63
кҥшіне енді. Жарғы бойынша Орта жҥзде хандық билік жойылып,
сҧлтандардың саяси дербестік қҧқықтарына шектеу қойылды.
Жарғының мақсаты – Қазақстанның солтҥстік-шығыс ҿңірінде
ҽкімшілік, сот, саяси басқаруды ҿзгерту, рулық қатынасты ҽлсірету
болды. Орта жҥз жері округтерге, болыстарға, ауылдарға бҿлінді.
Округке 15-20 болыс, болысқа 10-12 ауыл, ауылға 50-70 шаңырақ кірді.
Жарғыдан кейін Қарқаралы, Кҿкшетау, Баянауыл, Аягҿз, Ақмола,
Кҿкпекті, Қҧсмҧрын округтері қҧрылды. Жарғы бойынша сот ісі ҥшке
бҿлінді: қылмыстық, талап ету, шағым айту.
1824 жылы Оынбор генерал-губернаторы П.К.Эссен «Орынбор
қырғыздары туралы» жарғы
шығарды. Бҧл езгіні одан ҽрі кҥшейту
мақсатында ҽзірленген қҧжат еді. Кіші жҥзде хан билігі жойылып, оның
барлық территориясы ірі рулар бойынша ҥшке бҿлінді. Оған патша
ҥкіметіне адал сҧлтандар басшылық жасады. Ал олар орыс офицерлері
басқарған 100-200-ге жуық казак ҽскерлерінің кҥзетіне сҥйенді. Казак
ҽскерлері далада тҽртіп орнатып, наразылық білдірген ауылдар мен
адамдарды басып тастаумен айналысты, яғни ҽскери-полициялық
қызмет атқарды.
Достарыңызбен бөлісу: