Қазақстан тарихы кафедрасы



Pdf көрінісі
бет16/98
Дата25.11.2023
өлшемі1,24 Mb.
#127340
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   98
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


34 
ҚЫСҚАША ДӘРІСТЕР 
 
Дәріс 1. Қазақстанның ежелгі тарихы 
 
Дәрістің мақсаты – 
Адамзат жҽне оның шаруашылығының 
қалыптасуында ерекше орын алған тас пен қола дҽуірінің 
ерекшеліктеріне тоқталып, табылған археологиялық материалдарына 
сипаттама беру. 
Тҥйінді сӛздер - 
тас дҽуірі, палеолит, мезолит, неолит, қола, мыс, 
қалайы, патриархат, металлургия. 
Қазақстан территориясындағы тас дәуірі.
Ежелгі адам ҿз 
дамуында бірнеше кезеңдерден ҿтті. Оның негізінде тас ҿңдеу 
техникасының жетілдірілуі жҽне онымен байланысты еңбек ҿндірісінің, 
материалдық жҽне рухани мҽдениеттің дамуы жатыр. Археологияда 
кезеңдендірудің ҿзіндік ҽдісі жасалған, оған сҽйкес адамзат тарихы тас, 
қола жҽне темір дҽуірлеріне бҿлінеді. Ҿз кезегінде жоғарыда айтылған 
дҽуірлер ірі хронологиялық кезеңдерге бҿлінеді. Тас ғасыры ҥш 
кезеңнен: палеолит, мезолит, неолит кезеңдерінен тҧрады. 
Палеолит 
ҿз 
кезегінде ерте жҽне кейінгі палеолитке бҿлінеді. 
Ерте палеолит ірі-ірі ҥш дҽуірге бҿлінеді, олар: олдувай (2,6 млн. 
— 700 мың жыл бҧрын), ашель (700 мың - 150-120 мың жыл бҧрын) 
жҽне мустье (150-120 мың – 31-30 мың жыл бҧрын) дҽуірлері. Кейінгі 
палеолит 35-30 мың жылдан 12-10 мың жылға дейінгі уақытты қамтиды. 
Кҿне 
тас 
ғасырының 
дҽуірі 
– 
адамзат 
жҽне 
оның 
шаруашылығының қалыптасу кезеңімен сипатталады. Алғашқы адам 
жабайы ҿсетін дҽндерді, жемістер мен жидектерді жинап, жануарларды 
аулаған. Бҧл тҧстағы адамдардың ҿзара қарым-қатынасы олардың 
теңдігіне, еңбек бҿлінісінің жынысқа, жасқа қарап реттелуіне негізделді. 
Кҥллі тас ғасыры бойына еңбек қҧралын жасау жолындағы басты рҿлді 
тас атқарады. Сол себептен де археологтар ежелгі тҧрақтардан кҿбінесе 
тастан жасалған бҧйымдарды табады, ал неолиттік тҧрақтардан 
жануарлар сҥйектерінен жасалған бҧйымдар да кездеседі. Адамзат тас 
қасиетін жете білген. Материалды таңдап алу кҿп жағдайда қҧралдың 
неге арналатынына байланысты болған. Тҥрі мен ерекше сипатына қарай 
тас бҧйымдар шапқыш, қырғыш, соққыш, бҧрғы, пышақ, тескір жҽне т.б. 
бҿлінген. 
Қазақстан территориясында ғалымдар ҧзақ уақыт бойы тас 
ғасырының іздерін таба алмады. Бҧл біздің еліміздің территориясында 
адамдардың кеш қоныстануы туралы жаңсақ пікірді туғызды. Алайда 
археологияның соңғы мҽліметтері Қазақстан территориясында ашель 
дҽуірінде адамдардың пайда болғандығын анықтады. Сол дҽуірдің 
ескерткіштері Оңтҥстік Қазақстанда, Қаратау жотасында табылды. Бҧл 


35 
Тҽңірқазған, Бҿріқазған, Ақкҿл тҧрақтары. Қазіргі таңда Қазақстанда 
палеолит мҽдениетіне жататын екі аймақ белгілі, олар: Оңтҥстік 
Қазақстан, Орталық Қазақстан. Орталық Қазақстандағы ашель дҽуірінің 
ескерткіштері - Жезқазған қаласынан 150 шақырым жердегі Жаман 
айбат жҽне Қарағанды облысының Жезді ауданынан табылған Обалысай 
тҧрақтары болып табылады. Орталық Қазақстан жеріндегі қазбаларға 
қарағанда, осы маңда орналасқан ежелгі адамдар еңбекте тас 
қҧралдарын кеңінен пайдаланған. Олар тастарды ҥшкірлеп, ҥлкен-ҥлкен 
қырғыштар, ҽр тҥрлі тас қҧралдар жасап, қажеттеріне жарата білген.
Тас дәуірінің тарихында мезолит
б.з.б.12-5 мың жылдықты 
қамтиды. Мезолит заманындағы адамдардың садақ пен жебені ойлап 
шығаруы ҥлкен жетістік еді жҽне осы тҧста микролиттер – ҥшбҧрыш, 
ромб, трапеция, сегмент – тҽрізді ҧсақ қалақтар шықты.
Б.з.б. 5 мың жылдықта басталған неолит
– тас қҧралдарын 
барынша пайдаланған дҽуір. Бҧл кезде еңбек қҧралдары жетілдіріліп, 
тастарды бҧрғылау, тегістеу, ағашты арамен кесу сияқты жаңа 
технологиялық ҽдістер қолданылған. Қиын ҿңделетін тастар бірте-бірте 
тҧрмысқа, шаруашылыққа пайдаланылды, тас балталар, кетпендер, дҽн 
ҥккіштер жасала бастады. Неолит дҽуірінде Қазақстан жерінде мал 
шаруашылығы мен егін шаруашылығының тууы, ертедегі адамдардың
бҧрынғы табиғаттың дайын ҿнімдерін иемденуден, яғни ҿсімдік 
дҽндерін жинау, аң аулау орнына, ҿндіруші шаруашылыққа кҿшуге 
жағдай жасады.
Қазіргі уақытта Қазақстан территориясында ғылымға белгілі 600-
ден аса неолиттік жҽне энеолиттік ескерткіштер табылған. Неолит 
тҧрақтары ҿзінің орналасу сипатына қарай тҿрт тҥрге: бҧлақ 
бойындағы,ҿзен жағасындағы, кҿл жиегіндегі, ҥңгірдегі тҧрақтары 
болып бҿлінеді. Олардың қалдықтары археологиялық зерттеулер 
барысында Қазақстанның барлық аймақтарынан табылған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет