Бөж тақырыбы: Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы Қабылдаған: Толысбаева Ә. Орындағандар: Савденбекова Н



Дата26.12.2023
өлшемі1,89 Mb.
#143594

БӨЖ

Тақырыбы: Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы


Қабылдаған: Толысбаева Ә.
Орындағандар: Савденбекова Н.
Серикбаева Д.
Топ: ФҚӘ-111
Ұлтымыздың дана перзенттерінің бірі – Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Осынау ағартушы, шежіреші, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы, көрнекті ақын, ойшыл, рухани қайраткер.
Халық оны көзі тірісінде-ақ «әулие» атауы – өз алдына бөлек зерттеуді талап ететін тақырып.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

Өмір жолы

Көпейдің Жүсібі 1858 жылы Семей облысы Баянауыл сыртқы округі аумағындағы Баянауыл мен Қы­зыл­тау тауларының арасында орна­ласқан Ашамай тасы деген жерде дүниеге келген.

Ата-ана­сының азан шақырып қойған есімі – Адамжү­сіп.

Алқалы жиында тарихтың тамырынан тартып, талай жыр-дастанды төгілте орын­даған балаға риза болған ел ағасы: «Өз заманында халқына мәшһүр болатын бала екен», деп есіміне «Мәшһүр» атын қосыпты.

Асылында, «мәшһүр» сөзі араб тілінде «танымал» дегенді біл­ді­реді.


Жүсіптің көреген әкесі: «Адам­ға мал жолдас болмас, ғы­лым жолдас» деген шешімге келіп, баласын оқытуға бел буады. Содан бес жылдай Баянауыл медресесінде өңірге танымал Нә­жі­меддин молда­дан білім алады.
Ол Низами, Науаи, Сағди, Хафиз, Физули және басқа да Шығыс әдебиеті өкіл­­дерінің шығар­ма­ла­рын түп­­нұсқадан еркін оқи алатын дең­гейге көтеріледі.
Мәшһүр-Жүсіп жас кезінен-ақ халық ағарту ісі мен ғылым сала­сына ден қоя бастайды.
Туған жері Қызылтауда жерлестерінің ба­ла­ларына арабша тіл сындыртып, дәріс беріп, олардың білім мен ғылымға деген құштарлығын арттырып, қолөнер, егіншілік, сауда, мал шаруашылығымен бі­лек түре шұғылдануға шақырды.
Мәшһүр-Жү­сіп «Білім алып, өмірлік қажетті іскер­лік пен дағдыларды меңгеру – ұлттық ояну мен өркендеудің бір­ден-бір жолы» деп білді.
Рухани қайраткер Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы Алаштың озық ойлы зиялыларымен тығыз байланыста болды. Қазақтың қара нары, әлемге әйгілі балуан Қажымұ­­қан Мұңайтпасұлымен де дәм-тұз­дас болған.

Бүгінгі таңда ұлы ойшыл, әулие атанған Мәшһүр-Жүсіп­­тің мұрасы 20 том болып жа­рық көрді. Олар Қазақстан Респуб­лика­сының Ғылым академиясында, Алматы қаласының Орта­лық кітапханасында, М.Әуе­зов атындағы Әдебиет және өнер инс­титутының қолжазба қорында және ұрпақтарының қолында сақ­таулы. Қол­жазбалардың бір бө­лігі Мәш­һүр-Жүсіп Көпейұлы атын­дағы мұражайда тұр.

Бүгінгі таңда ұлы ойшыл, әулие атанған Мәшһүр-Жүсіп­­тің мұрасы 20 том болып жа­рық көрді. Олар Қазақстан Респуб­лика­сының Ғылым академиясында, Алматы қаласының Орта­лық кітапханасында, М.Әуе­зов атындағы Әдебиет және өнер инс­титутының қолжазба қорында және ұрпақтарының қолында сақ­таулы. Қол­жазбалардың бір бө­лігі Мәш­һүр-Жүсіп Көпейұлы атын­дағы мұражайда тұр.


Мәшһүр-Жүсіп философия, медицина, астрономия, геология, география, этнография, фольклор, тіл білімі, педагогика, дінтану саласында зерттеулер жүргізіп, дала мәдениеті туралы терең дәлелді пікірлерін ұрпағына мұра етіп қалдырды.
1865 жылы «Ер Олжабай батыр» дастанын жазып алды.
Абылай хан, Қазыбек би, Бөгенбай батыр және басқа да көптеген атақты тарихи тұлға туралы деректерді қағазға түсірген.
Ақын әрі философ Мәшһүр-Жүсіп мақалалары 1880–1895 жылдары «Дала уәлаяты» газе­тінің» бет­те­рінде, 1887 жылы Таш­кент басылымдарында жария­лана бас­­тады.
1911–1912 жылы жеке фольклорлық шығармалары да «Айқап» журналына шықты.
Шы­ғыстық са­рын­­ға сүйене оты­рып, «Гүлшат-Шеризат», «Ғибрат­на­ма», т.б. дас­тандарын жазды. «Иса­бек ишан», «Мұса Шорманұлы» ат­ты жоқ­тау өлеңдері де белгілі.
Данышпан ақын поэзиясы­ның көп бөлігін діни тақырып­тар­ға арнады. Мысалы: «Сүлеймен мен Ібіліс», «Ықылас сүресі», «Ме­шіт зары», «Жеті тозақ баяны», «Пай­ғамбардың хадис сөзі», т.б. өшпес мұраларын қалдырды.
Саналы ғұмыры білім мен ғы­лым кеңістігіндегі өзіндей сайып­қырандармен аралас-құралас, ой пікірлес болып өтті. Со­ның бірі – белгілі шы­ғыс­танушы-түрколог В.В.Радлов еді.
Мәшһүр-Жүсіп сонау Омбы­дан Павлодар, Семей, Петро­павл, Атбасар, Ақмола жерінде орна­ласқан көптеген ауыл­ды, Оң­түстік және Ба­тыс Қазақстан аумағында­ғы елді мекендерді аралады.
Сапарларында атақты тұлғалар: хан Кене­нің ұрпақтарымен, Мей­рам қа­жы Жанайдарұлымен, сондай-ақ Ақан сері, Саққұлақ бимен де кез­десті.
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы дін­дар адам болған. Дегенмен шы­ғармаларында жартылай сауатты молдалардың екіжүзділігін ымырасыз әшкереледі. Халық оны әулие, көріпкел санады. Ол өзінің өлімін болжап, көзі тірісінде-ақ асын бер­гізіп, болашақ жерленетін орны­на өзіне арнап шағын кесене тұрғызған.
Ол бірқатар өлеңдерін Мекке мен Мединеге қажылыққа бар­ған белгілі абыздарға арнаған «Шон­тыбай қажы», «Жантемір қажы».
Шығармасында адал қызмет етіп жүрген дін қайраткерлеріне құр­мет көрсетеді. Діни тақырып­тар­да да әулиелердің өмірі, тари­хи тұлғалар:
«Асан қайғы», пай­ғам­барлар : «Сүлеймен мен құ­мырсқа», «Нұх пайғамбар мен кем­пір», т.б. туралы көп дерек жинады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет