«Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер» кафедрасы Күзембаева А. О. «Философия» пәнінен білім алушылардың семинар сабақтарына арналған әдістемелік нұсқау



бет1/26
Дата27.11.2023
өлшемі138,95 Kb.
#129591
түріСеминар
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ университеті

«Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер» кафедрасы


Күзембаева А.О.

«Философия» пәнінен білім алушылардың семинар сабақтарына арналған әдістемелік нұсқау

(Педагогикалық бағыттағы білім беру бағдарламаларына арналған)

Шымкент, 2022 ж.

ОӘЖ 130.2


«Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер» кафедрасы мәжілісінде (хаттама № «__»__2022 ж.) және «Тарих және педагогика» факультеті әдістемелік комиссиясы отырысында қаралған және баспаға ұсынылған (хаттама № « » __ 2022 ж.)

Құрастырған: Күзембаева А.О.
«Философия» пәнінен білім алушылардың семинар сабақтарына арналған әдістемелік нұсқау. Шымкент, 2022. – 68 б.

Әдістемелік нұсқауда «Философия» пәні бойынша семинар сабақтарының тақырыптарына дайындалуға кеңестер мен мәліметтер беріліп, семинар сабақтарын өткізу формалары көрсетілген.


© ОҚМПУ, 2022 ж.


КІРІСПЕ
Семинар сабағы – білім алушылармен жүргізілетін оқу-практикалық жұмыстарының бір түрі. Семинар оқытушылар мен профессорлардың басшылығымен жүргізіледі. Семинар білім алушылардың пәннің әр тарауын терең игеруіне ықпал етеді.
Білім алушылар семинардың нәтижесінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын, одан тиісті ғылыми қорытынды жасауға үйренеді. Оқытушының жетекшілігімен дайындаған баяндамаларын, рефераттарын ұжым болып талқылайды. Талқылау барысында студенттер ғылым саласының әдістемесін меңгереді, өз алдына жұмыс істеуге және оны ауызша не жазбаша баяндауға, өз қорытындыларын дәлел-уәжбен қорғауға, пікір таластыруға машықтанады
Семинар сабағының оқытудың формасы ретінде өзіне тән тарихы бар. Семинар латынның "seminarium" деген сөзінен шыққан. Семинар ертедегі грек, рим мектептерінде диспут, комментарий, қорытынды түрінде өтілген. XVII ғасырда бұл форма Батыс Еуропа елдерінде, ал ХІХ ғ.-дан бастап Ресей университеттерінде қолданылып келеді.
Семинар сабақтарында келесі мәселелерді шешу көзделеді (А.М.Матюшкиннің пікірі бойынша):
1. Кәсіби шығармашылық тұрғыдан ойлауды дамыту;
2. Танымдық мотивтер;
3. Оқу жағдайларында кәсіби біліктілікпен білімді қолдану.
Семинар сабақтарында оқытушы білімді тиянақтау, бекіту, бақылау жасау, педагогикалық қарым-қатынас сияқты жекеленген мәселелерді шешеді.
Семинар сабағының мақсаты - білім алушылардың өз бетінше жұмыстың ерекшелігімен таныстыру, әдебиеттер мен қайнар көздерімен таныстыра отырып, олармен жұмыс жасаудың әдістерін: қажетті материалды іріктеу, оған талдау жасау, тақырыпқа сәйкес материалдарды табуды үйрету.
ЖОО-да көбінесе семинардың 3 типі жүргізіледі:
- Белгілі бір курсты терең меңгеру мақсатын көздейтін.
- Әдіснамалық жағынан маңызды белгілі бір тақырыптың немесе курстың жекеленген тақырыптарын меңгеру.
- Ғылымның жекеленген бөлімдерін терең зерттеу мақсатындағы.
Семинар сабақтары әңгіме, баяндама, пікірталас түрлерінде өтіледі.
Семинар сабақтарының маман даярлауда маңызы зор, себебі әртүрлі, күрделі міндеттерді шешуге мүмкіндік туғызады, білім алушылардың шығармашылықпен жұмыс істеу қабілетін дамытады. Семинар сабағында білім алушылар ғылыми ақпаратты меңгереді, ғылыми жұмыстарды жазу, өңдеу дағдысы мен іскерлігін дамытады, материалды ауызша немесе жазбаша түрде айтып, жазып беру өнерін игереді.
Семинар сабағының бірден-бір мақсаты: - лекцияда алған білімді терең ұғыну, мәселелерді шешу, проблемалық ситуациялар мен есептерді ойластыру, құрастыру, талдау, өз позицияларын айқыңдап, анықтау. Семинар сабағына дайындықтың бастауы - әдебиетпен жұмыс істеу, талқыланатын мәселелер мен сұрақтарға дайындалу.
Семинар сабағын өткізгенде оқытудың дидактикалық қағидалары орындалуы тиіс. Атап айтқанда:
-Оқытудың тәрбиелігі, яғни болашақ мамандыққа деген қызығушылығын дамыту, арттыру
-өзін-өзі тәрбиелеу
-кәсіби тұрғыдан тәрбиелеу;




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет