Қазақстан тарихы бойынша түсіндірме жазба


Дүние жүзі қазақтарының құрылтайы және оның тарихи маңызын анықтаңыз



бет62/93
Дата17.02.2022
өлшемі1,1 Mb.
#25739
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   93
Байланысты:
o aza stan-tarikhy -2018

2. Дүние жүзі қазақтарының құрылтайы және оның тарихи маңызын анықтаңыз.

3. Қарақытай мемлекетінің орналасқан аумағын карта бойынша көрсетіңіз.



Жауаптары:
1. Ж.Нұрмұхамедұлы мен Е.Көтібарұлы бастаған көтерілістердің ортақ және ерекше белгілері.

Ресей экспансиясының оңтүстік аудандарға, Сырдария өңіріне қанат жаюы осы ауданда көшіп-қонып жүрген Кіші жүздің шекті, шөмекей, төртқара руларының ашық наразылығын туғызып, Есет Көтібарұлы, Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған көтерілістерге алып келді.



Ортақ белгілер:Есет Көтібарұлы көтерілісі қарсаңында Кіші жүздегі ең ірі тайпалық бірлестік- шекті руы 13 мыңдай түтін болды. Оның қарамағындағы үлкен шектілер жазда Жем өзенінің жоғарғы ағысы, Арал теңізінің жағалауы, Үлкен, Кіші Борсық құмдарын мекендеді.Ал, Жанқожа бастаған кіші шектілер -3,5 мыңдай түтін басқалардан бөлек Кіші жүздің оңтүстігі Қуаңдария мен Сырдарияны мекендеді. Жанқожа мен Есет ағайынды болатын. Халық Есетті қыр шектісі, Жанқожаны сыр шектісі деп атаған.Кіші жүз халқының осы жерлерден айырылуы (ХІХғ. 20-30жж.шекара шебінің салынуына байланысты табын руы мекендеген жайылымға , тұзға бай Жаңа Елек ауданынан бір айырылса, 40жж. Жем өзенінен екінші рет айырылды, бұл ауданда шекті руының жайлауы орналасқан болатын. 1847ж. Арал (Райым) бекінісі салынған кезден бастап Сырдария шебі салынуымен (1853ж.) Сыр бойы жерлерінен айырылды) және Ресейге алым-салық төлеп отыруы (1 сом 50 тиын түтін салығы), толып жатқан міндеткерліктер(бекіністер арасында жол салу, көпір салу, арық қазу, жүк тасу үшін көлікпен, адам күшімен қамтамасыз ету т.б.) көтерілістің басты себептері болып табылады. Жаңа тәртіпке наразылар Жем бойында көшіп жүрген Есет батыр мен Сыр маңындағы Жанқожа бастаған отаршылдыққа қарсы күрес күрескерлерге қосылды.Екі көтеріліс те Ресейдің отарлау саясатына қарсы бағытталды. Есет пен Жанқожа Кіші жүздің шекті руларын басқарды және көтерілістің аумағы да Кіші жүз жерін қамтыды. Жаугершілік заманда Есет үнемі Жанқожаға көмектесіп отырған.Жанқожа мен Есет бастаған екі көтеріліс те жеңіліске ұшырады. Себебі, олардың қарулану дәрежесі Ресеймен теңесе алмады, екіншіден жергілікті сұлтандардың, рубасыларының сатқындығы. Патша үкіметіне қызметке өткен би-сұлтандар олардың жергілікті жердегі қолшоқпарына айналды. Екі көтеріліс те сипаты жағынан ұлт-азаттық мазмұнға ие болды. Себебі, көтерілісте азаттықты аңсаған, отаршылдық қысымнан зардап шегіп, тығырыққа тірелген халық өз көсемдерінің бастауымен отаршылдық бұғауға қарсы күресті. Ел басына төнген ауыртпалық кезде Жанқожа мен Есет сияқты батырлар ел бастар қорғандарына айналды.

Ерекше белгілер:

ХІХғ. 40жж. патша үкіметінің отарлық езгісі мен Хиуа, Қоқан билеушілерінің озбыр шапқыншылықтары күшейе түсті. Осылайша, Кіші жүздің оңтүстік аудандарындағы, Арал мен Сырдың төменгі ағысындағы қазақтар екі жақты қысымның ортасында қалды. Қоқан, Хиуа бектері Сырдариядағы бекіністерге жақын маңда көшіп жүрген қазақтарға дүркін-дүркін шапқыншылықтар жасап, ауылдарды тонап, үйлерін өртеп, малдарын айдап әкетті. Орта Азия хандықтары қазақтардан зекет, ұшыр жинау арқылы оларды өздеріне тәуелді етуді көздесе, патшалық әкімшілік те дәл осындай мақсатпен түтін салығын төлеуді талап етті. Жанқожа батыр Қоқан, Хиуа және Ресейге қарсы екі көтеріліске жетекшілік етті. Есет Ресейге қарсы көтеріліске шықты. Жанқожа Нұрмұхамедұлы Хиуа, Қоқан хандықтарына байланысты бітіспейтін жаугершілік бағытты ұстанды. Есет Көтібарұлы болса, Ресеймен де, Хиуамен де дипломатиялық жолмен қатынас жасауға тырысты. Себебі, олармен тығыз сауда байланысы орнатылған болатын. Әсіресе, Хиуамен байланыстың үзілуі ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан отырықшы қалалардан қол үзуге әкелер еді. Ал, Жанқожаның қол астындағы кіші шектілер өздері 3 мың десятинаға жуық жерге егін егіп, Хиуа астығынсыз-ақ күн көріп, басқа тауарларды Бұхардан сатып алатын. Жанқожа бастапқы кезде Хиуаға қарсы күресте Ресей көмегіне сүйенгенімен, уақыт өте келе олардың отаршылдық пиғылын тереңірек түсіне бастайды.Есет көтерілісшілері талқандалғаннан кейін, оның Хиуамен көмек жөніндегі келіссөздері нәтиже бермеді. Оның алдында тағы да екі жолдың бірін таңдау міндеті тұрды: туған жерді тастап шығып, Хиуаның қол астына бағыну немесе Ресей билігін мойындап, ежелгі атақоныста қалу. Есет екінші жолды таңдады. 1858 ж. Орынбор генерал-губернаторы Катенин Жем бойында Есетпен бітім жасасады. Есет лажсыздан патша билігін мойындауға мәжбүр болады. Жанқожа бастаған көтерілісшілер 1858ж. 9-қаңтарда Арықбалық деген жерде патша әскерінен жеңіліп, Бұхар жеріне өтіп кетеді. 1860 жылы елге қайта оралған кезде, Сырдария әскери шебінің бастығы Жанқожаға 600 орыс әскерін атандырып, 90 жастағы батыр орыс жендеттері мен итаршыларының қолынан қаза тапты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет