Марат Медина Маратқызы 2 курс тфп21-054



Дата31.01.2023
өлшемі18,51 Kb.
#64196
Байланысты:
эссе-менің арманымдағы Қазақстан


Марат Медина Маратқызы
2 курс
ТФП21-054
87477022404
maratmedina157@gmail.com


Менің арманымдағы Қазақстан
Қазақстан – мен жақсы көретін, жаныма жақын , әрі қымбат туып өскен жерім. Сонау ата-бабаларымыздың ақ найзаның ұшымен , ақ білектің күшімен, табиғатының көркемділігіне көз тоймайтын , бізге мұра ретінде қалдырған баға жетпес асыл қазынасы. Ата-бабаларымыздың ерен еңбегінің арқасында қазір кең байтақ жерде өмір сүріп жатырмыз. Ерліктері ешқашан ұмытылмайды! Қазір сол кісілердің арқасында Қазақстан күннен-күнге дамып, көркейіп өсуде. Президентіміз Қасым Жомарт Тоқаевтың « Жаңа Қазақстан» жолдауын бірге жүзеге асырып, Жаңа Қазақстан Республикасының одан әрі көркеюіне үлесімізді қосуға дайынбыз.
Шынымды айтсам, Қазақстанның көп ұлтты мемлекет болғаны алаңдатады. Себебі ,мемлекеттің «Қазақстан» деген атауы ғана болмаса ,көп ұлттар аралас өмір сүріп жатыр. Әрине бәріміз татулық пен бірлікте , достық қарым-қатынаста өмір сүріп жатырмыз. Сонда да, бірінші кезекте ұрпақтарымызды, тілімізді, жерімізді , болашағымызды ойлауымыз керек . Болашақта таза қазақ ұрпағының шығуына кім кепіл? Сонымен қатар, қазір орыс тілі мен қазақ тілінің катар деңгейде болуы мүлде дұрыс емес деп ойлаймын,. Себебі, қазірдің өзінде көбісі орыс тілінде сөйлейді , қазақ тілінде сөйлеп жатқандарын сирек көреміз.Неге өз жерімізде тұрып, басқа елдің тілінде сөйлеуіміз керек? Ресейде де қазақ тілінде сөйлеп жүрме? Қазақ тілін біледі ме? ,-деп сұрағаным дұрыс шығар. Бара бара өз тілімізді ұмытып кетпесек болды деп тілеймін, себебі бізге өзіміздің тіліміз өзімізден басқа ешкімге керек жоқ екенін түсіну керекпіз деп ойлаймын. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының үлкен дамыған мемлекеттердің қатарында болса деймін. ( мәселен: АҚШ, Корея, Қытай және т.б) . Қазақстанның экономикасы , әлеуметтік әл-ауқатының жақсаруы, білім беруі, медицина саласының дамуы, фармацевтикалық технология өндірістерінің дамуын , отандық өнімдерімізді экспортқа шығарылатындай халықаралық үлкен дәрежеге жетуін қалаймын. Сонымен қатар, бізден шығарылатын өнеркәсіптердің (мұнай ,көмір, түсті металдар және т.б) Араб әмірліктерінің өнеркәсіптері сияқты жоғары жетістіктерге жетеді деген сенімдемін. Халқымның тұрмысы жақсарып , әр адам баспаналы , жалақысының жеткілікті мөлшерде болуын тілеймін. Әрине , бәрі бәрден болмайды . Алдымызға мақсат қойып , Қазақстанның осылай өсіп-өніп, көркеюіне президентімізбен бірге үлкен жетістіктерге жетеміз деп сенемін. Тек сабырлық сақтап , «жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп ата-бабамыз айтқандай, бірігіп еңбектенуіміз керек!
Сондықтан да , менің арманымдағы Қазақстан – үлкен дамыған мемлекеттердің қатарында болуы, Қазақстанда тұрып жатқан әр азамат пен азаматшалардың казақша сөйлеуі, мемлекетте қазақ халқының ғана тіршілік етуі, халқымыздың әр адамының патриот болуы, тұрмыс-тіршілігінің жақсаруы және болашақта да еліміз тыныш , соғыссыз , бейбіт өмір сүруін тілеймін .Қазақстан мемлекетінің әлем тарихында тайға таңба басқандай, тамыры тереңге жайылар керемет тарихы бар мемлекет болуын армандаймын .
Ойымды қорытындылай келе , «менің арманымдағы Қазақстан» деген тақырыпқа өз пікірімді жаза берсем көп . Бірақ , өзімнің ойымдағы, ішкі жан дүниемнің, жүрегімнің калауындағы , болашақта көргім келетін еліме қатысты армандарымды жеткізе алдым деп ойлаймын.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет