«Қазақстан тарихы» курсы бойынша алыстан оқытылатын (дот) студенттерге арналған тапсырмалар топтамалары Орындаған: Ногайбаева Айжан


-тапсырма Шыңғыс хан әскерінің Қазақ жері мен Орта Азия мемлекеттерін жаулап алуы



бет3/5
Дата30.11.2022
өлшемі179,11 Kb.
#53987
түріОқулық
1   2   3   4   5
3-тапсырма
Шыңғыс хан әскерінің Қазақ жері мен Орта Азия мемлекеттерін жаулап алуы



Шыңғыс хан әскерінің басты күштерінің бағыты

«Отырар ойраны»

Сыр бойы қалаларының қорғанысы

Шыңғыс ханның Қазақ жерін жаулап алуы

1

Шығыс Түркістан
Жетісу
Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азия



1218 жылы жазда Шыңғысханның тапсырмасымен құрамында көпестері мен монғол барлаушылары бар, барлығы 450 адамнан тұратын 500 түйеге теңделген жүгі бар керуен Отырарға аттанады. Отырар билеушісі Қайыр хан көпестерді жансыздар деп күдіктеніп, оларды өлтіруге бұйырады, керуен тоналады. Бұған шамданған Шыңғысхан оның қарымтасы ретінде хорезмшах Мұхаммедтен Қайыр ханды ұстап беруді талап етіп, елшілерін жібереді, ал хорезмшахтың келген елшілерді өлтіруі соғысқа сылтау болады

Отырар басшысы Қайыр хан Шыңғыс ханның ұлдары Шағатай мен Үгедейге 5 бойы қарсы шығып қамалды алғызбады,бірақ-та бесінші айдың аяғында хорезмдік әскербасы Қараджа хаджиб опасыздық жасап моңғол әскеріне есікті ашып берді.Осылайша он мың әскер Отырарға кірді, қайтпас қайсар Қайыр хан моңғол әскерімен тағы бір ай қамал ішіне соғысты,дегенменде, моңғол әскерінің күші мықты болып қамалды толықтай ақпан айында басып алып,Қайыр ханды жазалап өлтірді.

Монғолдар Сырдария өңіріндегі қалаларды бағындырып, Орта Азияға қарай ішкеріледі. Үргенішті қоршауға алу бірнеше айға созылды. Монғолдар Бұқарды, Самарқанды алды, Хорезм жаулап алынды. 1221 жылы көктемінде монғолдар Орта Азияны жаулап алуды аяқтады.



2







Отырар сияқты Сыр бойындағы Сығанақ, Ашнас және т.б. қалалар тұрғындары да монғолдарға қатты қарсылық көрсетті. Араб және парсы тіліндегі тарихи деректерде монғолдар халқын түгелдей қырып, күл-талқан қиратқан отыз шақты қалалар аталады. Олардың ішінде оңтүстікқазақстандық Отырар, Сығанақ, Ашнас қалалары бар.



Енді соғыс Хорасан, Ауғанстан және Солтүстік Индия территориясына ауысты. Қолбасшылар Жебе мен Сүбедей нояндар басқарған 30 мыңдық әскер Солтүстік Ираннан шығып, 1220 жылы Кавказға басып кірді. Бұл әскер армян, грузин, алан, қыпшақ және орыс әскерлерін Қалқа өзенінің бойында талқандап, 1224 жылы Шығыс Дешті Қыпшақ даласы арқылы Шыңғысханның Ертіс бойындағы ордасына оралды. Сөйтіп, 1219-1224 жж. монғол шапқыншылығы нәтижесінде Қазақстан Шыңғысхан империясының құрамына кірді.



3










 Қазақстан жері моңғолдың үш ұлысының құрамына: үлкен (далалық) бөлігі — Жошы ұлысының, Оңтүстік және оңтүстік-шығыс Қазақстан — Шағатай ұлысыныңЖетісудың солтүстік-шығыс бөлігі Үгедей ұлысының құрамына кірді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет