Қазақстан тарихы 9-сынып



бет3/4
Дата04.09.2023
өлшемі216,93 Kb.
#105981
түріСабақ
1   2   3   4
2-тапсырма.
Берілген тірек сөздерді мәтіндегі тиісті жерге қойыңыз: бұратана, 45 млн десятина, соғыс салығы, шовинизм.
ХХ ғ басында қазақ даласының болмысы күрделене түсті.1907-1912 ж өзінде Қазақстанға Ресейден 2 млн 400 мың адам әкеліп қоныстандырылды. Құнарлы жерлер қоныстанушыларға берілді.1917 жылға қарай қоныстанушыларға, помещиктерге, монастырьлар үшін деп, қалалар мен темір жолдар үшін бөлінген ---------------------- жер тартып алынды.Отарлау саясаты күш алған кезеңде қазақтар өз жерiнде -----------, "туземцы" деп атала бастады. Бұл ұлыдержавалық ----------------- айқын көрінісі.І дүниежүзілік соғыс (империалистік) барлық халықтарға, соның ішінде Қазақстанға да аса ауыр зардаптарын тигізді. Қазақстан майданды шикізатпен қамтамасыз ететін ірі өңірлердің біріне айналды. Соғыс қажетіне жергілікті халықтан алынатын салық 3-4 есе көбейді. Россияның дүниежүзілік империалистік соғысқа кірісуі Қазақстанды тонауды күшейтті. Соғыс қажетіне деп өлке еңбекшілеріне ----------- енгізілді.
Термин сөздермен жұмыс
Кадеттер – конституцияшыл демократтар. Қоғамның демократиялық құндылықтар негізінде біртіндеп дамуын жақтаушылар.
Мемлекеттік Дума – Ресейдің 1906 – 1917 жылдардағы заң шығарушы жоғары өкілетті органы.
Петиция – мемлекет басшысына немесе жоғары өкімет органына көпшілік атынан тапсыратын жазбаша өтініш.
Революция – қоғам өміріндегі түбірлі өзгеріс.
Самодержавие – патшаның шексіз өздігінше билік етуі.

Үйге тапсырма.
Цитаталарды авторлармен сәйкестендіріңіз.

Т.Рысқұлов

А) «Егер мемлекет мүддесі қырғыздарды (қазақтарды) құрбан етуді талап етсе, әрине, бұған қарсы шығудың керегі жоқ...»

П. Столыпин

Б) «1899 жылдан кейін қазақтар мен орыстар арасындағы этностық жанжалдар даладағы өмірдің сипатына айналды»

А.Байтұрсынов

В) «Менің мақсат-мұратым - қазақ халқының материалдық жағдайын жақсарту, мүмкін болғанынша мәдениетін көтеру. Мен осы мақсатты қамтамасыз ететін үкіметті қолдауға әрқашан әзірмін»



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет