3
АЛҒЫ СҾЗ
Тарих ғылымының адамзат жҽне қоғам ҿміріндегі мҽні мен маңызы
ерекше жҽне ол ежелгі ғылымдардың бірі болып табылады. Ҽрбір
ҧрпақтың ҿткен тарихты оқып ҥйренуі, одан тағылым алуға деген
талпынысы барлық ҧлттар мен халықтар ҥшін заңды қҧбылыс. Ҽрбір
азамат ҿз елінің ҿткені мен тарихын білуге, Отан тарихының тҽжірибесі
мен қҧндылықтарын келесі ҧрпаққа ҥйретуге міндетті. «Тарих барлық
ғылымдардың атасы» деп бекер айтылмаса керек. Қазақ елінің ежелгі
дҽуірден қазіргі кҥнге дейінгі тарихы ҽлемдік тарихтың қҧрамдас жҽне
маңызды ажырамас бҿлігі болып табылады.
Тоталитаризмнің есігі мықтап жабылған тар қыспағына тҥскен
халықтар ҿзіндік ерекшеліктерінен жҧрдай болып, ҿзіндік тарихынан да
тҥгелдей айырыла жаздады. Тҽуелсіздік таңы ғана ҧлттық тарихымызды
қайта жаңғыртуға мҥмкіндік берді. Соңғы 20 жылдың кҿлемінде ғана
бҧл бағытта ҧлан-ғайыр жҧмыстар жҥргізіліп жатыр. Бҧрмаланған
тарихымыз бен ақтаңдақтар беті қайта зерделенуде. Қалың кҿпшіліктің
де ҿткенді білуге деген қҧмарлығы арта тҥсуде. Ҧлттық тарихқа деген
ҧмтылысымыз тек ҿткенге қҧмартушылықтан ғана емес, болашаққа
деген мақсаттарымыздың да қаншалықты негізділігін пайымдау
қажеттілігінен де туындап отыр. Уақыт талабына тек ҿткенді біліп,
тарихқа қанығып барып дҧрыс жауап таба аламыз. Ҿз Отанының
тарихын білуі, ҿткенді қҧрметтеу ҽрбір Қазақстан Республикасы
азаматының міндеті болуы тиіс.
Жоғары оқу орындарында Қазақстан тарихы курсының міндетті
оқыту пҽндерінің бірі ретінде енгізілуі де отандық тарих ғылымына
ауқымды міндеттер жҥктейді. Тҽуелсіздік таңы ғана ҿткен
тарихымыздың аса кҥрделі де, қайшылықтар мен қҧндылықтарға толы
тарихи процестерін жаңа кҿзқараспен айтуға мҥмкіндік берді. Демек
біздің басты міндетіміз - ежелгі дҽуірден қазіргі кҥнге дейінгі
тарихымызға жалпы шолу жасап, тарихи оқиғаларды студенттердің
дҧрыс тҥсінуіне кҿмектесу, тарихи оқиғаларды тарихи фактілермен
дҽйектеу, пайымдау болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: