«Қазақстан тарихы» пәнінен емтиханға арналған тест сұрақтары


жылы тұңғыш рет қазақтарға арналған алғашқы мұғалімдер мектебі ашылды



бет14/22
Дата10.04.2023
өлшемі77,35 Kb.
#80825
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22
Байланысты:
2023 Қаз.тар. тест

150.1883 жылы тұңғыш рет қазақтарға арналған алғашқы мұғалімдер мектебі ашылды
А) Ор қаласында.
151. Оқысаңыз балалар, шамнан шырақ жағылар, Тілегенін алдыңнан, іздемей-ақ табылар....- деген өлең жолдары арқылы жас ұрпақты ғылым мен білімді меңгеруге шақырған көрнекті педагог
А) Ыбырай Алтынсарин.
152. «Жайық өзені қашан сарқылып, арнасы кеуіп қалғанша қазақтар оның бойынан кетпейді» - деп отарлаушы билікке ашық айтқан хан А) Әбілқайыр
153. Билігін барлық жүздер мойындаған Қазақ хандығының соңғы аға (жоғарғы, ұлы) ханы
А) Тәуке
154. «Айрықша қасиеті бар киелі, керемет құдірет иесі болып саналады. Ешбір ханның ол сияқты шексіз билікке қолы жеткен жоқ» деп Ш. Уәлиханов сипаттаған хан
А) Абылай хан
155.Ш. Уәлиханов оқыған Сібір кадет корпусы орналасқан қала
А) Омбы
156. Шоқан кадет корпусында бірге оқып,достасып кеткен белгілі ғалым, саяси-қоғам қайраткері А) Г. Х. Потанин
157. 1860 жылы Шоқан Уәлиханов ғылыми жетістіктері үшін Санкт-Петербургте орденмен марапатталып, әскери шені өсті. Ол қай орыс патшасының қабылдауында болды A) II Александр
158.Ол тек көрнекті ойшыл, ағартушы, ұлы ақын және қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы ғана емес, сонымен қатар өз халқының өмірін жақсартуға тырысқан белсенді қоғам қайраткері
А) Абай Құнанбаев
159. Алаш зиялыларының Кеңес өкіметі жағына өтуінің бастамашысы
А) Ахмет Байтұрсынов
160. Патша үкіметіне қарсы шығып, Қазақстанға жер аударылған Адольф Янушкевич, Бронислав Залесский, Густав Зелинский, Владимир Недзвецкий, Северин Гросс қай халықтың өкілдері болды А) Поляк халқының
161.Қзақтардың мемлекеттік егемендікті жоғалтуы басталды
А) Кіші жүз қазақтарының Ресей протекторатын қабылдауынан
162.Қазақ даласын «Шығыстың кілті мен қақпасы" деп атаған
А) І Петр.
163. Император Анна Иоановна Кіші жүзді Ресейдің қол астына қабылдау туралы Грамотаға қол қойды
A) 1731 ж 19 ақпанда.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет