Бақылау сұрақтары
1. Еркіндіктің қандай деңгейлері бар?.
2. Оң және теріс еркіндік дегеніміз не?
3. Саяси еркіндік деген не?
4. Ұлттық еркіндік деген не?
Реферат тақырыптары
1. Б.Спиноза: адам және оның еркіндігі.
2. М.Хайдегеррдің шығармаларындағы еркіндік пен ақиқаттың байланысы.
3. Ж.-П.Сартр: еркіндік пен жауапкершілік
4. А.Камю: еркіндік және абсурд
5. Н.Бердяевтың еркіндік концепциясы.
11-ші тақырып. Музыкалық эстетиканың қалыптасуын қазіргі мәдениеттің маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастыру.
1. Эстетика пәні философиялық білім саласы ретінде.
2. Негізгі эстетикалық категориялар.
3. Қазақ халқының сулулық философиясы.
Эстетика термині гректің «эстезис» яғни түйсік, сезімдік қабылдау деген сөзінен шыққан. Бұл терминді ғылыми айналымға Ағартушы дәуірінің философы Александр Готлиб Баумгартен (1714-1762) енгізген. Ол адамның рухани әлемінің үш маңызды құрамдас бөліктерін айқындаған: ақыл, ерік, сезім. Алдыңғы екі сфераны логика мен этика зерттеген.
М.С. Каганның пікірінше, А.Г.Баумгартен сезімдер туралы да ғылым болатынын қолдап, оны эстетика деп атаған. Баумгартен сезімдік қабылдауды сұлулықпен, өнермен тығыз байланыстыратын дәстүрдің негізін қалаған. Өнер мен сұлулық философтардың назарын әр уақытта өздеріне аударған. Сондықтан эстетиканың екі ғасырлық емес, екі мың жылдық тарихы бар.
Адамның әлемді бүтін, біртұтас қабылдауына мүмкіндік беретін сезімділік эстетиканың пәні болып табылады. Мұндай анықтама сұлулыққа да, биіктікке де, ұсқынсыздыққа да, торығуға, толғануға да қатысты және адамның осындай ерекше қасиетін тәрбиелейтін өнерді де енжар қалдырмайды.
Әлемді біртұтас қабылдау, қиялдау күші – адамды басқа тіршілік иелерінен ажырататын әмбебап қабілет. Ол ұғымдық ойлау әмбебап қасиеті сияқты адам баласына о бастан-ақ берілген.
Адамның осы екі әмбебап қабілеті бір-бірімен етене жақын және тығыз байланысты. Мұндай қабілеттің қарапайым формалары индивидте стихиялы түрде табиғи дами береді. Ал бұл қабілеттің жоғары жетілдірілген түрі өнерде дамиды.
Э.В.Ильенков диалектика деңгейінде ойланып-толғануды дамыту үшін философия тарихын, ал адам сезімталдығын жетілдіру, ұштау үшін әлемдік өнердің барлық байлығын бойға сіңіру қажет деген екен.
Адам сезімталдығын жетілдіру дегеніміз – индивидуалды, қайталанбайтын құбылыстардан әмбебаптық, жалпылықты көре білу. Мұндай өзіндік ерекшелігі бар, қайталанбайтын шығарманы тудыру – бұл суретшінің еншісі. Өнердің ерекшелігі – оның адамның жалпы, әмбебап қабілетін дамытуында. Сондықтан өнер эстетиканың пәніне кіреді.
Сұлулық – сезімдік қабылдаудың идеалы, басқа эститекалық феномендер сұлулық тұрғысынан бағаланады, қабылданады.
Сұлулық әр уақытта тарихи-нақты, әрбір тарихи дәуірдің өзіне тән сұлулық идеалы бар. Сұлулық әр уақытта ұлттық сипатта дамиды.
Сұлулықпен қатар эстетикалық санаға асқан сұлулық, торығу, күлу сияқты ұғымдар кіреді.
Эстетика теориясы эстетикалық іс-әрекет пен эстетикалық сананы оның әлемге қарым-қатынасы тұрғысынан зерттейді. Эстетикалық сана негізгі эстетикалық категорияларды түсіндіреді. Эстетикалық іс-әрекетті әдемілік заңдылықтарын сақтау тұрғысынан бағалау.
Эстетиканың табиғаттағы, материалдық және рухани іс-әрекеттегі, күнделікті тіршіліктегі бос уақыттағы әдемілік туралы ғылым ретіндегі құрылымы мынадай құбылыстарды зерттеуден тұрады:
1) эстетикалық сезім, көзқарастар, талғам, идеал, яғни эстетикалық сана;
2) адамның әлемге эстетикалық қарым-қатынасының жалпы заңдылықтары мен қасиеттерін бейнелейтін эстетикалық категориялар;
3) эстетикалық сана мен объективті реалдылық байланыстың көпжақтылығын анықтау.
Әлемді эстетикалық тұрғыдан игеру заңдылықтары өнерде жан-жақты толыққанды ашылады, эстетиканы өнердің мәні мен заңдары туралы ғылым деп те қарастыруға болады.
Көбінесе сұлулық туралы ғылыми деп анықталатын эстетика шындықты эстетикалық тұрғыдан, яғни сезімділік көзімен қабылдаудың жалпы заңдылықтары туралы да ғылым болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |