Қазақстан тарихы кафедрасы



Pdf көрінісі
бет38/98
Дата25.11.2023
өлшемі1,24 Mb.
#127340
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   98
Байланысты:
file185

Бақылау сҧрақтары
1. Тҥркістан қаласы қай ханның тҧсында саяси орталыққа айналды? 
2. Жоңғар мемлекеті қай жылы қҧрылды? 
3. Қазақ хандығындағы мемлекетті басқару ерекшелігі қандай 
болды?
4. «Есім ханның ескі жолы» деп аталу себебі неде?
Әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан тарихы. 5 –томдық. Т. 2, А. 1998. 
2. Қазақстан тарихы. Очерк. А., 1993. 
3. Ж.О. Артықбаев. Қазақстан тарихы (оқулық-хрестоматия) 
Астана, 2000. 
4. Ш. Қҧдайбердиев. Қазақ, қырғыз, тҥрік һҽм хандар шежіресі. А., 
1990 
5. Ч. Мусин. Қазақстан тарихы. А., 2008. 
6. М.Б. Мҧхамедов, Б. Сырымбетҧлы. Қазақстан тарихы. А., 2007. 
7. Б. Кҽрібай. Тҥркістан жҽне қазақ хандығы. А., 1999. 
Дәріс 7. ХVІІІ ғ. Қазақстан. Қазақстанның Ресейге қосылуының 
басталуы 
 
Дәрістің мақсаты 
– Қазақ халқының Ресейге қосылуының тарихи 
алғышарттары мен барысына, сипатына тоқталып, Абылай ханның қазақ 
халқының тарихында алатын орнына баға беру.
 
Тҥйінді сӛздер – 
дипломатиялық байланыс, бодандық, отаршылдық, 
бекініс. 
 
ХVІІ-ХVІІІ ғғ. басындағы қазақ - орыс қарым-қатынасы. 
ХVІ 
ғ. 50-жылдары Ресей 
Қазан 
жҽне 
Астрахань хандықтарын 
талқандағаннан кейін оның оңтҥстік-шығыс шекаралары қазақ жерімен 
жанасты. ХVІ ғасырдың соңында орыс-қазақ шекарасында орыс 
қалалары мен бекіністерінің, форпостар мен редуттардың қҧрылыстары 
басталды. Ал кейбір бекіністерді мысалы, 1620 жылы Орал, 1645 жылы 
Гурьев ҽскери бекіністерін тікелей Қазақстан аумағында салды. Бҧл 
бекіністер орыстардың ҽскери отрядтарының Сібірге одан ҽрі жылжуы 
мен Қазақстан шекараларына енуі ҥшін негізгі ҽскери тірек қызметтерін 
атқарды. 
Қазақ мемлекетімен дипломатиялық байланыс орнату ҥшін Ресей 
патшасы 1573 жылы Третьяк Чебуков бастаған орыс елшілігін жіберді. 
Бірақ оларды қазақ жеріне жеткізбей Сібір татарлары ҿлтіреді. 1594 
жылы Тҽуекел хан Мҽскеуге Қҧлмҧхаммет бастаған тҧңғыш қазақ 
елшілігін жіберді. Елшіліктің басты міндеті Мҽскеуде аманат ретінде 
ҧсталып отырған ҿзінің жиені Ораз Мҧхаммедті босату жҽне Бҧхара 


59 
ханы Абдоллаға қарсы одақ қҧру, оқ-дҽрімен атылатын қару алуға қол 
жеткізу, орыс ҥкіметімен достық келісім жасау болды.
1686-1693 жж. Тҽуке хан Ресейге бес елшілік жіберген. Алайда 
оның берік саяси байланыстар жасауға ҧмтылысы тиісті нҽтиже 
бермеген. 1694 жылы Тҽуке хан Мҽскеуге І Петр патшаға сауда 
байланыстарын нығайту туралы тағы да хат жібереді.
1714 жылы І Петр патша Ертіс бойымен полковник Бухгольц 
бастаған ҥш мың адамдық ҽскери отряд жіберді. 1716 жылы олар Омбы 
жҽне Ямышев бекіністерін салды. 1717 жылы полковник И.Ступин 
бастаған тағы бір экспедиция ҧйымдастырылды. Экспедиция 1717 жылы 
Железинск, 1718 жылы Семей бекіністерін салды. 1719-1720 жж. 
И.Лихаревтың 
ҽскери 
экспедициясы 
Ҿскемен 
жҽне 
Коряков 
бекіністерінің негізін қалады. Осы уақытта Бекович-Черкасск бастаған 
экспедицияға Каспий теңізінің шығыс жағалауын зерттеуге жҽне Арал 
теңізін картаға тҥсіруге тапсырма берілді. І Петр патша Сенат хатшысы 
И.Кириллов пен сыртқы істер коллегиясының тілмашы М.Тевкелевке 
қазақ елін бодандыққа келтіру жобасын жасауды тапсырады. Бірақ І 
Петр патшаның ҿлімі бҧл жобаны аяқтауға мҥмкіндік бермеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет