«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасы
Контент
Ұлы Жібек жолының ежелгі дәуір мен ортағасырдағы маңызы.
Орындаған Тоқтамас Алиби
Топ СТҚБ В 02-22
Қабылдаған Ақмарал Жамалқызы
Шымкент
2023
Ұлы Жібек жолы шын мәнісінде көшпелі және отырықшы мәдениеттер тоғысуының адамзат тарихында ең маңызды тәжірибесі болғандығы жөнінде айғақтар жеткілікті. Бұл, мысалы, 1991 жылы Алматы қаласында ЮНЕСКО өткізген халықаралық семинардың басты тақырыбы болды.
Ұлы Жібек жолы мәдениеті тәжірибесінен туындайтын тарихи сабақтың бірі – еуропоцентризмдегі номадизмді қалалық мәдениетке қарсы қою. Бұл жерде басты ұсынылатын тезис – көшпелілер қалалық мәдениетке қарсы қиратушы күш болды.
Осы мәселені нақтылы талдау мақсатында ортағасырларда көшпелілердің арасында болып қайтқан мұсылман және еуропалық саяхатшылар мен зерттеушілердің кейбір айғақтарын келтірейік.
Әл-Мұхтадир халифтің Бұлғар патшалығына жіберген елшісі Ахмад Ибн-Фадлан естеліктерінде отырықшы славяндар, бұлғарлар, хазарлар мен көшпелі түркілік ұлыстардың арасында тығыз байланыс болғандығы анық айтылды: әрине, Ибн-Фадлан, араларында өзі болған оғыздардың мәдениетін, арабтікінен мүлдем басқаша бағалайды: «Оларды Ғұз елі деп атайды екен. Өздері көшпелі, үйлеріне жапқандары жүннен басылған киіз, жайлаудан-жайлауға көшіп-қонып жүреді. Үйлерінің бірі анда, бірі мұнда, шашыраңқы. Көшпенділердің тірлігі осындай, ешбір сүйсінетін жері жоқ. Өздері жолынан көз жазып, адасқан, аллаға сыйынатындары – өздерінің ата-бабалары мен қарт-қариялары. Егер олардың біреуі өз руының көсемінен кеңес сұраса, ол: «Ой, тәңірі-ай, менің қолымда не тұр?» дейді. Барлық істі олар өзара кеңесіп шешеді. Егер бір нәрсеге мойын қойып кіріскен болса, олардың жаман-жәутігіне дейін сол жоспарды қайта бұзып жібере алады.
Олар дене, тән тазалығына аса мән бермейді, іш дәрет алмайды, беті-қолын жумайды. Су дегенді, әсіресе қыс айларында, біле бермейді. Әйелдері беттері мен дене мүшелерін ерлерден жасырмайды. Бірде біз сол елдегі бір адамның үйінде қонақ болдық. Оның әйелі бізбен қатар отырды. Әңгіме үстінде әлгі әйел басындағы жаулығын алып, қасына тастады. Біз бетімізді жауып алып: «Кешіре гөр, жаратушы ием» дедік. Үй иесі күліп, тілмашқа: «Сен бұларға айт, біз бұл кимешекті сіздердің алдарыңызда ашып отырмыз. Ол айып емес. Әйел өз абыройын өзі қорғайды. Басқаға жол жоқ. Бұл жаулық тұмшаланып жүрсе де, бойын алдырып алғаннан көп жақсы» депті. Олардың әйелдері басқалармен көңіл қосуды білмейді. Егер ондай жағдай байқала қалса, сол адамның денесін қақ айырып өлтіреді. Екі теректің басын иіп тұрады да, біріне қолын, біріне аяқтарын байлап қоя бергенде, бұты – бұт, қолы – қол болып бөлініп қалады».
Егер біз отырықшы елдердің көшпелілерге жалпы менсінбей қарауынан сәл көтеріле білсек, көшпелілердің өзіне тән мәдени реттеу тетіктері болғанын көре аламыз. Осыған тіпті көне заманның өзінде атақты скиф ғұламасы Анархсис өте дәл жауап бере білген: «Сіздер, грек тілі әріптерін анық айтпайтын, менің тіліме күлесіздер. Афиндіктер скиф тілінде нашар сөйлейтіні сияқты. Анахарсис грек тілінде нашар сөйлейді. Әңгіме адам игіліктері болып тұрғанда, мәселе тілге емес, ал бір грек басқа гректен ерекшеленетін, олардың көзқарастарына келіп тіреледі. Спартандықтар таза аттикалық мәнермен сөйлесе алмағанымен, алайда өздерінің ерліктерімен әр жерде данққа бөленген және жаппай құрметтелуге лайық. Скифтер қажетті нәрсе туралы айтылған сөздерді жазғырмайды, бірақ бос сөздерді құптамайды. Сіздер өздеріне емшілерді Египеттен, кеме жүргізушілерді Финикиядан шақырасыздар, тек сатушылардың грек тілінде жақсы сөйлейтіндерінен, оларға тиесіліден артық төлемей, керектеріңізді базардан сатып аласыздар.
Ибн-Фадлан көшпелі түркілердің құдайлары жабайы сенімді емес, ал сол қоғамдағы келеңсіздіктерден адамдарды қорғау қызметін атқаратынына назар аударады. Ибн-Фадлан былай дейді: «Дінді білмегендіктен оларда мынадай наным бар екен. Әр адам бір тұтам ағашты кесіп алып, төсіне іліп қояды. Жолға шықса немесе дұшпанына кезіксе, ағашты сүйіп: «О, тәңірім, маған жар бола гөр» деп сыйынады. Мен тілмашқа бұрылып: «Бұлардың бірінен сұрап көріңізші, бір тұтам ағашты байлап жүрудің нендей сыры бар? Оған не себепті «тәңірі» деп сыйынады?» дедім. Сонда ол: «Менің тегім басында осындай ағаштан жаралған, сондықтан одан басқаға біз сыйынбаймыз» деп жауап қатты. Олардың біреуі өзі сыйынатын тәңірінің саны он екі екенін айтты. Олар: «қыс иесі, жаз иесі, жаңбыр иесі, жер иесі, ағаш иесі, адам иесі, жылқы иесі, су иесі, күн және түн иесі, ажал иесі, жел иесі, ал аспандағы тәңірі – солардың ең үлкені. Бұлар бірінің ісін бірі қолдайды. Әр заттың иесі не ұйғарса, басқалары соған келіседі. Тәңірі солардың бәрінен де жоғары, ұлы, бұзық ниетке салынғандарға жол бермейді» деді.
Ұлы Жібек жолы бойындағы көшпелілер мен отырықшы (қалалық) мәдениеттердің арақатынасын қарастырғанда, олардың түбегейлі бөлек құрылымдарда – қала және көшпелі қауым бірігетінін есте ұстаған жөн. Қала ең басынан қолөнер мен сауданың орталықтары, иерархиялық жүйелердің әкімшілік орталықтары ретінде қалыптасты. Алайда өркениеттің аграрлық толқыны үстемдік етіп тұрған шығыстық (әсіресе, суармалы империялар – Қытай, Үнді, Халифат т.т.) жүйелер номадтармен материалды және рухани мәдениет өнімдерімен айырбас жасауға мүдделі болды.
Қол өнершілер көшпелілерден тері, жүн, сүйек сияқты өнімдерді алып тұруға мүдделі болды. Бұл әсіресе Орталық Азияға тән болды. Зерттеушілер атап өткендей, Қарахандар мемлекетінде көшпелілерден шыққан билеушілер қыста қалалардағы сарайларында болғанымен, жазда міндетті түрде жайлауларға көшетін болған.
Ұлы Жібек жолы бойында көшпелілік және қалалық мәдениеттердің арасындағы байланыстарда, әрине, қақтығыстар мен соғыстар болып тұрған. Алайда ортағасырлдарда соғыс, біріншіден, отырықшы империялар мен мемлекеттердің арасында да жиі орын алған. Екіншіден, отырықшылар мен көшпелілердің арасында уақыт жағынан соғыстардан гөрі бейбіт өмір сүру көбірек болған. Себебі олар бір-бірінен тәуелді еді. Үшіншіден, мысалы, Шыңғыс хан шапқыншылығының нәтижесінде қалалардағы көптеген қолөнершілердің жойылуы олармен байланысты көшпелі құрылымдардың да қиратылуына әкелді. Өйткені айырбас адамдық қатынастардың әмбебап, құтты, креативті формасына жатады. Айталық, Ұлы географиялық жаңалықтардың нәтижесінде Еуропадан Шығысқа қарай теңіз жолының ашылуы Ұлы Жібек жолының маңызын төмендетті және бұл аталған аймақта бұл мәдени құлдырауға әкелді.
Достарыңызбен бөлісу: |