3.Жаңа тақырыпты түсіндіру: 40 мин (44%)
1.3 Тақырып жоспары:
1. Ұлы Отан соғысының басталуы мен сипаты және тарихи маңызы.
2. Қазақстандықтардың майдандағы ерлігі.
3. Қазақстандықтардың тылдағы ерлігі.
4. Қазақстан ғылымы мен мәдениеті.
Ақпараттық –дидактикалық бөлім. 1941 ж 22 маусымда фашистік Германияның әскерлері Кеңес Одағына басып кірді. Ұлы Отан соғысына Қазақсатан біртұтас елдің бір бөлігі ретінде қатысты.
1941 жылы маусым айының 22-де Германия бастаған соғысы барлық Кеңес халықтар сияқты Қазақстандықтардыңда тыныштығын бұзды. Соғыстың бірінші күнінен Қазақстанда әскери бөлімдер құрыла бастады. Алғашқылардан болып Панфилов қолбасшылығындағы 316-атқыштар дивизиясы құрылды. Республикада барлық сала әскери жолға қайта құрылды. Ол кездегі негізгі ұран: «Барлығы жеңіс үшін, барлығы майдан үшін» болды.
Қазақстандықтар Москва маңындағы шайқастарда ерлікпен соғысты. Сталинград, Курск шайқастарында қазақстандықтар ерлікпен соғысты. Днепр маңындағы шайқаста 123 қазақстандық жауынгер Кеңес Одағының батыры атағын алды.
Қазақстандықтар партизан қозғалысына белсена қатысты. Украина мен Белорусь партизан отрядтарында 3000 –нан артық қазақстандықтар болған. Берлин үшін болған соғыста, Рейхстагқа жеңіс туын тігуге лейтенант Қошқарбаевтың взводы, басқада қазақстандықтар қатысқан. Европа антифашистік қозғалыстарында және Берлин үшін болған қырғын шайқаста қатысқан 150 қазақстандықтар Кеңес Одағының батыры атағын алды.
Ұлы Отан соғысы жылдарында майданға 1 млн. 200 мың қазақстандықтар шақырылған. Қазақстанда жасақталған әскери бөлімшелердің ішінен неғұрлым жақсы соғысқан 5 құрама гвардияшыл деген құрметті атақ алды. Көрсеткен ерлігі үшін 500-дей қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Олардың ішінде қазақ халқының данқты қыздары Мәншүк Мәмедова, Әлия Молдағұловалар, екі рет Кеңес Одағы Батыры болған Т.Ж.Бигельдинов, С.Луганский, Н.Беда, И.Павлов және атақты командир, Кеңес Одағы Батыры атағы ең соңғы болып 1990 жылы берілген Бауыржан Момышұлы болды. Майдандағы ерлігі үшін 97 мың қазақстандықтар ордендермен, медалдармен марапатталды.
Қызыл Армияның қатарына өз еріктерімен баратындықтары туралы қалалық және аудандық әскери комиссариаттарға мыңдаған арыздар түсіп жатты. Жас жігіттер мен қыздар, аға буын өкілдері қолдарына қару алып, майданға аттануға тілек білдірді. 1941-1945 жж. әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам жас қазақстандықтар жіберілді, республика жерінде тұрған 27 әскери оқу орны 16мыңдай офицер даярлап шығарды.
Әсіресе, Мәскеу түбіндегі шайқаста қазақстандықтардың жауынгерлік даңқы шықты. Республикада жасақталған 316-атқыштар дивизиясына астанаға апаратын негізгі өзекті жолдардың бірі - Волокаламск тас жолын қорғау тапсырылды. Мұнда майор Бауыржан
Момышұлы басқарған 1073-ұлан атқыштар полкі жау шабуылына дивизияның басқа бөлімдерімен бірге ерлікпен тойтарыс берді. /Б.Момышұлына 1990 жылы Совет Одағының Батыры атағы берілді/. Қысқа мерзім ішінде бұл дивизияның жауынгерлері бір танк және екі жаяу әскер дивизиясын талқандады.
Мәскеу түбіндегі ұлы шайқасқа панфиловшылардан басқа Қазақстанда жасақталған басқа да әскери құрамалар қатысты.
Гитлершіл басқыншылардың Мәскеу түбінде талқандалуы жау әскерлерінің рухын түсірді. Гитлердің қауырт соғыс жоспары біржолата күйреп, неміс-фашист армиясының жеңілмейтіндігі жөніндегі аңыз адыра қалды.
Ұлы Отан соғысы барысында Сталинград шайқасы бетбұрыс кезең болды. Қазақстандық жауынгерлер тек Сталинград түбінде ғана емес, сонымен қатар Курск иінінде, Днепр, Ленинград үшін шайқастарда жан қиярлықпен соғысты. 1942 жылғы шайқастардың бірінде Батыс Қазақстан облысындағы Жаңақала ауданының түлегі Арыстан Ахметов өз есімін өшпес даңққа бөледі. Ол 19 жауынгермен әскери маңызы бар бір төбені жаудан қорғап, соңғы адамы қалғанша соғысты. Жаралы болып ес-түссіз жау қолына түскен одан жау солдаттары әскери мағлұмат алмақ болып азапқа салды. Тістерін сындырып, құлағын кесті. Осындай азапта жау офицерінің бетіне түкіріп, қайсарлық пен қаһармандық үлгісін көрсеткен А. Ахметовты қанішерлер үстіне жанармай құйып өртеп жіберді. Батыр жігіт жау алдында сес бермей, өмірден өтті. Елге оның ерлігі туралы хабар майдангер жазушы Павел Кузнецовтың очерктері арқылы жетті.
Қуатты жарылғыш минамен жау танкісінің астына түскен Қарсыбай Сыпатаев, капитан Н.Гастеллоның ерлігін қайталаған ұшқыш Нүркен Әбдіров, жаудың пулеметтен оқ шашып тұрған дзотының аузын өз кеудесімен жапқан Ленинград қорғаушысы Сұлтан Баймағамбетов қазақ жауынгерлерін ерлікке рухтандырды.
Қазақстандық жауынгерлер Украинаны, Белоруссияны, Балтық бойын, Молдавияны азат етуге қатысты. Мыңдаған қазақ жігіттері Кеңес әскерінің құрамында Шығыс Еуропа халықтарын Гитлердің тепкісінен азат етуге ат салысты. Қазақстандық жауынгерлер Берлинді алуға қатысты. Лейтенант Рақымжан Қошқарбаев қатардағы жауынгер Григорий Булатовпен бірге Рейхстаг қабырғасына қызыл жалау тікті.
Ұлы Отан соғысы майдандарында көрсеткен ерліктері үшін 96638 қазақстандықтар Кеңес Одағының орден, медальдарымен наградталды. 500-ге жуық қазақстандыққа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Олардың 99-ы қазақ. Солардың қатарында Кеңестік Шығыстың қос қарлығашы, қаһарман қыздары - Әлия Молдағүлова мен Мәншүк Мәметова бар. Кеңес Одағының Батыры атағы үшқыштар Т.Бегилдинов, Л.И.Беда, И.Ф.Павлов, С.Д.Дуганскийге екі реттен берілді. 110 қазақстандықтар Даңқ орденінің үш дәрежесіне ие болды. Қазақстандықтар соғыстың Қиыр Шығыстағы соңғы ошағын жоюға да белсене қатысты. Соғыс Қазақстан үшін қымбатқа түсті. Ұлы Отан соғысында 603 мыңдай Қазақстан азаматтары ерлікпен қаза тапты.
Ұлы Отан соғысы майдандарында Кеңес Қарулы Күштерінің жеңіске жетуіне елде қалған еңбекшілер жанқиярлық еңбегімен үлкен үлес қосты.
Соғыстың алғашқы айларынан бастап, Қазақстандағы экономиканы соғыс мүддесіне бейімдеп қайта құру, материалдық және адам ресурстарын қайта бөлу шаралары жүргізілді.
Майдан шебінен көшіп келген кәсіпорындарды орналастыруға республикада 2300 мың шаршы метр өндіріс аудандары босатылды. Кәсіпорындармен бірге келген адамдарды Қазақстан еңбекшілері жақын бауырындай қабылдап, қамқорлық көрсетіп, тұрғын үймен, басқа да қажет нәрселермен қамтамасыз етті.
Республика өнеркәсібінде 1940 жылы 158 мың адам жұмыс істесе, 1945 жылы 255мың жұмысшыға дейін жетті. Олар соғыс жылдарындағы қысылтаяң кездің қиындықтарын жеңе отырып, еңбекте жаппай ерлік көрсетті. Қазақстанды майданның сенімді тірегіне, елдің ең негізгі әскери-өнеркәсіп ошағына айналдырды. Мұның өзі жалпы одақтық экономиканың, өндірістің бар саласында да, сол сияқты жаңадан құрылған саласында да, оның үлесін арттыруды талап етті. Оған Батыс аудандардан көшіріліп келген 220-дан астам кәсіпорындарды қатарға қосудың үлкен маңызы болды. Қазақстанда 1943 жылы қорғаныстық маңызы бар ондаған кәсіпорындар іске қосылды, бұрыннан істеп тұрған кәсіпорындар өнім өндіруді арттырды. Мәселен, сол жылы республикадағы қара металлургия өндірісінің тұңғышы Ақтөбе ферросплав зауыты іске қосылып, өнім шығара бастады. Ақтөбе химия комбинаты бор, фосфор қышқылдарын, сода шығаруды жолға қойды. Шымкент дәрі-дәрмек жасау зауыты шөптен дәрі жасауды игерді. Теміртауда Қарағанды металлургия комбинатын салу қолға алынды. Машина жасау зауыттары Алматыда, Шымкентте, Қарағандыда іске қосылды. Жаңа рудниктер мен байыту фабрикалары салынып, мыс, қалайы, күміс, алтын шығару артты. Балқаш, Қарсақпай мыс қорыту зауыттары күшейді. Түсті металл шығару өсті. Тамақ өнеркәсібінің: Шымкентте жеміс-жидек консерві комбинаты, Алматы, Қарағандыда кондитер фабрикалары, Петропавлда темекі фабрикасы пайдалануға берілді.
Қазақстанның колхозшы шаруалары соғыстың жеңіспен аяқталуына қомақты үлес қосты. Қазақстан еңбекшілері тары өсірудің шебері - Шығанақ Берсиевті, атақты күрішшілер - Ыбырай Жақаев пен Ким Ман Сам сияқты үздік шыққан жаңашылдар мен астықтан мол өнім алудың майталмандары Мұнира Сатыбалдинаны, Анна Дацкованы, Нүрке Алпысбаеваларды және т.б. орынды мақтан етті.
Соғыс жағдайында қажеттi ең аз күш пен қаржы жұмсау арқылы денсаулық сақтау, халыққа бiлiм беру және мәдениет пен ғылым мекемелерiнiң жүйесi сақталынып дамыды. Жаралылар мен ауруларды уақытында қатарға қосумен қатар, сүзек және басқа жұқпалы аурулардың шығуына және таралуына жол берiлмедi. Бұрынғы соғыстарда мұндай шығындар соғыс майданында мерт болғандардан көп болғаны мәлiм.