№
|
Ұлы Батыйдың жорықтарын сипаттаңыз
|
Алтын Орданың құрылуының алғышарты
|
Алтын Орда хандарының билік құрған жылдары мен саясаты
|
Алтын Орданың ыдырауы және оның себебі
|
1
|
1236 жылдың соңында Бату әскерлері Еділ өзенінің жағасына келіп, Бұлғар елін жаулап алды
|
Батый Еділдің сағасына қайта оралды да, мұнда жаңа монғол мемлекеті – Алтын Орданы құрды. Бұл мемлекеттің аумағы шығыста Ертіс өзенінен батыста Еділ мен Әмударияның төменгі сағасына дейін болды . Алтын Орда Шығыс Дешті Қыпшақ, Хорезм және Батыс Сібір территориясының бір бөлігін қамтыды.
|
1242-1256-Батый хан өз билігін жүргізіп ,моңғолдардан өзін дербес мемлекет ретінде ұстады астанасы Астрахань маңындағы Сарай-Батый қаласы болды, кейін астана Сарай-Берке қаласына Еділ бойындағы жоғарырақ жерге көшірілді..
|
1357-1380 жылдары Алтын Орда тарихында «Ұлы дүрбелең кезеңі» деп аталады. 1380 жылы Алтын Орданың уақытша билеушісі Мамай Куликово даласында Дмитрий Донской бастаған орыс әскерінен жеңіледі.
|
2
|
1237 жылы Еділ мен Дон өзендерінің аралығындағы қыпшақтарды жаулап алды.
|
Негізгі Алтын орданың моңғолдардан бөлініп шығуына Батый ханның қосқан үлесі зор.
|
Берке ханның (1256-1266) тұсында толықтай дербес мемлекетке айналды.
|
ХІҮ ғ. соңында Әмір Темір Алтын Ордаға бірнеше рет жорық жасап (1389, 1391, 1395 жж.), оны ойрандап кетеді. Алтын Ордаға Темір мемлекетімен болған соғыс өте ауыр тиді. Осы соққыдан ол оңала алмайды.
|
3
|
Батудың соғыс өнерінде бұрыннан пайдаланып келе жатқан, қала бекіністерін бұзатын жеңіл құралдары болды. Бұл құралмен орыс қалаларының ағаштан салынған бекінісін бұзу қиынға түспейтін. Бүған қосымша Бату әскерлері соғыс жүргізудің неше түрлі әдістерін меңгерді. Сөйтіп жолындағының бәрін жайпаған Бату 1237 жылдың қысында қалың қолын Еділ өзенінен өткізіп, Рязань қаласына келіп оны 5 күнде басып алады.
|
Алтын Орда көп ұлтты мемлекеттік құрылым еді. Ол әралуан халықтар мен тайпалардан құралды. Монғолдардың өздері тіпті аз еді. ХІҮ ғасырда монғолдар іс жүзінде түріктеніп кеткен еді, ал Алтын Орданың халқы «татарлар» деп атала бастады.
|
Мөңке-Темір хан (1266-1280) тұсында Алтын Орда тұңғыш рет өз атынан теңге құя бастады.
|
ХҮ ғ. орта кезінде Алтын Орда құлайды. Ол Сібір хандығы, Ноғай Ордасы, Қазан хандығы, Қырым мен Астрахан хандықтарына бөлініп кетеді.
|
4
|
Енді кезек орыстың ірі Владимир-Суздаль кінәздігіне жетті. Алғашқы шайқас Ұлы Владимир кінәзі Юрий Всеволодович әскерлерімен болды. Монғол-татар әскерлері Коломно каласы түбінде кінәз Юрийдің әскерін талқандады, Мәскеу және Клязьма өзендерінен өтіп, бес күн қарсылықтан кейін Мәскеу қаласын алды.
|
|
ХІІІ ғасырдың 80-ші жылдары Алтын Ордада беклербек Ноғайдың есімімен байланысты дағдарыс басталды. Ноғай Шыңғысханның бір ұрпағы ретінде Батый мен Берке кезінде мемлекеттегі екінші адам болды. Оның ниеті өзінің дербес мемлекетін құру еді. Ол өзіне Дунай, Днестр, Днепр бойындағы елдерді бағындырып алды.
|
|
|
1238 жылы 4 ақпанда Бату Владимир қаласын қоршап 3 күнде басып алады.
|
|
Тоқты хан кезінде (1298-1312) алауыздық өзара күреске ұласып, 1300 жылы Ноғай жеңіліс тапты, содан кейін ғана Алтын Орданың бірлігі қайтадан қалпына келтірілді.
|
|
|
Моңғол-татар әскері осылайша Ростов, Суздаль, Ярославль, Кострома, Углич, Тверь сияқты 14 қаланы бағындырып, Владимир кінәздігінен Новогородқа қарай бет бұрады.Бірақ жолдың ұзақтығы қиыншылық тудырып, Батый оңтүстікке қарай әскер басын бұрды.Жолда кездескен қалалар мен ауылдарды жаулап алып отырды.
|
|
Өзбек ханның (1312-1342) мемлекеттік дін ислам діні болып қалыптасты.
Орыс княздықтары Алтын Ордаға тәуелділіктерін мойындап, ұлы ханның қолынан «князь» атағын алып, алым-салық төлеп тұрды
|
|
|
1240 жылы Киев қаласына келіп жетеді,8 -күнде жеңіп алады.Монғол-татар шапқыншылары Киев қаласын талқандап, ежелгі ескерткіштердің көбін жойып жібереді. Киев қаласын алғаннан кейін Бату әскерлері Галич-Волынь кінәздігіне аттанады. Батыс орыс жерін жаулап алғаннан соң Польшаға, Чехия мен Венгрия жеріне баса-көктеп кіреді
|
|
Билеушілердің хан тағына таласып, өзара қырқысуының салдарынан Жәнібек хан(1342-1357) қайтыс болғаннан кейін Алтын Орданың құлдырауы басталды
1357-1380 жылдары ондаған хан ауысады
|
|