«Қазақстан тарихы», «ДҮниежүзі тарихы», «ҚҰҚЫҚ негіздері» ПӘндерін оқытудың ерекшеліктері, 5-11



бет16/17
Дата30.10.2022
өлшемі113,17 Kb.
#46275
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен «Құқық негіздері» пәні бойынша жүргізілетін элективтік курс тақырыптары

«Құқық негіздері» пәні бойынша келесі элективтік курс тақырыптары ұсынылады: 9-11 сынып оқушыларына арналған «Қазақстан Республикасындағы негізгі қоғамдық процестерді құқықтық реттеу негіздері» курсы; «Қазіргі заманның негізгі құқықтық жүйелерін жіктеу» элективті курсы; «Экологиялық құқық-қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық механизмі» элективті курсы;

«Құқықтық ақпараттандыру» элективті курсы; «Құқық негіздері бойынша Практикум» элективті курсы.
Көрсетілген элективті курстарды әзірлеу және оқу кезінде жобалық оқытуға (жобалық және жүйелік ойлауды дамыту үшін) сүйену, сондай-ақ практикалық тапсырмалардың үлкен санын көздеу қажет.

  1. «Құқық негіздері» пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінде қарастырылатын әдістемелік тақырыптар

  1. 9-11 сыныптардағы «Құқық негіздері» пәні сабақтарында жобалық және жүйелік ойлауды дамытудың тиімді әдістері мен тәсілдері;

  2. «Құқық негіздері» пәні сабақтарында оқу сауаттылығын қалыптастыру тәсілдері;

  3. Функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған білім алушылардың өзіндік жұмысының әдістері мен түрлері;

  4. Қалыптастырушы бағалауға арналған практикалық және ситуациялық тапсырмалар базасын қалыптастыру;

  5. «Құқық негіздері» пәні бойынша цифрлық сауаттылықты қалыптастыру тәсілдері;

  6. Білім алушылардың диалог және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамытудың әдістері мен тәсілдері;

  7. Белсенді оқыту әдістерін қолдану арқылы оқушылардың оқу-танымдық құзыреттіліктерін қалыптастыру;

  8. «Құқық негіздері» пәні бойынша жаһандық сауаттылықты қалыптастыру тәсілдері;

  9. «Құқық негіздері» пәні бойынша экологиялық сауаттылықты қалыптастыру тәсілдері;

  10. Білім алушылардың сыни ойлау деңгейін арттырудың тиімді әдістері мен тәсілдері.

  1. «Құқық негіздері» пәні бойынша оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық тасымалдау құралдары тізбесі

2022-2023 оқу жылында қолданылатын оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардың тізімі «Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу- әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 10 маусымдағы №286 бұйрығымен бекітілген.

  1. «Құқық негіздері» пәні мазмұнының және оқыту процесінің тәрбиелік әлеуетін арттыру

«Құқық негіздері» бойынша сабақтарын жоспарлау және ұйымдастыру барысында білім алушылардың бойында қазақстандық патриотизм сезімін, құқықтық және азаматтық сана-сезімді, жеке бас бостандығы мен ар-намысының құндылығын, парасаттылық пен адалдықты, толеранттылықты, еңбекке деген құрметті, «толық адам» қасиеттерін қалыптастырады, зорлық-зомбылық пен
агрессиялық ой-пиғылдың, әртүрлі типтегі кемсітушіліктің алдын алуға бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру ұсынылады.
Білім алушыларды тәрбиелеудің негізгі идеясы ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар.2022-2023 оқу жылында білім беру ұйымдарында мынадай жобалар іске асырылатын болады:

  • «Мектептің өзін-өзі басқаруы»;

  • «Дебат» қозғалысы;

  • «Оқуға құштар мектеп»;

  • «Отбасы – мектеп»;

  • «Құқықтық сана – қауымға пана»;

  • «Еңбек – елдің мұраты»;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет