екінші дүниежүзілік соғыстың басталған жылы. 

63. 1941 ж. – Ұлы Отан соғысының басталған жылы. 

64. 1946 ж. – Қазақ КСР Ғылым академиясының құрылуы. 




 

65. 1949 ж. – Семей ядролық полигонындағы алғашқы 

атомдық жарылыс. 

66. 1949 ж. – М.Әуезовке «Абай» романы үшін КСРО 

Мемлекеттік сыйлығының берілуі. 

67. 1954 ж. – Тың және тыңайған жерлерді игерудің 

басталуы. 

68. 1957 ж. – Экономикалық аумақтық ұстаным бойынша 

басқаруды қайта құру. 

69. 1959 ж. – Теміртаудағы жұмысшылар толқуы. 

70. 1961 ж. – «Байқоңыр» космодромынан тұңғыш 

ғарышкердің ұшырылуы. 

71. 1960-1962, 1964-1986 жж. – Д. А. Қонаевтың Қазақ КСР 

Компартиясы ОК бiрiншi хатшысы қызметін атқарған 

жылдары. 

ҰБТ 2022 MegaBilim телеграм каналнан 

72. 1963 ж. – Ядролық қаруларды атмосферада, ғарышта 

және су астында сынауға тыйым салу туралы келісімшарт. 

73. 1969 ж. – Есік қорғанынан «Алтын адам» табылуы. 

74. 1978 ж. – Қазақ КСР Конституциясының қабылдануы. 

75. 1979 ж. – Целиноград қаласындағы Қазақстанда немiс 

автономиясын құруға қарсы наразылық шерулері. 

76. 1986 ж. ‒ Желтоқсан оқиғасы. 



 

77. 1988 ж. – Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. 

Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Дулатовтардың ақталуы. 

78. 1989 ж. – Қарағанды шахтерлерiнiң ереуiлi. 

79. 1989 ж. ‒ О. Сүлейменов бастаған «Невада-Семей» 

экологиялық қозғалысының құрылуы. 

80. 1989 ж. ‒ «Тілдер туралы Қазақ КСР Заңының» 

қабылдануы, қазақ тілінің мемлекеттік тіл болып 

жариялануы. 

81. 1991 ж. ‒ Қазақтың тұңғыш ғарышкері Т. Әубәкіровтің 

ғарышқа ұшуы. 

82. 1991 ж., 29 тамыз – Н.Ә. Назарбаевтың Семей ядролық 

полигонын жабу туралы жарлыққа қол қоюы. 

83. 1991 ж. ‒ Н.Ә. Назарбаевтың бүкілхалықтық сайлауда 

Қазақстан Президенті болып сайлануы. 

84. 1991 ж. – Қазақ КСР-iнiң алтын қоры мен алмаз қорының 

құрылуы. 

85. 1991 ж., 16 желтоқсан ‒ Қазақстан Республикасының 

«Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Конституциялық 

Заңының қабылдануы. 

86. 1992 ж. – Қазақтардың дүниежүзiлiк алғашқы 

құрылтайының өтуi (Алматы қ.). 

87. 1992 ж., маусым ‒ Қазақстан Республикасының 

мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы бекітілуі 




 

88. 1992 ж. ‒ Қазақстан Республикасының БҰҰ-ға 

толыққанды мүше болып қабылдануы. 

89. 1993 ж., қараша ‒ Қазақстан Республикасының ұлттық 

валютасы ‒ теңгенің енгізілуі. 

90. 1995 ж. – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы. 

91. 1995 ж., 30 тамыз ‒ Бүкілхалықтық референдумда 

Қазақстан Республикасының қолданыстағы 

Конституциясының қабылдануы (Конституция күні). 

92. 1997 ж. ‒ Жалпыұлттық татулық пен қуғын-сүргін 

құрбандарын еске алу жылы. 

93. 1997 ж. – Қазақстан Республикасының астанасы Алматы 

қаласынан Ақмола (Нұр-Сұлтан) қаласына көшірілуі. 

94. 1999 ж. – ЮНЕСКО шешімімен Астана (Нұр-Сұлтан) 

қаласына «Бейбітшілік қаласы» мәртебесінің берілуі. 

95. 2003 ж. ‒ Астанада (Нұр-Сұлтан) әлемдік және дәстүрлі 

діндер өкілдерінің I съезі. 

96. 2010 ж. ‒ Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі. 

97. 2011 ж. ‒ Қазақстанда Азиаданың өткізілуі. 

98. 2017 ж. ‒ Қазақстанда дүниежүзілік ЭКСПО көрмесінің 

өткізілуі. 

99. 2019 ж. ‒ Астана қаласының атауы Нұр-Сұлтан болып 

өзгеруі. 

100. 2019 ж. – Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан 

Республикасының Президенті болып сайлануы. 



 

 

 



 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет