3
Қазақстан
тарихы пəні бойынша тақырыптар тізімі:
1. Қазақ-жоңғар соғыстары. Ұлы апат жылдары
2. Қазақ жерінің Ресейге қосылуының алғы шарттары. Кіші жүздің Ресейге қосылуы
3. Сырым Датұлы басшылығымен болған көтеріліс (1783-1797ж.ж.) Игельстром
реформасы
4. Кенесары Қасымұлы басшылығымен болған 1837-1847ж.ж. ұлт-азаттық көтеріліс
5. 1916ж. Жетісудағы жəне Торғайдағы көтеріліс
6. 1917ж.ж ақпан, қазан төңкерістері жəне оның Қазақстандағы əсері
7. 1918-1921ж.ж. шетелдік интервенция жəне азамат соғысы. Қазақ АКСР-нің құрылуы
8. Қазақстан жаңа экономикалық саясат кезеңінде
9. Қазақстан индустрияландыру жылдарында. Қазақстандағы елді ұжымдастыру
10. Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстан
11. 1954-1956ж..ж. тың жəне тыңайған жерлерді игеру. Ауыл шаруашылығының дамуы
12. Қазақстан қайта құру жылдарында жəне КСРО-ның ыдырауы (1985-1991ж.ж.)
13. 1986ж. Алматыдағы желтоқсан оқиғасы
14. КСРО-ның ыдырауы. ТМД-ның құрылуы. Егемендік декларациясы
15. Қазіргі кездегі əлемдегі Қазақстан бейнесі. Дүниежүзлік дағдарыс жəне оның
16. Қазақстанға əсері
17. Қазақстан əлемдік қауымдастықта. Дипломатиялық байланыстар, сыртқы саясат
1-тақырып. Кіріспе (1 cағат)
1. Қазақстан тарихы курсының пəні, мақсаты жəне міндеттері.
2. Қазақстан тарихын дəуірлерге бөлу.
3. Деректер, тарихнамалық зерттеулер.
СӨЖ
тапсырмалары:
1. М. Қозыбаевтың «Отечественная история: мифы и реальность» («Казахстанская правда» от
23.10.96 г.) мақаласы бойынша конспект жасау.
2. Н.Ə. Назарбаевтың «Тарих толқынында» кітабын талдап оқу негізінде 12 тарау бойынша ертедегі
Қазақстан тарихының хронологиялық бөлінуіндегі өзгерістерді анықтау.
3. М. Қозыбаевтың «Отечественная история: мифы и реальность» мақаласы бойынша тарих
ғылымының негізгі міндеттерін белгілеу.
1. Бүгінгі күнде тарихымыздың ақтаңдақтары айқындалып оған дұрыс баға беру, өткенді ашып
көрсету, кеңістік пен уақыт елегінен ойымызды өткізу, заман талабына қарай тарих түсініктерін жете
меңгеру əрбір азамат үшін «абыройы» алдындағы міндеті. Өтпелі кезеңде патриоттық сезімді тұтастыру
міндеттерін жүзеге асыруда тарихты гуманизациялау басты қадам болады. Осы жолдағы маңызды
міндеттің бірі - тарихымыздың жоғалтқан мұрасын қалпына келтіру болып табылады. Қазақстан тарихына
4
қатысты зерттеулер əлі де болса қарама-қайшы. Себебі Қазақстан тарихы марксизм теориясына сəйкес
түйіндеме тұрғысынан баяндалды. Ал дүниежүзілік тарих «еуропацентрлік» сипатында түсіндірілді.
Осының əсерінен Қазақстан тарихы бұрмаланды. Сондықтан құлдық сана-сезімінен айырылудың
алғышарты болатын шешуші тəсіл ретінде тарих басты рөлді атқарады. Əсіресе, Қазақ өз өркениетін шығу
тегі мен генеалогия принциптері негізінде құрған қоғам үшін шежіре маңызды рөлді атқарды, ол ұлттық
сана-сезімнің мəнді элементі болды.
Қоғам қалыпты қызмет етуі үшін үш уақыт проекциясы: тектік бағаны (генезисі), бүгінгі қалпы
(эволюцияның берілген фазасы) жəне алдын ала аңғарылатын болашағы тұтасып жатуы қажет. Тарих
құбылысында танымдық призма сабақтастық (байланыстырушы) қызметін атқаратын болса, қоғамдық
сана тарихи сана-сезім өлшемін иеленеді. Шындығында, динамикалық даму үшін күш беретін азаматтық-
патриоттық
ұстанымсыз, тарих сабақтарын терең сезінбеуінше нақты егемендік мүмкін емес. «Адам өзінің
дамуын өткенмен салыстырып тексергенде ғана, оның болашаққа деген сенімділігі арта түседі жəне
нығаяды» - деп айтылғаны сондықтан шығар.
Адам өзін кеңістіктік-уақыттық бағдарлау арқылы түсінген. Қоғамның ерекшеліктерінің бірі, қандай
да болмасын игіліктерді бағытталған мақсатқа қарай жинақтау қабілеті. Бұл мұра тарихи түрде тəрбие
механизмі арқылы беріледі. Яғни, шешуші түйін ретінде тіршіліктің мазмұнын ашатын тарихи
сабақтастық əуел бастан қажет, сонда ғана адам болмыстағы мəн мағынасына ие болады. Сонымен, тарихи
сана – бұл уақыт айырмашылығы мен байланысының қалыптасуы, ал ол мəдениетті тасушының тарихи
тұрақтылығының шарты болып табылады.
Тарихтың негізгі міндеті – ұлттық сананы қалыптастыру, өткеннен сабақ, ғибрат алу, болашаққа
үмітпен қарау, зерделеу болады. Егер XXI ғасырдың азаматы ұлтының өткенін білсе, ұлттың қалай
қалыптасып, қанша қан төгіп, өзінің жерін, елін, ұлттық дəстүрін сақтап қалғанын білсе, ол адам, ол азамат
өзінің ұлтқа деген ішкі сезімін одан əрі күшейте түседі.
Ұлы Даланы игерген Көшпелілер өркениетінің өрлеу-құлдырау ырғақтары сабақтасып балға мен
төстің арасында шыңдалды, талай тарихи үрдістерден өтті. Вебер айтқандай, көшпенділер техногендік
өркениет пайда болғанға дейін кеңістікте мəдени катализаторлар қызметін атқарды, əлемдік дамуда
халықтардың бір қозғаушы күші болды.
Көшпелі өркениет - табыс пен қосымша өнімнің көзін тауып, табиғат пен адамның арақатынасын
тиімді жəне оңтайлы пайдаланылған мал шаруашылығын жетекші кəсіпке жеткізу. Мал жəне жер кəсібі
шаруашылықтың əр саласындағы деңгей мəртебесіне көтерілді. Жағрафиялық ортаның ерекшелігіне
байланысты жер өңдеуде ирригациялық жүйе, мал бағуда қоршаған ортаға бейімделген табынның
құрамын шығару, жылқы жануарының қасиетін танып оны көлік ретінде қолдану, дамыған əлеуметтік
жіктелу қоғамдық өмірде «далалық билік жəне басқару институттарын» заман уақытына сай құрылыстарын
əкелді.
Адамның жаратушысы – Тəңір, анасы – Ұмай ана (қасиетті Жер-Су), бұл көшпенділердің шығу тегін
айғақтаса; екіншіден: əкеден қалған елді үш ұлына бөліп беру, сыннан өткен ішіндегі біреуіне билік
жүргізу сакралдық мəннің адам баласына берілген тəртіп қасиеті болды. Қасиет дарыған бала ғана билік
жүргізе алады, осыдан Тəңірдің жарылқауымен билік лауазымдары қалыптасты: Сары (Царь), Тəңірқұт,
Күнби
, Қаған, Хан жəне тағы басқа. Бұл – көшпелі қоғамда қолданылатын меритократиялық дəстүр;
үшіншіден: бір атадан тараған үш рудың жиыны əр түрлі тайпалардың басын бір Ел бірлестігіне жинақтау
қажеттілігінен туындаған. Бұл елдік жүйе - əлем-жүйесінің ұйымдасудағы көрінісі; төртіншіден: көктен
түскен алтын заттар арқылы адамның төрелік етуге құқығы Аспанмен айғақталды жəне идеялды модельді
қоғамды тиянақтауға негізделді; бесіншіден: рулардың өзара аға, іні тəртібімен туысуы. Көшпелілердің
этникалық туысуы өзіне қашан да генеалогиялық дəнекер іздейді. Мəселен, Алаша хан туралы аңыз. Бұл
қатынас Ел тұтастығын дəйектейді. Бұл тіршілік рудың мызғымас беріктігін сақтайтын заңға бағыну керек.
Осы заңды жаратқан - Тəңір. Көшпелі құрылымдарға тəн «бір атаның ұрпағы, бір тамырдың бұтағы» деген
ұстаным əлеуметтік-мəдени, шаруашылық, экономикалық, экологиялық тағы сол сияқты күрделі
жүйелердің туыстық қатынастармен өзара үйлесуін білдіріп, жалпы тұтастықтың ұйытқысы ретінде
сакралдық көзқарас басты қызметін атқарды. Туыстық жүйе арқылы қалыптасқан қоғамдағы қатынас
рудың негізін қалаушы түп атаға, ондағы буындардың генетикалық қашықтығына байланысты жүзеге асты.
Яғни, генеалогиялық құрылымның қандай да бір жігіне жату қандай да бір топтың, рудың, жеке адамның
қарым-қатынасының сипатын айқындады. Тек генеалогиялық құрылымда алатын орнына байланысты
бекітілген құқықтық міндеттері болған, оның өзі салт-жоралық деңгейде іске асатын. Бұл қатынас
институтталған жүйе арқылы реттеліп отырды. Бір ата, жеті ата, ру, ұлыс, жүз – тағы сол сияқты буындар
өз кезегінде əкімшілік-əлеуметтік жүйенің ұйтқысы болды. Ал тектік атауларды қолдану билік
қатынастарында аса маңызды қызмет атқарды. Жоғарыда айтылған рулық құрылым - билік жəне билік
қатынастарын заңдастырды.
Болмыс тіршілігі мал кəсібін жетекші шаруашылық көзіне айналдырды. Көшпелі өркениет
шаруашылық жағынан бірнеше құрамдас бөлігі бар жүйе ретінде өмір сүрген соң, олардың арасында
айырбас
дами бастады. Отырықшы мекендер қала дəрежесіне жетіп, көшпенділердің əкімшілік
5
орталықтарына, сауданың орнына айнала бастады. Ұлы Далада керуен жолы, Ұлы Жібек жолы дамып
қалыптасты. Əртүрлі шаруашылық жүйесін бақылауда көшпенділерге шеберлікпен басқаратын билік
аппараты қажет болды. Уақыты мен сипатына қарай олар - тайпа одағы, ерте мемлекеттік бірлестіктер,
империялық болып ұйымдасып, дамуына қарай негізделді. Осы мəліметті Каутский былай деп
баяндайды: «взаимодействия крестьян и номадов привели к тому, что номады подчинили крестьян себе и
сделали их своими данниками. Кочевые племена соединили многочисленные общины и крестьянские
области в одно целое, стали во главе этого общества, начали его эксплуатировать и перестали быть при
этом кочевниками. Так были созданы первые государства».
Көшпенділер локальды мəдениеттерді байланыстырды, əлемдік жүйенің конструкциясын жасады.
Интеграция үрдісі өзіндік түркі мəдениетін тудырды. Мəселен, Түркі қағанаты осындай синтездің үлкен
жетістіктерінің бірі еді.
Төрт мың жылдай тарихы бар көшпелі өркениетін алты кезеңге бөліп қарастыруға болады: ежелгі
дəуір
(б.д.д. XVIII ғ. мен б.д. V ғ. аралығы) – Дала өркениеті мен билік институтының құрылу уақыты; орта
ғасыр
(VI ғ. мен XV ғ. аралығы) –интеграция үрдісі биліктің конструктивті империя түрін жаратты; жаңа
дəуір
(XV ғ. мен XVIII ғ. аралығы) – дағдарыс кезеңіне түседі, ол көшпелі өркениетті ыдырау жағдайына
алып келеді; отарлық кезеңі (ХІХ ғ. мен ХХ ғасырдың басында) – көшпелі өркениет заманның талабына
сай құлдырау (деградация), сондай-ақ, жаңашадан техникалық-индустриалды қоғамына бейімделу кезеңіне
түседі; кеңестік дəуір (1917-1990 жж.) – кеңестік модернизация жолында болды; егемендік кезеңі (1991
ж. бастап) – шынайы бетбұрыс дəуірі басталды.
Қазақстан тарихы көшпелі өркениет эволюция үрдісінде ерекше вариант қана емес, сонымен қатар,
адамзат тарихында мəнді жəне ажыратылмайтын фактор деп қарастырған жөн.
Көшпелі өркениеттің мəнін айқындайтын ерекше белгілер:
Ол неолиттік дəуір мен индустриалды қоғам аралығында орын алып, өзіне сəйкес құбылысын
жаратқан мəдениет.
- «Ажыратылмайтын біртұтастық» идеясы дүниетанымдық көзқараста негізгі рөл атқарды, ол –
сакралдық сана-сезімі.
- Адам категориялары: сапа, өлшем, кеңістік жəне уақыт ұғымдарымен айқындалды.
- Рухани өмірдегі Тəңірлік ұстаным Дүние жəне Адам сипатын түсіндірді: имандылық, тылсым
дүниені меңгеру, ырық жəне білімге ынталылық.
- Қоғамдық-саяси ұйымдасу жүйесі дамыған ру-тайпалық жəне əскери-əкімшілік қатынас симбиозын
құрған тұрақты əлеуметтік-саяси қалып жүйесін құрды. Соған сəйкес іріктелген ерекше топ – «ақсүйек»
əулеті негізделді.
- Айырбас сауданы, сауда - ішкі жəне сыртқы, əсіресе халықаралық сауданы (Ұлы Жібек жолы)
жаратты.
- Таста қашалған жазудан бастап, қағазда көмкерілген өзіндік алфавиттік жазба туындысы - ұлы
істердің бірі болды.
- Айқындаушы түрде ерекше орын алатын туындылардың бірі – ауыз өнері, əсіресе «Шежіре». Ол
тарихи деректерден өзге, генеалогиялық жəне этногенетикалық мəліметтерді бейнеледі. Жырау поэзиясы -
рационалдық құбылыс, далалық интеллектуализм, өзінше көшпелі өркениеттік театры.
2. Кез-келген өмір сияқты, адамның тіршілік етуінің өзі де уақытта өтеді. Мысалы: балалық-
ересектік-жасөспірімдік-кəмелеттік-қарттық-өлім – осы фазалардың барлығының өзінің уақыттық
өлшемдері бар. Уақыт - барлық тіршілік ету, өзгеру жəне даму процестері сипаттамаларының құрама
бөлігі, бірақ онымен сəйкес келмейді. Уақыт ештеңе өндірмейді, бірақ барлық қатынастар уақыт
аралығында болады. Тарихи уақыт салыстырмалы. Ол баяу немесе қарқынды болуы мүмкін. Өйткені
уақыт болмыс түрі сияқты, тіршіліктің ұзақтығын жəне кез-келген жүйелерде күйлердің ауысу
тізбектілігін білдіреді. Сондықтан бір күні басталып туындағаны мен бір күні аяқталатыны сияқты, сол
немесе өзге тарихи құбылыстың уақыттық қасиеттерін анықтау үшін, тарихи ғылым кезеңге бөлу
мəселесіне жүгінеді. Оның сипаттамасында тарихи процестің бір бағыттылығын ғана емес, сонымен бірге,
тұтас алғанда тарих барысының ірі жалпылануын байқауға болады.
Отандық ғылымда Қазақстан тарихын кезеңге бөлу ылғи да өзекті мəселелердің бірі, оның шешілуі
сол сəтте болған ғылыми жетістіктерге байланысты болды. Кезеңдестіру тарихи процесті реттеуге,
жүйелендіруге ұмтылды. Оның шешіміне қоғамның қаңқасын салу; тұтас тұжырымдама құру; тарихтың
барысын жалпылап қорыту; тарихи процестің ерекше критерилерін айқындау байланысты болды. Тарихи
ғылым дамуының қазіргі замандағы деңгейі Қазақстанның жалпы тарихын кезеңге бөлуді анықтауды ғана
емес, сонымен бірге, амалды (тəсілді) таңдауды, кезеңге бөлу туралы зерттелетін мəселені əзірлеуге
бастама салуды талап етеді.
3. Отандық тарихтың көптеген өте маңызды проблемаларын табысты зерттеу деректану жағдайына
тікелей байланысты болады: археологиялық, этнографиялық, антропология, лингвистика деректері,
ауызша (фольклор) жəне жазбаша деректер. Сонымен бірге, пəнаралас деректерінің жиынтығын
жұмылдыру кешенді амалдардың бірі болып табылады.
6
Тарихи деректердің негізгі міндеті – тарихи деректердің пайда болу заңдылықтарын жəне олардың
шындыққа қатынасын зерттеу. Деректану тарихи зерттеу тəжірибесі барысында пайда болды. Алғашқы
жазба деректер тек нақты тарихи фактілерді тануға көмектесетін құрал ретінде пайдаланып, зерттелді.
Тарихи деректер қорының кеңеюі мен ғылыми айналымға жаңа деректердің біртіндеп енуіне байланысты
бір тарихи оқиғаның, құбылыстың не процестің əр түрлі дəрежеде, тіптен кейде қарама-қайшы дəрежеде
бейнелейтіні көріне бастады. Сондықтан, ол деректерді зерттеу, бір-бірімен салыстыру, сол арқылы
шындықты іздеу қажеттілігі пайда болды. Ұзақ жылдағы зерттеу тəжірибесі барысында қолданылған əр
түрлі тəсілдер негізінде деректерді зерттеу əдістемесі қалыптасты.
Ежелгі кезеңдегі Қазақстан тарихын (тас дəуірі) зерделеуде жазба ескерткіштердің жоқтығынан
жалғыз жəне басты дерек - археология жəне антропология деректері болып табылады.
Алғашқы жазба дректеріне «Авестада» - зороастрий қасиетті кітаптар жинағында кездеседі. Бұл
кітапта арийлер, турлар, сақтар, аргипейлер, исседондар, аримаспалар туралы мəлімет береді. Келесі
жазба деректеріне «Гилгамеш туралы жыр» (б.д.д. XXIV ғасыр), Бехистун жазбасында (б.д. д. 552-486
жж.), антикалық тарихшылардың Геродоттың, Страбонның, Птоломейдің еңбектерінде, Қытай
тарихшылары Чжань Цянь (б.д.д. II ғасыр), Сыма Цянь (б.д. д. 145-86 жж.), Бань Гу (б.д. I ғасыр).
Ежелгі мəтінге Ыстық қорғанынан табылған «Күміс тостаған» жатады. Онда 26 таңбадан тұратын
жазу бар. Бір ғалымдардың пікірі бойынша жазу түркі жазуының руно алфавитімен орындалған, басқалары
«белгісіз» хат пікірін ұстанады.
Сақ дастандарына: «Алып Ер Тоңға» немесе Фирдоуси нұсқасы бойынша «Афрасиаб» деп атайды
жəне «Шу» дастаны жатады; Ғұндарға - «Оғыз-қаған», «Аттила», «Көк бөрі» жəне «Ергенекөн», Түрік
Қағанаты дəуірінде - «Күлтегін», «Тоныкөк» жəне «Белгі қаған» сияқты туындылар жарық көрді.
Скандинавия жəне Оңтүстік Германия əдебиеттерінің ескерткіштерінен де маңызды нақтылы
мəліметтер жинауға болады, онда («Нибелунгтар туралы əннен») басты кейіпкер ғұндардың көшбасшысы
Аттиланың (Еділ, Атли, Этцель) өмір баяны суреттелген. Аттила бейнесіне XVIII ғ. француз драматургы
Пьер Корнель «Ғұндар патшасы Аттила», XVIII-XIX ғғ. неміс драматургы Вернер Цахарияс «Аттила»,
XIX ғ. ағылшын ақыны Герберт «Аттила жəне оның ұрпақтары», итальяндық сазгер Джузеппе Верди
«Аттила» операсын жазған, ал француз суретшісі Делакруа бір аттас картина салған.
Орта ғасыр кезеңінің Отандық тарихы бойынша маңызды нақтылы деректер араб, парсы жəне
еуропалық жазушы-географтардың, саяхатшылар мен тарихшылардың: Ибн əл Факихтің (X ғ. басы), Ибн
Батуттың (XIV ғ.), Ибн Хордадбектің (820-912), Тамин Ибн Бахтың (IX ғ.), Қазақстанға XIII ғ. келген
Плано Карпинидің, Гильома Рубруктың, Марко Полоның еңбектерінде келтірілген.
VI-ХІV ғғ. Түрік деректерінің стилі бойынша əр түрлі: эпитафия-жазбалар, тарихи-көркем,
шаруашылық-тұрмыстық, діни жəне заңды мəтіндер. «Бітік», «Кодекс», «Диван», «Күлтегін» сөздері
қолжазбаны білдірді. Олардың құнды жазба əдебиетіне ХІІІ ғ. жазылған, «Куманикус кодексі»
(Қыпшақтардың құт ісі) сөздігі, оғыз-қыпшақ үстеуінде латын алфавитімен жазылған, онда қыпшақтың
күнтізбелік жəне фольклорлық материалдары, латын-парсы-қыпшақ жəне қыпшақ-неміс-латын сөздіктері
бар.
Х-ХІІ ғасырлар түркі мəдениетінің гүлдену уақыты, оның «Алтын ғасыры» болып табылады. Тура
осы кезеңде (авторлары араб, парсы жəне түркі тілдерін пайдаланған) энциклопедист-ғалымдар Əл-
Фарабидің, Əбу Райхан Бирунидің, Авиценнаның, Омар Хайямның, Жүсіп Баласағұнның, Қожа Ахмет
Яссауидің, Махмұд Қашқаридің өлмес шығармалары жазылды.
Қазақтың тарихшыларына Мұхаммед Қайдар Дулатиді (1500-1551) «Тарих жəне Рашиди», Ибн
Рузбиханды (XVI ғ. басы) «Бұқарлық қонақтың жазбалары», Өтеміс Қажының (XVI ғ. бірінші жартысы)
«Шыңғыс наме», XVI ғ. белгісіз автордың «Шейбани наме», Əбілғазы ханның «Түріктердің шежіре
бұтағы» (XVII ғ. бірінші жартысы), Қадырғалы Жалайырдың (XVII ғ. басы) «Жылнамалар жинағы»
жатқызамыз.
Қазақстан тарихын зерделеуге орыс ғалымдары: Н.Я. Бичурин (1777-1853) «Ежелгі уақытта Орта
Азияда мекендеген халықтар туралы мəліметтер жинағы», А.И. Левшин (1799-1879) «Қырғыз-қазақ
немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен далаларының сипаттамалары», В.З. Вельяминов-Зернов (1830-1904)
«Қырғыз-қайсақтар туралы тарихи мəліметтер», В.В. Бартольд (1869-1930) «Жетісу тарихының
очерктері», «Түркістан тарихы», сондай-ақ, бүгінгі күні де өздерінің маңыздылығын жоғалтпаған, В.Н.
Татищев, Г.Ф. Миллер, П.И. Рычков, Т.Ю. Клапрот, В.В. Радлов, Ф.Э. Фишер, К. Риттер, Н.А.
Аристов жəне А.Н. Харузин үлес қосты.
Отандық тарихтың мұрасына: Ш. Уəлиханов (1835-1865) «Абылай», «Қырғыз шежіресі»,
«Алтышар жағдайы туралы», «Даладағы мұсылмандық туралы»; Ə. Бөкейханов (1866-1937) «Қазіргі
мемлекеттердегі ұлттық қозғалыс түрлері», «Кенесары Қасымов сұлтанның тарихқа арналған
материалдары» жəне т.б.; Ш. Құдайбердиевтің (1858-1931) «Шежіре»; М. Тынышпаев (1879-1937)
«Қырғыз-қазақ халқының тарихына арналған материалдар» бай ғылыми мұра енгізді.
7
Қазіргі замандағы əлемдік тарихнаманы да Қазақстан тарихы қызықтырады. Осы мəселе бойынша
зерттеулер нəтижелері зерделеу орталықтары Францияда, Германияда, АҚШ-та, Англияда, Түркияда,
Финляндияда жəне көптеген басқа шетелдерде бар.
Тарихи деректанудың жалпы тарих ғылымындағы алатын орнын анықтау үшін оның қосымша тарихи
пəндер мен басқа да тарихи зерттеулердің арақатынасына зер салу керек. Тарихи деректерді зерттеумен
көптеген қосалқы пəндердің айналысатыны белгілі. Олардың жалпы саны 30-дан асады:
-
эпиграфика – тастағы, металдағы, сүйектердегі, ағаштардағы жазбалар;
-
нумизматика – теңгелердегі жазулар;
-
сфрагистика – мөрелердегі жазулар;
-
геральдика – ел таңбаларындағы жазулар;
-
полиграфия – жазу материалдары мен құралдарын, жазу ерекшеліктерін зерттеу;
-
папирология – папирустардағы жазуларды зерттеу;
-
текстология - əдеби ескерткіштердегі текстер тарихын зерттеу;
-
дипломатика – заң актілерін зерттеу;
-
хронология – тарихи оқиғалардың дəл уақытын анықтау;
-
метрология - өлшем жүйесін тарихи дамуында зерттеу;
-
тарихи география - өткеннің географиялық тарихын зерттеу;
-
генеалогия – адамзаттың, жеке адамдардың шығу тегін зерттеу, т.б.
Сонымен, қазіргі деректануда екі проблемалар кешені қаралады:
1.
Теориялық
-əдіснамалық мəселелер:
-
тарихи шындықтың дерекке енуі жəне бейнеленуі;
-
тарихи деректің əлеуметтік табиғаты, ондағы субъективтіліктің арақатынасы;
-
тарихи деректерді жіктеу;
-
деректердің ғылыми құндылығын пысықтау принциптері мен тəсілдері.
2.
Нақты
-қолтаңбалық мəселелер:
-
деректердің нақты түрлері мен типтеріне шолу жасау;
-
нақты ескерткіштерге деректанулық талдау жасау;
-
деректерден алынған мəліметтерді нақты тарихи міндеттерді пайдалану тəсілдері.
Қазақстан тарихының деректану курсының мəселелері мен құрылымы оның алдында тұрған негізгі
міндеттермен айқындалады. Олар:
-
ғылымның қазіргі даму дəрежесіне сай деректанудың теориялық жəне əдіснамалық саласынан
білім беру;
-
пайда болған жəне сақталынған тарихи деректер кешені туралы ақпарат беру;
-
тарихи зерттеудің жалпы қажеттілігінен шыға отырып, олармен жұмыс істеу тəсілдерін жетілдіру.
Қорытынды ретінде сөздің барысы - теориялық-əдіснамалық, ақпараттық жəне əдістемелік мəселелер
бір-бірімен тығыз байланыста қаралады. Əдістемелік мəселелерді ашу деректерге шолу жасаумен қатар
жүргізіледі, бұл жағдайда басты назар, негізінен, деректер жеткізген фактілер мазмұнына емес, əр түрлі
деректердің ақпараттар беру ерекшелігін көрсетуге бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |