«Қазақстан тарихы» пәні бойынша Мемлекеттік аттестация сұрақтарының тізімі 2 денгей


ХХ ғасырдың екінші жартысындағы экологиялық дағдарыстар



бет21/28
Дата26.12.2023
өлшемі89,96 Kb.
#143850
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28
Байланысты:
тарих 2 денгей

87. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы экологиялық дағдарыстар.
1950 жылдардан бастап Қазақстан нағыз экологиялық апат аймағына айналды. Семей облысында орналасқан ең ірі атом полигонында 450-ден астам жерүсті және жерасты ядролық сынақ жүргізудің нәтижесінде атмосфераға, гидросфераға және литосфераға өте үлкен мөлшерде радиоактивті материалдар шығарылды. Кеңес еліндегі ядролық қару сынақтарының 70%-ға жуығы Семей полигонында өткізілді. Қазақстандағы сансыз ядролық сынақтардың салдарлары әлі де толық зерттелген жоқ. Белгілі ақын Олжас Сүлейменовтың басшылығымен 1989 жылы құрылған Невада-Семей экологиялық қозғалысы Семей ядролық полигонында сынақтар өткізуге толық тыйым салуды талап етті.
Семей ядролық полигоны күні бүгінге дейін экологиялық кауіпті аудан болып есептеледі. Өйткені онда ұзақ сақталатын радиоактивті заттар жинақталған. Полигон аймағындағы топырақ және өсімдіктер ластанған.
Бұл аймақтағы аурулардың есеп-қисабы 1990 жылға дейін мұқият жасырылып келді. Облыста онкологиялық, жүрек-қан тамыр, жүйке және психикалық аурулар саны күрт өсті. Азап шегіп, өлім құшқан адамдар саны өсті. Кемтар балалар көбейді.
Ядролық жарылыстар туралы халыққа 1953 жылдан бастап қана ескертіле бастады. Онда адамдар мен малды радиоактивті заттардың таралу аймағынан уақытша көшіру, оларды қарабайыр қорғаныш объектілеріне, орларға немесе кепелерге жасыру көзделді. Алайда жарылыстан кейін адамдар радиация таралған жерлердегі үйлеріне оралып отырды.
Қазақстан үкіметі Семей ядролық полигонымен шектесіп жатқан аудандар аймағындағы экологиялық жағдайды жақсарту жөнінде бірқатар шұғыл шара қабылдады. Каспий теңізінің алып жатқан географиялық орналасуына байланысты (шөл зонасы) еліміздің шаруашылық саласында атқаратын маңызы өте зор. Оның солтүстігіне құятын Еділ өзенінде бөгендердің салынуы, мұнай өндірудің өркендеуі теңіздің экологиялық жағдайын нашарлатты. Соңғы жылдары бұл аймақ мұнай мен газды өндірудің маңызды экономикалық ауданына айналды. Теңіз деңгейінің көтерілуіне байланысты бұл аймақ табиғи апат жағдайына ұшырады. Осыған байланысты мынадай проблемалар туындап отыр:
Капустин Яр, Азғыр полигонының ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуіне байланысты тұрғын халықтың денсаулығының күрт нашарлауы;
мұнай мен газдың өндірілуіне байланысты тіршілік дүниесінің өзгеруі, балықтардың (бекіре) қырылуы, уылдырық шашатын көксерке балықтарының кеміп кетуі;
осы теңізге ғана тән итбалықтың мезгіл-мезгіл қырылуы;
аңызақ жерлердің шаруашылыққа тигізетін кері әсері (жел эрозиясы).
Ұзақ жылдар бойы Аралға құятын ірі өзендер Әмудария мен Сырдарияның суы теңізге жеткізілмей, түгелдей дерлік егістіктерді (мақта-күріш) суландыруға пайдаланылып келді. Булану дәрежесі жоғары болатын шөл зонасында орналасқан теңіз суының көбірек булануы оның тартылуына әкеп соқты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет