ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ
20-нұсқа
Нұсқау: сізге берілген бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тапсырмалар беріледі. Таңдаған жауапты жауап парағына сәйкес орынға , дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет.
1. Ұшы сүйектен жасалған ілмек кертігі бар сүңгі-найза:
А) нуклеус
В) болос
С) дротик
D) микролит
Е) гарпун
2.Ғалымдардың қола дәуіріне тән 30 қоныс пен 150 қорымды зерттеп ашқан аймақ:
А) Солтүстік Қазақстан
В) Батыс Қазақстан
С) Шығыс Қазақстан
D) Оңтүстік Қазақстан
Е) Орталық Қазақстан
3. Сарыарқаның солтүстік батысын мекендеген ежелгі тайпалар:
А) роксалан
В) массагет
С) сармат
D) аримаспы
Е) аргиппей
4.VІІІ ғасырдағы қарлұқтар туралы дерек қалдырған араб зерттеушісі:
А) ӘбуДулах
В) Әл-Марвази
С)
Әл-Макдиси
D) Әл-Идриси
Е) Жүсіп Баласағұни
5.Ерте орта ғасырларда Қазақстан аумағында:
А) Моңғол шапқыншылығы болды
В) А.Дженкинсонның Орта Азияда болуы
С) Жоңғар шапқыншылығы басталды
D) Моңғолоидтық белгілер тереңдей түсті
Е) Алтын Орда ыдырай бастады
6. ІІ-Vғғ. Жасалған ирандық мөрлер табылған аймақ:
А) Тараз
В) Ферғана
С)
Торғай
D) Зайсан
Е) Отырар
7. ХІV-ХV ғасырлар аралығында шыққан қыпшақ Құтыптың шығармасы:
А) «Хұсрау мен Шырын»
В) «Кодекс Куманикус»
С) «Мухаббатнама»
D) «Жүсіп-Зылиха»
Е) «Оғызнама»
8. Оқиғалардың хронологиялық ретін анықтаңыз:
1. «Ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды тәркілеу және жер аудару туралы» декрет; 2. Қарақұм көтерілісі; 3. «Нақты ет салығы туралы» декрет; 4. БК(б)П-ның ХІVсъезі
А) 3,4,1,2
В) 1,2,4,3
С) 2,4,1,3
D) 1,4,3,2
Е) 3,1,4,2
9. ХХ ғасырдың 30-жылдарында Қазақстанда жүзеге асырыллы:
А) Қазақ АКСР-інің құрылуы
В) Жаңа экономикалық саясатқа көшу
С) Индустрияландыру
D) Жер-су реформасы
Е)
Әскери коммунизм
10. ХІХ ғасырдың 60-90 жылдарындағы реформа бойынша қабылданған шешім:
А) хандық билік сотын қолдады
В) түтін салық мөлшері азайды
С) дәстүрлі билер сотына шектеу қойылды
D) ірі қалалардағы приставтықтар жабылды
Е) қоныс аудару басқармалары жабылды
11.Маңында су қоймасы болған неолиттік тұрақ:
А) Ащысай
В) Семізбұғы
С)
Обалысай
D) Ботай
Е) Сексеуіл
12. Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанда өндірілген висмуттың одақ бойынша үлесі:
А) 65%
В) 60%
С) 70%
D) 85%
Е) 30%
13.Зороастризмнің от жағатын мұнара сияқты құрылысының қалдықтары табылып, зерттелген ортағасырлық қалалар:
А) Отырар, Сайрам
В) Қостөбе, Қызылөзен
С) Баласағұн, Жікіл-Балық
D) Ақбешім мен Тараз
Е) Құйрықтөбе,
Баласағұн
14. Орта Азия республикалары мен Қазақстан басшыларының Ашхабадтағы кездескен уақыты:
А) 1991 жыл 8 желтоқсан
В) 1991 жыл 10 желтоқсан
С) 1991 жыл 21 желтоқсан
D) 1991 жыл 13 желтоқсан
Е) 1991 жыл 1 желтоқсан
15. «Ресей мемлекетінің әртүрлі аймақтарына саяхат» еңбегінің авторы:
А) П.И.Рычков
В) И.Г.Георги
С) Г.Ф.Миллер
D) П.С.Паллас
Е) И.П.Фальк
16. «Аттила» операсы дүниеге келген ел:
А) Франция
В) Венгрия
С)
Ұлыбритания
D) Қазақстан
Е) Италия
17. 1379 жылы Темір-Мәлікті жеңіп, Сығанақты басып алған хан:
А) Мамай
В) Ұрұс
С) Едіге
D) Тоқтамыс
Е) Ноғай
18. 1988 жылы 1930-1950 жылдары жазықсыз жазаға ұшыраған қазақ зиялыларын ақтау туралы қаулыны қабылдаған:
А) Қазақ КСР-нің Жоғарғы Кеңесі
В) Қазақ КСР-нің министрлер кабинеті
С) Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті
D) Төртінші шақырылған Орталық Комитетінің төтенше пленумы
Е) Кеңес
Одағы Коммунистік партиясы
19.Досан Тәжіұлы бастаған көтеріліс болған аймақ:
А) Сырдария
В) Маңғыстау
С) Торғай
D) Орал
Е) Жетісу
20. Ол Алаш қозғалысы тұсында күрестің алғы шебінде болады. Кеңес үкіметі кезінде ол қазақ халқының сауатын ашып, ағарту жолына біржола түседі. Көптеген өлең-жырларында халықтың арман-тілегін, мұң-мұқтажын жырлады,
халықты өнер-білімге, мәдениетке шақырды.Патшалық Ресейдің қанаушылық-отаршылдық саясатын сынады, ел-жұртты миссионерлердің жүгенсіз қылығынан сақтандырды. Оның өмірі өз халқына адал қызмет етудің, ел-жұртының мәдениеті мен әдет-ғұрпына, тарихына деген сүйіспеншіліктің айқын үлгісі.Ол өзінің бір мақаласында былай деп жазды:
«Менің мақсат-мұратым- қазақ халқының материалдықжағдайын жақсарту, мүмкін болғанынша мәдениетін көтеру. Мен осы мақсатты қамтамасыз ететін үкіметті қолдауға әрқашан әзірмін».
А) Ә.Бөкейханов
В) М.Дулатов
С) А.Байтұрсынов
D) М.Тынышбаев
Е) Ж.Аймауытов
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘНІНЕН ТЕСТ АЯҚТАЛДЫ