4.Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин(22%)
1. Жаңа тақырыптар бойынша негізгі түйінге тоқталу.
2.Негізгі терминдер мен тезистерді практика дәптеріне түсіру.
5.Сабақты қорытындылау: 5мин(6 %)
1. Оқушыларды бағалау:
2. Сабақтың тақырыбы: Ғылым, білім, әдебиет, өнердің дамуы. Өнер қайраткерлері.
6. Үй тапсырмасы: 5 мин (6%)
1. Жоғарыда көрсетілген әдебиеттерден үй жұмысына дайындалу.
2. Қосымша жұмыс:
Реферат тақырыбы:
1. Қазақ әдебиеті мен өнерінің дамуы.
2. Қазақстанда зерттеу жұмыстарының жүргізілуі.
№ 5 сабақ І. Сабақтың тақырыбы: Қазақстан ҰОС жылдарында.
ІІ. Сағат саны -2 90мин(100% )
ІІІ. Сабақтың түрі: теориялық
ІY. Сабақтың мақсаты: оқыту: оқушыларға екінші дүниежүзілік соғыстың барлық елге тигізген зардаптары туралы айтып өту.
тәрбиелік: ержүрек батырларымыздың ерлігін айта отырып оқушылардың патриоттық сезімін ояту.
дамыту: оқушыларды еліміз үшін қызмет жасайтын адал азаматы болуға тәрбиелеп, отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Ү. Материалды- техникалық жабдықталуы: а) техникалық құралдар: құрылғы компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы. ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.
б)оқыту орны: аудитория.
Ү. Әдебиеттер: негізгі: М. Қ. Қозыбаев «Қазақстан тарихы» 10- кл.
Қазақстан тарихы 11- кл А 2002 ж.
қосымша: Қазақстан тарихы очерктер А. 1994 ж.
Қазақстан тарихы әдістемелік нұсқау А. 2009 ж.
ҮІ. Ұйымдастыру кезеңі:5 мин ( 6% )
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
ҮІІ.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 15мин (16%)
1. Қазақтан шыққан тұңғыш геолог- ғалымды ата.
2. Тұңғыш қазақ театрының ашылуы.
3. Сахнада қойылған алғашқы пьеса?
4. Парижде бүкіл Еуропаны таң қалдырған қазақ әншісі.
5. «Ленфильм» шығарған қазақтың тұңғыш дыбысты фильмін ата?
6. ХХ ғасырдың басында қазақ мәдениеті қалай дамыды?