«Қазақстан тарихы» пәнінен емтиханға арналған тест сұрақтары


Оның билік құрған кезеңі қазақ халқының "Алтын ғасыры" деп аталады



бет13/22
Дата10.04.2023
өлшемі77,35 Kb.
#80825
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22
Байланысты:
2023 Қаз.тар. тест

136. Оның билік құрған кезеңі қазақ халқының "Алтын ғасыры" деп аталады
А) Тәуке хан
137. XVII ғасырдың екінші жартысынан XVIII ғасырдың ортасына дейінгі қазақтар үшін басты қауіп төндірген
А) Ойраттар (жоңғарлар)
138. Әскери қуаты жағынан Қазақ хандығы жоңғарлардан төмен болған себебі
А) Ойраттар артилерия мен ату қарулар өндірісін жолға қойған
139. Жоңғарларға қарсы шайқаста ержүректілігі мен батылдығы үшінхалықтан Салқам ("Айбынды") атағын алған хан А) Жәңгір
140. Алғаш рет қазақтар жоңғарларға қарсы ату қаруын қолданды
А) Орбұлақ шайқасында
141.1723 жылы ойрат әскерлері Талас өзеніндегі қазақтардың қоныстарына соққы беріп, Ертіс пен Шу аралығына дейін үлкен майдан шебінде шабуыл бастады. Әскерді басқарған жоңғар қоңтайшысы
A) Цеван-Рабдан
142. "Қалмақ-қырылған" деген атауға ие болған шайқас орны
А) Бұланты шайқасы
143.Абылай ханның кеңесшісі, атақты жырау
А) Бұқар жырау
144. «Біздің жерімізді округтер бойынша бөліп, жазғы және қысқы жайылымдарды атақты рулар мен адамдарға беру-малшаруашылығына кесірін тигізетін басты себептердің бірі ретінде есептелуі тиіс. Мұндай реформалар кедергі келтіретін зиянды, әрі халық үшін қасірет әкеледі» деп жазған белгілі шығыстанушы
А) Ш. Уәлиханов
145. Қазақстанды XVIII ғасырда кешенді зерттеудің алғашқы әрекеттері қай ғалымның есімімен байланысты
А) М. В. Ломоносовтың
146. "Орынбор өлкесінің Колумбы" деген даңққа бөленген ғалым А) П. И. Рычков
147."Қазақ тарихының Геродоты" деп аталған тарихшы А) А. И. Левшин
148.Сапалы білім, ғылыми-практикалық жұмыстың орасан зор тәжірибесі оған көрнекті ғалым-энциклопедист болуға, Қазақстан тарихы, мәдениеті мен экономикасын және оған іргелес аумақтарды білуге мүмкіндік берді. Ол алғашқы абайтанушы, сонымен қатар егіншілік пен мал шаруашылығын зерттеген ірі ғалым болды
А) А. Бөкейханов
149. 1825 жылы Неплюев кадет корпусы қай қалада ашылды
А) Орынбор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет