Қазақстан тарихы бойынша түсіндірме жазба


Қола дәуіріндегі шаруашылық және қоғамдық-мәдени өміріндегі өзгерістер



бет18/93
Дата17.02.2022
өлшемі1,1 Mb.
#25739
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   93
Байланысты:
o aza stan-tarikhy -2018

1. Қола дәуіріндегі шаруашылық және қоғамдық-мәдени өміріндегі өзгерістер.

2. Тұрар Рысқұловтың қоғамдық-саяси қызметіне баға беріңіз.

3.«Қалмақ қырылған», «Аңырақай» шайқастары болған өңірлерді карта бойынша көрсетіңіз және болған жылдарын анықтаңыз


Жауаптары:

1. Қола дәуіріндегі шаруашылық және қоғамдық-мәдени өміріндегі өзгерістер.

Климаттың өзгеруі. Алғашқы экономиканың құрылуына бәрінен бұрын табиғи-климаттық өзгерістер себепші болды. Бұдан үш мың жыл бұрын еліміздің табиғаты құрғак, қысы қатал әрі ұзақ, жазы қысқа әрі ыстық болған. Мұндай жағдайда ел тұрғындарының егіншілікпен айналысуы қиынға соқты. Күзгі жаңбырдың салдарынан егін пісіп үлгірмеді, адамдар қажетті азық-түлік қорларын жасай алмады. Соңдықтан ертедегі тұрғындар мал өсіруге көбірек көңіл бөлді. Қоныстар малшылардың қыстауына, егіншілік шаруашылықтың көмекші түріне айналды. Батыс және Орталық Қазақстанның ұзақ уақытқа арналған қоныстарында сумен жабдықтаудың жаңа әдісі- құдық қазу шықты.

Отырықшы және жартылай көшпелі мал шаруашылығы. Қола дәуірінің алғашқы кезеңінде тұрғындардың негізгі кәсібі үй маңында мал өсіретін отырықшы болды. Үй маңындағы жайылымдар мал басы көбейген сайын,тозып, жарамсыз болып қалған кезде бақташылар малымен бірге жаңа жайылымға көшіп-қонып отырды. Мал басының артуына байланысты малшылар жайылымды жиі ауыстырып отырды. Жайылым қажеттілігі малшыларды бір жерден екінші жерге ауысып, көшіп отыруға мәжбүр етті.

Жартылай көшпелі мал шаруашылыгы осылай шықты. Жағдайдың өзгеруіне қарай табын құрамы да өзгерді, ірі қараның саны азайды. Тебіндеп жайылуына байланысты қой мен жылқы саны артты.

Кетпенді егіншілік. Ерте қола дәуірінің қоныстарында тастан және бұғы мүйізінен жасалған теселер табылды. Олар жерді басына тас немесе мүйіз орнатылған тесемен қопсытып өңдеді. Сондықтан, ол «теселі егіншілік» деп аталды. Қола дәуірінің ортасына қарай қола кетпенді пайдалана бастады. Қола дәуірінің соңына қарай қола және мыс орақтар кеңінен пайдаланылды. Олар Шығыс Қазақстандағы Мало-Красноярка, Батыс Қазақстандағы Алексеев, Солтүстік Қазақстандағы Степняк қонысынан және Жетісу жерінен табылды. Көкшетаудағы Шағалалы қонысынан қола шалғы табылды. Жалпы, егіншілік сипаты жағынан қарапайым болып қара берді және мал шаруашылығымен салыстырғанда көмекші рөл атқарды. Бірақ ол тамақ өнімдерін алудың маңызды көзіне айналды. Тұрғындар – бидай, қарабидай, тары өсірді. Күнкөрістің қосымша көзі – аңшылық, балық аулау болды.

Қоғамдық-мәдени өзгерістер. Алғашқы қауымдық құрылыстың қола дәуірінің соңына қарай басталған ыдырауы жаппай етек алды. Қауым мүшелерінің ішінен малы көп байлар, басқыншылық соғыспен байыған қолбасылар шыға бастады. Малды туысқандар арасында бөлісу жеке меншіктің тууына әкелді. Көшпелілер малды өз меншігіне иеленіп, ал жер қауымның, рудың меншігінде қалды. Металды пайдалану адамзат өміріне ұлы өзгерістер енгізді. Енді қолөнершілер, металл құюшылар шыға бастады. Қоғам мал және жер шаруашылығымен айналысатын қауымдарға бөлінді. Қоғамның негізгі бөлігін малшылар мен егіншілер құрады. Ер адам еңбегінің маңызы артты. Қола дәуірінде аталық ру толық орнықты. Қола дәуірі кезінде діни наным-сенім қалыптасып, жоғары дінбасылары-абыздар пайда болды. Олар діни жоралғыларды жүргізуші ғана емес, ежелгі дәстүр мен білімді сақтаушы да болды. Қола дәуірі адамдарының діни көзқарастары қарапайым болды. Олардың түсінігі бойынша қайтыс болған адам келесі бір дүниеге ауысады деп ойлаған. Адамның бұйымдарын, қару-жарағын, еңбек құралдарын қоса көмген. Олар адам бұл өмірде кім болса, арғы дүниеде сол кәсібін жалғастырады деп есептеген.Андрондықтар күнге, отқа мінәжат еткен. Беғазы-Дәндібай мәдениеті. Бұл атау Орталык Қазақстандағы Беғазы және Дәндібай мекеніндегі обаларға байланысты қойылған. Осы мәдениетке жататын үйлердің, жерлеу орындарының құрылыстары өте ірілігімен, тас қашау өнерінің жетілгендігімен ерекшеленеді. Әдетте, үйлердің қабырғалары бір-бірімен балшықпен байланыстырылып, ірі тастардан қаланған. Ішкі және сыртқы беттеріне тастың тегіс жағы қаратылған. Беғазы-Дәндібай мәдениетіне жататын жерлеу орындарының көпшілігі - обалар. Беғазы-Дәндібай қорғандары биіктеу болып келеді және ұсақ киыршық тастар мен топырақтан тұрғызылып, етегі үлкен қақпақтастармен бекітілген. Бұл мәдениетке жататын қыш құмыралардың ернеуі тік, бүйірі шығыңқы, түбі тегіс болып келеді. Беғазы-Дәндібай құмыралары әр түрлі өрнекпен безендірілген. Тарақ жүзді және үзік сызықты үшбүрышты өрнектер көп кездеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет