«Қазақстан тарихы» пәні бойынша Мемлекеттік аттестация сұрақтарының тізімі 2 денгей


жылғы Алматыда және республиканың басқа қалаларында болған Желтоқсан көтерілісі



бет24/28
Дата26.12.2023
өлшемі89,96 Kb.
#143850
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
тарих 2 денгей

92. 1986 жылғы Алматыда және республиканың басқа қалаларында болған Желтоқсан көтерілісі.
36 жыл бұрын не болғанын, адамдардың не себепті алаңға шыққанын және бәрі қалай аяқталғанын қысқаша айтып бермекпіз.
1. 1986 жылы 16 желтоқсанда 1960-шы жылдардан бастап Қазақ КСР-ін басқарған Дінмұхамед Қонаевтың орнына Геннадий Колбин Мемлекет басшы болып тағайындалды. Бұған дейін ол Ресейдегі Ульяновск облыстық комитетін басқарды.
1986 жылы 11 желтоқсанда Қонаевтың қатысуынсыз КОКП ОК Саяси Бюросының отырысы өтіп, оны зейнетке жіберу туралы шешім қабылданды. Отставка туралы мәселе 16 желтоқсанда ҚазКСР КП ОК Пленумында шешілді. Пленум небәрі 18 минутқа созылды, осы уақыт ішінде Қонаевты отставкаға жіберіп, оның орнына Колбин тағайындады. 
2. Халық наразылығының басты себебінің бірі тағайындауға дейін Колбиннің Қазақстанда тұрмағаны және жұмыс істемегені болды.
Желтоқсан оқиғаларына қарамастан Колбин Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы лауазымында қалды және бұл орында үш жыл тұрды. 1989 жылы оның орнына келесі 30 жыл бойы Мемлекет басшысы болған Нұрсұлтан Назарбаев келді.
3. 17 желтоқсан күні таңертең Алматыдағы Брежнев алаңында (қазіргі Республика алаңы) адамдар, негізінен студенттер мен жастар жинала бастады. Олар Колбиннің тағайындалуына қарсы болып, мынадай ұранмен шықты: «Әр халыққа өзінің көшбасшысы керек!», «Лениннің идеялары жасасын!» және тағы басқалар.
Ресми есептерге сәйкес, басында алаңда жүзден аса адам болған, бірақ біртіндеп олардың саны көбейіп, мыңға жетті. 17-18 желтоқсан күндері нақты қанша адам шыққаны әлі белгісіз, бірақ әртүрлі есептер бойынша тек ұсталғандар саны шамамен 8,5 мың.
4. Оқиғаға қатысушылардың естеліктері бойынша, көптеген адамдар алаңға жақындамақ болған кезден ұсталып әкетілді. Сарбаздар, әскерилер мен полицейлер көтерілісті басуға тартылды, Мәскеуден, тіпті, «десант» келді. Бұл Горбачев билігі кезінде наразылық білдірушілерге қарсы әскерлерді алғаш рет шығаруы болды.
5. Желтоқсан оқиғалары кезінде қаза тапқандар мен зардап шеккендердің нақты саны туралы дерек әлі жоқ. Ресми мәліметтерге сәйкес, наразылықтар барысында екі адам қаза тапты: көтеріліске қатысушы Ербол Сыпатаев пен Сергей Савицкий. Ол полицияға көмек көрсету үшін жасақшылар құрамына кірді.
6. 20 жастағы Қайрат Рысқұлбеков ең жоғары жаза — өлім жазасына кесілді. Үкімде оның қатысуымен 9 көлік өртеніп, тағы 152-сі зақымдалған, 326 милиционер мен 196 әскери қызметкер жараланған деп мәлімдеді.
Кейін жазаны 20 жылға бас бостандығынан айырумен ауыстырды, бірақ Рысқұлбеков түрмеге жіберу кезінде белгісіз жағдайларда қайтыс болды. Ресми нұсқа бойынша, ол өзіне қол жұмсаған. 1992 жылы қайтыс болғаннан кейін Рысқұлбеков толық ақталды, ал 1996 жылы оған «Халық Қаһарманы» атағы берілді.
7. Кеңес өкіметі бастапқыда наразылықтарды «ұлтшылдылық» деп атады, онымен қоса демонстранттардың мас және есірткіге тәуелді екендігі айтылды. Алайда, бұл ақпарат ақыры расталмады.
8. Дінмұхамед Қонаевты демонстранттардың алдында сөз сөйлеуден бас тартып, осылайша бейбіт митингіден жаппай тәртіпсіздікке көшуге түрткі болды деп айыптады.
Қонаевтың өзі сөйлеуге дайын екенін, бірақ Колбин бұған жол бермегенін мәлімдеген:
Колбин Назарбаев пен Камалиденовке жастар алдында сөз сөйлеуді ұсынды. Маған ешқандай сөз берілмеді. Ол туралы әңгіме де болған жоқ. (...) Мен Мирошхиннен неге мені шақырып, сөйлеуге мүмкіндік бермегенін сұрадым. Ол: «кеңесіп, сізді алаңға шығармауды ұйғардық, сізге сөйлеудің қажеті жоқ», — деп жауап берді.

93. 1991 жылғы тамыз төңкерісі. Кеңестік Социалистік Республикаларының ыдырауы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) құрылуы.


19 тамыз күні Б.Ельцин ТЖМК әрекетін мемлекеттік төңкеріс деп бағалап, еңбекшілерді жаппай ереуілге шақырды. 
1991 жылы 8 желтоқсанда РСФСР, УКСР және БКСР Беловеж тоғайында Белоруссияның Брест түбіндегі «Вискулидегі» резиденциясында жиналып, КСРО-ның таратылғаны және «Тәуелсіз мемлекеттер Достастығының» (ТМД) құрылғаны туралы мәлімдеді. 21 желтоқсанда Алматыдағы кеңесте ТМД-ға тағы да 8 республика қосылды.
Республиканың егемендігін жариялауға байланысты енді президентті бүкіл халық болып сайлау қажеттігі туды. Қазақстанда 1991 жылы желтоқсанның 1 күні сайлау өтіп, халықтың 98,78% Н.Назарбаевқа дауыс берді. Желтоқсанның 10 күні салтанатты түрде ант қабылдап, халық сайлаған Президенті ретінде ресми іске кірісті.
1991 жылы 10 желтоқсанда республика атауын өзгерту туралы заң қабылданды. Бұдан былай Қазақстан Республикасы деп аталатын болды.
1991 жылы 21 желтоқсанда Алматыда бұрынғы КСРО құрамындағы Әзірбайжан, Қазақстан, Ресей Федерациясы, Армения, Қырғызстан,Украина басшыларының кеңесінде ТМД құру туралы келісімнің хаттамасына қол қойылды.
1991 жылы 25 желтоқсанда М.С.Горбачев ыдыраған мемлекеттің президенті ретінде өзінің қызметін тоқтататындығы жөнінде мәлімдеді. КСРО өзінің өмір сүруін тоқтатты.
1999 жылы 31 желтоқсанда президент Б.Ельцин өзінің қызметтен кететіндігін жариялады. Ол президент міндеттерін уақытша атқарушы етіп үкіметтің төрағасы В.В.Путинді тағайындады. 2000 жылы 26 наурызда президент сайлауы болды. Онда В.В.Путин жеңіске жетіп, Ресей Федерациясының Президенті болып сайланды.
Орталық Азия аумағындағы елдер Біртұтас Орталық Азия кеңістігі одағын құруға мүдделі. Астана-Душанбе-Бишкек 2008 жылы маусым айында Ташкент пен Ашхабадтың шешімін күтпей Орталық Азиялық кеңістік Одағын құруға бел байлады.
2004 жылы наурызда Ресей Федерациясының президент сайлауы болды. 6 кандидат ұсынылды. В.Путин 71,2% дауыс алып бірінші орынға шықты. 2004 жылы күзде мемлекеттік өкімет жүйесінде реформа жүргізілді. Губернаторларды жалпы ұлт болып сайлаудан енді Ресей президентінің ұсынысы бойынша федералдық парламенттерде бекітуге көшу басталды. Әлеуметтік салада зейнетақы, бала туғанда берілетін жәрдемақы көбейтілді, дәрігерлер мен мұғалімдердің жалақысы арттырылды. Сонымен қатар әскери қызметшілерді баспанамен қамтамасыз ету шаралары қолданылды.
2008 жылы Ресей президенті Д.Медведев Ресей Федерациясының сыртқы саясаты жөніндегі жаңа тұжырымдамасына қол қойды. Бұл құжатта Ресей елінің халықаралық саясаттағы негізгі нысаналы мәселелері айқындалды және Ресей елі НАТО-ның шығысқа қарай ену саясатын ашық түрде қаламайтындығын атап көрсетіп, Украина мен Грузияның НАТО құрамына қабылдануына қарсылығын білдірді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет