Әдістемелік ұсыныстар Студент бұл бөлімде «Адам дегеніміз не» деген сұраққа жауап береді. Ол үшін философиялық антропология қарастыратын мәселелер шеңберін айқынап, адам туралы негізгі тұжырымдарға тоқталып, адам мәнін анықтаудағы түрлі көзқарастарды қарастыруы қажет. Ежелгі Үнді діни-философиялық ілімдердегі адам мәселесі, Конфуцийшілдік және даосизм жүйесіндегі адам мәселесі: ер және әйел бастамалары (Инь/Ян), Антикалық философия тарихындағы адам бейнелері (Пифагор, Платон, Эмпедокл, Протагор, Сократ, Аристотель) қалай ашылған, соған мән берулері керек. Христиандық антропология мен Ренессанс дәуіріндегі адамның индивидуалистік түсінігін салыстыру керек. Жаңа заманның механистикалық антропологиясы (Б.Паскаль, Ж.Ламетри). Л.Фейербахтың антропологизмі. Адам мәнінің марксистік түсінігі мен қазақ философиясындағы адам мәселесі де назардан тыс қалмауы керек.