«Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер» кафедрасы



бет5/9
Дата22.05.2023
өлшемі119,31 Kb.
#95845
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Реферат даярлау
Реферат – ол тақырып бойынша әдебиеттің, ғылыми жұмыстың мазмұның ашу бойынша жазбаша түрде немесе бұқаралық нысанда қысқаша мазмұндау. Рефераттың екі түрін бөледі: бір кітаптің, бір ілімнің немесе ғылыми мәселенің мағынасын беретін және белгілі бір тақырып бойынша бірнеше әдебиеттерден алынған мәліметтерді қамтитын.
Рефератты дайындау кезінде тек қана баяндаманың мазмұнын ғана ойластырмай (теоретикалық деңгейін, қисындылығын, актуалдығын), сонымен қатар оны аудиторияға жеткізудің әдістемесін ескеру қажет.
Реферат тақырыбы бойынша студент семинар сабағында, конференцияда айтуға болады.
Рефератты бағалағанда келесі пунктерге баса назар аударылады:

  • жазылған материалды толық әрі жүйелі түрде жеткізе білу;

  • сұрақтар қойылғанда, өз ойын дәл айтып дәлелдемелерді дұрыс қолдана білу;

рефератты жазу барысында өзіндік дағдының жоғарғы болуы;
Реферат - негізгі идеяларда жасалған зерттеулердің нәтижелері берілетін, ғылыми конференцияда (ғылыми семинар) жасалатын реферат. Реферат - негізінен ғылыми конференцияларда, ғылыми ізденіс жұмысының бағыты, барысы, нәтижесі т.с.с., жөніндегі хабарлама.
Рефератты әзірлеу технологиясы: реферат тақырыбының өзектілігін талқылау; мақсатын құру; қажетті әдебиеттермен танысу; мазмұнын құру; баяндаманы оқуға жаттығу; даярлық жүргізу.
Реферат оқу жұмыс бағдарламасының 1-5 аптасына сай тақырыпқа жазылады.
Тақырыптар:

1. Адамның шығу тегі териясы және адамзаттың алғаш пайда болған жері мәселесі.


2. Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті.
3.Алғашқы қауымдық өнер ескерткіштеріндегі антропо және зооморфтық бейнелердің ерекшеліктері.
4. Ұлы даладағы энеолит және қола дәуірі
5.Ерте темір дәуірі хронологиясы мен археологиялық мәдениет ескерткіштері.
6.Ерте темір дәуірі хронологиясы мен археологиялық мәдениет ескерткіштері.
7.Ғұн тайпаларының шығу тегі мен этникалық тарихы мәселесі. Ғұндардың (сюнну) империясының саяси тарихы.
8. Жетісу және Тянь-Шандағы үйсіндердің этносаяси бірлестіктері.
9. Қаңлылардың шығу тегі және этностық тарихы.
10. Түрік қағанатының құрылуы, құрылымы және саяси тарихы.
11. Батыс Түрік қағанаты («он оқ»): құрылуы, аумағы, этникалық құрамы. Әлеуметтік-экономикалық даму.
12. Қарлұқ мемлекетінің саяси тарихы: құрылуы, көрші мемлекеттер мен тайпалармен қарым-қатынастары.
13.Исламның енуі және түркілердің мұсылман әлемімен халықаралық байланысы.
14. Оғыздардың этникалық тарихының мәселелері және олардың қазақ халқының этногенезіндегі рөлі.
15. Қимақтардың мемлекеттік құрылымындағы ежелгі түркі әлеуметтік-саяси дәстүрлерінің сабақтастығы.
16.Қараханид мемлекетінің мұсылман әлеміндегі орны. Сауда-экономикалық және мәдени байланыстардың ерекшеліктері.
17.Қарақытайлардың басып кіруі және олардың Жетісу мен Мәуереннахрға билік құруы.
18. Қыпшақтардың саяси гегемониясының таралуы.
19. Түркілер өркениеті және Ұлы жібек жолы.
20.Түркі-ислам синтезінің қалыптасуындағы Қожа Ахмет Ясауи сопылық мектебінің рөлі.
21.Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмуд Қашқари, Ахмет Ясауи шығармаларының әлемдік маңызы.
22.Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмуд Қашқари, Ахмет Ясауи шығармаларының әлемдік маңызы.
23. Ақ Орда (XIII ғ. соңы – XVғ. басы).
24. Моғолстан (XIV ғ. ортасы – XVI ғ. басы). Мемлекеттің құрылуы. Аумағы мен этникалық құрамы.
25.Моғолстан мен Ақ Орда билеушілерінің одағы Әмір Темірдің мемлекетінің экспансиясына қарсы күресі.
26.Көшпелі өзбектер мемлекеті (1428-1468 жж.), немесе Әбілқайыр хан мемлекеті.
27.Ноғай Ордасындағы саяси дағдарыстар, мемлекеттің ыдырауы мен құлауы.
28. Сібір хандығы (XV ғ. соңы – XVI ғ.). Сібір хандығының құрылуы, оның ішкі және сыртқы саяси тарихы.
29. Алтын Орда дәуірінің мәдени-өркениеттік мұрасы. Қала құрылысының өркендеуі.
30. Алтын Орданың империялық кезеңіндегі Дешті Қыпшақтың мәдени даму деңгейі туралы жаңа археологиялық ашылымдар.
Берілген тақырыптардың біріне реферат жазыңыз.
Рефератты бағалау критерилері



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет