10 - Билет
1. Сарматтардың шаруашылығы мен тұрмысы.
2. Мырзарабат, Якка сардоба ғимараттары мен Дың ескерткіштеріне салыстырмалы түрде талдау жасаңыз.
3. Патша үкіметінің отаршылдық саясатына талдау жасай отырып, қазақтардан тартып алынған жер көлемін кестеге түсіріңіз:
Жылдары
|
Тартып алынған жер көлемі
|
ХІХ ғ.соңы
|
|
1893-1905жж.
|
|
1906-1912жж.
|
|
1917 жылға дейін
|
|
Жауаптары:
1. Сарматтардың шаруашылығы мен тұрмысы.
Сарматтардың өмірінде көшпелі мал шаруашылығының маңызы ерекше болған. Олар негізінен, күй талғамайтын, үнемі дерлік орын ауытырып жүруге қабілетті және өсімтал жылқы мен қой ұстаған. Жылқы өсіру көшпелілерді көшіп қонатын күш көлікпен қамтамасыз етті.Сарматтарда тұрқы қысқа жыл бойы өрісте жайылып, тебіндеуге үйренген жылқы түрі өсірілген. Соны мен қатар алыс жорықтарға мінетін қазанаттарда болатын. Оған тек ақсүйектердің, әскербасылардың қолы жеткен.Қойдың еті, сүті және оларды өңдеу өнімдері көшпелілердің тамақ мәзірін қалыптастырды.Ал терісі, жүні, қылы, ішінара сүйегі тұрмысқа кең пайдаланылды, үйдегі қол өнерге шикі зат болды.Малдың бір бөлігін түйемен сиыр түлігі құраған, олар күш көлігі болды, сондай-ақ олардан етпен жүн алынды.Көшелілердің қыстаулары негізінен Оңтүстік үстірт пен Маңғыстауда ал жайлауы солтүстік аудандарда Оңтүстік Жайық өңірімен Солтүстік Қазақстанда болған. Жазғы күзгі кезеңде жайылымдардың шөбін жетілдіру мақсатымен жақын маңайға көшіп отыру да міндетті болған.Сарматтар өмірінде аңшылық үлкен рөл атқарды.Аңшылық қосымша кәсіп-қызықтау, сейіл құру қызметінде атқарады. Олар киік, қарақұйрық, қоян, түлкі, әртүрлі құстар аулады. Оларды садақпен атты, ит қосып, ұраға жығып ұстады.Сарматтардың оңтүстік шығыс және солтүстік бөлігіндегілердің негізгі шаруашылығы көшпелі мал шаруашылығы болған. Бұл аймақтан сармат заманына қатысты әлдебір суландыру құрылыстарының іздері табылмаған. Арал-Каспий теңіздері аралығы тұрғындарының егіншілікпен айналысқанын дәлелдейтінде еш дерек жоқ.Еділ-Жайық бойын, Дон өзені манын мекендеген сарматтардың көп бөлігінің шаруалығында мал шылықпен қатар егіншілікте маңызды орын алды. Олар көшпелі тұрмыспен бірге жартылай көшпелі, тіпті отырықшы жұрттарды қалыптаса бастады. Бұл өңірдегі сарматтардың тұрақты мекендері де болған. Ондағылар жер өңдеп, егін егіп, қол өнер кәсібімен айналысқан.
2. Мырзарабат, Якка сардоба ғимараттары мен Дың ескерткіштеріне салыстырмалы түрде талдау жасаңыз.
Сардобалар.Қазақстанда керуен жолдарының бойында және көші-қон бағыттарында жолаушылар мен малшылардың су тапшылығын көрмеуі үшін қазылған құдықтардың үстіне салынған күмбезді ескерткіштер сақталған. Мұндай құрылысты парсыша "сардоба" деп атайды. Ол құдық үстіне салынған құрылыс дегенді білдіреді. VI-IX ғасырларда салынған екі сардоба белгілі. 1. Бір күмбезді және көп күмбезді Мырзарабат сардобасы. 2.Якка сардоба ғимараты. Якка сардоба ғимаратының күмбездері бір-біріне жалғастырылып жасалған. Екі сардобаның құрылыс жүйесі және күмбездері киіз үйдің жобасына ұқсас. Екеуі де Мырзашөл керуен жолының бойына салынған. Соңғы сардоба малшылардың тұрақты мекен-жайларының жанына жасалған. Сондықтан да архитектуралық құрылыстың бұл түрі шаруашылық қамы үшін арнайы салынған азаматтық ғимараттар қатарына жатады. Сардобалар төбелерінің күмбезделіп жасалуы қазақ даласында күмбез құрылыс жүйесінің кең етек жаюына әсерін тигізген.
Дың ескерткіштері.VI-IX ғасырлар арасында Қазақстанда дами бастаған архитектуралық құрылыстың бір сипаты діни сенімге байланысты. Ислам дініне дейінгі қазақ жеріндегі сәулет құрылысының бір түрі - құрылыс жүйесі киіз үйге ұқсас Дың ескерткіштері. Оның қабырғасы берік тастан каланады. Ғимараттың бұл түрі VIII ғасырдағы Қарлұқ және Қимақ қағанаты кезінде басым болған. Құрылыстың бұл түрінің көп сақталған жерлері: Орталық Қазақстан, Жетісу, Тарбағатай, Маңғыстау. Дың қаза болған адамды жерлеген жерге тұрғызылған. Ол жерлерге қазба жұмысы жүргізілгенде, мәйіт жанына қойылған мал сүйектері және о дүниеде қажет болады деп бірге көмілген құрал-сайман, қару-жарақтар табылған.
Ұқсастығы:Сардоба мен Дың ескеркіштерінің екеуінің де құрылысы киіз үйге ұқсас болып келеді.
Айырмашылықтары:Сардоба – азаматтық ғимарат.Салыну мақсаты –шаруашылық мақсатта, яғни шөлді жерде суды сақтау мен судың жылып кетпеуі үшін салынған.Дың ескерткішері –ислам дініне дейінгі діни ғимарат. Себебі, қаза болған адамды жерлеген жерге тұрғызылған. Ислам діні енгеннен кейін Дыңның орнына кесенелер тұрғызыла бастады.Дың ескерткіштері – тастан салынған.
3. Патша үкіметінің отаршылдық саясатына талдау жасай отырып, қазақтардан тартып алынған жер көлемін кестеге түсіріңіз:
Достарыңызбен бөлісу: |