2. Дүние жүзі қазақтарының құрылтайы және оның тарихи маңызын анықтаңыз.
Қазақтардың І Дүниежүзілік құрылтайы 1992 жылы 28 қырқүйек-4 қазан Алматыда өтті. Бұл еліміз егемендік алғаннан кейін ғана мүмкін болып отырған елеулі оқиға еді. Оған Азия, Африка, Еуропа және Американың 70-ке жуық елдеріндегі 3 млн 200 мың қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.Оған дүниежүзінің 33 елінен өкілдер қатысты, ресми құрылтай қонақтары 800-дей болды. Бұл жиынды өткізу және оған кеңестік әміршіл-әкімшіл басқару жылдарында өз елін, өз жерін тастап, шетелдерге ауа көшуге мәжбүр болған қандастарымызды шақыру шын мәніндегі гуманизмнің көрінісі болды. Жиында тәуелсіз, жас қазақ мемлекетін нығайту, республикада тұратын түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы татулықты сақтау,қазақ халқының бірлігін күшейту,келешек ұрпақ өкілдерін имандылық, мәдениеттілік, инабаттылыққа баулу сияқты келелі де игі мәселелер қозғалды.Шетелдерден келген қазақ диаспорасының өкілдері Алматыны,Шымкентті,Түркістанды және республиканың басқа облыстары мен қалаларын аралап,халықтың тұрмысымен танысты. Дүниежүзі қазақтары құрылтайының мәнді оқиғасы 1992 жылдың 29 қыркүйегінде Алматыдағы Абай атындағы опера және балет театрында өтті.Онда “Қазақтар: кеше,бүгін және ертең” атты тақырыппен ашылған ғылыми конференция болды.Жиында қазақ халқының тағдыры,бүкіл дүниежүзі қазақтарын тұтас қазақ мемлекетіне біріктірудің құқықтық негіздері,ана тілі мен ұрпақ тағдыры,халықтың рухани мұрасы жайында терең мазмұнды баяандамалар жасалды.Құрылтайдың ресми ашылуы 30 қыркүйекте Республика сарайында болды.Онда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев “Құшағымыз бауырларға айқара ашық!” деген баяндама жасады.”Біздің құрылтайымыздың басты мақсаты,-деді Н.Назарбаев,-бүкіл дүниежүзіндегі қазақ қауымының болашағы жөнінде ойлау,ұлтымыздың тарихындағы осынау ерекше белестің тұсында ендігі тағдыр-талайымыздың қалай өрілетінін талқылау”Түркиядан келген қадірменді қария,”Алаш” сыйлығының иегері Халифа Алтай былай деді:”Дүниенің қай түкпірінде жүрсек те,қандай жағдайда болсақ та, Ана-Отанды көксеп,қара шаңырақты аңсап,соның тілеуін тілеп жүрдік.Тәуелсіз Қазақстанды дамытып,нығайтуға және оны қорғауға ендігі ұрпақ жауапкер. Ол үшін ұлт намысы ояну,күллі халықтың бір жеңнен қол,бір жағадан бас шығарып,береке- бірлікті қолдан бермей,тұтас жұмылу шарт.” Дүниежүзі қазақтарының құрылтайына қатысушылар Қазақстан халқына, әлем халықтары мен мемлекеттеріне және олардың үкіметтеріне Үндеу қабылдады.Онда : «10 млн қазақ ұлты бүкіл әлемді өзінің бейбітсүйгіш халық екендігіне, біртұтас демократиялық , ұлттық мемлекет құру ісіне бекем бел байлағанына сендіреді» деген мәлімдеме жасалды. «Дүние жүзі қазақтарының құрылтайы,- делінді Үндеудің соңында,- бүкіл әлемдегі отандастарын Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік, мәдени-интеллектуалдық мүмкіндігін молайтуға, кіндік кескен қасиетті топырақта бас қосқан осынау тарихи шақта, бар қабілеті мен еңбегін туған елдің игілігіне жұмсауға шақырады».Құрылтай күндері ұлттық бірігу орталығы ретінде Қазақтардың Дүниежүзілік ассоциациясы(ҚДА) құрылды. Ассоциацияның мақсаты- «Қазақстан біздің шетелдегі отандастарымыз ешбір ресми кедергілерсіз тура келетін орын болмақ.Бұл жерде оларға қолдан келгенше жәрдем көрсетілетін болады» делінді. Қазақтардың Дүниежүзілік ассоциациясы Төралқасының төрағасы болып Н.Ә.Назарбаев сайланды. 1996 жылы ҚДА ұсынысымен шетелдегі қандастарымызға мемлекеттік қолдау көрсету бағдарламасы қабылданды. 1998 жылы «Этностық қазақтардың тарихи отанына оралу тұжырымдамасы» қабылданды.Қазақтардың ІІ Дүниежүзілік құрылтайы - 2002 жылдың 23-24 қазан күндері Түркістан қаласында өтті. Құрылтайда көші-қон, қазақ жастарының тарихи отанында білім алуы, Қазақстаннан тыс жерлердегі қазақ халқының тарихи ескерткіштерін қорғау тағы басқа мәселелер көтеріліп,қазақ халқының рухани жаңаруын және ұйымшылдығын арттыра түсуге, республиканың демократия мен экономикалық дамуын одан әрі өркендетуге бағытталған шешімдер қабылданды.Қазақтардың ІІІ Дүниежүзілік құрылтайы -2005 жылғы қыркүйектің соңында Астана қаласында өтті. Алыс және жақын шетелдерден 300-ден астам өкіл қатысты.Онда тәуелсіз Қазақстанның ілгерілеушілік даму жолдарына тоқталды.