Қазақстан тарихы бойынша сұрақтар: Қазақ хандығы



Дата13.04.2023
өлшемі37,42 Kb.
#82424
Байланысты:
сурактар викторина


Қазақстан тарихы бойынша сұрақтар:


Қазақ хандығы:



  1. Мұхаммед Хайдар Дулатидың жазуынша Қазақ хандығының алғашқы құрылған кездегі алып жатқан жері: \ Қозыбасы мен Шу аумағы \ 10 балл

  2. Қазақ хандығының алғашқы құрылған кезеңінде Сығанақ қаласы қандай роль атқарды? \ Астана. \ 20 балл

  3. Қазақ хандығының жер көлемін кеңейте түсуге бар күшін жұмсаған хандар: Қасым және Хақназар хандар. 30 балл

  4. Қазақ Хандығының беделін және күш-куатын арттырып, Тәуекел ханның беделін көтерген жеңіс? /Ташкент түбіндегі Абдаллах әскерін жеңуі/ 40 балл



Ұлы Жібек жолы:



  1. Ұлы Жібек жолы қатынасының әлсірей бастауына әсер еткен басты оқиға: /XV ғ. бастап теңіз жолдарының ашылуы/ 10 балл

  2. Ұлы Жібек жолының бәсеңдеуіне ықпал еткен жағдай: /Монғол шапқыншылығы/ 20 балл

  3. Ұлы Жібек жолы халықаралық жағдайда өркендеп ресми турде басталды: /Б.з.б. ІІ ғасырда/ 30 балл

  4. Ұлы Жібек жолындағы саудаға байланысты Иранға қарсы одақ құрған елдер: /Түрік қағанаты мен Византия/ 40 балл



Тәуелсіз Қазақстан тарихы бойынша:



  1. ҚР - ның жер көлемі қанша? (2млн 700 мың шақырым) 10 балл

  2. ҚР - да ұлттық валюта – теңге қашан айналымға енген еді? (1993ж. 15 қараша) 20 балл

  3. Қазақстан қашан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды? 1992 жыл 2 наурыз 30 балл

  4. Қазақстанның Егемендігі туралы декларация қашан қабылданды? 1990 жыл 25 қазан 40 балл



Қазақстанда табылған «Алтын киімді адам» тарихы



  1. 1969 жылы «Алтын киімді адам» қай обадан табылды? /Есік обасынан/ 10 балл

  2. «Алтын киімді адамда» кеңінен бейнеленген стиль? Аңдық стиль 20 балл

  3. 1969 жылы Есік обасындағы «Алтын киімді адамды» тапқан археолог? /К. Ақышев/ 30 балл

  4. Есік қорғанындағы Алтын адамнан кейінгі екінші соған ұқсас ескерткіш Абай облысы Таскескен–Бақты автожолын қалпына келтіру кезінде табылған «Алтын киімді адам» қалай аталады? «Үржар ханшайымы» 40 балл



Қазақтың батырлары мен билері



  1. Біз қазақ деген мал баққан елміз,
    Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
    Елімізден құт-береке қашпасын деп,
    Жеріміздің шетін жау баспасын деп,
    Найзаға үкі таққан елміз. Бұл сөздер қай биге тиесілі? /Қазыбек би/ 10 балл

  2. Батырларлар мен билер институты қай ханның тұсында пайда болды? /Тәуке хан/ 20 балл

  3. Қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Алшын тайпасының Әлімұлы рулар бірлестігінің Төртқара руынан шыққан би кім? /Әйтеке би/ 30 балл

  4. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы қазақта қандай батыр мен қандай биге жетер тұлға жоқ деп санаған? /Найман Қабанбай мен Үйсін Төле биден асқан би жоқ деген/ 40 балл


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет