Қазақстан тарихы 1-нұсқа «Окс өркениеті»



бет67/90
Дата15.03.2023
өлшемі1,38 Mb.
#74584
түріҚұрамы
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   90
Байланысты:
ҰБТ Қаз тарих 50-ннн-1

Махмұт Қашқари. 1029-1101 жж. Ортағасырдың әйгілі және танымал ғалымдарының бірі. Махмұт Қашғари Қарахан мемлекетінің аумағында дүниеге келген. Алғашқы білімін медреседе алып, кейін Бұхара, Самарқан,Мерв қалаларында оқуын жалғастырды. Ол талай ел кезіп, деректер жинастырды, ұзақ жылдар бойы жүргізген ғылыми ізденістері нәтижесінде «Диуани луғат-ат-түрік» (Түрік тілдерінің сөздігі) еңбегін жазып шықты.
Жүсіп Баласағнұни. 1021-1075 жж. Орта ғасырдың көрнекті ғұлама, ойшыл және ақындарының бірі. Қарахан мемлекетінің әкімшілік орталығы Баласағұн қаласында дүниеге келген.
11. Дәйектердің ішінен дұрыс емесін анықтаңыз:
І. Әл-Фараби 27 жасында «Өткен буындардың ескерткіштері» атты еңбегін жазды.
ІІ. Жүсіп Баласағұни ХІ ғасырда түркі тілінде «Құтты білік» ( «Құт негізі-білік») атты іргелі тарихи-әдеби шығарма жазды.
ІІІ. «Диуани лұғат ат-түрік»- Орталық Азия түркі халықтарының тілі, тарихы, этнография, география, астрономия, медицина, әскери ісі, мәдениеті, діні, салт-дәстүрі менәдет-ғұрыптары туралы ақпарат беретін құнды тарихи дерек.
ІV. Жүсіп Баласғұни- исламдағы түркі танымының негізін қалаушы,сопылық бағытының насихаттаушы
V.Әл –Фараби алғашқы білімін Мерв қаласында алып, кейін Шаш,Самарқан және Бұхарада жалғастырды.
VІ. Махмұт Қашғари Қарахандық ақсүйектер отбасында дүниеге келген.
А) ІІІ, V, VІ
В) І, ІІ, ІІІ
С) ІІ, ІV, VІ
D) І, ІV, V
Е) ІV, V, VІ
12. Махмұт Қашғариға қатысты деректерді белгілеңіз:
А) ХІ ғасырда жазылған «Диуани лұғат ат-түрік» еңбегі түркі тілдес халықтардың алғашқы ақсүйектер әдебиетінің ескерткіші.
В) Түркология ғылымының негізін қалады.
С) Көзінің тірі кезінде-ақ «ақындардың ақыны, даналардың көшбасшысы» деп атанған ақын.
D) Ғұламаның суреті ұлттық теңгемізде бейнеленген.
Е) Қыпшақ тілінде білім алып, шығармаларын араб тілде жазған.
13. Ғұламаларды деректермен дұрыс сәйкестендіріңіз:
1. Жүсіп Баласғұни
2. Әл-Фараби
3. Махмұт Қашғари
А. Түркі тайпаларының орналасу тәртібін көрсету үшін жасаған дөңгелек картасы ең ежелгі түркі картасы болып саналады.
Б. Адал билеуші Күнтуды (Қарахан билеушісі)- әділдіктің символдық бейнесі ретінде ұсынады.
В. 941жылы Дамаскіге келіп, ғылыми жұмыстарын жалғастырды.
А) 1-Б,2-А,3-В
В) 1-В,2-А,3-Б
С) 1-А,2-Б,3-В
D) 1-В,2-Б,3-А
Е) 1-Б,2-В,3-А
14. Әл-Фарабидің бүкіл кешенін жинап, ретке келтірген Аристотельдің ілімінің атауы:
А) «Метафизика»
В) «Органон»
С) «Логика»
D) «Аналитика»
Е) «Этика»
15. «Мен-түркі боламын», түркі тілі- «ең ашық-айқын әрі тура-түзу тіл». Бұл қай ғұламаның сөзі:
А) Махмұт Қашғари
В)Қожа Ахмет Йасауи
С) Жүсіп Баласғұни
D) Әл-Фараби
Е)Сүлеймен Бақырғани




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет