Қазақстан тарихы пəні бойынша тақырыптар тізімі



Pdf көрінісі
бет11/15
Дата30.12.2016
өлшемі1,15 Mb.
#747
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

2. Қазақстанда  социализмнің  бұрмалануы  1925-1933  жылдары  Қазақ  өлкелік  партия  комитетінің 

бірінші  хатшысы  болған  Ф.И. Голощекиннің  есімімен  жəне  қызметімен  тікелей  байланысты.  Ол  «қазақ 

ауылы», Қазан лебін сезінген жоқ, сондықтан «Кіші қазан» төңкерісін жасау қажет деген идеясын ұсынды. 

Голощекиннің  бағыты  елеулі  қарсылыққа  ұшырады,  сол  жағдайда  ол  И.В.  Сталинге  хат  жазып,  онда 

өлкелік  партия  комитеті  бюросы  бағытының  өңін  айналдыра  баяндап  берді.  И.В.  Сталин  қысқа  əрі 

мейлінше  айқын  жауап  қайтарды,  онда  былай  делінген  еді:  «Голощекин  жолдас!  Мен  осы  жазбаңызда 

белгіленген саясат негізінен алғанда бірден-бір дұрыс саясат деп ойлаймын. И.В. Сталин». Осыдан бастап 

Голощекин идеясына жол ашылды.  

Голощекиннің  «Кіші  Қазан»  төңкерісінің  бағыты:  1)  өлке  өнеркəсібін  ұсақ  жəне  орташа  деңгейде 

дамыту; 2) өлкені шикізат базасы ету. Голощекин бұл идеясын 1927 жылы ұсынып, 1930 жылы VII өлкелік 

партия  конференциясында  нақтылады.  Саяси  бюро  мүшелігіне  кандидат  А.А.  Андреев  VI  Бүкілқазақтық 

партия конференциясында бұл бағытты қолдайтындығын мəлімдеді.  

Ірі  саяси  қайраткер  жəне  экономист  Смағұл  Садуақасов  «Кіші  қазан»  бағытына  қарсы  шығып,  өз 

идеясын ұсынды. Оның бағыты:  

1. Өнеркəсіпті шикізат көзіне жақындату. 

2. Қазақстанды ірі өнеркəсіптер еліне айналдыру.  

Қазақстанда  индустрияландыру  жолдары  туралы  пікір  сайыс  барысында  кереғар  көзқарастар 

қалыптасты:  Біреулер  «түйеден  социализмге»  өту  мүмкін  емес,  далада  фабрикалар  мен  заводтар  салу 

шамадан  тыс  нəрсе»  болып  табылады,  «ұлттық  өзіндік  ерекшелікті»  жояды  деп  пайымдады,  енді  басқа 

біреулер  «қазақтандыру  өндірісті  қымбаттатып  жібереді»,  қазақтармен  «өнеркəсіп  –  қаржы  жоспарын 

орындай алмайсың» жəне т. б. деп санады.  

Жергілікті  мамандардың  индустрияландыруды  жүзеге  асыру  барысындағы  ұсыныс  –  пікірлері 

ескерілмеді.  С. Садуақасов  пен  Ж.  Мыңбаевтің  өнеркəсіпте  сақталып  отырған  отаршылдық  құрылымды 

қайта  қарау  қажеттігі  туралы  айтқандары  «ұлтшылдық көрініс»  деп  бағаланды.  Өндіргіш  күштердің  даму 

деңгейіне,  еңбек  қорының  дəрежесіне  сəйкес  келетін  индустрияландыру  қарқыны  туралы  ескертпелер 

«ұлыдержавалық  шовинизм  көрінісі»  деп  есептелді.  Сөйтіп,  теориядағы  субективизм  мен  практикадағы 

əміршіл  –  ырықсыз  əдістер  республиканың  социализмге  бет  алуының  балама  жолын  зерттеу  мүмкіндігін 

жоққа шығарды.  

Жаңа экономикалық саясаты республикада дəйекті түрде жүзеге асыру өзінің игі нəтижелерін берді. 

Кооперативтік қозғалыс одан əрі дамыды. Өндірістік кооперацияның негізгі үш түрі болды: 

1. Коммуна - өндірісті қоғамдастыру.  

2. Артель  –  жердің,  малдың  бір  бөлігін,  ауылшаруашылық  машиналарын,  құрал  –  саймандарды 

біріктіру. 

3. ТОЗ – жер бірлесіп өңдеу мен шөп шабу жөніндегі серіктестік. 

Шаруалар ұжымдастыру түрлерін таңдағанда негізінен ТОЗ-ды қалады. 1927 жылғы қазанның 1 – іне 

қарай  Қазақ  КСР  – інде кооперация  шаруа қожалықтарының  23,1%  -ін  қамтыды.  Сол  уақытқа қарай  1074 

тұтыну қоғамы жұмыс істеді, оның 312 – і ауылдарда болды, қазақ даласының жекелеген түпкірлерінде 140 

факторий  құрылды.  Қазақ  шаруалары  1072  ұжымдық  шаруашылықта,  соның  ішінде  101  коммунада,  17 

артельде,  жерді  бірлесіп  өңдейтін  294  серіктестікте  (ТОЗ-да)  ынтымақтастық  пен  өзара  көмек  мектебінен 

өтті.  


 

57

Жаңа  экономикалық  саясат  негізінде  республикадағы  мал  саны  артты:  1929  жылы  10,5  млн.  –  ға 



жетті.  Ауыл  мен  қыстақтарда  орташалар  шаруашылықтары  көбейіп,  орташалардың  кедейлермен  одағы 

нығая  түсті.  Патриархат  көшпелі  халықтың  мəдениеті  артты.  Алайда  бұл  ұзаққа  созылған  жоқ.  Өлкелік 

партия  ұйымының  басшылығына  келген  Ф.И.  Голощекин  «ауылды  кеңестендіру»  ұранымен  ауылда  тап 

күресін  шиеленістіру  бағытын  таңдап  алды.  Шабындық  жəне  егістік  жерді  қайта  бөлу  науқаны  ауылдағы 

жағдайды  ауырлата  түсті.  1926  жылғы  көктемде  кедейлер  байлардың  иелігіндегі  1,3  млн.  га  шабындық 

жəне 1,25 млн. га егістік жерді тартып алды.  

  Индустрияландыру  бағыты  азық-түлік  қорлары  проблемасын  күн  тəртібіне  қойды.  1928  жылы 

қаржы  мен  жұмыс  күшін  ауылшаруашылығын  өнеркəсіпке  ауыстыру  жүйесін  қалыптастыру  процесі 

басталды. «Барлық формадағы кооперацияны барынша дамыту саясатын» ұжымдастыру бағытына көшіру 

көзделді.  

1928 жылғы қаңтар - ақпан айларында И. Сталин Сібірге сапарға шықты. Осы жылы 3 ақпанда болған 

Омбы  округтік  комитетінің  мəжілісінде  астық  дайындау  барысында  төтенше  шаралар  қолдануға  рұқсат 

етті. Ф. Голощекин ауыл мен қоныстарға 4800 уəкіл жіберіп, 31 мың шаруа жазаға тартылды. 1928 жылғы 1 

қазан – 1929 жылғы 1 желтоқсан аралығы – 277 шаруа атылды.  

1928 жылғы 27 тамыз – «Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды кəнпескелеу жəне 

жер  аудару  туралы»  декрет  жарияланды.  Декретте  бай-феодалдар  өздерінің  мүліктік  жəне  қоғамдық 

ықпалымен  ауылды  кеңестендіруге  кедергі  жасайды  деген  ұстаным  негізге  алынды.  657  бай  жер 

аударылып,  145  мыңы  тəркіленіп,  олардың  ауылшаруашылық  құралдары  –  877  колхозға,  24.  491  жеке 

шаруашылыққа бөлініп берілді. Тəркілеу заңды бұзу арқылы жүзеге асырылды: 

1. Орташалар байлар қатарына жатқызылды. 

2. Тəркілеуге  жататын  нормаға  дейін  жеткізу  үшін  жекелеген  отбасы  шаруашылықтары  əдейі 

біріктірілді.  

3. Қанаушы элементтермен қатар дəулетті жəне орташа шаруашылықтар да тəркіленді.  

Сөйтіп,  бай-кулактар  қатарына  темір  шатырлы  үйі  немесе  2  аты  болғандар  да  енгізілді. 

Ауылшаруашылығын жаппай ұжымдастыру (коллективизация) бағыты көзделіп, бай-кулактары тап ретінде 

жою міндеті алға қойылды.  

Қазақстанда  ауыл  шаруашылығын  ұжымдастыру  ісінің  аяқталуы  1932  жылға  жоспарланды. 

Қазақстанның астықты аудандарында колхоз құрылысының негізгі формасы – ауылшаруашылық артелі, ал 

мал шаруашылығы аудандарда жерді бірлесіп өңдеу мен шөп шабу жөніндегі серіктестік (ТОЗ) болуға тиіс 

еді. 1929 жылдың екінші жартысынан бастап республикада колхоз құрылысы жедел дамытылды. Алғашқы 

МТС-тер құрылып жатты. Қазақстанда көшпелі жəне жартылай көшпелі шаруашылықты отырықшылыққа 

көшіруді  1933  жылы  аяқтау  көзделді.  Ұжымдастыру  мен  отырықшыландыруды  жаппай  жүргізу  үшін 

ауылдар  мен  қоныстарға  8  мың  жұмысшы  жəне  1204  «жиырма  бес  мыңдықшылар»  жіберілді.  Олар 

Ресейден колхоз жобасын қайталайтын қоныстандыру үлгісін орнықтырды.  

Ұжымдастыру  жылдары  кооперативтендіру  қозғалысының  өз  ісін  ашуға  мүмкіндік  беру, 

материалдық ынта, кооперативтендіруге шаруаның бірте – бірте өтуге, еркіндік ұстамдары бұзылды.  

Ұжымдастыру кезінде жіберілген қателіктер: 

1. Қатаң жаппай қуғындау мен террорға негізделді. 

2. Даярлықсыз жергілікті жағдайлар ескерілместен жүргізілді.  

3. Əкімшілік – күштеу əдістерімен жеделдете жүргізілді.  

4. Шаруашылық  базасын  жасау,  тұрғын  үйлер,  мəдени  тұрмыстық  объектілер  салу  жоспары  аяғына 

дейін орындалмады.  

Белсенділер  отырықшыландыруды  жоспарлаған  3  жылдың  орнына  3  күнде  аяқтап  «жалған 

колхоздар» құра бастады. Нəтижесінде: Абыралы ауданында – 70 %; Жымпиты ауданында – 60 %; Жəнібек 

ауданында  –  95  %  шаруашылық  ұжымдастырылды.  Шаруашылықты  ұжымдастыру  деңгейі  үнемі  өсіп 

отырды.  Егер  1928  жылы  Қазақстанда  барлық  шаруашылықтың  2%  -  і  ұжымдастырылған  болса,  1930 

жылғы сəуірдің 3 – інде 56,4 % - і, ал 1931 жылы қазан айына қарай 65 % - дай ұжымдастырылды.  

Азық-түлікпен қамтамасыз етудің қиындауына байланысты 1929 жылы «Əскери коммунизм» саясаты 

кезіндегі салғырт енгізілді. 1931–1932 жж. Шұбартау ауданында барлық малдың 80 % - ын мемлекетке етке 

өткізілді. 173 мың малы бар Балқаш ауданына 297 мың малға салғырт салынды. Торғай ауданында 1 млн. 

мал  басынан  салғырт  салдарынан  98  мыңы  қалды.  Торғайлықтар  «асыра  сілтеу  болмасын,  аша  тұяқ 

қалмасын!»  ұранын  көтерді.  Еріктілік  принципі  мен  қарапайым  заңдылықтың  бұзылуы  əуел  бастан-ақ 

барлық  жерге  тəн  сипат  алды.  Сайлау  құқықтарынан  айыру,  тұрып  жатқан  жерінен  басқа  ауданға  жер 

аудару,  ұзақ  уақыт  қамауда  ұстаумен  қорқыту  сияқты  күштеу  тəсілдері  мейлінше  дағдылы  жəне  кең 

таралған тəсілдерге айналды. Колхозға кіргісі келмеген кедейлер мен орташалар «бай-кулактар» қатарына 

жатқызылып, қатал жазаланды. 1929 жылы 56,498 шаруа жауапқа тартылып, 34 мыңы сотталды. 1931 жылы 

5500 отбасы жер аударылды. 1929 – 1933 жылдары ОГПУ (біріккен мемлекеттік саяси басқарма) үштігі – 

9805  іс  қарап,  оның  ішінде:  ату  жазасына  –  3386  адам,  3-10  жылға  концентрациялық  лагерьге  қамауға  – 

13151 адамға үкім шығарды.  


 

58

1930  жылы  30  мамырда  республика  үкіметі  жаңа  лагерьлер  ұйымдастыру  үшін  Ақмола,  Қарағанды 



округтерінен мерзімсіз, тегін пайдалануға 110000 га жер бөлді. Жекедегі малды қоғамдастыру нəтижесінде 

мал күтімінің кемдігінен, жем – шөптің жетіспеуінен мал қырылды. Осы жылдары өлкенің Одақ бойынша 

товарлы астық өндіруден үлес салмағы 9 %-тен 3 %-ке кеміді.  

Мал  шаруашылығы  күйзелісті  шығынға  ұшырап,  1930-1932  жылдары  аштық  жайлады.  1932  жылғы 

ақпан – колхозшы қожалықтарының 87 %-і, жекешелердің 51,8 %-і малдан түгел айырылды. Ұжымдастыру 

қарсаңында – 40,5 млн. мал болса, 1933 жылы 1 қаңтарда 4,5 млн. мал қалды. 

Бұл жағдай Қазақстанда аштық қасіретін туғызды:  

1. 1930 жылы – 313 мың адам;  

2. 1931 жылы – 755 мың адам; 

3. 1932 жылы – 769 мың адам қайтыс болды.  

4. 1930 – 1932 жылдарда барлығы 1 млн. 750 мың қазақ немесе халықтың 40 % - і жаппай қырылды. 

1932 жылы шілде айында аштық апаты мен себептері туралы                     Ф. Голощекинге «Бесеудің 

хаты» - Ғ. Мүсірепов, М. Ғатуллин,                          М. Дəулетқалиев, Е. Алтынбеков, Қ. Қуанышев жазды.  

Онда көтерілген мəселелер: 

1. Орташаларға байлармен бірдей соққы берілді, сондықтан орташалар байлар жағына шығуда.  

2. Байлар малды қырып тастауға тырысуда.  

3. «Жалған колхоздарды» ұйымдастыру жалғасуда.  

4. Өлкеде ашығушылар саны көбеюде.  

1933  жылы  наурыз  айында  РКФСР  Халық  Комиссарлары  Кеңесі  төрағасының  орынбасары  Т. 

Рысқұлов  Сталинге  хат  жазды.  Азаматтық  ерлігі  жоғары  жəне  принципшіл  адал  Т.  Рысқұлов  өлкеде  етек 

алған қасірет туралы шындықты ашып көрсетуден тайсақтамады. «Сізден осы жазбамен танысып шығып, 

бұл  іске  араласуды  жəне  сол  арқылы  аштан  өлуге  душар  болған  көптеген  адамдардың  өмірін  құтқарып 

қалуды  өтінемін»  деп  жазды.  Одан  əрі  хатта  көрсетілген  деректер  бойынша:  Қазақ  жерінде  көршілес 

өлкелерге көшушілер саны артуда; Орта Волгада – 40 мың; Қырғыз жерінде – 100 мың; Батыс Сібірде – 40 

мың; Орта Азияда – 30 мың; Қарақалпақ жерінде – 70 мың қазақтар бар. Көшіп кетушілер Қалмақ, Тəжік 

жері, Солтүстік өлке, Батыс Қытайға дейін барған. Бұл «аш адамдардың тамақ іздеп босуы».  

Қазақ  зиялыларының  өтініштеріне  орталық  тарапынан  жауап  болмады.  Аштық  əсерінен  халық 

санының  азаюы  жалғаса  берді.    Ақтөбе  облысында  1930  жылы  –  1  млн.  12500  адам  болса,  1932  жылы  – 

725800  адамға  кеміген  (71  %).  Жаппай  ұжымдастыру,  аштық  əсері  халықтың  көбін  көшіп  кетуге  мəжбүр 

етті. 1930 жылғы қаңтар – 1931 жылғы маусым аралығы – 1 млн. 10 мың адам (281230 шаруа қожалығы). 

Қытай, Иран, Ауған жеріне көшті. Оның 616 мыңы қайтып оралған жоқ, 414 мыңы кейін елге оралды.  

Аштық зардаптары: 

1. 1930 – 1933 жылдары аштықтан 6,2 млн. адамның 2,1 миллионы өлді.  

2. Қазақтардың осы жылдардағы саны 40 жылдан кейін, 1969 жылы ғана қалпына келді.  

3.  Зұлмат  ауқымның  зор  болғаны  сонша,  1930-1932  жылдардағы  аштық  тарихқа  «ұлы  жұт»,  қазақ 

халқының аса зор қасіретті жылдары ретінде енді.  

1929-1931 

жылдары 


Қазақстан 

жерінде 


шаруалардың 

ұжымдастыру 

саясатына 

қарсы 


ұйымдастырылған  қарулы  қозғалыс  болды.  Семей  округі  -  халық  наразылығының ірі  ошағы  болды.  1930 

жылғы  ақпан-мамыр  аралығында  Зырянов,  Өскемен,  Самар,  Шемонайха,  Қатонқарағай  аудандарында 

толқулар болып өтті.  

Батпаққара  көтерілісі  бандиттік  –  басмашы  қозғалысының  көрінісі  деп  бағаланды.  Оңтүстік, 

Орталық,  Батыс  Қазақстанның  5000  шаруалары  біріккен  Қарақұм  аймағы  –  көтерілісшілер  –  заңсыз 

тəркіленген шаруаларды айдаудан босату жəне мал – мүлкін қайтару, дін бостандығы, шаруаларға үдемелі 

табыс  салығын  салу,  еріктілік  ұстанымын  сақтау,  дербес  ауылдар  ұйымдастыруға  мүмкіндік  сияқты 

талаптар қойды.  

Қарақұм көтерілісі Орынбордағы 8 – дивизия күшімен талқандалып, 75 адамды атуға, 172 адамды 2-

10 жылға соттауға, көбін Шығыс Сібірге жер аударуға үкім шығарды.  

Созақ  көтерілісі  табандылығымен  жəне  шебер  ұйымдастырылуымен  ерекшеленді  (басшысы 

Жақыпов).  Көтерілісшілер  Созақ  ауданының  орталығын  алып,  аудан  басшыларын  өлтірді.  Көтеріліс  Орта 

Азия əскери округі бөлімдерінің күшімен жанышталды.  

Күштеу əдісі мен жаппай ұжымдастыруға қарсы Сарысу, Ырғыз, Балқаш, Қастек, Қордай, Абыралы, 

Шыңғыстау, Шұбартау ауданының шаруалары көтеріліске шықты.  

Жазалау шараларының салдары: 

1. 1929-1931 жылдары 5551 адам жауапқа тартылып, 883 – і атылды.  

2. Барлығы 100 мыңнан астам адам жазаланды.  

Коммунистік  партия  (XX  ВКП(б)  Орталық  Комитеті  1932  ж.  17  қыркүйек  –  «Қазақстан 

ауылшаруашылығы,  соның  ішінде  мал  шаруашылығы  туралы»  арнаулы  қаулы  алды.  Онда  колхоз 

құрылысында  болған  асыра  сілтеушілік  қатты  айыпталды.  Ф.И.  Голощекин.  І.  Құрамысов  қызметтерінен 

босатылды, кеш болса да, ұжымдастыру саясатының зардаптарын жоюға кірісті. 



 

59

1. Күшпен жасалған «жасанды колхоздар» таратылды. 



2. Астықты аудандарда коммуналар орнына, артельдер ұйымдастырылды. 

3. Күштеп қоғамдастырылған мал – мүліктер иелеріне қайтарылды.  

4. Отырықшы аудандарға Кеңес үкіметі 2 млн. пұт астық жəне 30 млн. сом ақша бөлінді. 

5. 1935 жылдан ауыл шаруашылық артелінің жаңа үлгісі бекітіліп, жүзеге асырыла бастады. 

6. Малсыз шаруашылықтарына мал алуына көмек көрсетілді. 

7. Совхоздардың біраз малы колхозшылардың жеке пайдалануына берілді. 

8. Ф.И. Голощекин қызметінен (1933 ж.) босатылды.  

Қолданылған  шаралар  нəтижесінде  2-бесжылдық  жылдарында  колхоз,  совхоздар  нығая  түсті. 

Республика егістіктерінде техника көбейді. Бірінші бесжылдықта – 9 мың трактор, екінші бесжылдықта – 

24 мың трактор, 8 мың комбайн жұмыс істеді. Екінші бесжылдық соңында (1933-1937 жж.) – 200-ге жуық 

совхоз құрылды. Екінші бесжылдық соңында – отырықшы аудандарға 40 млн. сом қаржы бөлінді.  

Жалпы,  феодалдақ  қалдықтарды  жою  тұрғысынан  ауылшаруашылығын  ұжымдастыру  ісіне  оң  баға 

берілсе, көшпенді халық мүддесінің ескерілмеуі ірі апаттарға əкелді.  

3. 30-жылдары  КСРО-да  социалистік  қатынастар  орнығып  болды.  Мемлекеттік  меншік  нығайып, 

өндіріс  –  құрал  жабдықтарына  қоғамдық  меншік  орнап,  шаруалар  жерден  шеттетіліп  жатты.  1936  жылы 

КСРО  Конституциясы  қабылданды.  Бұл  Конституция  əміршіл-əкімшіл  жүйені  нығайтты.  Елде 

тоталитарлық  жүйе,  казармалық  социализм  орнады.  Жеке  адамның  құқығы  ескерілмеді.  Қазақстанда 

жазалау шаралары (репрессия) басталды. Балама пікір айтқан адам халық жауы қатарына жатқызылды.  

Одақтың  ішкі  істер  халық  комиссариаты  құрамында  жазалау  шараларын  қолдану:  жер  аудару, 

еңбекпен түзеу лагерьлеріне қамау, ату жазасы, КСРО – дан тыс жерлерге қудалау үшін ерекше комиссия 

құрылды.  Қазақстанда  ең  алдымен  жазаға  ұлттық  демократиялық  зиялылар,  Алаш  қозғалысының 

қайраткерлері,  қазақ  елінің  біртуар  ұлдары:  Ə.  Ермеков,  Ə.  Бөкейханов,                      Ж.  Аймауытов,  Ж. 

Досмұхамедов жəне тағы басқалары ұшырады.  

Жергілікті зиялыларды қудалауда өлкелік партия комитеті ұйымдастырушы–нұсқаушылық бөлімнің 

меңгерушісі  Н.И.  Ежов  зор  «үлес  қосты».  Атап  айтсақ,  1927-1929  жылдары  мемлекет  қайраткерлері  Т. 

Рысқұлов,  Н.  Нұрмақов,  С.  Қожанов,  М.  Мырзағалиев  республикадан  аластатылды.                  Ж.  Мыңбаев  – 

Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің төрағасы қызметінен,     С. Садуақасов – Ағарту Халық комиссары 

қызметінен, Ж. Сұлтанбеков – жер ісінің Халық Комиссары қызметінен алынды.  

1937-1938 жылдары террор жаппай сипат алды. Осы жылдары репрессияға ұшырағандар:  

-

 

Кеңес 



үкіметін 

орнатуға 

ат 

салысқандар: 



С. Арғыншаев,             

Т. Рысқұлов, С. Шəріпов, Ə. Əйтиев, Н. Төреқұлов, Б. Алманов, С. Мендешев,  А. Асылбеков.  

- Партия, қоғамдық ұйым қайраткерлері: О. Жандосов, Т. Жүргенов,         К. Тəштитов, Н. Нұрмақов, 

А. Досов, О. Исаев, Ұ. Құлымбетов.  

- Революция жеңісін қорғап, ақ гвардияшыларға қарсы күрескендер:          Т. Əлиев, С. Жақыпов.  

- Қазақ  əдебиеті  мен  ғылымының  белгілі  өкілдері:  І.  Жансүгіров,                                Б.  Майлин,  С. 

Аспандиаров, К. Жұбанов, М. Төлепов.  

-  Орталықтан  Қазақстанға  жіберілген  қызметкерлері:  Л.И.  Мирзоян,          К.М.  Рафальский,  В.Н. 

Андроников. Бұлардың барлығы «халық жауы» ретінде жендеттердің қолынан жазықсыз қаза тапты.  

Қазақстан  жерінде  жазықсыз  жазаға  ұшырағандарға  арналған  лагерьлер  пайда  болды.  Олар:  Карлаг 

(Қарағанды  еңбекпен  түзеу  лагері),  Степлаг,  ЧСИР  –  Отанға  опасыздық  жасағандар  отбасыларының 

мүшелеріне  арналған  лагерь.  Кейіннен  ол  «Алжир»  -  халық  жаулары  əйелдерінің  Ақмола  лагері. 

«Алжирде»  репрессия  құрбандарының  əйелдері,  аналары,  қыздары  азап  шекті.  Қарағанды  жеріндегі 

Осакаров ауданында орналасқан 25 поселок – обсервацияда Ресейден «халық жауы» ретінде жазалағандар 

орналастырылды.  

 1937 жылғы қыркүйек, қазанда Қиыр Шығыстан 110 мың корейлер, Əзірбайжан мен Армениядан 2 

мың 400 отбасы жер аударылып Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарына қоныстандырылды.  

30-40  жылдар  мен  50-жылдарда  контреволюциялық  қылмыскерлер  туралы  істерді  негізінен  сот 

органдары емес, ОГПУ алқасы «Үштіктер», ерекше кеңестер шешті.  

101 мың Қазақстандық ГУЛАГ–қа жабылып, 27 мыңы атылды. Қазір де сол «халық жауларының» 40 

мыңы ақталды.  

Сталиншілдіктің басты қылмысы: 1) əміршіл - əкімшіл жүйені қолдану, 2) лагерьлер жүйесін құру, 3) 

халықтарды  күштеп  көшіру,  4)  азаматтардың  құқықтары  мен  бостандықтарын  бұзу  (31  мамыр  –  Ұлттық 

қаза күні болып белгіленді).  

1936  жылғы желтоқсанның  5–інде  КСРО  Кеңестерінің Төтенше  VIII  съезі  Кеңес  мемлекетінің  жаңа 

негізгі  заңын  –  КСРО  Конституциясын  қабылдады.  Он  бір  Одақтас  Республикасының  Социалистік 

Федерациясы  құрамына  автономиялы  республикадан  одақтас  республика  етіп  қайта  құрылған  Қазақ 

Кеңестік Социалистік Республикасы да енді.  

1937 жылдың наурыз айында Қазақстан Кеңестерінің Төтенше X съезі қабылдаған Конституциясында 

- Республикасының саяси негізі – еңбекшілер депутаттарының Кеңестері:  



 

60

-  Республиканың  экономикалық  негізі  –  социалистік  шаруашылық  жүйесі  жəне  өндіріс  құралдары 



мен құрал-жабдықтарына социалистік меншік деп атап өтілді.  

Қазақ  КСР-і  КСРО  құрамына  ерікті  негізде  енді  жəне  мемлекеттік,  экономикалық,  мəдени  құрылыс 

міндеттерін  шешуде  барлық  құқықтарға  ие  болды.  Қазақстан  жалпыодақтық  еңбек  бөлісінде  өз  орнын 

алды.  


1937 жылғы желтоқсанда КСРО Жоғарғы Кеңестің сайлауы өткізілді. Оған республикадан 44 депутат 

сайланды.  1938  жылғы  маусым  -  Қазақ  КСР  Жоғарғы  Кеңесінің  сайлауы  өткізілді.  Оған  барлығы  300 

депутат  сайланды:  112-сі  жұмысшы;  116-сы  колхозшы;  152-сі  қазақ;  60-сы  əйел,  оның  27-сі  қазақ  əйелі. 

1938 жылғы 15 шілде - Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясы болып, оны Ж. Жабаев ашты. 1939 

жылғы желтоқсан – жергілікті Кеңестерінің сайлауы өткізіліп, оған 48762 депутат сайланды.  

20-30 жылдар кезеңінің қорытындысы, тиімді жағы: 

1. Қазақ халқының саяси теңдікке территориялық автономия құқығына қолы жетті.  

2. Индустриясы жедел дамыды.  

3. Мəдениет, білім беру саласында табыстарға қол жетті.  

Тиімсіз жағы:  

1. Экономика мен мəдениет саласында қол жеткен табыстар тым қымбатқа түсті.  

2. Тоталитарлық, казармалық жүйе орнықты.  

3. Қоғамдағы табыстар сталиндік қатал идеологиялық қыспақ қоршауында қалды.  

 

11-тақырып.  Қазақстан 1941-1945жж. Ұлы Отан соғысы дəуірінде  

          

1. Фашистік Германияның СССР-ге шабуылы. Соғыстын басталуы, оның сипаты. 

2. Қазақстанның адам жəне экономикалық ресурстарын жұмылдыру.  

3. Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы майдандарында. 

 

         СӨЖ тапсырмалары: 

1. ҚазКСР-дың соғысқа дейінгі дамуына сипаттама беру. 

2. Қазақстанның Ұлы Отан соғысы жылдарындағы орны мен рөлін айқындау. 

1. Шабуыл  жасаспау  туралы  (23  тамыз  1939  ж)  Совет  Одағымен  жасаған  келісімді  бұзып, фашистік 

Германия  1941  жылы  22  маусымда  соғыс  жарияламастан  КСРО  аумағына  басып  кірді.  Ұлы  Отан  соғысы 

осылай басталды.  

Соғыстың  сипаты  -  Германия  тарапынан  бұл  соғыс  агрессиялық,  жаулап  алушы,  əділетсіз  соғыс 

болды, ал Совет Одағы тарапынан əділетті өз жерін қорғаған, азаттық Отан соғысы болды.  

1940  жылдың  орта  кезеңінде-ақ  (18  желтоқсан)  Гитлер  командованиесі    СССР  –  ге  басып  кірудің 

«Барборосса  жоспары»  деп  аталатын  стратегиялық  жоспарын  жасауға  кіріскен  болатын.  Бұл  жоспар 

бойынша фашистік Германия мен оның қол шоқпарларының құрғақтағы, əуедегі жəне соғыс теңіз күштері 

КСРО-ға  бір  мезгілде  шабуыл  жасайтын  болды.  Бұл  жоспардың  басты  мақсаты  (идеясы)  қысқа  мерзім 

ішінде (3-4 ай), «қауырт соғыс» идеясы бойынша соғысты 1941 жылдың күзінде (қараша) аяқтау тиіс еді.  

«Барбаросса» жоспарын жасаған кезде фашистік Германияның басшылары КСРО – ны «сансыз» көп 

ұлттың  жасанды  жəне  «тұрақсыз  бірлестігі»,  өзінше  бір  «ішкі  бірліктен  жұрдай  этникалық  конгломерат» 

деп  қарастырды.  «Ресейдің  кең-байтақ  жерін  мекендеген  халықтар  жөніндегі  біздің  саясатымыз,  -  деді 

Гитлер өз сыбайластарына, - алауыздық пен жікке бөлінудің кез-келген түріне қолдау көрсету болуға тиіс».  

Фашистік  Германияның  негізгі  мақсатының  саяси  жəне  экономикалық  астары  болды.  Германия 

империясы шикізат үшін, азық-түлік базасы ретінде қуыршақ мемлекет құруды көздеді. Қуыршақ мемлекет 

жобасы фашистер жасап «Барбаросса» жоспарында көрсетілді. Жоспар бойынша фашистер КСРО жерінде 

Остланд,  Украина,  Московия,  Еділ  –  Орал,  Түркістан  сияқты  рейх  комиссарияттарын  құруды  көздеді. 

Жоспарда  көрсетілген  «Үлкен  Түркістан»  отарының  құрамына  Қазақстан,  Татарстан,  Башқұртстан,  Орта 

Азия,  Əзірбайжан,  Кавказ,  Қырым,  Ауғанстан,  Шыңжан  кіргізілді.  Фашистер  Кеңес  адамдарын  қырып  – 

жою жолына осылай түсті.  

Кеңес адамдарының патриоттық сезімі, əрине, бұл жоспарға қарсы тұра білді. Қазақстан халқы Отан 

қорғаушылар  қатарына  өз  еркімен  жаппай  жазыла  бастады.  Мысалы,  Алматы  медицина  институтының 

студенті                    Мəншүк Мəметова: «Отбасымыздан майданға жіберетін ешкім жоқ, ағам да, апам да 

жоқ, сондықтан өзімді жіберуді өтінемін», - деп əскери комитетке өтініш берді. Республикада 2 млн. – нан 

астам адам əскери даярлықтан өтті. Соғыстың алғашқы кезеңінде 14 атқыштар жəне атты əскер дивизиясы, 

6 бригада құрылып, майданға жіберілді. Қазақстандық 36 – жеке атқыштар бригадасы 30 – дан астам ұлттан 

құрылды. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қырғызстаннан шақырылған жігіттерден 316 – атқыштар 

дивизиясы құрылып, оның командирі генерал М.В. Панфилов болды. Армия қатарына        1 млн. 196164 (1 

млн. 196300) қазақстандық қосылып, əрбір бесінші адам майданға аттанды.  

Қазақстанда  еңбек  армиясы  құрылып,  Қазақ  КСР-нен  700  мыңнан  астам  адам  шақырылды.  Соғыс 

жылдары  27  əскери  оқу  орны  16  мың  офицер  даярлап  шығарды.  1941-1945  жылдары  əскери  оқу 

орындарына 42 мыңнан астам қазақстандық жіберілді. Соғыс жылдарында Шымкентте орналасқан Чугуев 


 

61

əскери  авиация  училищесі  түлектерінің  бірі  И.Н.  Кожедуб  үш  мəртебе  Кеңес  Одағының  Батыры  атағын 



алды.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет