Қазақстан тарихы билет жауаптары Дариға 1


XX ғасырдың басындағы қазақ зиялы қауым өкілдерінің шығармашылығы



бет32/57
Дата02.03.2023
өлшемі430,63 Kb.
#71351
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   57
57.XX ғасырдың басындағы қазақ зиялы қауым өкілдерінің шығармашылығы.

Қазақ ұлт зиялыларының қалыптасуы — XIX ғасырдың екінші жартысы — XX ғасырдың басында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында болған өзгерістер қазақ халқының рухани өміріне терең әсер етті.Саяси, экономикалық экспансиямен қоса, құлдыққа салушылардың мәдениеті күштеп танылды.Патша өкіметінін кертартпа саясаты халыққа білім беру саласынан мейлінше айқын анғарылады. Отаршыл билік қазақ халкының мүдделері мен құқықтарын елемей, онын рухани дамуын тежеді. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде қарастырылып отырған кезенде орын алған соны құбылыстар қазақ қоғамының қоғамдық санасындағы елеулі өзгерістерге әкеп соқты. Мұндай елеулі өзгерістер ұлттық сана-сезімді оятуға жағдай жасады, қазақ қоғамында жаңа идеялардың, ой-пікірлер мен көзқарастардың қалыптасуын анықтап берді. Мәдениет тұрғысынан алғанда, дәуірдің жаңалыктары ең алдымен еуропалық өркениетті, жаңа құндылықтарды бастапқыда әлеуметтік үстем топ өкілдерінің, адамдардын шағын тобының меңгеруі орын алғанынан көрінді. Ұлттық зиялылардың қалыптасу жолы бірдей болған жоқ, күрделі және ұзаққа созылған үрдіс болды. Бұл жағдайдың халық шаруашылығында да, мәдениетте де мамандар санының өсуінен көрінгені күмәнсіз. Оның барысын отаршылдық режим жағдайлары, патша өкіметінің бағындырылған халық жөніндегі кемсітушілік саясаты тежеп отырды. Дегенмен XIX ғасырдың аяғы — XX ғасырдың басы халықтың интеллектуалдық күштері дамуындағы жаңа кезен болып табылады.


ХХ ғасырдың басында қазақ халқы саяси аренаға, азаттық пен тəуелсіздік күрес жолына, ағартушылыққа шақырған ірі қоғам қайраткерлерін шығарды. Ел арасынан өздерінің табиғи дарынымен, асқақ білімділік деңгейімен, рухани парасатымен суырылып шыққан алаш азаматтары ұлт болашағы үшін жан аямай тер төгіп, бостандық пен бақытты өмір жаршыларының тұңғыш қарлығаштары бола білді. Жақып Ақбаев, Дінмұхамед Сұлтанғазин, Ғұмар Қарашев, Ғабдұлғазиз Мұсағалиев, тағы басқалар, бұл тізімді осылай жалғастыра беруге болады.

Шын мəнінде олар ғұмыр кешкен ХХ ғасырдың басы алып адамдарды қажет еткен, əрі осыған орай өздерінің ойлау, болжау қасиеттері айырықша, энциклопедиялық білім, талғам-танымдары жан- жақты алыптарды дүниеге келтірген дүбірлі заман болды.

Бірақ жылдар бойы Кеңес өкіметі жүргізген озбырлық пен қырып-жоюға, тарихты өрескел бұрмалауға негізделген саясаттың тікелей салдарынан халқымыздың сана-сезімі өлшеусіз де орын толмас жұтаңдыққа ұшырап, оның интеллектуалды ауқымының қарыштап, дамуына үлкен нұқсан келді. Соның тікелей кесірінен Қазан төңкерісіне дейінгі жалпы адамзат өркениетінің төрінен орын алған ірі тұлғаларымызға «байшыл», «кертартпа», «діншілдер» деп ойдан шығарылған, цензура арқылы тыйым салынды. Партиялық талап, марксистік-лениндік идеология қазақ халқының дарынды дара перзенттерінің бостандық пен ұлт тəуелсіздігі үшін аянбай тер төккен, қабырғалары қайысқан ерекше еңбектерін большевиктік көзқараспен біржақты бағалап, оларды мемлекетке «қажетсіз» санап, жетпіс жылдан астам мерзімге жоққа шығарды.

ХХ ғасырдың басында орталық Қазақстанда туып, ұлтының тəуелсіздігі үшін күрескен қазақ зиялылары — Ə. Бөкейханов, Н. Нұрмақов, Ж. Сəдуақасов, Ж. Ақбаев, тағы басқалардың еңбегінде қазақ халқының тəуелсіздігі, жерінің азаттығы, азаматтық құқығының жоқ болуы туралы ой-пікірлер, ұсыныстар, азаттыққа жету жолдары туралы терең тұжырымдар жасалған

ХХ ғасырдың басы – қазақ қоғамының рухани тұрғыдан серпіліп, ұлттық сананың оянған кезеңі болды. Ұлт қамын ойлаған қазақтың зиялы азаматтары адамзат тарихының көшінен қағаберіс қалып, бейқам жатқан елдің тығырықтан шығар жолын іздеп, шарқ ұрды. Одан шығудың бірден-бір негізгі жолы – «өнер-білімге тартылып, алдыңғы қатарлы елдердің қатарына қосылу» деп біліп, ағартушылық идеясын, ұлттық сананы көтеру идеясын ұстанды. Бұл жолда ұлттық мәдениеттің, әсіресе тілдің алар орны ерекше болатынын терең түсінді. Осыған байланысты Ә.Бөкейханов: «Қазақтың ұлт болып, өркениетті ел қатарлы өмір сүруі үшін, ең алдымен, халықтың сана-сезімін оятатын жағдай тудыру керек, қазақтың ұлттық тілін, әдебиетін өрістету керек», – деп жазды.

Тіл тазалығына мән бермейтін немқұрайдылықтан, тілін білмегеніне арланбайтын намыссыздықтан сақтанудың, олардың алдын алудың бірден-бір жолы – ұлттық рухты ояу, ұлттық кодты сақтау Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, «Қазақ тарихында қазақ ұялатын ештеңе жоқ... Әр халықтың тарихында есімі мәңгі өшпестей ел жадында сақталатын тарихи тұлғалар болады». Сондай тұлғаларымызды үлгі етіп, ұлттық рухты ояту қажет. Қазақтың терең тарихын білген ұрпақ ешқашан тіліне селқос қарамайды, ұлт мүддесі жолында аянбай еңбек еткен қазақ тарихындағы тарихи тұлғаларды мақтан етіп, өз елінің патриоты болады. Тарихтан тағылым ала отырып, болашағының жарқын болуы үшін де өз үлесін қосуға тырысады. Елбасымыздың: «Тарихты жеңіл-желпі аңыз ­сөз­дердің жи­ынтығы деп қарайтын адам­­дар ­шы­нын­да да тарихтан тағылым ала ­алмайды. Өткенге қарап, ертеңіңді түзе!» – деген сөздерін әрдайым жадымызда ұстауымыз керек.



«Шора» журналының 1913 жылғы 4-санында жарияланған «Қазақша сөз жазушыларға» атты мақаласында А.Байтұрсынұлы қазақ тілінің фонетикалық, морфологиялық ерекшеліктерін басқа түрік тілдерімен салыстыра келіп: «Растыққа жүгінсек, түріктің тұнық тілі, түзу емлесі қазақта... ХХ ғасырға шейін түріктің тілін аздырмай, асыл қалпында алып келген тіл турасындағы абырой мен алғыс қазаққа тиісті. Атаның аздырмай берген мүлкін, қолымызға алып быт-шытын шығарсақ, ол ұнамды іс болмас», – деп тұжырым жасаған еді. 2013-2016 жылдары Қытай Халық Республикасы Бейжің қаласындағы Орталық ұлттар университетінде дәріс оқығанымызда университеттің студенттері мен магистрант-докторанттары тіл тарихы, көне түркі тілі, жазба ескерткіштер тілі бойынша филология ғылымдарының докторы, профессор Еркін Ауғалидің дәрістерінде ескерткіштердің тіліндегі көптеген сөздер басқа ұлттарға (оның ішінде түркі халықтарының өкілдеріне де) түсініксіз болып, қиындық тудырып жатқанда қазақтар оларды жатсынбай, бірден ұғатынын, ол сөздердің етене жақын таныс болып шығатынын айтып, бойларын мақтаныш сезімі кернейтінін әңгімелеп берген еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет