ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ 10-нұсқа 1. Қазылып зерттелген Жетісудағы Майбұлақ тұрағы жататын кезең:
А) орта тас
В) неолит
С) мустье D) кейінгі палеолит
Е) ашель
2. Моғолстан билеушілері Есен-бұға мен Жүніс осы ханның балалары:
А) Ілияс-Қожа
В) Тоғылық-Темір
С) Қызыр-Қожа
D) Уәйіс Е) Мұхаммед
3. ХІ ғасырда Оғыз мемлекетінде көтеріліске шықты:
А) қыпшақтар
В) хазарлар
С) бұлғарлар
D) печенегтер
Е) салжұқтар 4. Сыма Цяньнің қаңлылар туралы «Тарих жазбалары» еңбегінде жазған мәліметі:
А) Мемлекеттің құрылғанын
В) Қытаймен соғысын
С) Көшпелілердің өмірі мен тұрмысын D) Билеушілер тарихын
Е) Көптеген елдермен сауда байланысын
5. Тәуелсіздік жылдары құрылған өндіріс орындарын олардың шығарған өнімдерімен дұрыс сәйкестендіріңіз:
1. Өскемен; 2. Түркістан облысы; 3. Ақмола облысы; 4.Жамбыл облысы.
А.Тантал металлургия зауыты; Б. Дайын тігін бұйымдары; С. Медициналық препараттар;
Д. Гербицидтер зауыты
А) 1-С;2-Б;3-Д;4-А
В) 1-А;2-Б;3-Д;4-С С) 1-А;2-Б;3-С;4-Д
D) 1-С;2-Д;3-Б;4-А
Е) 1-Д;2-А;3-С;4-Б
6. Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының Конституциясы қабылданды:
А) Қазақстан Кеңестерінің Төтенше ІV съезінде
В) Қазақстан Кеңестерінің Төтенше VІІІ съезінде
С) Қазақстан Кеңестерінің Төтенше Х съезінде D) Қазақстан Кеңестерінің Төтенше ІХ съезінде
Е) Қазақстан Кеңестерінің Төтенше VІІ съезінде
7. 1907 жылы жарық көрген «Сарыарқа кімдікі?» атты кітаптың авторы:
А) М.Ж.Көпеев В) М.Шорманов
С) А.Байтұрсынов
D) М.Бабажанов
Е) Ш.Уәлиханов
8. Желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін ұсталып, жаза тартқан адамдардың саны
А) 1500-ге жуық
В) 2500-ге жуық
С) 3500-ге жуық
D) 4500-ге жуық
Е) 8500-ге жуық 9. 1916 жылы тамызда 5-мыңнан астам көтерілісшілер жазалаушы отрядын талқандап,басып алған жәрмеңке:
А) Тоқмақ
В) Атбасар
С) Қоянды
D) Тайыншакөл