Қазақстан тарихы «Өзгеріс пен сабақтастық» концептісінің негізінде құрастырылған қысқа мерзімді жоспарлар жинағы Негізгі мектеп Назарбаев Зияткерлік мектептері Нұр-Сұлтан, 2019 ӘОЖ


Қосымша 2  Ғұндардың шаруашылығы мен тұрмысы



Pdf көрінісі
бет18/123
Дата13.07.2022
өлшемі1,57 Mb.
#37636
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   123
Қосымша 2 
Ғұндардың шаруашылығы мен тұрмысы. 
Ғұндар үй малдарының барлық түрлерін өсiрген. Егiншiлiк жақсы дамыған. Зерттеу 
жұмыстары барысында темiр орақ, соқа тiстерi, қол диiрмендер, дәнүккiштер сияқты егiн 
салуға және оны жинап алуға қажеттi құрал саймандар табылған. Ал үй жайлардың iшiнен 
астық сақтайтын ұралар табылса, еден, қабырғалар сылағынан, кiрпiштердiң арасынан 
сабанның қалдықтары кездестi. Ғұндарда отырықшылық дәстүрі де болған. Олар негiзiнен 
киiз үйлерде тұрды. Үй жиһаздарынан ағаш төсек және күнделiктi тұрмысқа қажеттi 
бұйымдар жасаған. Қолөнер шеберлерi жүннен төсенiш пен кiлемдер тоқыған. Киiз үйдiң 
төрiне қамшы, ағаштан жасалған қынабы бар семсер, садақ, жебелер салған қорамсақ т.б. 
iлiп қоятын болған. Байлары қола және күмiс қаптырмалармен әшекейленген кемер белдiк 
буынған. Ғұн әйелдерi құлақтарына асыл тастан көмкерiлген сырға тағып, саусақтарына 
алтын жүзiк, шашына алтын, күмiстен жасалған шаш түйреуiштер таққан. Суық күндерi 
ғұндар мал терiсiнен тiгiлген тон, тымақ, саптама етiк киген. Қорымдар мен қыстақ 
кенттерден табылған құрал саймандар, қару жарақтар, ыдыс аяқтар ғұндарда қолөнердiң 
жақсы дамығандығын көрсетедi. Әсiресе, ғұн шеберлерi, темiр ұсталары металды балқыта 
бiлген. Ыдыс аяқтарды ағаштан, терiден, қыштан жасаған. Мәселен, сүт, қымыз, айран 
сияқты сұйық тағамдар құятын ыдыстар қыш пен ағаштан жасалды. Аммиан Марцеллин 


ғұндар туралы: «Ғұндар жақсы шыныққан, олар отты қажет етпейдi. Тау мен орманда 
көшiп жүредi, жас кезiнен ыстық суыққа, шөлге үйренген» деп пайымдайды. 
 
Қосымша 3 
Ғұн тайпалары бірлестігінің қоғамдық құрылысы. 
Ғұн бірлестігі әскери жүйе бойынша құрылып: сол, орталық, оң қанатқа бөлiнген. 
Мемлекеттiң шаньюйден кейiнгi басты тұлғалары «түменбасы» деп аталатын бекзадалар 
болды. Олар 24 руды басқарып, оларды шаньюй тағайындаған. Әр түменбасыда 10000-нан 
атты әскер болып, әрқайсысы белгiлi бiр аумақты басқарған. Ер азаматтардың бәрi белгiлi 
бiр жасаққа тiркелiп отырған. Олар әскери жаттығулармен шұғылданып, қару жарақ, 
жебелi садақ, қылыш пен найза алып жүруге тиiс болды. Басқару жүйесі ру-тайпа 
ақсүйектерiнен құралды. Барлық бекзадалар «Аспанға, Жерге, ата баба аруағына және 
көктегi тәңiрге арнап құрбандық шалу үшiн» жылына үш рет шаньюйдiң алдына 
ақсақалдар кеңесiне жиналған. Олар мемлекеттiк iстердi талқылады. Қытай 
жылнамаларында айтылғандай б.з.б. 3-ғасырында қытайдың солтүстiгiнде Байкалдан 
Ордосқа дейiнгi аралықты мекендеген ғұн тайпаларының бiрлестiгi құрылған. Олар 
өздерiнiң көршi жатқан халықтарын басып алумен қатар Қытайға да шабуыл жасайды. 
Ғұндар мен Қытай елiнiң арасындағы соғыс қимылдары 300 жылдан астам уақытқа 
созылған. Цинь патшалығы өзiнiң шекарасын қорғау үшiн Ұлы қытай қорғанын салды. 
Қорған 5000 шақырымға созылған, биiктiгi 10 метр, әр 60-100 метр сайын күзет мұнарасы 
қойылған. Ғұн тайпаларының Мөденің тұсында саяси күшейді. Оның жүргізген саясаты 
ғұндарды қуатты бірлестікке айналдырды. Ғұндар Қытайдың Хань әулетiнiң негiзiн 
қалаушы Лю-Банды да жеңiп, оларды өздерiне бағынышты еттi. Сөйтiп, Байкал көлiнен 
Тибет тауларына дейiн, Шығыс Түркiстаннан Хуанхэ өзенiнiң орта ағысына дейiнгi 
аралықта құдiреттi ғұн бірлестігі пайда болды.
Ғұн тайпаларында әлеуметтiк теңсiздiк қалыптасқан. Ауқатты отбасылардың 
немесе үстем тап өкiлдерiнiң молаларынан қымбат бағалы заттар көп табылады. Кедей 
адамдардың қабiрлерiнде қарапайым жасалған арзан бұйымдар кездеседi, кейбiр 
қабiрлерден ешбiр зат табылмайды. Ғұндар-көшпелi патриархалды ел. Оларды ақсақалдар 
кеңесi басқарды. Елдi шаньюй биледi. Ғұндардың өзiндiк құқық қорғау жүйесi болған. 
Ауыр қылмыстар мен опасыздық жасағандарға өлiм жазасы кесiлген. Ал ұсақ қылмыстар 
үшiн айыптының бетiн тiлген және т.б. жазалар қолданған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет