Қазақстан тарихы оқулық


Түргештер мен қарлүқтар мемлекеті



Pdf көрінісі
бет9/77
Дата09.10.2024
өлшемі7,71 Mb.
#147352
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   77
Байланысты:
Кадыркулова Г. Казакхстан тарихы

3.3. Түргештер мен қарлүқтар мемлекеті
VIII касырдың бас кезінде ертедегі түріктерге екі майданда 
күрес жүргізуге тура келді. Батыста Сырдарияга жорық жасаған 
арабтар, ал шығыста Жетісуға жылжыған қытайлар қауіп
34


төндірді. Шығыс түріктері және қытайлармен арадағы қантөгіс 
соғыс қытайларды өлсіретіп, 699 жылы Батыс-түрік қағанаты 
бүрынғы қалпына келтірілді, бірақта оның билеушісі ашина 
тайпасынан емес, түргеш тайпасынан болды, сондықтан қағанат 
Түргеш қағанаты аталды. Түргештер дулу тайпалық одағына 
кірді, өз кезегінде қара және сары түргеш болып бөлінді.- 
Түргештердің ықпалы біртіндеп арта түсті, оған бағынатын 
тайпалар саны өсті. Оның көсемі Үш-Елік өз жерінде өрқайсы- 
сында 7 мың адамы бар 20 провинция (түтүк) қүрды. Шу өзенінің 
солтүстік-батысындағы өзінің жеке ордасын Суябқа көшірді де 
оны енді Үлкен орда деп атады; Күнгіт қаласында оның Кіші 
ордасы орналасты. Күнгіт жөне осылай аталатын тайпа Іле 
бойында болды. Түргештер шығысында Шығыс түрік каганаты- 
мен, ал батысында соғда княздігімен шектесті. Ал оңтүстігіндегі 
иелік Сигжоу (Түрфан) және Тингжоу (Бесбалық) округтеріне 
дейін созылып жатты.
Түркештердің 717 жылдан бастап қара түргештердің чапыш 
руынан шыққан Сүлу қағаны болды. Сол жылы оның 
Тан 
империясының астанасы Чананьға жасаған елшілік сапары сөтті 
аяқталды. Мүнда Сүлу өзінің елшілік қабілетін жарқырата 
көрсетіп, өзі үшін өте қауіпті билеушілердің қыздарына қүда 
түсті: ол батыс-түрік қағандарының ата тектері болып саналатын 
ашина руының қызына үйленіп, өзінің билігін заңдастырып алды; 
екінші әйелі шығыс-түріктердің билеушісі Білге-қағанның қызы 
болды; Сүлудың үшінші әйелі Тибет патшасының қызы еді. 
Сүлу өзінің үлын Білге-қағанның қызына үйлендірді. Өз 
туысқандарының қуатты қолдауына сүйенген Сүлу қытайлардың 
Орталық Азияға жылжуын дипломатиялық жолмен де, өскери 
әрекетпен де тойтара білді. Негізгі қауіп батыстан төнгендіктен 
Сүлу Орта Азия мемлекеттерінің арабтарға қарсы күресіне 
кіріседі. 728-729 жж. түргештердің әскери қолдауына сүйенген 
Самарканд пен Бүхарадағы халык көтерілісі арабтарды Орта 
Азиядан толығымен қуып тастауға мүмкіндік туғызды. 731-732 
жж. Кеш таулары мен Самарканд арасындағы, Керминде 
түргештер арабтарды жеңіліске үшыратты. Сүлу қаған арабтарға 
қарсы батыл да нәтижелі соғыс жүргізіп, өзінің қолбасшылық 
өнерін көрсете білді, сол үшін де оны Әбу Музахим - Сүзеген 
атаған. Арабтар түргештермен исламды насихаттау арқылы 
одақтасқысы крлді, бірақта бүл жүзеге аса қоймады, Сүлу 
соғдылардың одақтасы болып қалды. Алайда 737 жылы
35


Қытаймен арадағы бейбіт келісім бүзылып, Сүлуға екі майданда 
соғысуға тура келді. 737 жылы Жетісуға оралысымен оны өзінің 
колбасшысы Бага-тархан өлтірді. 739 жылы араб әскерлері 
Түргеш қағанатының жеріне басып кіріп, түргеш қолбасшысы 
Қүрсылды талқандады. Сүлудың аты аңызға айналған үзеңгілесі 
түргештердің соңғы үміті еді, бірақ оны арабтар түтқынға алып, 
кейін өлтіріп тастады. Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстан 
аумағындағы арабтардың билігі бүрын Шығыс-түрік қағанаты 
талқандап тастаған қуатты Қытайға үнамады. 740 жылы қытай 
әскерлері Тараз қаласын қиратып, ондағы билік ететін қара- 
чорлар династиясын талқандады. Қытай Жетісуға билік ету үшін 
Сяньді өкіл етіп қояды, бірақ ол 742 жылы Қүлан қаласында 
өлтірілді. 748 жылы қытай әскерлері батыс-түрік астанасы 
Суябты жаулап алып, талқандағаннан кейін, 749 жылғы 
шабуылдаудан соң Шаш (Ташкент) тізе бүкті. Шаштың азаптап 
өлтірілген билеушісінің үлы көмек сүрағандықтан әрі Тараздағы 
өз әскерлерінің тағдырына алаңдаған араб билеушісі Әбу Мүсілім 
қолбасшы Зияд ибн Салихтың бастауымен көмек жібереді. Араб 
және қытай әскерлері 751 жылы Талас өзенінің бойындағы Атлах 
қалашы-ғында кездеседі. Қырғын шайқас бес күнге созылады, 
мүнда арабтар жеңіске жетеді. Қытайлар Жетісудан қуылады, ал 
арабтар өздері бағындырған Соғдыдағы үздіксіз көтерілістерге 
шыдамай шегініп кетуге мәжбүр болды.
Жылнамада айтылғандай, Түргеш қағанатында «Кімде-кім 
Согэнің (Сақалдың) үрпағы болса, оны сары рудан (сары түргеш) 
деп атады, ал Сүлу (Сулук) үлысынан шыққандарды қара ру 
(қара түргеш) деп атады. Олар өзара жауласып, бір-біріне 
сенімсіздікпен қарады». «Сары» және «қара» түргештер арасын- 
дағы билік үшін күрес Түргеш кағанатының іргесін шайқалтып, 
ақырында қүлауына әкеп£октцГ
756 жылы Жетісуда билік басқа түрік тайпасы -қарлүқтарға 
өтті. Марвазидің мәліметі бойынша қарлүқтардың тайпалык 
қүрамына тоғыз топ енді:жікілден үш бөлім, бескілден үшеу, бір 
- бүлақ, бір - көкеркін, бір - тухси және екі қосалқы ру - лазана 
мен фарахия. Сондай-ақ қарлүқ конфедерациясына әртүрлі 
көшпелі жөне жартылай көшпелі түркі тілдес тайпалар да енді, 
олар - тухси, чигили жөне азгиши, халаджи, чаруки, аргу, 
барсхандар. Сонымен қатар оның 
қүрамының басым бөлігі 
Сырдарияның орта және төменгі сағасына қоныс аударып кеткен
36


оғыздардан қалған топтар жеке, сондай-ақ түркіленген үйғырлар, 
соғдылар болды.
VII-X ғасырларда Қарлүқ тайпалары Қазақстан аумағында 
Жоңғар Алатауынан Сырдарияның орта ағысына дейін алып жатқан 
өңірде қоныстанды. Олар Балқаш пен Ыстық көл аралығында, Іле, 
Шу, Талас алқабында, Тянь-Шань сілемдерінде мекендеді. Олардың 
көсемі - елтебер атағын, жоғары билеуші -жабғу атағын иемденді, ал 
840 жылдан бастап қаған деп аталды. Жетісуда қарлүқтардың билігі 
766 жылыТараз бен Суябті бағындырғаннан кейін түпкілікті орнады. 
Түрік тайпаларының арасындағы жоғарғы билік қарлүқтардың 
қолына 
көшті. 
Арабтардың қарсылығына қарамастан олар 
Ферғанада өз билігін күшейтті. Осындай өзара қарама-қайшылық 
қарлүқ билеушісінің несторианды 
бағыттағы христиан дінін 
қабылдап, Тараз мен Меркеде несториандык митрополияны 
қүрғаннан кейін күшейе түсті.
Қарлүқтардың шығыстағы Үйғыр қағанатымен бәсекелестігі 
сәтсіздікпен аяқталды. 791 жылы үйғырлар Бесбалықтың түбінде 
қарлүқтар мен тибеттердің әскерін талқандады. 812 жылы олар 
қарлүқтарды толығымен жеңді. Арабтар бүл жағдайды шебер 
пайдаланып, қарлүқтардың Ертіс бойына қашуына мәжбүр етті. 
Қарлүқтар амалсыз үйғырларға бағынды. Оңтүстік Сібірде 
үйғырлардың билігіне қарсы Енисей қырғыздары табан тіресе 
шайқасты, қырғыздар туралы мәлімет бірінші рет Сыма Цяннің 
(б.з.д. Іғ.) «Тарихи жазбаларында» кездеседі. Қырғыздардың 
иелігі шығыста Байкалда түратын гуличань халқының аймағына 
дейін, батыс шекарасы Алтай тауы, оңтүстік-шығыста 
Саян 
жоталары арасын алып жатты. Қырғыздар 840 жылы үйғыр 
мемлекетін 
біржолата талқандап, 
көне 
түркі 
дәстүрімен 
Отюкенге (Алтайға) қоныс аудармай, бүрынғы мекен еткен 
жерінде қалды. Бүл жағдайды күшейіп алған қарлүқтардың 
көсемі, Исфиджабтың билеушісі жабғу Білге Күл Қадыр-хан 
пайдаланды, ол Гардизидің мәліметі бойынша, Илмалмасын- 
жабғу атағын алып, қарлүқтар ішінен бірінші болып қағандардың 
тағына отырды. Қарлүқ қағанатының тарихы көпке созылған 
жоқ. 940 жылы мемлекет астанасы Баласағүн қаласын Шығыс 
Түркістандағы чигили және ягма деп аталатын түрік тайпалары 
басып алды, содан кейін Қарлүқ қағанаты қүлады. Енді 
Жетісудағы билік қарахандардың қолына көшті. Қарлүқтардың 
бір бөлігі солтүстік Жетісуға көшіп келеді, онда Қойлық қаласын 
(қазіргі Алматы облысының Қойлық мекеніне жақын маңда)
37


орталығы етіп жаңа иелік қүрылады. Оның билеушілері тікелей 
қарахандарға бағынды.
3.4. Қарахан мемлекеті

ғасырдың ортасында Жетісу мен Шығыс Түркістанның 
(Қаштар) аумағында әлеуметтік қүрылымы салыстырмалы түрде 
мейілінше дамыған, өзінен бүрынғы мемлекеттік қүрылым- 
дардың көптеген ерекшеліктерін іріктеп алған Қарахан мемлекеті 
пайда болды. Осыдан бастап түркі тайпалары қаған титулын мүра 
еткен рудың жоғары мәртебесін ғана мойындап, оған бүрын 
болып көрмеген жеке билік тізгінін берді. Орта Азия мен 
Қашғариядағы жаңа түрік империясының бастамасы ғылымда 
Қарахандар мемлекеті атауымен белгілі. Онда билік IX ғасырда 
қүрылған екі тайпалық одақтың - чигили мен ягманың 
ақсүйектері арасында бөлінді. Сырт көзге жеке-жеке кағандар 
басқаратын батыс және шығыс болып екіге бөлінген тәрізді 
көрінді. Жаңа мемлекет билеушісінің бірі 
Сатүқ Боғра хан 
Абдол-Керім есімін алып, 960 жылы ислам дінін қабылдап, 
Дослан Қарахан титулын алғаннан кейін мемлекет Қараханидтер 
деп аталды. Бас қағандық шығыс қағанының қолында болды, 
оның ордасы Қашғарда және Баласағүнда 
(Қырғызстанда 
Тоқмақ қаласына жақын мандаты Боран) орналасқан. Чигили 
тайпасынан шыққан ол Боғра Қара-хан титулын иемденіп, 
Таразды, кейін Самарқандты ордасы етті. 893 жылы қарахандар 
мен саманилер арасында Орта Азиядағы билік үшін талас болды, 
бүл күрес саманилердің толықтай тізе бүгуімен аяқталды. Орта 
Азия толығымен қарахан иелігіне өтті.
Қарахан мемлекетінің саяси тарихы ол қүрылғаннан кейінгі 
алғашқы онжылдықта екі ықпалды әрі күшті әулеттің 
Әли 
Арслан- хан мен Хасан (Харун) Боғра-хан өкілдері арасындағы 
өзара қырқысымен сипатталады. Осы өзара қырқысты Орталық 
Азияны билеуші көшпелі қара қытай (қидандар) тайпалары 
пайдалана білді. 1017 жылы қидандар Жетісуға баса көктеп 
кіріп, Баласағүнға дейін жетті. Бірақ қарахандардың билеушісі 
Туган-хан оларды шығысқа қарай шегінуге мәжбүр етіп, үш ай 
өкшелеп қуған шайқастан кейін оларды талқандады. 1056 жылы 
Арслан-хан өзінің ағасы Боғра-ханға қарсы сотые ашты, бірақ 
түтқынга түсіп қалып, өзінің иелігінен айырылып қалды. Оның 
үлы Ибраһим Барысхан Янал-тегін билеушімен болтан сотыста 
қаза тапты, ал Ботра-ханның үлы әйелінің берген уынан өлген.
38


Бүдан кейін Жетісу мен Қашғардың билеушісі Тоғрүл-Қарахан 
Юсуф болды, ол өзінің ағасы Боғра-хан Харунмен бірлесіп, 
Мауараннахрда шексіз билік жүргізген Шамсүлмүлік Насырмен 
соғысты. Соғыс бейбіт бітіммен аяқталды, шығыс және батыс 
қарахандардың шекарасы Сырдария бойымен өтті. 1089 жылы 
Бүхара мен Самарканд селжүк сүлтаны Мәлікшахтың қол астына 
қарады. 1130 жылы Арслан-хан ауыр сырқатқа үшырап, көп 
кешікпей 
Балқыда қайтыс 
болды. 
1141 
жылы 
селжүк- 
қарахандардың біріккен әскерлері талқандалғаннан кейін билік 
қидан (қарақытайлар) билеушілерінің қолына көшті. Қарахандар 
мемлекеті шын мәнінде тарих сахнасынан кетті.
Қарахандар кезеңінде Қазақстанның оңтүстік-шығыс және 
оңтүстік өңірлеріндегі 
халықтар 
негізінен 
көшпелі және 
жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Мал 
шаруашылығында жылқы өсіру алдыңғы 
орында болды. 
Қарахандықтардың қойы көп болды, түйе, ешкі және ірі қара 
өсірді. ІХ-Х ғасырларды қарахандардың бір бөлігі отырықшы- 
лыққа және егін шаруашылығына бет бүрды, сөйтіп қала 
мәдениетіне көшті. Егін шаруашылығы Іле, Шу, Сырдария 
өзендерінің бойында өркендеді. Егіншілер тары, бидай, арпа 
өсірді. Мүнда бақ өсіру, жүзім шаруашылығымен айналысу, бау- 
бақша салу дами түсті. Таразды қазу кезінде өрік, шие, алхоры, 
қауын, қарбыз, сондай-ақ жүзім мен күнбағыс дәндері табылды. 
Егінді қолдан суарды, суару жүйелері зор рөл атқарды. Бүл 
орайда каналдар, арықтар қазылып, су сақтайтын су қоймалары 
түрғызылды. 
Қарахан 
мемлекетінде 
салық 
жинаудың 
қалыптасқан, нақты жүйесі болды. Отырықшы түрғыннан 
жинаған өнімнің оннан бірін қүрайтын харадж алынды. 
Қолөнершілер мен көпестер сауда-саттықпен айналысуы үшін 
баж салығы мен алымдар төледі. Қарахан мемлекетінің салық 
жүйесінде иқта институты болды. Салық жинау қүқығына ие 
иқтадар немесе муқта деп аталатын жеке І^үлғалар болды. Бүл 
орайда иқтадарларға салық көлемін көбейтуге немесе қандайда 
бір жағдаймен иқтамен түрғындарға қысым көрсетуге рүқсат 
етілмеді. 
Мүндай 
шартты 
билік 
басқарушы 
династияға, 
шенеуніктерге, әскери басшыларға берілді. Иқтаның неғүрлым 
көп тараған түрі әскери иқта - «иктат-и-хашам» деп аталды, ол 
иқтадарға әскери қызметті атқаруға мүмкіндік берді.
Жалпы алғанда, отырықшы егін шаруашылығы көшпенділік 
салтпен тығыз байланыста болды. Егіншілер малды жайлауға
39


айдаумен жиі айналысты, ал жатақтар қыстақтарда егін 
шаруашылығына қатысты шаруаларға көмектесті. Шаруашылык. 
өнімдерін айырбастау барысында олардың өзара қарым-қатынасы 
күшейді. Қарахан мемлекеті алғашқы кезде түрік қағанатының 
дәстүрлерін 
жалғастырғанымен, 
оны 
экономикалық 
және 
әлеуметтік түрғыда қайталауды жөн көрмеді. Саяси жүйе 
Орталық Азиядағыдай емес өзгеше түрде пайда болып, 
қалыптасты. Мүнда пайда болған әуелгі феодалдық әскериленген 
қүрылымы (иқта) жаңа ақсүйектер тобын дүниеге әкелді, ол Орта 
және Алдыңғы Азияның түрік империясында жедел әрі толық 
дами бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет