Қазақстан тарихы билет жауаптары Дариға
1) 1.Қазақстан тарихын кезеңдерге бөлу
1980 жылдары аяғы мен 1990 жылдарының басында елде қалыптасқан демократиялық үрдістерге байланысты отандық тарихшылар еліміздің тарихын оқыту барысында тарихи фактілерге сүйене отырып, саяси оқиғаларға негізделген Қазақстан тарихын кезеңдерге бөлуді анықтады:
Тарихқа дейінгі кезең: 2,5 млн – б. д. д. VIII ғасырға дейін (тас ғасыры, қола дәуірі).
Ежелгі кезең б. д. д. VIII ғасырдан б. д. VI ғасырына дейінгі уақытты қамтиды (сақ, ғұн, үйсін, қаңлы).
Орта ғасырлар кезеңі Қазақстанда Түркі қағанатының құрылуынан басталып, XVI ғасырдың аяғына дейін созылады (Алтын Орда, Ақ орда, қазақ хандығы).
Жаңа дәуір XVII ғасырдың басынан XX ғасырдың басына дейінгі уақытты алып жатыр. Бұл кезеңді үш дәуірге бөліп қарастыру орын алған:
XVII ғасырдың басынан XVIII ғасырдың басына дейінгі уақыт. Бұл кезеңде Қазақ хандығы Орта Азиядағы ең мықты, дербес көшпелі мемлекет ретінде қалыптасты;
XVIII ғасырдың басы мен XVIII ғасырдың аяғына дейінгі уақыт. Қазақ халқының өз тәуелсіздігі үшін күрес (жоңғарлармен, Еділ қалмақтарымен, Орта Азия хандықтарымен, башқұрттармен, түркмендермен т.б.) жүргізді;
XVIII ғасырдың аяғынан басталып XX ғасырдың басына дейін созылады. Бұны Ресей империясының отарлау саясатының кезеңі деп алып, тәуелсіздік идеясының, ұлт-азаттық қозғалысының жаңа сипатта дамуы қарастырылады.
Қазақстан Кеңес дәуірі кезінде. Бұл кезең Кеңес үкіметі орнаған 1917 жылдан басталып, 1991 жылға дейінгі уақытты қамтиды. Бұл кезеңге кейбір отандық тарихшылар кеңестік отарлық кезең деген атау беріп жүр. Оның өзіндік себебі де бар: 74 жылға созылған Кеңес үкіметі тұсында орталықтың (Мәскеудің) экономика, саясат, мәдениет, әлеуметтік жағынан үстемдігі орнады.
Егеменді Қазақстан. 1991 жылы Қазақстанның егеменді мемлекет болып қалыптасуынан басталып, осы күнге дейінгі тұрақты түрде дамып келе жатқан кезеңмен аяқталады.
2. Қазақстан аумағындағы алғашқы қауымдық кезең және археологиялық кезеңдеу
Алғашқы адам тіршілік иелері мен оның қарапайым шаруашылығының қалыптасу кезеңін қамтитын ежелгі тас дәуірі өндіргіш күштердің өте төмен деңгейімен сипатталады. Ол тұстағы адамдардың кәсібінің мәні табиғаттың дайын өнімдерін пайдаланумен шектелген. Олар өздігінен өсіп тұрған дәндерді, жеміс-жидектерді теріп жеп, жабайы аңдарды аулап, олардың етімен қоректенеді. Бұл тұстағы адамдардың өзара қарым-қатынасы олардың теңдігіне, еңбек бөлінісінің жынысқа, жасқа қарап реттелуіне негізделеді.
Еңбекке бейімі бар, адам тақылеттес ең әуелгі тіршілік иесі ғылымда презинджантроп деген атпен белгілі. Оның сүйектерінің қалдықтары шығыс Африкадан табылған. Ғылымда «Homo habilis» («шебер адам») деп аталып кеткен ол осыдан 1 миллион 750 мың жыл бұрын өмір сүрген. Оның миының аумағы 652 см/3, яғни ертедегі маймылдың миынан әжептәуір көлемді де салмақты болған. «Шебер адамның» еңбек құралы малта тастың сындырыл- ған түрлерінің қырлары пышақ сияқты өткір болып, кесу үшін пайдаланылған.
Адамзаттың дамуындағы тас дәуірінің орта және соңғы кезеңдеріне сәйкес келетін «Homo erectus» («түрегелген немесе бойын жазған адам») питекантроп (маймыл-адам) және синантроп (адам) болып екіге бөлінеді. Оның алғашқысы мен соңғысының араларында дамудың, жетілудің оң өзгерістері болғанын, сонымен бірге олардың дамуына сабақтастық барын байқатады.
Бірінші питекантроп 1891 жылы Ява аралында табылды. Питекантроп бұдан бір миллиондай жыл бұрын өмір сүрген. Ол «Homo habilis» - пен салыстырғанда елеулі эволюциялық өзгерістерге ұшырған. Ми көлемі үлкейіп, 959 см/3 бас сүйегі мен жақ сүйектері кішірейген, аяқ пен қолдың пропорциясы өзгерген.
«Homo erectus» - тің екінші бір түрі синантроп болды. Синантроп 1927 жылы Чжоу-коу-дян үңгірінен табылды. Одан синантроптың сүйектерімен бірге әр түрлі формадағы тас құралдар, ошақта көп жатқан тастар және төменгі антропоген (геологиялық жер қыртысы) тарихындағы ширектік дәуір фаунасы жануарларының көп сүйектері табылған. Бұдан синантроптар сол кездің өзінде-ақ от жағуды білген деген қорытынды жасауға болады. Бұл кезде піскен етті, өсімдікті тамақ ету адамның дамуына, әрине, өзінің игі әсерін тигізбей қойған жоқ. Б.з.б. 300 мың жыл бұрын «Homo erectus» қазіргі кезеңдегі адам түріне, немесе «Homo sapienske» («ақылды адам») айналды. «Ақылды адамның» қалдықтары Еуропада, соның ішінде Германиядағы Неандерталь жотасында табылған. Сондықтан ол тарихта неандерталь адамы деген атпен белгілі.
Қазақстан жерінде ежелгі адамның қазынды қалдықтары әзірге кездесе қоймағанына қарамастан олардың мекен еткен аудандарының бірі-Қаратау жотасы болғаны анықталып отыр. Арыс өзені жағасындағы Кіші Қаратау жлтасының солтүстік-шығыс бөлігінде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде ертедегі адамдардың еңбек құралдары болып табылатын ірілі-уақты шақпақ тастардың табылуы осыған айқын дәлел бола алады. Қаратаудың алғашқы тұрғындары от жағып, оны сөндірмей ұстай білген. Олар аңдарды аулаумен, тамақ болатын өсімдіктерді жинаумен шұғылданған. Орталық Қазақстан жеріндегі қазбаларға қарағанда осы маңда орналасқан ежелгі адамдар еңбекке тас құралдарын кеңінен пайдаланған. Олар тастарды үшкірлеп, үлкен-үлкен қырғыштар, әр түрлі дөңгелек құралдар жасап, қажеттеріне жарата білген.
Соңғы палеолит дәуірінде адамдардың рулық қауымы мен топтық ұжымдары қалыптаса бастады. Рулық қауымдар көп жерде алдымен отбасының қамқаоршысы, бала өсіруші ана төңірегінде топтасты, осыған байланысты әйелдер алғашқы қауымда үстемдік жасады, мұның өзі аналық-матриархаттық дәуір деп аталды.
Тас дәуірінің тарихында мезолит пен неолит біздің заманымыздан бұрынғы XII-V және V-III мың жылдықтардың арасын қамиды (мезолит-орта тас дәуірі, неолит-соңғы тас дәуірі). Ол кезде табиғат осы заманғы бейнеде болды. Жануарлар дүниесінің құрамы өзгеріп, енді аңшылардың аулайтыны көбінесе бизон мен жылқы, жабайы ешкі мен киік, қоян, үйрек болды. Мезолит заманындағы адамдардың садақ пен жебені ойлап шығаруы үлкен жетістік еді және осы тұста микролиттер-үшбұрыш, ромб, трапеция, сегмент тәрізді ұсақ қалақтар пайда болды.
Біздің заманымыздан бұрынғы V мың жылдықта басталған неолит тас құралдарны барынша пайдаланған дәуір болды. Бұл кезде еңбек құралдары жетілдіріліп, жаңадан бұрғылау, тастарды тегістеу, ағашты арамен кесу сияқты жаңа технологиялық әдістер қолданылған. Қиын өңделетін тастар бірте-бірте тұрмысқа, шаруашылыққа пайдаланылды, тас балталар, кетпен- дер, келілер, дән үккіштер, келсаптар жасала бастады. Неолит дәуірінде Қазақстан жерінде кен кәсібі мен тоқымашылықтың бастамалары дүниеге келген. Сонымен қатар керамикалық ыдыс жасау іске аса бастады.
Әлеуметтік жағынан алғанда неолит дәуірі рулық қауым дәуірі еді. Онда бірігіп еңбек ету және өндіріс құрал-жабдықтарына ортақ меншік үстем болды. Осы кезде тайпа бірлестіктері құрылды. Тайпалар туыстық жағына және шаруашылықтың түріне қарай құрылды. Ежелгі қазақ жеріндегі тайпалар аңшылықпен, балық аулаумен, өсімдіктерді жинаумен шұғылданған. Кейініректе олар мал өсірумен , егіншілікпен және кен өнеркәсібімен шұғылдана бастайды.
Біздің заманымыздан бұрынғы екі мың жылдықта мал және егіншілік шаруашылығымен қоса металл өңдеу кәсібі дами бастады. Мұның өзі Қазақстан жеріндегі әлеуметтік-экономикалық жағдайларды өзгертуге жол ашты. Мал өсіруші тайпалар ірі және қуатты бірлестіктер құрды. Бұлардың арасында әр түрлі себептермен келіспеушіліктер болып, қарулы қақтығыстар да орын алды. Қару енді жабайы аңдарды аулау үшін ғана емес, сонымен қатар тайпалардың соқтығыстарына да жиі қолданылатын болды. Қару жасау бірте-бірте металл өңдеудің дербес саласына айналды.
Б.з.б. 2 мың жылдықтың ортасында Қазақстан тайпалары қола заттарын жасауды меңгерген. Қола-әр түрлі өлшемдегі мыс пен қалайынның, кейде сүрменің, күшаланың, қорғасынның қорыптасы. Мыспен салыстырғанда қола өте қатты және балқыту температурасы төмен, түсі алтын сияқты әдемі болып келеді. Ол еңбек құралдары мен қару жасау үшін қолданылатын негізгі шикізат болып табылды. Қазақстан жерінде түсті металдар өңдеуге, әсіресе, мал өсіруге мықтап көңіл бөлген. Сөйтіп, б.з.б. 2 мың жылдықтың аяғында – I мың жылдықтың басында дала халықтары шаруашылықтың жаңа түрі - көшпелі мал шаруашылығына ауысады.
3)Қазақстан палеолит кезеңінде. Климаттық-табиғи ортаның ерекшелігі. Ерте палеолиттегі өнер мен діни түсініктердің қалыптасуы.
Планетамыздын барлык тукпірлерінде адамнын шыгуы мен даму тари-хинла, сондай-ак онын енбек кызметінін іздерінде ортак нерсе кон жоне Олар взара тыгыз байланысты. Алайда аламзаттын ежелгі откен заманыным коптеген беттері осы кезге дейін ашылган жок, аныкталган маселелер мен даулы кагидалар елі де коп. Біздін ертедегі бабаларымыздын омірі туралы казіргі тусініктер алам енбегінін калдыктары - тас куралдар, оларды лайын-даган кездегі калдыктар, тамак калдыктары - жануарлардын суйектері сак-талып, унгірлерді, унгіме куыстарды зерттеуге негізделеді. Осы замангы «мешеу халыктар» дейтіндердін емірінен алынатын этнографиялык дерек-тердін де манызы аз емес. Олар ежелгі адамзаттын материалдык жоне руха-ни медениетінін кейбір жактарын жаксырак тусіндіруге мумкіндік берелі.
Бірак басты акпаратты дегенмен де алгашкы кауымдык когамнын ен кеп таралган материалы - тастан жасалган енбек куралдары береді.
Ежелгі алам оз дамуында бірінен кейін бірі келетін бірнеше кезендерден етті. Олардын негізінде тасты ондеу техникасынын жетілдірілуі жане со-ган байланысты енбек онімлілігінін, материалдык жоне рухани медениеттін есу
жатыр. Археологияда кабылданган кезендерге белуге сойкес адамзат тари-
хы тас, кола жене темір деуірлеріне болінеді. Аталган доуірлердін аркайсы-сы ез кезегінде хронологиялык ірі кезендерге белінеді. Тас гасыры уш ке-зеннен: палеолит, мезолит, неолит кезендерінен турады. Палеолиттін ерек-шелігі Еуразия мен Африка аймактарынын сол деурдегі медениеттерінін едауір уксастыты болып табылады. Палеолиттін кенінен мелім кезенге белінуі сонгы жылдарда жеткілікті дарежеде елеулі озгерістерге ушыралы.
Казір палеолиттін бірінші, ен ертедегі медениеті деп олдувай медениет дейтін танылады. Осыган байланысты Казакстаннын палеолитін кезендер-ге белу де баскаша керінеді.
Ежелгі тас гасыры даурі - алам мен онын шаруашылыты калыт-тасуынын бастапкы уакыты. Алгашкы кауым аламы жабайы осетін дендерді, жеміс-жидектерді жинап, жануарларды аулаган. Палеолит
ПоУтр илег аламлардын когамлык уиымы курдел де узак даму жольнан
отті. Онын бастапкы кезені алгашкы тобыр - бірлесіп коргану жене шабув жасду, ан аулау жоне жиын-терін упін бірлесу болды. Бул алеу-меттік курылым бейнесіздігімен, корамдык катынастардын жетілие-генлігімен ерекшеленеді. Сонымен бірге оган неке байланыстарынын кейбір реттелгендігі тән болды.Алгашкы тобыр томенгі палеолиттін аллынгы кезендерінін бірі - ашель труіріне сойкес келеді. Ашель уакытыния жана олеуметтік организи - атель кы кауымнын алтышарттары бірте-бірте тольса бастайды. Ал мустье Каурінде жынысы мен жасына карай табиги енбек болінісі болады, кауым-нын бастапкы нысандары шыга бастайды. Олеуметтік жагынан алганла
конты палеолиттег алам ужымы жана межемен - алганкы кауымнын то-
зыскан нысандарынын калынтасуымен сипатталады. Коптеген зерттеуші-пердін топцылауынша, бул сапалык секіріс неандерталдын осы заманть - гай дене бітімі бар адамга аиналуымен тустас келеді.
"Келесі дауір - мезолит деуірін, ал одан кейін неолит пен энеолитті кешпелі жене отырыкшты турмые салтындаты аншылар мен балыкшылар медениетінін калыптасу жоне даму уакыты ретінде сипаттауга болалы. Ал карастырылып отырган деуір бізден каншалыкты кашык болганымен, біз алгашкы кауым аншытары мен жинаушыларынын е желгі медениеті шек-тес аймактардын медениеттерімен езара тыгыз осер ету аркылы дамыды деп сеніммен айта аламыз.
4 Мезолит кезеңіндегі Қазақстан Мезолит (мезо… және грек. lіthos – тас) — орта тас ғасыры, палеолит пен неолит аралығындағы тас дәуіріне жататын кезең. Бұл терминді 19 ғасырдың 70-жылдарының аяқ кезінде швед ғалымы О.М. Торелль енгізді. Еуропа мезолитті шамамен б.з.б. 9 — 5-мыңжылдықтарды, Таяу Шығыста ол б.з.б. 10 — 7-мыңжылдықтарды қамтиды. Ғалымдар арасында мезолиттің тарихи-мәдени, хронологиялық шегі жөнінде әртүрлі пікірлер бар. Материалдық мәдениеттің даму тұрғысынан қарағанда мезолит палеолиттің жалғасы болып табылады, бірақ бұл дәуірде өнім өндірудің алғышарттары қалыптаса бастайды, ол өз кезегінде мезолитті неолит дәуірімен тығыз байланыстыра түседі. Сондықтан бірқатар археологтар бұл термин орнына эпипалеолит (палеолиттен кейінгі), ал кейінгі мезолитке протонеолит сөзін қолданып келді. Кейбіреулері жоғары палеолит пен мезолитті қосып миолит деп те атады. Мамандардың көпшілігі тас өңдеу техникасындағы ерекшеліктер арқылы мезолитті басқа дәуірлерден ажыратуға болады деген пікірді ұстанды. Тас құралдарын дайындау мезолитте одан әрі жетіле түсті. Сегмент, трапеция, үшбұрыш түріндегі ұзындығы 1 — 2 сантиметр геометриялық шақпақтас құралдары шыға бастады (Микролит). Палеолиттен мезолитке көшу ауа райындағы өзгерістерге, ең алдымен, бірнеше мыңжылдықтарға созылған мұз дәуірінің аяқталуына байланысты. Б.з.б. 10-мыңжылдықтар шамасында қазіргіге жақын гидрографиялық торап, фауна мен флора пайда болды.Бірақ Қазақстан тұргындарының өмірінде аң аулаудың жеке әдістері жетекші маңыз алады. Алғашкы аншылар жоғарғы палеолиттің өзінде-ақ жайғаскан жерлерінен аңды қамалап аулауға тиімді орындарға қоныс аударды. Бұл табиғат аймақтарының ауысуына ғана емес, халык санының ұлғаюына да байланысты: аң аулайтын жер таршылық етіп, тұрғындардың бір бөлігі барған сайын алыс солтүстікке, Ертіс, Есіл, Тобыл, Торғай, Орал озендерінің аңғарлары- на қоныс аударады. Мезолиттік тұрактар осы кезге дейін палеолитгік орындар табылмаған жерлерде пайда болады. Сонымен бірге бүкіл Қазақстан аумағында осы кезге дейін жиырма шақты ғана мезолиттік тұрактар мәлім және солар ғана жақсы зерттелген, ал палеолитгік (неғүрлым ертедегі) тұрактардың қазірдін өзінде тіркелгені жүзден астамБірақ Қазақстан тұргындарының өмірінде аң аулаудың жеке әдістері жетекші маңыз алады. Алғашкы аншылар жоғарғы палеолиттің өзінде-ақ жайғаскан жерлерінен аңды қамалап аулауға тиімді орындарға қоныс аударды. Бұл табиғат аймақтарының ауысуына ғана емес, халык санының ұлғаюына да байланысты: аң аулайтын жер таршылық етіп, тұрғындардың бір бөлігі барған сайын алыс солтүстікке, Ертіс, Есіл, Тобыл, Торғай, Орал озендерінің аңғарлары- на қоныс аударады. Мезолиттік тұрактар осы кезге дейін палеолитгік орындар табылмаған жерлерде пайда болады. Сонымен бірге бүкіл Қазақстан аумағында осы кезге дейін жиырма шақты ғана мезолиттік тұрактар мәлім және солар ғана жақсы зерттелген, ал палеолитгік (неғүрлым ертедегі) тұрактардың қазірдін өзінде тіркелгені жүзден астам
: Неолиттік төңкеріс КОНСПЕКТ
Қазақстан аумағында неолит кезеңінің шамамен 600 (кейбір деректер бойынша 800) ескерткіші белгілі. Олардың көбінің мәдени қабаты жоқ, бұлар адамдардың уақытша тұрақтары.
Негізгі белгілері бойынша неолит ескерткіштері бір-біріне өте ұқсас және бір мәдени-тарихи топқа жатады. Дегенмен табылған құралдардың, керамикалық ыдыстардың түрлеріне, олардың жасалу техникасының кейбір ерекшеліктеріне, шаруашылықты жүргізу сипатына қарай Қазақстанның неолиттік мәдениетін ғалымдар бірнеше аймақтық топтарға бөліп көрсетеді.
Солтүстік-батыс Қазақстан аймақтық тобы мәдениетінің ерекшеліктері: біріншіден, пластикалық тас өндірісінің басым болуы, екіншіден, ыдыстарды әшекейлеуде геометриялық өрнектеудің басым болуы.
Арал, шығыс және оңтүстік-шығыс Қазақстан аймақтық тобының ерекшеліктері: неолит кезеңіне тән құралдар, яғни садақ пен найзаның тастан жасалған ұштары, жалпақ пышақтар, екі жағынан да өңделген жебе ұштары және де тас жаңқаларынан жасалған құралдар басым болды.
Солтүстік Қазақстан аймақтық тобында басқаларына қарағанда әртүрлі құралдар өте көп табылды: тас жаңқаларынан жасалған қашаулар, жалпақ пышақтар, қырғыштар. Шаруашылықтың негізгі түрі аңшылық пен терімшілік болды.
Балқаштың солтүстігі мен Бетпақдала аймағы топтарына өзен мен көл жағалауларында орналасқан тұрақтар тән. Қашаулар, найзаның ұштары, тері мен геометриялық формадағы құралдар өте аз кездеседі, ал керамика мүлдем жоқ.
Орталық Қазақстанның солтүстік аймақтары тобында кремнийдан жасалған құралдар мен тұрақтар Қазақстанның солтүстік аймақ топтарына ұқсас болды. Қарағанды мен Зеленая Балка тұрақтарында үй жануарларының сүйектері табылды. Жезқаған өңірінен 150 тұрақ және көне қорымдар мен обалар табылды. Қайтыс болған адамның денесін тастармен қоршап, жерге арқасын беріп, басын солтүстік-батысқа қаратып жерлеген. Бұл – неолит дәуірі адамдарының өзіндік дүниетанымы, о дүниеге деген сенімі болғанының куәсі
: 5-сұрақ Неолит кезеңіндегі Қазақстан:Неолит (бзб 5 - 3 мың.ж)
1. Бұл кезеңде адамдар тасты жылтыратып тегістеуді үйренді.
2. Еңбек құралдардын жаңа түрлері шықты; Дәнүккіш, келі, балта, қайла т.б
3. Неолитте жабайы жануарлар қолға үйретілді.
4. Неолит немесе "Қыш құмыралар заманы" деп те аталды. Осы құмыралардың атауы Көзе болды.
5. Қазақстан аумағында 500-ден астам неолиттік тұрақ табылды.
Бұның ішінде Усть-Нарын (Шығыс Қазақстан), Зеленая Балка, Қарағанды (Орталық Қазақстан), Пеньки (Солтүстік Қазақстан)
[18:56, 08.12.2022] +7 705 505 8895: Қазақстан неолит дәуірінде
Shingis Shingis
5 лет назад
Атбасар мәдениеті:
Бұл дәуірдің басы шамамен б.з.бҮІІ мың жылдықтың екінші жартысымен ҮІ мың жылдықтың тұсына тұстас келеді. Бұл тас өңдеуде техника гүлденген кез болды. Еңбек құралдарын өңдеу барған сайын мамандандаралды. Қоспа ретушь техникасының жетілдірілуімен қатар тас өңдеудің тегістеу, бұрғылау кетпендер дәнүккіштер, келілер, келісаптар жасала бастады. Нефриттен, яшмадан, серпентениттен басқада тастардан әшекейлер білезіктер, алқалар жасалды.
Неолит дәуірінің аса маңызды белгісі табиғаттың дайын өнімдерін иемдену орнына – жиын терін мен аң аулаудың орнына келген өндіруші шаруашылыққа негіз болған мал шаруашылығының егіншіліктің тууы болып табылады. Шаруашылықтың жаңа түрлері шығуының адамзат қоғ…
Қазақстан аумағында сегізжүзге жуық неолиттік ескерткіштер табылған. Әдетте өзендік тұрақтарда, сондай-ақ көлдік үлгідегі тұрақтарда едәуір көп заттар табылады. Мұның өзі бұл жерде адамның тұрақты немесе ұзақ уақыт тұрғанын көрсетеді. Мұндай тұрақтардан негізгі құрал-саймандар – пышақ тәрізді қалақтар және қырғыштар.
Қазақстанда шөл далаларындағы неолиттік ескерткіштердің бір ерекшілігі, олардың көпшілігі-ашық үлгідегі тұрақтар. Олар: Шығыс Қазақстандағы Усть-Нарын, Орталық Қазақстандағы Қарағанды, Зеленая Балка, Солтүстік Қазақстандағы Пеньки т.б. тұрақтар. Бұлар Сарыарқаның солтүстігінде, Ертістен Есілге дейінгі аралықта орналысқан. Олар жаңа тас ғасырының ерте кезіне, яғни б.з.б. 5 мыңжылдыққа жатады.
Неолиттік тұрақтар орналасу сипатына қарай бұлақтық…
: Сексеуіл неолит тұрағы Қызылорда облысында орналасқан. Оның маңында су қоймасы болған және онда көп мал қалдықтары табылған. Демек Сексеуіл тұрағының тұрғындары мал өсірумен және аңшылықпен шұғылданған.
Солтүстік Қазақстанда Пеньки селосы маңындғы тұрақта тас шапқылар, жалпақ пышақтар, қырғыштар кездеседі ондағы адамдардың негізгі шаруашылығы орман, көлден құс, балық аулау, терімшілік болған.
Орталық Қазақстан Қарағанды, Зеленая Балка тұрақтарына үй малының сүйектері табылған.
Жезқазған өңірінен жұз елуге жуық тұрақ, көне кен және жерлеу орындары табылған.
Шығыс Қазақстан аймағынан табылған қоныстар неолит дәуірінде бұл аймақты мекендеушілер егіншілікпен, балық аулау және терімшілікпен айналысқан екенін дәлелдейді.
: 6-сұрақ Қола дәуіріндегі Қазақстан-Қола дәуіріндегі Оталық Қазақстан[1] Шүйгін жайылымдар мен рудалы кен орындарының көптігі арқасында Орталық Қазақстан ежелгі замандағы мал шаруашылығы, кең кәсібі мен металлургия дамыған ірі аймаққа, Андронов мәдениетінің негізгі орталықтарының біріне айналды. Мал шаруашылығы мен металлургия және бұлармен бірге бақша егіншілігі арқасында Орталық Қазақстанды мекендеуші ежелгі адамдардың материалдық және рухани мәдениеті жоғары деңгейде болды. Қазақтың ұсақ шоқылығының байтақ жерін мекендеген тайпалар тұрғын үйлер мен қора-қопсылардың калдыктары бар қоныстар, бейіт кұрылыстары мен көне кең орындары, жартастағы суреттер мен кұрбан шалу орындары сияқты көптеген ескерткіштер калдырды. Қола дәуіріндегі ескерткіштердін тараған бат…
: Кезеңдері мен мәдениеттері:Орталық Қазақстандағы андроновтык қорымдардың көпшілігі осы мәдениеттің басқа аудандардағы ескерткіштермен салыстырғанда құрылымының күрделілігімен, көрнектілігімен, бейіт құрылыстарын салудың жоғары техникасымен көзге түседі. Ертедегі шеберлер мелшері жағынан орасан зор тас қоршаулар мен лақаттар салды. Тұрғындар діни кұрылыстарды салуда да құрылыс ісінен тәжірибе жинақтап, дәстүрге ие болды. Қазіргі уакытта Орталык Қазақстанда қола дәуірінің 50-ге жуық қонысы мен 150 ірі қорымы табылды. Қазба ісі 40 қорым мен 10 қоныста жүргізілді. Орталык Қазақстандағы Андронов мәдениеті тайпалары өз дамуында бірінен соң бірі келетін екі кезеңнен өтті: оның алдыңғысы — Нүра кезеңі, ортаңғысы — Атасу кезеңі (Нұра, Атасу өзендеріне қарай алынған ш…
Андронов және Беғазы Дәндібай мәдениеті:Андрон мәдениеті. Қазақстанда қола дәуіріндегі тайпалардан көптеген тұрақтар, кен ескерткіштер қалған. Бұларды Андрон мәдениеті деп атайды. Бұл мәдениет – Еуразиядағы ең ірі қола дәуірінің мәдениеті. Андрон мәдениетінің бірінші ескерткіші. 1914 жылы Оңтүстік Сібір жеріндегі Ачинск қаласының жанындағы Андроново қонысынан табылған
Андрон тектес қола мәдениеті Орал (Жайық) өзенінен бастап, Енисей өзеніне дейінгі, Батыс Сібір орманды алқабынан бастап, Памир тауларына дейінгі аралыққа тараған.
Қазақстандағы ескерткіштері Солтүстік Батыс және Орталық Қазақстанда орналасқан осылардың ішіндегі ең ірісі — Орталық Қазақстан. Бұл аймақта қола дәуіріне тән 30 қонысты, 150 обаны зерттеді.
Андрон мәдениеті:
1. Металл өңдеу игерілді. Кен өндіру мен металл өңдеу ісі өркендеді.
2. Мал бағудың көшпелі түріне көшу қалыптаса бастады.
3. Жер өңдеудің қарапайым түрі, теселі егіншілік дамыды.
Бегазы мәдениетіне жататын тарихи жәдігерлер ерте заманнан, дәлірек айтқанда, қола дәуірден жеткен мұралар болып табылады. «Беғазы» деген атау сол жердегі Беғазы тауына, Беғазы өзеніне байланысты қойылған. Дәндібай да жер атауы. Осы екі атау біріктіріліп, сол жердегі ежелгі өркениет қонысын «Беғазы - Дәндібай мәдениеті» деп атайды. Бұл тарихи мекенді зерттеп, оның ежелгі тарихымыз үшін маңызын айқындаған ғалым - әйгілі академик оқымысты, тарихшы, этнограф Әлкей Марғұлан болды. Беғазы - Дәндібай қонысынан табылған заттар айғақтағандай, бұл обалар біздің заманымыздан бұрынғы ӀХ - ҮӀӀӀ ғасырларға, яғни қола дәуірінің соңғы кезеңіне жататын мәдениетті сипаттайды. Академик Әлкей Марғұланның анықтауынша, Беғазы - Дәндібай мәдениетінің ерекшелігі - ескі қола мәдениетінің түрлері өзгеріп, соның негізінде оған ұқсамайтын жаңа мәдениет түрлері қалыптасқан. Атап айтқанда, билігі, діни сенімі, саяси әкімшілік орталығы, өндірісі мен өндіргіш күштері дамыған, алғашқы мемлекеттік бірлестіктер құру деңгейіне көтерілген тайпалардың болғандығы анықталды. Беғазы - Дәндібай мәдениетін қалыптастырған бұл тайпалар, ғалымдардың айтуынша, шығысында Абыралы, Шыңғыс тауларына, батысында Ұлытауға дейінгі аралықты мекендеген. Беғазы - Дәндібай қорғандары биіктеу болып келеді және ұсақ қиыршық тастар мен топырақтан тұрғызылып, етегі үлкен қақпақтастармен бекітілген.
Достарыңызбен бөлісу: |