«Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер» кафедрасы


Критерий Дескрипторлар



бет6/9
Дата22.05.2023
өлшемі119,31 Kb.
#95845
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Критерий

Дескрипторлар

Балл

Рефератты бағалау-15 балл

жазу сауаттылығы, мазмұнның тақырыпқа сәйкестігі , көлемі 5 беттен кем емес

5

мақаланың мазмұнын ашатын түйіндеменің болуы, кілттік сөздер мен өзіндік қорытындының болуы

6

пайдаланған дереккөздерге дұрыс сілтемелер жасауы (библиографиялық сілтемелер тік жақшада көрсетілген), әдебиеттер тізімінің болуы

4


Презентация

Презентация (латын тілінен praesento – көрсету) – бір нәрсені (ұйым, жоба, өнім және т.б.) көрсетуге арналған құжат немесе құжаттар жиынтығы.


Презентацияның мақсаты – аудиторияға презентация объектісі туралы толық ақпаратты ыңғайлы формада беру.
Презентация маркетинг және PR құралдарының бірі болып табылады.
Презентация мәтіннің, гипермәтіндік сілтемелердің, компьютерлік анимацияның, графиканың, бейненің, музыканың және дыбыс тізбегінің (бірақ барлығы бірге болуы міндетті емес) бір ортада ұйымдастырылған комбинациясы болуы мүмкін. Сонымен қатар, презентацияда ақпаратты оңай қабылдау үшін ұйымдастырылған сюжеті, сценарийі және құрылымы бар.
Презентацияның ерекшелігі оның интерактивтілігі болып табылады, ол пайдаланушының басқару элементтері арқылы өзара әрекеттесуіне мүмкіндік беру үшін жасалған. Техникалық сипаттамалар көрсетілім орнына байланысты өзгереді.
Өзіндік оқу үшін жасалған презентация құрамында бар барлық элементтерді қамтуы, тармақталған құрылымы болуы және презентация объектісін жан-жақты қарастыруы мүмкін. Ол, әдетте, гипермәтін элементтерін қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Бейне көрсетілім үшін жасалған презентация интерактивті элементтерді қамтымайды, презентация нысаны туралы бейнені қамтиды, сонымен қатар мәтіндік және аудио тректер болуы мүмкін. Бұл презентацияның нұсқасы жарнама болып табылады. Электрондық жарнама үшін жасалған презентация хаттың көлемін азайту мақсатында мультимедиялық құралдарды аз пайдалана отырып жасалады.
Ұялы телефондар мен смартфондарға арналған қосымшалар форматындағы презентация портативті құрылғыларда қарау кезінде жасалады.
Білім беру мекемесіндегі іс-шараларға арналған танымдық презентация, сіздің өздік жұмысыңыздың қорытындысын білдіреді. Яғни сіз өзіңіздің қандай жұмыс жасағаныңызды,
шығармашылық деңгейіңізді көрсете аласыз. Бұған қалай дайындалуға болады? Ол үшін өзіңіз келесі жоспар бойынша дайындалуыңызға болады:

  1. Жұмыстың мақсатын анықтау. Өзіңізге қанша уақыт бөлінгенін білу қажет. Егер нақты ақпарат жоқ болса, оқытушыдан сұрауды ұмытпаңыз.

  2. Сіз ауызша сөйлеген кезде негізі ойы-бағытыңыз қандай болмақ. Бұл сіздің компасыңыз тәрізді болмақ және ойыңыз бәріне түсінікті болу қажет.

  3. Сіздің сөзіңіз қандай жанрда? Өзіңіздің рөліңізге байланысты соттағы адвокаттың, үгіт-насихат кезіндегі кандидаттың, симпозиумдағы оқымыстының сөз сөйлеу үлгісін таңдауға болады немесе телевизордағы, кинофильмдерде көргендеріңізге ұқсауға болады.

  4. Дәлелдерді жинақтау өз күшіңізді анықтап алу. Пікір-талас туып қалған жағдай болса сіз өз ойыңызды дәлелдей ала аласыз.

  5. Сөз сөйлеудің де жоспарын дайындап алыңыз. Бірінші, екінші ... деп пунктерге бөліп алыңыз. Үш-төрт пункт жеткілікті.

  6. Тыңдаушылар жалығып кетпесін. Мысалдар мен афоризмдер, тіпті анекдотпен көркемдеуге болады. Тек оның бәрі сіздің ойыңызды ашуға көмектесуі тиіс.

  7. Сөйлеу жылдамдылығы. Ол не тез, не баяу болмауы қажет, негізгі ойды айтқанда сөз сөйлеу ритмін өзгертуге болады.

  8. Сөз сөйлеуге дайындалу қажет. Достарыңыздың немесе айнаның алдына отырып сөзіңізді дайындаңыз. Берілген уақытқа үлгеруге тырысу қажет. Тәжірибелі оратор, саясаткер Уинстон Черчилльдің өзі бірнеше күн бойы дайындалған.

  9. Егер сіз жалғыз емес топпен бірге сөйлейтін болсаңыз өз мәтініңіздіі басқалармен салыстырып алыңыз. Қайталанулар болмауы қажет.

Презентация оқу жұмыс бағдарламасының 6-10 аптасына сай тақырыптарға жасалады.
Тақырыптар:
1. Қазақ хандығының құрылуы, оның барысы және негізгі оқиғалары.
2. Қазақ хандығының XVI ғ. басындағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы.
3. Қасым хан тұсында хандық аумағының ұлғаюы.
4. Қазақ хандығының қайта өрлеуі. Хақназар ханның билігі.
5. Тәуекел хан, оның саясаты.
6. Жоңғар хандығының пайда болуы, алғашқы қазақ-жоңғар қатынастары.
7. Тәуке ханның билікке келуі, оның саясаты. Тәуке ханның «Жеті жарғысы». Билер институты.
8. Қазақстанның қалалық мәдениеті.
9.Мұхаммед Хайдар Дулатидың, Қадырғали Қасымұлы Жалайыридің аса көрнекті еңбектерінің маңызы.
10. Жоңғар хандығының күшеюі: жоңғарлардың басқыншылық стратегиясы. «Ақтабан шұбырынды», «Алқакөл сұлама» жылдары.
11. Абылайдың Жоңғармен, Қытаймен, Ресеймен қарым-қатынастары. Абылай сұлтанның дипломатиялық өнері.
12. Қазақстанның Ресей империясына қосылуы.
13. Бөкей ханның билігі.
14. Жәңгір хан билігінің сипаттамасы: жерге иелік ету мен жер пайдаланудың жаңа нысандары. Жәңгір ханның ағартушылық саясаты.
15. ХІХ ғ. 60-90 жылдарындағы көші-қон мәселесі. Орыс шаруаларын Қазақстанға қоныстандыру туралы уақытша ережелер.
16. Жәдидшілдік ағартушылық идеяларының ықпалы және Далада жаңа әдістемемен істейтін мектептер мен медреселердің ашылуы.
17. Қазақ халқының отаршылдыққа қарсы халық-азаттық күресі.
18. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақ даласы.
19. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениетіндегі ағартушылық және реформаторлық бағыт.
20. Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға әсері.
21. Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға әсері.
22. Алаш және Қоқан автономиясы билік органдарының жойылуы.
23. «Соғыс коммунизмі» саясаты.
24. Қазақстандағы жер-су реформасы.
25. ЖЭС мазмұны және оны жүзеге асыру ерекшеліктері.
26.1921-1922 жж. Қазақстандағы ашаршылық.
Презентацияны бағалау критериі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет