«Қазақстан тарихы» пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің тест спецификациясы



бет1/2
Дата12.07.2023
өлшемі47 Kb.
#104239
  1   2

«Қазақстан тарихы»
пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің
ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
(2022 жылдан бастап қолдану үшін бекітілген)
1. Мақсаты: Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау.
2. Міндеті: Келесі білім беру бағдарламалары тобы үшін түсушінің білім деңгейін анықтау:
М016 Тарих педагогтерін даярлау
Шифр білім беру бағдармалар тобы


3. Тест мазмұны: Тестіге «Қазақстан тарихы» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген. Тапсырмалар қазақ тілінде ұсынылған.





Тақырыптың мазмұны

Қиындық деңгейі

Тапсыр
малар саны

1

Ежелгі замандағы Қазақстан.

А

3

2

Орта ғасырдағы Қазақстан.

В

3

3

Қазақстан моңғол үстемдігі дәуірінде.

С

3

4

Қазақ хандығы дәуірі.

А

3

5

Қазақ жерін Ресей империясының отарлауы.

В

3

6

ХҮІІІ ғасырдың аяғы -ХІХ ғасырдың ортасындағы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы.

С

3

7

ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан.

А

3

8

ХХ ғасыр басындағы Қазақстан.

В

3

9

Кеңес дәуіріндегі Қазақстан.

С

3

10

Тәуелсіз Қазақстан.

В

3

Тестінің бір нұсқасындағы тапсырмалар саны

30



4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы.
Тест тапсырмаларының мазмұнында: Қазақстан пәнінің мақсаты мен міндеттері. Қазақстан тарихының деректік негізі, тарихнамалық сипаты туралы түсінік. Қазақстан аумағындағы тас және қола дәуірлері. Еңбек құралындағы өзгерістер, қоғамдық қатынастардың ерекшеліктері. Қазақстан территориясындағы ерте мемлекеттер және тайпалық одақтардың құрылуы. Сақ тайпалық одағы. Үйсін және қаңлы мемлекеттік құрылымдары. Ерте түркі мемлекеттерінің құрылуы. Қыпшақтардың қоғамдық құрылысы, мемлекеттік құрылымдары, мәдениеті. Моңғол билігі тұсындағы Қазақстан. Қазақ хандығының және халқының қалыптасуы: кезеңдері, ерекшеліктері, проблемалар. Қазақ мемлекеттілігі туралы қазіргі пікір таластар. Тәуке хан тұсындағы қазақ қоғамы. «Жеті жарғы».
XVIІ-XVIII ғғ. бірінші ширегіндегі жонғар басқыншылығына қарсы қазақ халқының азаттық күресі. Қазақ-жоңғар қарым-қатынасының тарихнамасы. Қазақ халқының жоңғарларға қарсы азаттық күресі. Аңырақай шайқасы. Абылай хан - саясаткер және дипломат. Қазақстанның Қытай және Ресеймен қарым-қатынастары. Қазақ мемлекеттілігінің жойылуы (1822, 1824 жылғы заңдық актілер). Исатай Тайманұлы, Жоламан Тіленішұлы, Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт–азаттық қозғалыстары. Қазақстанның Ресейге қосылу мәселесі: процестің мәні, мәселеге жаңаша көзқарас. Қазақстанның Ресейге қосылуының тарихнамасы. Ресей империясының бейбіт және әскери отарлау әдістері. 1867-1868 жылдардағы әкімшілік реформалар. Патшалық биліктің қоныс аудару саясаты. Столыпиннің аграрлық реформасы және Қазақстандағы «жерден ығыстыру» саясатының жүзеге асырылуы. Ұлттық – демократиялық интеллигенцияның патшалықтың отаршылдық саясатына қарсы күресі (1905-1910ж.ж). Қарқаралы петициясы. Ұлт-азаттық идеологиясының қалыптасуы. 1916 ж. Қазақстандағы ұлт- азаттық көтеріліс. Қазақстанның тарихнамасындағы 1916 ж. көтеріліске баға берудегі жаңа көзқарастар. Алаш партиясының, Алашорда үкіметінің құрылуы. Қазақстан Азамат соғысы жылдарында. «Ақ» және «қызыл» террор. Қазақ әскери революциялық комитетінің құрылуы және оның қызметі. 1920-1930 жж. Казақстандағы ұлттық-мемлекеттік құрылыс. Советтік Қазақстанда тоталитарлық жүйенің қалыптасуы. Советтік реформалар. 1931-1933 жылдардығы аштық. 1920-1930 жылдардағы қуғын-сүргін. Отан соғысы жылдарында Қазақстан, қазақстандықтардың ерлігі мен қасіреті. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру: әлеуметтік- экономикалық салдары. Қайта құрудың басталуы, оның сипаты. 1986 жылғы желтоқсан көтерілісі: себептері және салдары. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы декларацияның қабылдануы. Жаңа тұрпаттағы Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуы. Қазақстан халықтары Ассамблеясының құрылуы. Қазақстанның халықаралық қауымдастықтағы орны. Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі стратегиялық дамуы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет