Қазақстан тарихы” пәні бойынша 9-15 срсп 9-срсп Алаш зиялыларының ұлттық мемлекет құру жолындағы іс-әрекеті


-срсп Саяси партиялар: большевиктер, кадеттер, әлеуметтік революционерлер, Алаш, Үш Жүз, Шуро-и Исламия, Шуро-и-улемия



бет3/7
Дата02.05.2023
өлшемі36,41 Kb.
#88834
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
9,10,11,12,13,15срсп

10-срсп
Саяси партиялар: большевиктер, кадеттер, әлеуметтік революционерлер, Алаш, Үш Жүз, Шуро-и Исламия, Шуро-и-улемия



ХХғ.басындағы Қазақстандағы саяси партиялар

Шыққан қаласы

Мақсаттары

Төрағасы

Құрылған жылдары

Органы (газеті)

Большевиктер

Петербург

қарулы күрес арқылы Ресейдегі монархиялық жүйені құлату және кеңестер - жұмысшылар мен пролетариат билігін орнату

В.И. Ленин

1903 жыл

Правда

Кадеттер

Ресей Федерациясы

большевиктік режимге қарсы күресті ұйымдастыру және әскери және қаржылық көмек алу үшін Антанта елдерімен байланыс орнату

П. Милюров

1905 жыл

Свободная речь

Әлеуметтік революционерлер

Томск

Ресейдегі демократиялық саясатты қолдау

В.М. Чернов

1902 жыл

Революционная Россия

Алаш

Орынбор

тәуелсіз, эволюциялық жолмен дамитын, ұлттық мемлекет құру.

Ә. Бөкейханов

1905-1917 жыл

Қазақ

Үш жүз

Омбы

түркітілдес халықтардың біртұтас автономиясын, Түркістан Федерациясын құру

К. Төгісов

1917-1918 жыл

Үш жүз

Шуро-и Исламия

Ташкент

Ресей құрамындағы Түркістан ұлттық-діни автономиясын құру. Ұйым жеке меншікті, соның ішінде жерді сақтауды жақтады.

К. Төгісов

1917-1918 жыл

Шура-исламия

Шуро-и-улемия

Ташкент

күнделікті өмірде және қоғамдық өмірде патриархалдық негіздерді, жерге меншіктің дәстүрлі нысандарын сақтау

Сәрәлі.Л

1917-1918 жыл

Шура-улемия

11-срсп
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы қазақстандықтардың ерлігі

Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстаннан 1 миллион 200 мың адам майданға шақырылды. Майдан даласынан 394 мың боздақ қайтпай қалды. Соғыс жылдары Қазақстан жерінде 14 атқыштар дивизиясы, 4 ұлттық атты әскер дивизиясы, 6 атқыштар бригадасы мен 50-ге жуық әртүрлі полк және батальондар құрылып, майданға аттанады.


Жаумен жан аямай шайқасқан қазақстандық бес әскери құрамға «гвардиялық» деген құрметті атақ беріліп, олардың туларына бірнеше орден тағылды. Олардың қатарында жауынгерлерінің ерлігі аңызға айналған атақты 8-гвардиялық Панфилов дивизиясы да болды.
Соғыс кезінде 3,5 мыңдай қазақстандық партизан отрядтарының құрамында болып, жеңісті жақындатуға үлестерін қосты. Жанқиярлық ерлігі мен батырлығы үшін 96638 қазақстандық жауынгер бірнеше дүркін орден және медальдармен марапатталды. 497 жерлесіміз Кеңес Одағының Батыры атанды. Олардың 97-сі қазақ болатын. 142 жауынгер «Даңқ» орденінің толық иегері атанды.
Соғыстың 4 жылы ішінде Қазақстан мемлекетке 482,8 мың тонна астық, 217,6 мың тонна картоп, 143,2 мың тонна көгөніс, 1193,2 мың тонна қант қызылшасын, 155,3 мың тонна мақта тапсырды. Республика ұлы жеңіске орасан үлес қосты.
Қазақстан майдан үшін қорғасынның 85 пайызын, мыстың 30 пайызын және көмір мен мұнай өндірді. Сол ауыр жылдарда еліміз майданға 6 миллион тонна бидай, 797 мың тонна ет, 150 мың жылқы мінуге берді. Қазақстан еңбекшілері майданға 25 миллион дана жылы киім, 4 миллиард сом ақша жинап, әскери техникалар мен қару-жарақтар сатып әперді.
Отанын жаудан қорғау үшін көп ұлттан тұратын Кеңес халқының ішінде қазақ халқы ерекше ерлікпен көзге түсті. Халық жадында құрамында 30 ұлттың өкілі бар (бұлардың 3 мыңдайы қазақстандық) Брест қорғаушыларының өшпес ерлігі мәңгі сақталады. Қазақстан жерінде жасақталған И.В. Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизия Мәскеуді қорғауда тарихта болып көрмеген теңдессіз ерліктің үлгісін көрсетті. Панфиловшылардың ішінде шын мәнінде болаттай беріктік пен ержүректік көрсеткен, өз заманында-ақ аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлы да бар еді.
Қазақстандық жауынгерлер рейхстагқа шабуыл жасауға қатысты, оның шаңырағына жеңіс туын алғашқы болып қазақ халқының даңқты ұлы Рақымжан Қошқарбаев тікті.
Ұлы Отан соғысының шежіресіне Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлованың, Мәлік Ғабдуллиннің, Бауыржан Момышұлы мен Талғат Бигелдиновтың және көптеген жерлесіміздің аттары алтын әріптермен жазылды.
Кеңес Одағының Батыры Сағадат Нұрмағанбетов Берлин үшін ұрыстарға қазақ жауынгерлерін бастап кірді. Севастополь үшін шайқаста Кеңес Одағының батыры Дабаш Бабажанов айрықша көзге түсті. Оның ерлігі батыр қаланы қорғау үшін болған қырғын-қиямет соғыс бейнеленген панорамаға түсірілген. Николай Гастеллоның ерлігін қайталаған Нүркен Әбдіров, Александр Матросовтың ерлігін қайталаған Сұлтан Баймағамбетовтың, жау танкісіне қас қақпай қарсы шауып, гранатамен қоса жарылған Қарсыбай Сыпатаевтың есімдері мәңгі өшпейді. Бәріне Кеңес Одағының батыры атағы берілген.
Кеңес Одағының батыры атағын екі рет алған, даңқты ұшқыштарымыз Талғат Бигелдиновтың, Сергей Луганскийдің, Леонид Беданың және Иван Павловтың ерліктері халқымыздың мәңгі есінде. Әди Шәріповтың басқаруындағы партизан отрядтары белорус ормандарында шайқасты. Украин жерінде Ұлы Отан соғысының аты аңызға айналған батыры С. Ковпактың партизандық бірлестігінде Қасым Қайсеновтың отряды болды.
900 күн қоршауда қалған ленинградтықтарға қазақтың халық ақыны Жамбыл «Ленинградтық өренім» атты жалынды жырын арнады.
Қазақстандықтар Варшаваны, Софияны, Белградты, Праганы азатетушілердің қатарында болды. 15 қазақстандық бригада негізінде құрылған 150-атқыштар дивизиясы жауынгерлері Берлинге шабуыл жасады, Рейхстагтың күмбезіне жеңіс туын тігуге қатысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет