«Қазақстан тарихы» пәнінен мемлекеттік емтихан сұрақтары «Қазақстан тарихы»


Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан:бейбіт құрылысқа көшудің қиындықтары



бет5/5
Дата16.12.2022
өлшемі276,94 Kb.
#57711
1   2   3   4   5
Байланысты:
Қазақстан тарихы сессия жауаптар

89.Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан:бейбіт құрылысқа көшудің қиындықтары.


Кеңес Одағы соғыстан экономикалық жағынан әбден әлсіреп шықты. 32 мың өнеркәсіп орны, сондай-ақ 100 мың ауыл шаруашылық өнеркәсіп орындары үлкен шығынға батты, олардың біраз бөлігі толығымен жойылды. Сталинград (Волгоград), Ленинград (Санкт-Петербург), Киев, Минск сияқты қалалар жер мен жексен етілді. Экономикалық қиындықтар жұмыс қолының жетіспеуіне байланысты күрделене түсті. Соғыс жылдарында еліміз 30 млн-ға жуық халқынан айырылғаны белгілі, одан да көп болуы мүмкін. Өндірістегі жетпейтін жүмыс күшінің орнын толтыру үшін КСРО үкіметі Кеңес Армиясы қатарынан ірі көлемдегі демобилизация жүргізді. Бірінші демобилизация 1945 жылы шілде-қыркүйек айларында өтті. Алдыңғы кезекте солдаттар және жасы ұлғайған кіші офицерлер, инженер, мұғалім, агроном т.с.с. мамандар демобилизацияланды. 1945-1946 жылдары армия қатарындағылардың саны 8,5 млн-ға азайды. Қазақстандағы тек қана әскери тапсырыстар орындаған көптеген зауыттар жаңа жағдайда бейбіт өнімдер шығаруға көшті. Дегенмен соғыстың зардабы Қазақстанға ауыр тиді. Мысалы: зауыттарда, фабрикаларда және ауыл шаруашылығында жүмыс күші жетіспеді. Бұл жағдай бірнеше себептерге байланысты еді. Соғыс кезінде Қазақстанға қоныс аударған мамандардың көпшілігі туған жерлеріне кайтты. Көптеген Қазақстандықтар майданда қаза тапты және соғыстан оралмады. 1930-1934 жылдардағы шаруалардың зорлап ұжымдастыру кезіндегі жаппай қоныс аударуы, сондай-ақ республиканың ауыл шаруашылық аудандарының жартысына жуығының қырылуына алып келген аштық салдарлары айқын сезілді. Зауыт және фабрика жүмысшыларының мамандану дәрежесі, жалпы алғанда, жоғары болмады. Жетіспейтін жүмыс күшінің орнын толтыру үшін республикада жер-жерлерден еңбек ресурстары мектептері мен училищелері құрыла бастады. Жұмыс күшінің орны Кеңес Армиясы катарынан демобилизацияланған әскерлер, сондай ақ фашистік тұтқыннан оралған репатрианттар есебінен толығып отырды. Қолданылған ісшаралар нәтижесінде егін алқабының деқаншылары мен еңбекшілерінің қатары толықты. 1946 жылы Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы болып Жумабай Шаяхметов тагайындалды. Кеңес Одағының басқа республикалары сияқты Қазақстан да фашистік оккупациядан зардап шеккен аудандарға қолдан келген көмекті аямады. Республикада тұтастай азық-түлік керуендері жасақталды. Қазақстандықтар Сталинградтың, Ленинградтың, Солтүстік Кавказдың соғыстан зардап шеккен шаруашылықтарын қалпына келтіруге белсене катысты. Тек 1945 жылдың өзінде Украинаға 500 трактор және басқа да ауыл шаруашылық машина, 140 паровоз, бірнеше жүздеген ауыл шаруашылық мамандары жіберілді. Фашистік оккупациядан зардап шеккен аудандарға жарты миллионнан астам ірі қара мал, жылқы, қой жеңілдетілген бағамен сатылды. Сондай-ақ тегін көмек көрсетілді. Қазақстан колхоздары неміс оккупациясынан азат етілген аудандарға көмек ретінде 17,5 мың ірі қара мал, 22 мындай жылқы және 350 мың қой жіберді.Кеңес өкімет өз кезегінде Қазақстанның халық шаруашылығын және мәдениетін дамытуға ерекше назар аударды. КСРО экономикасы біртіндеп бейбіт калыпқа түсе бастады. Бұрын әскери өнім шығарып келген өнеркәсіп орындары күнделікті тұтыну заттарын шығаруға қайта бейімделді.

90. Қазақстан аумағындағы ядролық сынақтар және олардың зардаптары.


КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өткізілді. Ол үшін арнайы 18 млн гектар жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқыда адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Кейін оларды жердің астында жүргізе бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.

Алғашқы атомдық жарылыс дауысы 1949 жылы 29 тамызда таңғы сағат жетіде естілді. Семей ядролық полигоны ауданында 450-ден астам жерүсті және жерасты ядролық сынақтарының өткізілуі нәтижесінде атмосфераға, гидросфераға және литосфераға өте үлкен мөлшерде радиоактивті материалдар шығарылды.


Тұңғыш атомдық жарылыстың радиоактивті өнімдері аймақтың барлық елді мекендерін жауып қалды. Көрші қонған әскери объектіде не болып жатқанынан хабары жоқ ауылдардың тұрғындары радиациялық сәуленің үлкен дозасын алды. Халыққа сынақ туралы ескертілмеді.


Бұл арада жыл сайын 14-18 ядролық сынақ өткізіліп тұрды.


Тек Семей ядролық полигонының ғана емес, соған жақын жатқан орасан үлкен аумақтар да (Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жезқазған облыстары және Ресей Федерациясының Алтай өлкесі) радиоактивті ластануға ұшырады. Соның нәтижесінде сол аумақтағы тірі ағзалар мен тұрғын халық зардап шекті.


1949 жылдан 1963 жылға дейінгі кезеңде қуаты әртүрлі 113 ашық жарылыс жасалып, ол сынақтардың зардабы зор болды.


Бұның өзі қазақ ұлтының келешегіне төнген зор қауіп болатын. 1980 жылдардың аяғына қарай халықтың төзімі таусылып, шегіне жеткен еді.


Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан президенті Н. Назарбаев республикада ядролық сынақтар өткізуге мораторий жариялады. Қазақстан Республикасы президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1991 жылғы 29 тамыздағы Жарлығымен Семей сынақ алаңы жабылды.


Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына қарамастан, Семей ядролық полигоны аймағы күні бүгінге дейін экологиялық кауіпті аудан болып есептеледі. Өйткені онда ұзақ сақталатын радиоактивті заттар жинақталған.


Кеңес үкіметі құлағаннан кейін Қазақстан аумағында басқа ядролық елдерге қарағанда әлеуеті жағынан орасан зор ядролық арсенал болды. Елдегі әскери техника қуаты жағынан тұтас бір индустрия, өзіндік бір «мемлекет ішіндегі мемлекет» еді.


Семей полигонында әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп болды.


1989 жылдың ақпанында Семейдегі атом полигонын жабу үшін күресті бастауды ұйғарған «Невада-Семей» қозғалысының алғашқы митингі өткізілді. Оны басқарған белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов болды.


Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының 3 млн гектар аумағын Капустин Яр сынақ алаңдары алып жатты. Бұл жерлерде 55 жыл бойы күрделі әскери сынақтар жүргізіліп келді, ал Азғыр атом сынақ алаңында 13 жыл бойы (1966-1979 жж.) ядролық жарылыстар жүргізілді. Азғыр сынақ алаңында 17 рет жерасты жарылысы болды. Азғыр атом сынақ алаңында 1979 жылы жарылыс тоқтатылды. Бірақ ондағы экологиялық жағдай қалыпқа келген жоқ.


Байқоңыр ғарыш айлағы планетамыздағы 19 айлақтың бірі болып есептеледі. Ол Қызылорда және бұрынғы Жезқазған облыстарының аумағында, Төретам теміржол стансасының маңыңда орналасқан.


1955 жылы 12 ақпанда КСРО үкіметінің Төретам стансаның маңынан сынақ алаңын құру туралы жабық шешімі шықты. Орын таңдауда бірнеше фактор ескерілді: 1. Жылдың көп мезгілі бұлтсыз, ашық. 2. Халықтың аз қоныстануы. 3. Жердің айналуының ең жоғары жылдамдығы осы жерге келеді.


1957 жылдан жұмыс істей бастаған космодром төңіректегі 180 мың гектар аймақты шаруашылық жағынан іске жарамсыз етті. Ауаға гептил тарай бастады.


С.П. Королевтің бірінші зымыран құрылғысы 1957 жылы мамырда іске қосылды. 1957 жылы 4 қазанда Байқоңыр ғарыш айлағынан орбитаға дүниежүзіндегі тұңғыш жасанды жер серігі шығарылды.


91.И.Сталиннің жеке басқа табыну кезеңін сынау.


1956 жылы 14 ақпанда Москвада КОКП-ның ХХ съезі өтіп, онда Сталиннің жеке басына табыну айыпталды. КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Н.С.Хрущев бастаған коммунистер партиясы сталиндік диктат үстемдігін әшкерелеп, талдау жасауға тырысты. “Жеке басқа табынушылық және оның салдары” туралы мәселе 25 ақпанда съездің жабық мәжілісінде көтеріліп, съезд өткен соң, жарты жылдан кейін, 30 маусымында “Жеке басқа табынушылықтың зардаптарын жою” жөнінде қаулы қабылданды. Н.С.Хрущевтің ХХ съездегі «Сталиннің жеке басына табынушылығын әшкерелеу” туралы баяндамасының толық мәтіні 33 жыл өткен соң ғана 1989 жылы жарық көрді.

1956 жылы 14 ақпанда Москвада КОКП-ның ХХ съезі өтіп, онда Сталиннің жеке басына табыну айыпталды. КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Н.С.Хрущев бастаған коммунистер партиясы сталиндік диктат үстемдігін әшкерелеп, талдау жасауға тырысты. “Жеке басқа табынушылық және оның салдары” туралы мәселе 25 ақпанда съездің жабық мәжілісінде көтеріліп, съезд өткен соң, жарты жылдан кейін, 30 маусымында “Жеке басқа табынушылықтың зардаптарын жою” жөнінде қаулы қабылданды. Н.С.Хрущевтің ХХ съездегі «Сталиннің жеке басына табынушылығын әшкерелеу” туралы баяндамасының толық мәтіні 33 жыл өткен соң ғана 1989 жылы жарық көрді. Тарихта “жылымық” деп аталып жүрген 1954-1964 жылдары біршама басшылықтың ұжымдық принциптері енгізіліп, әміршіл-әкімшіл басқару жүйесі босаңси бастады. Қоғамдағы кеңес және қоғамдық ұйымдардың рөлі біршама өсті. Қоғамдық өмірді демократияландыруға бағытталған бұл шаралар біршама ой еркіндігін тұғызды. Нәтижесінде мыңдаған кінәсіз сотталған адамдар лагерлерден босатылып, партияның кейбір көрнекті қайраткерлері ақталды. 1930-1950 жылдары істі болған зиялылардың істері қайта қаралып, 1953-1956 жылдары партия қатарынан шығарылған 5456 адам, Ұлы Отан соғысы жылдары жау басып алған территорияларда қалғандары үшін жазаланған 243 коммунист ақталды. Сондай-ақ, 1954 жылы Е.Бекмаханов, Қ.Сәтбаев, М.Әуезов еліне оралды. К.Бекхожин, С.Мұқанов, С.Кенебаев партия қатарына қайтадан алынды. Әйтсе де, Н.С.Хрушев пен оның төңірегіндегілердің Сталиндік тәртіпті сынға алуы үлкен ерлік болғанымен, олар әбден орныққан әміршіл-әкімшілдік жүйені толық жойған жоқ. Әлі де кінәсіз соталған адамдар түрмелерде қалды. Ресейлік патша өкіметінің отарлау саясатын ақтау мақсатында, Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылғандығы кеңінен насихатталып, қазақтардан бірыңғай коммунистік ұлт шығаруға бағыт алынды. Тарихи шындық ақтандақ қалпында қалып, кеңестер жүргізген қанды қырғын біржақты көрсетілді. А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов және т.б. алаш қайраткерлерінің қызметіне саяси әділ баға берілген жоқ. Ұлттық республикалардың егемендігі жоққа шығарылып, экономика салаларында жалпы бағытты белгілеу, кадрларды тағайындау және тағы басқа көптеген мәселелер орталықтағы шағын топтың қолында қала берді. Қайта құрулар соңына дейін жеткізілмеді. Сталиннің өлімінен кейін жасалған іс-әрекеттің жартыкештігінің салдарынан бір жағынан депортацияға ұшыраған башқұрттар, қалмақтар, шешендер, ингуштар мен қарашайлықтардың автономиясы қалпына келтірілсе, ал, екінші жағынан қырым татарлары, немістер, месхет түріктеріне өз автономиясын қайта құруға әкімшіл-әміршілдік жүйе тиым салды. Әкімшіл-әміршіл жүйені мойындаған қазақ зиялыларына біраз кешірімдер жасалғанымен тоталитарлық тәртіп зиялыларды бақылауын тоқтатпады. Мысалы, 1953-1954 жылдары М.Әуезовтің “Ақын аға”, К.Шаңғыбаевтың “Намыс” және т.б. еңбектері басылымнан алынып, жариялауға тиым салынды. 1956 жылы 19 желтоқсанында КОКП Орталық Комитеті жергілікті партия ұйымдарына “Партия ұйымдарының бұқара арасындағы саяси жұмысын күшейту және жау элементтердің антисоветтік бас көтеруіне тыйым салу жөнінде” арнаулы жабық хат жолдады. Сөйтіп, тұтқындау науқанының жаңа кезеңі басталды. Саяси тұрғыда басқаша ойлаушылар қоғамның қайшылықтарын ашық айтқандары үшін қудаланды. Бір ғана мысал, 1956 жылы белгілі тарихшы Э.Н.Бурджалов “1917 жылғы наурыз-сәуір айларындағы большевиктердің тактикасы” аты мақаласы үшін қызметтен алынып, қудаланды. Ал, 1957 жылдың 3 айында ғана “Советтік шындықты бұрмалағаны үшін” және өткенді қайта қарағаны үшін 100-ден астам адам тұтқындалды. Мұндай келеңсіздіктер 60-шы жылдары да қоғам өмірінен орын алды. 1959-1960 жылдары 155 еңбектің жариялануына партия тарапынан тыйым салынды. 1960 жылы Қазақстан жазушылар одағы республика компартиясының төрағасына С.Торайғыровтың творчествосын қайта қарау туралы ұсыныс жіберді.

92. Мемлекет және қоғам қайраткерлерін саяси ақтау және оның «жартымсыз» сипатына баға беру.


1988 жылы 4 қарашада Қазақ ССР Жоғарғы соты "Совет өкіметін қарулы көтеріліс арқылы құлату мақсатында ұйымдасқан "Алашорда" қайраткерлерінің контрреволюциялық, террористік астыртын құпия ұйымын әшкерелеу ісіне" қатысты ОГПУ-дің (СССР кезіндегі саяси жазалаушы орган – Азаттық.) 1930 жылғы 4 сәуірдегі және 1931 жылғы 13 қаңтардағы Жүсіпбек Аймауытов, Ахмет Байтұрсынов, Абдолла Байтасов, Дамолла Битiлеуов, Хайретдин Болғанбаев, Ғазымбек Бiрiмжанов, Дiнмұхамед Әділов, Міржақып Дулатов, Хәлел Ғаббасов, Мирза-Ғазы Есполов, Мағжан Жұмабаев, Елдес Омаров, Кәрім Жәленов, Ахмед-Сафа Юсупов пен тағы басқалар туралы қаулысының күшi жойд

93. Н.С. Хрущевтің партия-мемлекеттік басқару жүйесіндегі реформасы және оның үстірт сипаты.


1953-1964 жылдар тарихта шартты түрде «Хрущев жылымылығы» деп аталады. Сталин қайтыс болғаннан кейін билікке келген Н.Хрущев КСРО экономикасын ілгері дамыту жоспарымен тағы бірқатар реформалар жасауға әрекеттенді. Соғыстан кейінгі астық жетіспеушілігін жою үшін 1954 жылы наурыз айында КОКП ОК Пленумында тың және тынайған жерлерді игеру туралы шешім қабылданды. Егін егетін жер көлемін ұлғайтып астық өнімін көтеруге тапсырылды. Бұл шаруашылық пен азық-түлік дағдарысын шешудегі экстенсивті жолы болды. Астық өндіруді арттыру мақсатында 25 млн. гектар жер жыртылды, оның 9 млн. эррозияға ұшырап жарамсыз болып қалды. Тың игеру жылдары республикаға КСРО еуропалық бөлігінен «қажетті мамандардың» 2 млн. адам жаппай қоныс аударды. Нәтижесінде елдегі демографиялық жағдай одан әрі күрделенді. Қазақтардың үлес салмағы өз елінде 30 % -ға дейін төмендеп кетті.
1957 жылы шаруашылық реформасы бойынша экономиканы басқаруда аймақтық принципке негізделген халық шаруашылық кеңестері құрылды. Қазақстан 9 аймақтық халық шаруашылық кеңеске бөлінді. Елімізде 730 өнеркәсіп орындары іске қосылып жұмыс істеп тұрды. Қарағанды (1953 ж.), Шымкент (1958 ж.) және Семей (1958 ж.) цемент зауыттары, Жезқазған мыс байыту фабрикасы (1954 ж.), Шымкент гидролиз зауыты (1959 ж.) т.б. Халық шаруашылығын дамытудағы 1957 жылғы реформа сәтсіз болды.
Тарихта “жылымық” деп аталып жүрген 1954-1964 жылдары біршама басшылықтың ұжымдық принциптері енгізіліп, әміршіл-әкімшіл басқару жүйесі босаңси бастады. Қоғамдағы кеңес және қоғамдық ұйымдардың рөлі біршама өсті. Қоғамдық өмірді демократияландыруға бағытталған бұл шаралар біршама ой еркіндігін тұғызды. Нәтижесінде мыңдаған кінәсіз сотталған адамдар лагерлерден босатылып, партияның кейбір көрнекті қайраткерлері ақталды. 1930-1950 жылдары істі болған зиялылардың істері қайта қаралып, 1953-1956 жылдары партия қатарынан шығарылған 5456 адам, Ұлы Отан соғысы жылдары жау басып алған территорияларда қалғандары үшін жазаланған 243 коммунист ақталды. Сондай-ақ, 1954 жылы Е.Бекмаханов, Қ.Сәтбаев, М.Әуезов еліне оралды. К.Бекхожин, С.Мұқанов, С.Кенебаев партия қатарына қайтадан алынды. Әйтсе де, Н.С.Хрушев пен оның төңірегіндегілердің Сталиндік тәртіпті сынға алуы үлкен ерлік болғанымен, олар әбден орныққан әміршіл-әкімшілдік жүйені толық жойған жоқ. Әлі де кінәсіз соталған адамдар түрмелерде қалды. Ресейлік патша өкіметінің отарлау саясатын ақтау мақсатында, Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылғандығы кеңінен насихатталып, қазақтардан бірыңғай коммунистік ұлт шығаруға бағыт алынды. Тарихи шындық ақтандақ қалпында қалып, кеңестер жүргізген қанды қырғын біржақты көрсетілді. А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов және т.б. алаш қайраткерлерінің қызметіне саяси әділ баға берілген жоқ. Ұлттық республикалардың егемендігі жоққа шығарылып, экономика салаларында жалпы бағытты белгілеу, кадрларды тағайындау және тағы басқа көптеген мәселелер орталықтағы шағын топтың қолында қала берді. Қайта құрулар соңына дейін жеткізілмеді. Сталиннің өлімінен кейін жасалған іс-әрекеттің жартыкештігінің салдарынан бір жағынан депортацияға ұшыраған башқұрттар, қалмақтар, шешендер, ингуштар мен қарашайлықтардың автономиясы қалпына келтірілсе, ал, екінші жағынан қырым татарлары, немістер, месхет түріктеріне өз автономиясын қайта құруға әкімшіл-әміршілдік жүйе тиым салды.
94. 1965-1966 жылдардағы экономикалық реформалар
Н.С. Хрущев Қазақстанды сынақ алаңы сияқты пайдаланып, көптеген тың тәжірибе жүргізіп, оның ішінде келешегі жоқ тәжірибелерді сынақтан өткізіп байқап көрді. Оның шешімімен республиканың оңтүстіктегі аудандары көршілес республикаларға берілді, жаңа өлкелер құрылды. Бірнеше қала атаулары өзгертілді: Ақмола – Целиноград атанды, Батыс Қазақстан облысы – Орал облысы болды.

Бұл жылдарда елдің экономикасын жаңа сатыға көтеру, халық шаруашылығын басқару, өндірісті жоспарлау мен ынталандыру жүйесін түбегейлі жақсарту қажеттігі пісіп-жетіліп келе жатты. Экономикалық мәселелерді шешуде субъективизмді, валюнтаризмді және өктемдікке әуестікті жою қажеттігі барған сайын айқындала түсті.

Елде қалыптасқан жағдайды түзеу және бұрын жіберілген қателіктерді жою жөнінде кезек күттірмейтін шұғыл шаралар 1964 жылы 14 қазанда болып өткен КОКП-ның пленумында қабылданды. Пленум Н.С. Хрущевті КОКП ОК-нің бірінші хатшысы және КСРО Министрлер Кеңесінің төрағасы міндеттерінен босатты. Оның орнына КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып Л.И. Брежнев сайланды, ал КСРО Жоғарғы Кеңесі Кеңес үкіметінің басшысы етіп А.Н. Косыгинді тағайындады.

КОКП-ның 1965 жылғы қыргүйек пленумында өнеркәсіпті аумақтық ұстаным бойынша басқарудың тиімсіз болып шыққаны сөз болды. Енді оны салалық ұстаным бойынша басқару өнеркәсіптің салалары бойынша республикалық және одақтық министрліктер құру қажет деп ұйғарылды. Сонымен қоса мұнда кәсіпорындарға көбірек дербестік беру, шаруашылық есепті дамыту, жұмысшылар мен қызметкерлерді экономикалық ынталандыру, материалдық көтермелеу ұсынылды.

Жаңа шаруашылық реформалары деп аталған бұл шаралар 1965 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі қабылдаған «Өнеркәсіпті басқару органдарының жүйесін өзгерту және мемлекеттік басқарудың кейбір органдарын қайта құру» туралы заңда дәйектелді. Сонымен бірге жоспарлау мен экономикалық ынталандыру әдістеріндегі қателер де түзетіле бастады. Осы жылдарда іске асырылған шаруашылық реформалар дәйекті жүргізілмегеннің өзінде де елдің экономикасын көтеруге елеулі ықпал жасады.

Қабылданған шешімдерге сәйкес 1965-1966 жылдары Қазақстанда экономикалық аудандардың халықшаруашылығы кеңестері таратылып, салалық одақтық, республикалық министрліктер құрылып, өнеркәсіптік, құрылыс материалдары, орман, целлюлоза, қағаз және ағаш өңдеу, азық-түлік т.б. кәсіпорындары біріктірілді.

60 жылдардың басында өнеркәсіпті сапалық жағынан өзгерту, ғылыми негізде құру басталды. Қазақстанда өнеркәсіпке жаңа техниканы енгізу жоспары жасалды. Ең алдымен өндірісті электрлендіру мәселесі қолға алынды. Қарағандыда іске кіріскен екінші МАЭС пен Бұқтырма су-электр станциясы техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің жоғарылығымен ерекшеленді. Қарағанды көмір кеніндегі механикаландырылған жүйе еңбек өнімділігін 6%-ға дейін көтерді. Өндірістің автоматтандырылған жүйесі 27 мың адамның еңбегін атқарды. 1985 жылы жаңа технологиялық процесті өндіріске енгізгені үшін Ащысай полиметалл комбинатына Лениндік сыйлық берілді.

Ғылыми-техникалық жетістіктер нәтижесінде Шымкенттегі М.И. Калинин атындағы зауытта жұмыс технологиясы жақсартылды.

1965 жылы Өзен кен орнында жаңа технология негізінде алғашқы мұнай өндірілді.

1965 жылғы шаруашылық реформасы нәтижесінде ғылыми-технологиялық процестерді өндіріске енгізу ісі өнеркәсіптегі жағдайды түбірімен өзгертті. Реформа еңбек пен өндірісті ұйымдастыруды жетілдіруге оң жол ашты. Кәсіпорындар қызметін жоғарыдан реттеуге шамадан тыс әуестену тоқтатылды, олардың шаруашылық дербестігі ұлғая түсті. Пайда, баға, ақшалай сыйлық, несие және т.б ретке келтірілді. Әрбір жұмыскердің, тұтастай алғандағы кәсіпорынның материалдық мүддесіне баса назар аударылды.

1966 жылы Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты, Шымкент цемент зауыты бастаған өнеркәсіптер жұмыс жүргізудің жаңа тәртібіне көшті. 1970 жылы Қазақстан өнеркәсібінің 70 пайызы жаңа жүйемен жұмыс істеді.

1970 жылға қарай КСРО-ның халықшаруашылығында Қазақстанның көмір және темір кенін өндіру, болат балқыту, қара металл шығару бойынша үлес салмағы өсті.

Республикада бұрын болмаған өнеркәсіп салалары өркендеді: титан, магний, синтетикалық каучук, полиэтилен, көтергіш крандар өндірістері т.б. Мұнай өндіру және химия өнеркәсібі де бұл уақытта жалпыодақтық маңызға ие болды.

Ауылшаруашылығы шикізатының мол болуы 1960 жылдар ішінде Қазақстанда жеңіл және тамақөнеркәсібін дамытуға ықпал етті. Бұл кезеңде салынған кәсіпорындардың ішіндегі аса ірілері – Алматы мақта-мата комбинаты, Жамбыл былғары аяқкиім фабрикасы, Қостанай костюмдік штапель маталар комбинаты, Қарағанды аяқкиім және шұлық фабрикалары, Жезқазған, Семей, Ақтөбе тоқыма фабрикалары және т.б. болды.

Бұл жылдары Ақтөбеде, Шымкентте, Жамбылда, Теміртауда жаңа ет комбинаттары өнім бере бастады. Ондаған сүт, нан зауыты салынды. Шу мен Ақсуда қант, Алматыда маргарин зауыттары, Ақтөбеде кондитер фапбрикасы сияқты ірі кәсіпорындар іске қосылды. Бес жылдың ішінде республикада жеңіл өнеркәсіптен 14 кәсіпорын салынды. Аз ғана уақыттың ішінде Қазақстанда 170-ке жуық кәсіпорын іске қосылды. 1970 жылға қарай қуатты Екібастұз отын энергетика кешенінің құрылысы басталды.

95. Қазақстанның КСРО өнеркәсібінің дамуына қосқан үлесі


Республиканың халық шаруашылығын қалпына келтіру əлі аяқталмаған болатын. Өнеркəсіп өндірісі соғысқа дейінгі деңгейінің 61%-на ғана жетті. Қазақстандағы индустрияландыру КСРО халық шаруашылығын дамытудың 1-бесжылдығымен (1928-1932 жж.) қатар келіп, өлкеде елеулі қиыншылықтармен жүзеге асты. Ауыл шаруашылығының үлесі басым болды. Орал-Ембі өңіріндегі бірнеше мұнай кәсіпшіліктері, Орталық Қазақстандағы көмір шахталары, Алтайдағы түсті металлургия кәсіпорындары ғана бар болатын. Байланыс және тасымал құралдары нашар дамыған еді.

Индустрияландыру үрдісі басқару жүйесіне әміршіл-әкімшіл басқару әдісінің енгізілуіне байланысты еді. 1925-1933 жылдар арасында билікте болған Ф.И.Голощекин социализмнің теоретигі рөлін атқаруға тырысып, Сталиннің қатаң бағытын жақтап, аймақтық көсемшілдік идеясын ұстанды. Ол қазақ ауылы Қазан лебін сезінген жоқ деп есептеді. Сондықтан “Кіші Қазан” төңкерісін өткізу идеясын насихаттады. Оның бағыты қарсылыққа ұшырап, Сталинге хат жолдады. Ф.И.Голощекин “Мен осы жазбаңызда белгіленген саясат, негізінен алғанда, бірден-бір дұрыс саясат деп ойлаймын” деген жауап алды.


С.Сəдуақасов пен Ж.Мыңбаевтың өлке экономикасында сақталып отырған отаршылдық құрылымды қайта қарау қажеттігі туралы ұсыныстары “жергілікті ұлтшылдық көрініс” деп қабылданды. Жоспарлаушы органдағы экономистердің өндіргіш күштердің даму деңгейіне, еңбек қорларының дəрежесіне сəйкес келетін индустрияландыру қарқыны туралы шақырулары “ұлыдержавалық шовинизм көрінісі” деп есептелді.


Индустрияландыру өлкенің табиғи байлықтарын зерттеуден басталды. Академик Н.С.Курнаков басшылық еткен геологтар мен геофизиктер Орталық Қазақстанның минерал-шикізат байлықтарын зерттеді. Олар “ҚазАКСР-і – Кеңес Одағының тұтас металлогенді аймағы” деген тұжырым жасады. Академик И.М.Губкин Кеңес билігінің алғашқы күндерінен бастап Орал-Ембі мұнайлы ауданын зерттеп, бұл кен орны мұнайға аса бай облыстардың бірі деп қорытындылады.


Инженер-геолог Қ.И.Сəтбаев Жезқазған ауданындағы мыс кен орындарын зерттеп, аймақтың болашағы зор екенін дəлелдеді.


1927 жылы Түркістан-Сібір теміржол магистралының құрылысы басталды. Теміржолды салуға басшылық етушілердің арасында Т.Рысқұлов, М.Тынышбаев болды. Түрксіб құрылысында бірнеше ұлт өкілдерінен тұратын 100 мың адам еңбек етті. 10 мыңдай қазақ жұмысшылары теміржолшы, құрылысшы, техник, жол ісінің шебері мамандықтарын меңгерді. Қатардағы жұмысшы Д.Омаров Түрксіб теміжолының бастығы қызметіне көтерілді. Қатардағы құрылысшы Т.Қазыбеков “Қазақкөлік-құрылыс” тресінің бастығы, Социалистік Еңбек Ері атанды.


Түрксіб жоспарда белгіленген 5 жылдың орнына 3 жылда салынып бітті. 1930 жылғы 28 сəуірде солтүстік жəне оңтүстік учаскелер Айнабұлақ станциясында түйісіп, жол уақытша іске қосылды. 1931 жылғы қаңтарда тұрақты пайдалануға берілді. Түрксіб магистралы салынуының мемлекеттік жəне əлеуметтік-экономикалық маңызы болды. Орта Азия Сібір аудандарымен жалғастырылды. Елдің шығыс аудандарының экономикасы мен мəдениетін дамытуға ықпал етті.


Соғысқа дейінгі бесжылдықтар кезінде салынған құрылыстар: Түрксіб теміржолы, Қарағанды шахталары, Ембі мұнай кəсіпшіліктері, Шымкент қорғасын зауыты, Балқаш, Жезқазған кен-металлургия комбинаттары, Кенді Алтай, Ащысай полиметалл кəсіпорындары, Ақтөбе комбинаты, жылу жəне су электр станциялары, құрылыс материалдары кəсіпорындары. Балқаштың, Қарсақпайдың, Жезқазғанның түсті металлургия кәсіпорындарымен бірге көмірлі Қарағанды алып өнеркәсіп кешеніне айналды. Түсті металлургия өнеркәсіптің жетекші саласына айналды. Индустрия дамуында Ертіс өңірінің үлес салмағы зор болды.


Өлкеде болашақ өнеркəсіп тораптарының негізі қаланып, басқа республикадағы экономикалық аудандармен байланыс нығайтылды.


Орталық Қазақстан шикізатты өңір ретінде Оңтүстік Оралдың өнеркəсіп орындарын кен, металл, көмірмен жабдықтады. Кенді Алтай Сібірдің индустриялы кешенімен ұласты. Ембі Батыс Қазақстандағы ірі мұнай өнеркәсібі базасына айналды. Орал-Сібір-Қазақстан үшбұрышы мырыш, мыс, қорғасын өндіруден КСРО-да жетекші орын алды.


Əміршіл-əкімшілік басқару жүйесінің əдістерімен – директивалық жоспарлау, орталықтың əмірімен іске асырылды. Өлкедегі индустрияландыру жоғарыдан жүзеге асырылып, шикізат көздері қарқынды игерілді. Қазан төңкерісіне дейінгідей өндіруші салалар және химия өнеркәсібінің дәстүрлі салалары басым дамытылды. Машина жасау, металлургия, қорғаныс өнеркəсібі кəсіпорындары болмады.


Энергетика базасы, құрылыс материалдары өнеркəсібі артта қалды. Тау-кен шикізатын дайындаушы база ретінде қала берді.


Республикадан сирек кездесетін металдар, мұнай, көмір, фосфорит орталыққа тегін əкетілді. Алтын өндіру елдің қаржы жүйесін нығайтуға үлес қосты. Табиғи байлықтарды теміржол арқылы тасымалдау 1913 жылғы деңгейінен 21,3 есе асып түсті. С.Сəдуақасов: “Қазақстан отар болып келді жəне солай болып қалды” деп көрсетті. Мұнай Ембіде өндіріліп, мұнай өңдейтін кәсіпорын Орскіде салынды. Білікті жұмысшы мамандар, инженер-техник қызметкерлер сырттан, негізінен РКФСР мен Украинадан əкелінді.


Қалаландыру үрдісі жүріп, қалалар мен қала үлгісіндегі қоныстар, қала халқы көбейді. 1939 жылы қалада 375 мың қазақ тұрды. 1926 жылмен салыстырғанда 5 есе көп болғанына қарамастан, қалалар еуропалық сипатта болған. Соғыс қарсаңында қала мен қала үлгісіндегі қоныстарда қазақтардың 16%-ы тұрды. Қала халқы Мәскеу, Ленинград, Киев, Харьков, Свердловскіден және Ресей, Украина, Әзірбайжаннан келген жұмысшылар, инженерлер, техниктер есебінен көбейді.


96. «Жастұлпар» және студенттік жастардың басқа да бейресми ұйымдары, алғашқы қазақ диссиденттері.


Тоқырау кезеңінің идеологиясында орыстандыру саясаты басты бағыттардың бірі болып қалыптасты. Хрущевтік-брежневтік әкімшілік әлемнің алтыдан бір бөлігін алып жатқан жерде тарихи жаңа қауымдастық – кеңес халқын жасау ниетін көздеді. Коммунистік әкімшіліктің “халықтардың мызғымас достығы”, “ұлттар мен ұлыстардың жақындасуы жəне бірігуі” туралы тезистері жүзеге асырылып жатты.

1960 жылдардың ішінде Мəскеуде қазақ студенттерінің тұңғыш ұлттық-демократиялық бейресми ұйымы – “Жас тұлпар” құрылды. Басты ұйымдастырушысы – Мұрат Əуезов. Көмекшілері А.Қадыржанов, Б.Тайжанов болды. Мақсаты: бұқараның ұлттық санасын ояту, жоғарғы органдарға ұлт қатынастарына қатысты нақты ұсыныс айту.


“Жас тұлпар” ұйымы алғашқыда 800 студентті біріктірді, кейін Алматы, Ақмола, Шымкент, Ленинград, Киев, Одесса, Павлодар, Ригада құрылды. Қарағандыда “Жас қазақ”, Семейде “Тайшұбар” деп аталды. 1970 жылдары ұйымның ықпалымен “Гүлдер”, “Дос-Мұқасан”, “Айгүл” ансамбльдері құрылды.


1975 жылы Олжас Сүлейменовтің “АЗиЯ” атты тарихи-лингвистикалық талдау кітабы жарық көрді. “Игорь жасағы туралы жырды” талдай келіп, бұл жыр славяндық жəне түркілік этностық əлем шекарасында дүниеге келген және жырда екі көрші мəдениеттің шындықтары көрініс тапқан деген тұжырым жасады. Алайда ұлыдержавалық шовинизм идеологтарына бұл ұнамады. Бас идеолог М.Сусловтың басшылығымен тойтарыс беріліп, кітап тауар айналымынан алынып тасталды, жаңа басылымына тыйым салынды.


Еділ бойындағы автономиялық құрылым таратылғаннан кейін жүздеген мың неміс Қазақстанға қоныс аударған болатын. 1979 жылғы көктемде КОКП ОК-і Қазақстан аумағында неміс автономиялық облысын құру туралы шешім қабылдады. Бұл қазақ халқының мүдделерін аяққа басудың көрінісі еді. Қазақстан Компартиясы ОК-нің екінші хатшысы А.Коркин басшылық ететін арнайы комитет құрылды. Болашақ неміс автономиясының əкімшілік орталығы Ақмола облысындағы Ерейментау қаласы деп белгіленді. Автономия құрамына Павлодар, Қарағанды, Көкшетау облыстарының бірнеше аудандары енгізілмек болды. 1979 жылғы 16-19 маусымда Целиноград жастарының наразылығы болып өтті. Олар “Қазақстан бөлінбейді”, “Неміс автономиясына жол жоқ” деген транспаранттарын көтерді. “Біз Кремльдің мұндай шешімін айыптаймыз” ұраны айтылды.


Облыс басшылары автономия құрылмайтындығын мəлімдегеннен кейін ғана наразылық білдірушілер тарады. Толқулар легі көптеген елді мекендерде болып өтті. Партия ұйымдары, МҚК бұл шерулер туралы хабардың таралмауын қамтамасыз етті.


97. М.С. Горбачевтың реформалары


КСРО құрамындағы одақтас республикаларда 1980 жылдан кейін аса күрделі кезең басталды.

Басшылықтың өзгерістерді жүзеге асыру қажеттігін түсінуге қабілетсіздігі мен дәрменсіздігі, қоғамдық өмірдің, экономикалық қызметтің, азаматтардың жеке өмірінің бір орталықтан басқарылуы, партиялық және мемлекеттік функциялардың бірігуі, заңдылықтың бұзылуы, жариялылықтың болмауы, ғылыми-техникалық және технологиялық прогресте арттақалушылық, бақылаусыз басқару аппараты, инфляция, тауар тапшылығ, халықтың тұрмыс деңгейінің нашарлауы, теңгермешілдік, әлеуметтік әділеттіліктің жиі бұзылуы, ұлтаралық қатынастардағы шиеленістер экономикалық дағдарысқа алып келді.


1985 жылдың көктеміне қарай елде экономикалық реформа жүргізу қажеттігі айқын сезілді. 1985 жылы наурыз айында КОКП Орталық комитетінің бас хатшысы болып М.С. Горбачев сайланды. Қызметінің алғашқы күнінен бастап елдегі дағдарыс жағдайының себептерін ашу үшін батыл шаралар жүргізіп, күн тәртібіне кадр мәселесін қойды.


М.С. Горбачев экономикалық реформаны жүргізуді бастау үшін жас кадрларды тарта отырып, өз «командасын» жинады. Партия мен мемлекет басшылығына жаңа адамдар келді.


1985 жылы сәуірде КОКП ОК-тың пленумында әлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету мәселесіне сәйкес экономикалық құрылымды қайта құру бағыты жарияланды. Бұл бойынша қоғамды түбегейлі өзгерту және әлеуметтік экономиканы дамытуды тездету тапсырылды. Қоғамдағы адамдардың рөлін арттыра отырып, өндірісте тәртіпті күшейту, еңбекке ынталандыруды жетілдіру көзделді.


М.С. Горбачев саясатының ұраны: жариялық, жеделдету, қайта құру.


Бұл қайта құру бағыты 1986 жылғы КОКП-ның XXVII съезінде мақұлданды. Қайта құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми айқындамасыз жүргізілді. М. Горбачев командасы экономика мәселелерін әлі бұрынғыша әмір беру әдістерімен шешуге болады деген сенімнен арылмады. Коммунистік басшылық әр республика өз шаруашылығын өзі басқаруы керек деген пікірлер мен талаптарды жершілдік, ұлтшылдық бағыттағы саяси ойын деп санады.


Қайта құру бағыты алғашқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай бастады.


1987 жылғы Маусым пленумы басқару ісін түбірлі қайта құру мәселелеріне арналды. Пленум әзірлеген құжаттар негізінде «Мемлекеттік кәсіпорын туралы заң» қабылданды. Бұл заңда тауар-ақша қатынастарының рөлі айқындалды. Мемлекеттік кәсіпорындар дербес тауар өндірушілер ретінде қарастырылды. Шаруашылықты жүргізудің экономикалық әдістерін меңгеруге көшуге негіз жасалды. Алайда бұл шаралар іске асырылмады. Халықшаруашылығындағы жағдай ауырлай түсті. Дүкен сөрелерінен күнделікті тұтынатын тауарлар жоғала бастады, азық-түлік түрлері азайды.


Қоғамның саяси құрылымдарын жаңартпайынша шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістері нәтиже бермейтіні айқын болды. Қайта құруды жүргізу үшін ең алдымен саяси жүйеге реформа еңгізу керек болды.


1990 жылдың 25 қазанында Қазақ КСР-нің егемендігі жөніндегі декларация қабылданды. Қазақстанда одақтық заңдардан республикалық заңдардың басымдығы туралы ұстаным жария бола бастады. Қабылданған шешімдер мен қарарлар бұрынғыдай орталықтың емес, республиканың мүддесіне сай болатын болды.


1990 жылы желтоқсанда Қазақстан президенті болып Н.Ә. Назарбаев бекітілді.


Қазақстанда «Қазақ КСР-індегі меншік туралы заңның» қабылдануы экономикада түбірлі бетбұрыс жасап, нарықтық қатынастарды енгізудің бастамасы болды. Бұл заң өндіріс құрал-жабдықтарына мемлекеттік меншіктен өзге, жекеменшіктің болу мүмкіндігін дәйектеп берді.


Өзге одақтас республикалардағыдай Қазақстан экономикасы да нарықтық қатынастарға бағыт алды, түрлі кооперативтер, жекеменшік фирмалар, шағын кәсіпорындар құрыла бастады.


Алайда республика бұрынғыша шикізат көзі болып қала берді. Рухани идеологиялық өмір отарлау жүйесінің толық ықпалында болды. Ғылым мен ағарту саласын қаржыландыруда «қалдықты» ұстаным сақталды.


Аса маңызды мәселелердің барлығы Мәскеуде шешіліп отырды. Республикалар егемендігі сөз жүзінде ғана болды.


98. Ауған соғысы және оған қазақстандықтардың қатысуы (1979-1989 жж.).


Ауған соғысы (пушт.: په افغانستان کې شوروی جګړه‎‎ , парсы: جنگ شوروی در افغانستان‎‎) — КСРО Қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. КОКП және КСРО басшылығы Ауғанстандағы 1978 жылғы сәуір төңкерісі нәтижесінде билікке келген “халықтық-демократяиылық үкіметті” қолдап, көршілес елдің соцмалистік бағытпен дамуын көздеп, “интернационалдық әскери жәрдем береміз” деген желеумен оның ішкі істеріне араласты.[1] Бұл “қырғи қабақ соғыс” кезеңі өткеннен кейінгі уақытта да КСРО-ның өзге елдерді өз ықпалына қарату саясатының айқын көрінісі еді. 1965 жылы қаңтарда Ауғанстанда Кеңес Одағы Мемлекеттік қауіпсіздік крмитеті (МХК) тыңшыларының қатысуымен жартылай астыртын қызмет атқарған халықтық-демократиялық партия (ХДП) құрылып, біраздан соң ол екіге бөлінген. “Хальк” тобын Н.М.Тараки, Х.Амин, ал “Парчам” тобын Б.Кармаль басқарды. 1977 жылы мамырда Мәскеудің нұсқауымен ХДП-ның екі тобы бірігіп, астыртын қимылдарын ұлғайта түсті. Мұхаммед Дауд үкіметі ХДП-ға қысым жасап, 1978 жылы 26 сәуірде оның басшыларын қамауға алды. Ертеңіне Кабулдағы әскери күштер көтеріліп, Дауд бала-шағасымен қазаға ұшырады. Сөйтіп Ауғанстанда ХДП билігі орнады. Жаңа үкімет КСРО-ның айтқанынан шықпай, бірден социализм негізін қалауға кірісті. Жер реформасын енгізу, діндарларды қудалау, ағарту саласындағы өзгерістер, кеңестік мамандарды көбірек пайдалану, жергілікті көшпелі тайпалардың әдет-ғұрпымен, салт-мүддесімен санаспау, т.б. бұқара халықтың наразылығын тудырды. 1978 жылы қазанда ірі қарулы қарсылықтар басталды. Ауған үкіметі КСРО-мен достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы шартқа отырып (желтоқсан, 1978), Мәскеуге арқа сүйеді. Алайда халық күресі одан әрі күшейе түсті. 1979 жылдың ақырында 26 уәлаятта 18 көтеріліс өрті лаулады. Сондай жағдайда ХДП басшылары өзара тартысып, Кармаль тобы жеңіліп (1978, шілде-тамыз), оның өзін Чехословакияға елші етіп жіберді. Келесі жылғы қыркүйекте Тараки Аминнің қолынан қаза тауып, ХДП мен мемлекет басына Амин отырады. Бұл жағдайды Мәскеу өз мүддесіне қауіп ретінде қабылдады. КСРО МХК Аминді қызметінен шеттетіп, “парчамшылдарды” билікке әкелуге әрекеттенді. 1979 жылы 12 желтоқсанда Кеңес Одағы басшыларының шағын тобы (Л.И. Брежнев, Ю.В. Андропов, М.А. Суслов, Д.Ф. Устинов, А.А. Громыко) Ауғанстанға кеңес әскерін енгізу туралы шешім қабылдады. Сөйтіп, 1979 жылы 27 желтоқсанда КСРО әскерлері Ауғанстан шекарасынан өтіп, онда 1989 жылдың 15 ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді.

99. Д.А.Қонаевтың қызметі.


Дінмұхамед (Димаш) Ахметұлы Қонаев (12 қаңтар 1912 жыл – 22 тамыз 1993 жыл) — аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы.
Бірнеше мәрте КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты болып сайланды. КОКП-ның XIX-съезінен бастап, кейінгі съездерінің бәріне делегат болды. Парламент және партия делегациясын басқарып, әлденеше рет шетелдерде болып қайтты.

1956 жылдан бастап СОКП-ның Орталық Комитетінің мүшесі. Партияның XXIII-съезінде ол КОКП-ның Орталық Комитетінің Саяси Бюросының мүшелігіне кандидат, ал XXIV-съезде мүше болып сайланды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының мүшесі болды.


Д. Қонаев өз заманының ұлы саясаткерібола білді. Ол билік басында болған уақыт қайшылықты күрделі, қарама-қайшылықты болғанымен, елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді.


Дінмұхамед Ахметұлы ел басқарған жылдары кең байтақ қазақ жерінде 68 жұмысшылар кентімен 43 қала пайда болды. Оның ішінде, өнеркәсіп орталығы болып саналған Рудный, Екібастұз, Шевченко (қазіргі Ақтау), Никольский, Степногорск, Теміртау, Жаңатас, Кентау, Арқалық қалалары салынды.


Ауыл шаруашылығы қарқынды дамып, тың және тыңайған жерлер игерілді. Кеңшарлар мен ұжымшарлар салынды. Мал саны көбейіп, ауыл шаруашылығының өнімдері жыл сайын артып отырды.


Дінмұхамед Ахметұлы арқасында Қазақстанның өнеркәсіп, оның ішінде түрлі-түсті металлургия саласы жоғары деңгейде дамыды. Бүкілодақтық көлем бойынша мыстың үштен бір бөлігі, қорғасынның70%-ынан астамы, мырыштың 40%-ынан астамы қазақ жерінде өндірілді. Өскемен қорғасын-мырыш және титан-магний комбинаттары, Соколов-Сарыбай мен Лисаков кен-байыту комбинаттары, Жезқазған мен Балқаш таукен-металлургия комбинаттары, Ермаков пен Ақтөбе ферроқорытпа зауыттары іске қосылып, Ақтөбе қаласындағы шығарылған хром кенінің көлемі артты.


100. 1986 жылғы Алматыда және республиканың басқа қалаларында болған Желтоқсан оқиғасы.


Қарағанды облысында Қазақстанның тау-кен металлургиясының бірден-бір орталығын құру жоспарланды. Теміртауда бүкілодақтық комсомол жастар құрылысы мәртебесіне ие болған қазақстандық «Магнитка» металлургиялық зауытының құрылысы іске қосылды. Республикамызға өзге де одақтас республикалардан, сондай-ақ социалистік мемлекеттер достастығы елдерінен жұмысқа келушілер саны көбейе бастады. Теміртау халқының күрт өсуіне байланысты жұмысшыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі алда тұрды. Барлық жұмысшыларға пәтер жетіспей, олардың көпшілігіне вагондар мен барактарда, брезент палаткаларда өмір сүруге тура келді. Сонымен қатар медициналық қызмет көрсету, мәдени демалыс орындары (клуб, жөндеу жұмыс орындары мен шеберханалар), білім беру (мектептер) және дүкен, асхана, буфеттерден, әсіресе, жаз күндері ауыз судан жергілікті халық тапшылық көрді. Бірақ бұл қиыншылықтардың барлығы өткінші ауыртпалықтар ретінде қарастырылды.

Алайда өндіріс аясындағы дағдарыс одан әрі тереңдей берді. Мысалы, құрылыс материалдарын әкелу кестесінің бұзылуы, техника қауіпсіздігі ережелерін сақтамау, апаттардың жиілеуі, техниканың бүлінуі және тұрып қалуының салдары құрылыста кадрлардың тұрақтамауына әкеліп соқтырды.


Осындай жағдайларға байланысты жұмысшылар арасында наразылық туа бастады. 1959 жылдың 1 тамызында, сенбі күні кешке жұмысшылардың бір тобы ауысымнан кейін бірде-бір ашық асхана таппады. Бұл жұмысшылардың наразылығын туғызды (89 мың жұмысшыға әрқайсысы 2120 орыннан 178 асхана болды). Асханалар мен дүкендерде ойран салу әрекеттері басталды, көшелерде ереуілдер мен бүліктер ұйымдастырылды, қалыпты өмір-салты бұзылды.


Бүлікті басу үшін милиция мен Қарлаг әскерлері жұмылдырылды. Қару қолдану жағдайлары да болды. Бүліктің үшінші күні зауыттарға әскер енгізілді.


Болған оқиғалар жайында БАҚ ешқандай хабар бермеді. Бірінші кезекте бұл туралы облыстық, республикалық партия ұйымдарының басшыларына, сонымен қатар КСРО мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің басшыларына хабарланды.


КОКП ОК-і Президиумының бұйрығы бойынша кұрамында КОКП ОК-нің өкілдері, сондай-ақ ҚазКП хатшысы Беляев кірген комиссия құрылды.


1959 жылдың казан айында Мәскеуде болған КОКП ОК-і Президиумының мәжілісінде Теміртаудағы оқиғаларға байланысты «Қарағанды металлургия зауытын салу мәселелері туралы» қаулы қабылданды. Осы бойынша кінәлілер анықталып, жауапкершілікке тартылды. Қарағанды облыстық комитетінің бірінші хатшысы П.Н. Исаев пен «Қазметаллургқұрылыс» тресінің бастығы Вишневский кінәлі деп жарияланды.


Теміртаудағы бүліктің негізгі себебі жұмысшылар арасында тәрбие және саяси үгіт-насихат жұмыстарының дұрыс жүргізілмеуі деп есептелді.


Бірақ бұл оқиғалардың басты себебі елдегі басқару ісінің негізгі принциптеріне байланысты еді. Басты назар адам мен оның жеке мәселелерінде емес, өндірістік салада ғана болды.


1979 жылы КОКП Қазақстан жерінде Неміс автономиялық облысын құру туралы шешім қабылдады. Автономиялық облыстың құрамына Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Кокшетау облыстарының бірнеше ауданы кіруге тиіс болды. Жоспар бойынша автономиялық облыс орталығы Ерейментау қаласында орналасатын болды. Бұл жөнінде арнайы комиссия құрылып, оған КОКП ОК-ының хатшысы А. Коркин төрағалық етті. Партияның бұл шешімі қазақ халқының ұлттық мүддесін аяққа таптаудың көрінісі болды.


1979 жылы 16 маусымда Ақмола (Целиноград) қаласындағы Ленин алаңына қазақ жерінде неміс автономиясын құруға наразы болған жастар жиналды. «Неміс автономиясына жол жоқ!» «Қазақстан бөлінбейді!» деген жазулары бар плакаттар ұстаған жастар партияның бұл шешімін қатты айыптады. Осы жылы 19 маусымда жастар алдына шыққан атқару комитетінің төрағасы Жұмахметов пен облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Морозов Қазақстан жерінде ешқандай автономия құрылмайтынына жастарды сендірді.


Целиноград оқиғасы Целиноград қаласын ғана емес, облыстың басқа да елді мекендерін қамтыды. Бұл жолы өрескел құқықбұзушылыққа жол берілген жоқ. Шеруге қатысушылардың кейбіреулері әкімшілік жолмен жазаланды.


Целиноградтағы оқиға 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің алғышарты болды.


1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына ондаған жыл бойы қордаланып қалған келеңсіздіктер – қоғамдық-әлеуметтік және мәдени салаларды қамтыған өрескел кемшіліктер, ұлт мәселелерінің қатты шиеленісуі, орталықтың өктемдік әрекеттері себеп болды.


Наразылықтың сылтауы – 1986 жылы 16 желтоқсанда өткен Қазақстан Компартиясы орталық комитетінің V пленумы болды. Пленумда Г.П. Разумовский ұсынысымен Қазақстанды көп уақыт бойы басқарған Д. Қонаев орнынан босатылып, мемлекет басшылығына республика халқына бейтаныс Ульяновск облысы партия комитетінің бірінші хатшысы болған Г.В. Колбин тағайындалды. Ел басшылығын ауыстыруға арналған бұл пленум 18 минутқа ғана созылды.


Орталықтың бұл әрекеті үлкен саяси қателік және қазақ халқының мүддесін мүлде елемеушілік болды.


1986 жылы 17 желтоқсанда Алматыда жастар толқуы басталды. Кейін бұл толқу республиканың басқа қалаларына тарады. Шеру бейбіт және саяси сипатта болды. Жастар шеруі құқықбұзушылық, ұлтшылдық сипаттан аулақ болды. Наразылықтың басты қозғаушы күші студенттер, жастар болды. Бюрократиялық жүйеге үйренген республика басшылары жастар пікірін тыңдағылары келмей, олардың тез тарауын талап етті. Шеруді тарқату мақсатында республика басшылары Алматы гарнизоны, басқа да әскери күштер көмегімен жастар жиналған Брежнев алаңын қоршады. Демонстрацияны тоқтату мақсатында КСРО-ның кейбір өңірлерінен ішкі әскер бөлімдері әкелінді.


Осыншама ірі күштер сапер күрегі, үйретілген иттер, су шашатын машиналар, сойындар т.б. қарулар көмегімен демонстрацияны тоқтатты.


Шеруге қатысқандарды тергеу ісі өте қатал, заңсыз жүргізілді. Тергеу камераларына, қаланың сыртына әкетілгендердің саны 8,5 мың болды. Көптеген жас оқу орындарынан, комсомолдан шығарылды.


Желтоқсан оқиғасына қатысқандардың ішінде Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова сияқты жастар жазықсыз өктем биліктің құрбандары болды. Біраз уақыттан кейін сол кезде айыпталған 99 адамның 46-ы ақталды, 83 адам 1,5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, 52 адам партия қатарынан, 787 адам комсомол қатарынан шығырылды. 1138 адам комсомолдық сөгіс алды, жоғары оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды, 758 студент оқудан шығаралды. Желтоқсан құрбаны Қайрат Рысқұлбеков 1988 жылы мамырда қайтыс болды. 1996 жылы 9 желтоқсанда оған «Халық қаһарманы» атағы берілді. 1987 жылы Желтоқсан оқиғасы «Қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деп бағаланды.


Желтоқсан оқиғасы КСРО-ның ыдырауын тездетті. Кейіннен партия Желтоқсан оқиғасында жіберілген қателерді мойындады. КСРО халық депутаттарының I съезінде ақын, қоғам қайраткері М. Шаханов Желтоқсандағы орталықтың жүргізген іс-әрекетін қатты сынап, мінбеде сөз сөйледі. Бұл Желтоқсан шындығын ашудағы алғашқы қадам болды.


101.Алаш қозғалысы қайраткерлерінің ресми түрде ақталуы.


Тәуелсіздік алған жылдары елімізде саяси партиялардың және партиялық жүйелердің орнығуына, тәуелсіз баспасөздің дамуына көп көңіл бөлінді. Бұл жағдай республиканың өркендеуіне, қоғамның демократиялануына, реформаның тереңдеуіне, экономиканың және халықтың тұрмыс-тіршілігінің жақсаруына ықпал етті.

Партия – мақсаты билікке қол жеткізу болып саналатын саяси ұйым. Партия қоғам мен мемлекет арасындағы дәнекер буын қызметін атқара алады. Партия халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтауы тиіс.


1990 жылдың аяғына қарай қатарында 800 мыңға жуық коммунист болған Қазақстан коммунистік партиясы сан жағынан ең көп саяси күш болды. Дегенмен елде компартияға деген халықтың сенімі әлсіреді. Бұл жағдай компартия беделінің түсуіне айтарлықтай әсер етті. 1990 жылы компартия мүшелерінің 42 пайызы өз еркімен партия қатарынан шықты. Осы жылы партия мүшелерінің қатары 49 мыңға кеміді.


«ҚХКП» (Қазақстанның Халықтық-коммунистік партиясы) – Қазақстан Коммунистік партиясының ыдырауы нәтижесінде құрылды. ҚХКП-ға ҚКП-дан 15 мың адам мүшелікке өтті. Бұл партия 2004 жылы сәуірде ҚР Әділет министрлігінде тіркелді.


Партияның мақсаты – қоғамда шынайы халық билігін, терең адамгершілік, еркіндік және ғылыми-техникалық жаңғыру негізінде дамыған экономика, әлеуметтік әділеттік орнату. Партия 2012 жылғы мәжіліс сайлауында 7 мандатты иеленді.


Сипаты – халықтық-коммунистік, коммунизм идеясын сақтай отырып, әлеуметтік әділетті қоғамға қол жеткізуді мақсат етеді. 1991 жылы Қазақстан социал-демократиялық партиясы құрылды және «Азат» азаматтық қозғалысының партиясы құрылды. Бұл уақытта «Желтоқсан» партиясы да құрылды. Бұл партияның құрамына 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқандар кірді. Ал жастар өздерінің саяси қозғалысы «Алаш» партиясын құрды.


1993 жылдың соңында Қазақстанда 4 саяси партия тіркелді. Олар – Социалистік партия, Қазақстанның Республикалық партиясы, Қазақстанның Халық конгресі және Коммунистік партия. 1994 жылы желтоқсанда Қазақстанның Халықтық-кооперативтік партиясы, 1995 жылы қаңтарда Қазақстанның Өрлеу партиясы, 1995 жылдың басында Қазақстанның Аграрлық партиясы, 1995 жылы жазда Қазақстанның Демократиялық партиясы құрылды.


1999 жылғы қаңтарда «Отан» партиясы құрылды. Бұл партия Н.Ә. Назарбаевтың президенттікке кандидатурасын қолдау үшін қоғамдық штаб негізінде құрылды.


Қазақстандағы саяси жүйені жетілдіріп, партияларды ірілендіру үшін «Отан» өзімен мақсат-мүддесі бір «Асар», «Азаматтық» және «Аграрлық» партиялармен бірігу нәтижесінде қайта құрылды. Сипаты халықтық-демократиялық болды, мақсаты – халықты өзін-өзі басқаруға қатыстыра отырып, қоғам мен мемлекет арасында үйлесімді қатынасқа қол жеткізу.


ҚР парламентінің 1998 жылы 7 қазанда Қазақстан Республикасы конституциясына партиялық тізім бойынша сайлауды елдің сайлау жүйесіне енгізуі партиялық құрылыс процестерін тездетті.


Жалпы 1999 жылы республикада барлығы 14 саяси партия мен 30-ға жуық саяси қоғамдық қозғалыс, бірлестік құрылды. 2000 жылы республикадағы ресми тіркелген партиялар саны 15-ке жетті.


2002 жылы шілде айында қабылданған Қазақстан Республикасының «Саяси партиялар туралы» заңы және 2009 жылы 6 ақпандағы осы заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар елдің партиялық жүйесін одан әрі құрылымдық жағынан сапалы түрде өзгертті.


2006 жылы желтоқсан айында «Отан» партиясының 10-съезінде партияның аты «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы болып өзгертілді. 2007 жылы тамызда өткен парламент сайлауында партия айқын басымдылықпен жеңіске жетіп, билік партиясы аталды.


Партияның мақсаты – қоғамдық институттар мен мемлекеттік органдар күшін біріктіріп, әлемдік экономикалық дағдарыстың кері әсерін болдырмау және дағдарыстан кейін Қазақстанның дамуына қолайлы жағдай жасау. 2013 жылы қазан айында «Нұр Отан» партиясының ХV съезі болып өтті. Онда «Нұр Отан» партиясының саяси доктринасы «Нұрлы болашақ жолында» қабылданды.


Партия қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыруға; азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеруге; әлеуметтік әділеттік орнатуға және елімізде тұрақтылықты сақтауға; ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға; Қазақстан Республикасының жан-жақты және үйлесімді дамуы үшін азаматтардың отансүйгіштігі мен жауапкершілігін тәрбиелеуге белсенді ықпал етуді басты мақсаттары етіп жариялады.


Мәжілісте «Нұр Отан» көпшілік орынды иеленді.


2011 жылы республикада Қазақстан азаматтарының әртүрлі көзқарастарының кең шоғырын көрсететін 10 саяси партия тіркелді: Қазақстанның Демократиялық партиясы – «Азат», Қазақстанның Демократиялық партиясы – «Ақ жол», Қазақстанның Социал-демократиялық партиясы – «Ауыл», «Әділет» Демократиялық партиясы, Қазақстанның Коммунистік партиясы, «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия, Қазақстан патриоттар партиясы, «Руханият» партиясы.


Жалпы алғанда, Қазақстандағы партиялық жүйе қоғам мен мемлекет байланысының тиімді механизмі болып саналады және қоғамды демократияландыру мен ішкі саяси тұрақтылықты нығайту процестерінде маңызды рөл атқарады.


102.Жаңа қоғамдық ұйымдар мен партиялардың құрылуы.


Тәуелсіздік алған жылдары елімізде саяси партиялардың және партиялық жүйелердің орнығуына, тәуелсіз баспасөздің дамуына көп көңіл бөлінді. Бұл жағдай республиканың өркендеуіне, қоғамның демократиялануына, реформаның тереңдеуіне, экономиканың және халықтың тұрмыс-тіршілігінің жақсаруына ықпал етті.

Партия – мақсаты билікке қол жеткізу болып саналатын саяси ұйым. Партия қоғам мен мемлекет арасындағы дәнекер буын қызметін атқара алады. Партия халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтауы тиіс.


1990 жылдың аяғына қарай қатарында 800 мыңға жуық коммунист болған Қазақстан коммунистік партиясы сан жағынан ең көп саяси күш болды. Дегенмен елде компартияға деген халықтың сенімі әлсіреді. Бұл жағдай компартия беделінің түсуіне айтарлықтай әсер етті. 1990 жылы компартия мүшелерінің 42 пайызы өз еркімен партия қатарынан шықты. Осы жылы партия мүшелерінің қатары 49 мыңға кеміді.


«ҚХКП» (Қазақстанның Халықтық-коммунистік партиясы) – Қазақстан Коммунистік партиясының ыдырауы нәтижесінде құрылды. ҚХКП-ға ҚКП-дан 15 мың адам мүшелікке өтті. Бұл партия 2004 жылы сәуірде ҚР Әділет министрлігінде тіркелді.


Партияның мақсаты – қоғамда шынайы халық билігін, терең адамгершілік, еркіндік және ғылыми-техникалық жаңғыру негізінде дамыған экономика, әлеуметтік әділеттік орнату. Партия 2012 жылғы мәжіліс сайлауында 7 мандатты иеленді.


Сипаты – халықтық-коммунистік, коммунизм идеясын сақтай отырып, әлеуметтік әділетті қоғамға қол жеткізуді мақсат етеді. 1991 жылы Қазақстан социал-демократиялық партиясы құрылды және «Азат» азаматтық қозғалысының партиясы құрылды. Бұл уақытта «Желтоқсан» партиясы да құрылды. Бұл партияның құрамына 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқандар кірді. Ал жастар өздерінің саяси қозғалысы «Алаш» партиясын құрды.


1993 жылдың соңында Қазақстанда 4 саяси партия тіркелді. Олар – Социалистік партия, Қазақстанның Республикалық партиясы, Қазақстанның Халық конгресі және Коммунистік партия. 1994 жылы желтоқсанда Қазақстанның Халықтық-кооперативтік партиясы, 1995 жылы қаңтарда Қазақстанның Өрлеу партиясы, 1995 жылдың басында Қазақстанның Аграрлық партиясы, 1995 жылы жазда Қазақстанның Демократиялық партиясы құрылды.


1999 жылғы қаңтарда «Отан» партиясы құрылды. Бұл партия Н.Ә. Назарбаевтың президенттікке кандидатурасын қолдау үшін қоғамдық штаб негізінде құрылды.


Қазақстандағы саяси жүйені жетілдіріп, партияларды ірілендіру үшін «Отан» өзімен мақсат-мүддесі бір «Асар», «Азаматтық» және «Аграрлық» партиялармен бірігу нәтижесінде қайта құрылды. Сипаты халықтық-демократиялық болды, мақсаты – халықты өзін-өзі басқаруға қатыстыра отырып, қоғам мен мемлекет арасында үйлесімді қатынасқа қол жеткізу.


ҚР парламентінің 1998 жылы 7 қазанда Қазақстан Республикасы конституциясына партиялық тізім бойынша сайлауды елдің сайлау жүйесіне енгізуі партиялық құрылыс процестерін тездетті.


Жалпы 1999 жылы республикада барлығы 14 саяси партия мен 30-ға жуық саяси қоғамдық қозғалыс, бірлестік құрылды. 2000 жылы республикадағы ресми тіркелген партиялар саны 15-ке жетті.


2002 жылы шілде айында қабылданған Қазақстан Республикасының «Саяси партиялар туралы» заңы және 2009 жылы 6 ақпандағы осы заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар елдің партиялық жүйесін одан әрі құрылымдық жағынан сапалы түрде өзгертті.


2006 жылы желтоқсан айында «Отан» партиясының 10-съезінде партияның аты «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы болып өзгертілді. 2007 жылы тамызда өткен парламент сайлауында партия айқын басымдылықпен жеңіске жетіп, билік партиясы аталды.


Партияның мақсаты – қоғамдық институттар мен мемлекеттік органдар күшін біріктіріп, әлемдік экономикалық дағдарыстың кері әсерін болдырмау және дағдарыстан кейін Қазақстанның дамуына қолайлы жағдай жасау. 2013 жылы қазан айында «Нұр Отан» партиясының ХV съезі болып өтті. Онда «Нұр Отан» партиясының саяси доктринасы «Нұрлы болашақ жолында» қабылданды.


Партия қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыруға; азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеруге; әлеуметтік әділеттік орнатуға және елімізде тұрақтылықты сақтауға; ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға; Қазақстан Республикасының жан-жақты және үйлесімді дамуы үшін азаматтардың отансүйгіштігі мен жауапкершілігін тәрбиелеуге белсенді ықпал етуді басты мақсаттары етіп жариялады.


Мәжілісте «Нұр Отан» көпшілік орынды иеленді.


2011 жылы республикада Қазақстан азаматтарының әртүрлі көзқарастарының кең шоғырын көрсететін 10 саяси партия тіркелді: Қазақстанның Демократиялық партиясы – «Азат», Қазақстанның Демократиялық партиясы – «Ақ жол», Қазақстанның Социал-демократиялық партиясы – «Ауыл», «Әділет» Демократиялық партиясы, Қазақстанның Коммунистік партиясы, «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия, Қазақстан патриоттар партиясы, «Руханият» партиясы.


Жалпы алғанда, Қазақстандағы партиялық жүйе қоғам мен мемлекет байланысының тиімді механизмі болып саналады және қоғамды демократияландыру мен ішкі саяси тұрақтылықты нығайту процестерінде маңызды рөл атқарады.


103. Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация.


1988 жылдан бастап, Балтық бойындағы ұлттық-демократиялық қозғалыстар тарапынан жаңа одақтық шарт жасау туралы мәселе қойыла бастады. Бұл мәселе КСРО халық депутаттарының I съезінде көтерілген болатын.

1989 жылғы маусымда КСРО халық депутаттарының І съезінде Кеңес қоғамының дағдарысқа ұшырау себептерін талдауға талпыныс жасалды. Онда нарықтық қатынастарға көшу, жекеменшікті енгізу, тоталитарлық империяның орнына демократиялық, азаматтық, құқықтық қоғам орнату мәселелері айтылды.


КСРО-дағы реформалардың жүргізілу барысындағы түбегейлі бетбұрыстар осы кезеңнен басталды. 1990 жылдың күзінде КСРО құрамындағы республикалар өз егемендіктерін жариялай бастады. Ұлттық республикалардың тәуелсіздікке бағытталған қадамдарын орталық басшылары сепаратизм және жершілдік, ұлтшылдық деп бағалады. Ресей Федерациясының өз егемендігін жариялауы кеңестік жүйеге ауыр соққы болып тиді.


1990 жылы сәуірде республиканың Жоғарғы Кеңесінің ұйғаруымен Қазақ КСР-і Президентінің қызметі тағайындалды. Тұңғыш президент болып Н.Назарбаев сайланды. 1990 жылғы 25 қазанда Жоғарғы Кеңес “Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация” қабылдады. Аумағына, табиғи ресурстарына, суына республика ерекше меншік құқығын жариялады. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері көрсетілді. Халықаралық қатынаста республиканың дербестік танытатыны айқындалды. Декларацияның тарихи маңызы: республиканы толық тəуелсіздікке бастап апаратын шынайы қадам болды.


Жоғарғы Кеңес жергілікті өзін-өзі басқару туралы заң қабылдады. Тұтас парламенттік аппарат құрылды. Халықаралық қатынастардағы жаңа бағыт ретінде Семейдегі атом полигонының жабылуының маңызы зор болды. Қазақстан Президенті Қазақ КСР-нің Қауіпсіздік кеңесін құру жөнінде, Қазақ КСР-нің алтын және алмас қорын құру жөнінде, Қазақ КСР-нің сыртқы экономикалық қызметінің тәуелсіздігін қамтамасыз ету жөнінде Жарлықтар шығарды. Қазақстан 1990-1991 жылдары Беларусь, Əзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Украинамен экономикалық шарттар, ынтымақтастық келісімдер жасасты.


104. 1991 жылғы тамыз төңкерісі.


1946 жылы наурызда КСРО Жоғарғы Кеңесінің Бірінші сессиясы 1946-1950 жж. аралығын қамтитын халық шаруашылығын қалпына келтіру мен дамытуға арналған бесжылдық жоспар қабылдады.
1946 жылы Конституцияға сәйкес КСРО қоғамдық және саяси ұйымдары қалпына келтірілді. Халық Комиссарлары Кеңесі енді Министрлер Кеңесі болып, ал Халық Комиссариаттары министрліктер болып қайта құрылды.
Алайда «суық-соғыстың» басталуы елдің ішкі саяси өміріне де әсер етті. 1946 жылы жазда ұсақ буржуазиялық жекеменшілдікке және «шетелдік ықпалға» қарсы күресу науқаны басталды.
1946 жылы 14 тамызда «Звезда» және «Ленинград» журналдары туралы партияның Орталық Комитеті қаулы қабылдады. Бұл журналдардың біріншісі жауып тасталынды, екіншісіне кеңес өмір салтына жат идеолгияны насихаттағаны үшін сөгіс жарияланды. А.Ахматова мен М.Зощенконың шығармалары қатаң сынға алынды.
Кейінірек «формалист-композиторларға» қарсы науқан басталды. Олардың қатарына С.Прокофьев, А.Хачатурян, Д.Шестокович және Н.Мясковский жатқызылды.
Соғыстан кейінгі көңілсіз жайттың келесі әрекеті «Ленинград ісі» болды. Бұл Ленинградтың бірқатар көрнекті партия, кеңес және шаруашылық қайраткерлеріне қарсы ұйымдастырылған істердің тобы болды.
1952 жылы күзінде «Дәрігерлер ісі» туды. 1953жылы 13 қаңтарда «Зиянкес-дәрігерлер тобының қамауға алынуы» деген тақырыппен ТАСС хабары жарияланды. Онда дәрігерлер А.Ждановтың сырқатын пайдаланып, теріс емдеу әдістерін белгілеген деп айыпталды.
1952 жылы қазанда партияның ХIХ сьезі болып, ол партияның атын БК(б) П дегенді өзгертіп, Кеңес Одағының Коммунистік Партиясы деп атады.
1953 жылы 5 наурызда Сталин қайтыс болды. 1953 жылы қыркүйекте өткен пленумда Н.С.Хрущев КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды.
Орталықтың, ал кейбір жағдайда бірінші хатшының өзінің бастамасы бойынша бұл кезде жерді республикалар арасында шұғыл түрде қайта бөлісу жүріп жататын. Өзбекстан Тәжікстанға 50 млн. гектардан астам, Қазақстан Өзбекстанға 3,5 млн. гектар жерін берді. РКФСР Украинаға Қырымның аумағын түгел берді. Бұл әрекеттердің бәрі берілетін аймақтар тұрғындарының келісімінсіз және олардың ашық талқылауынсыз жүргізілетін.
50-жж. екінші жартысы мен 60-жж. бірінші жартысы ғылымның, ғылыми-техникалық дамудың жедел қарқын алуы тән сипат болды. КСРО ғарыш кеңістігін игеру жолына түсті, атом энергиясын бейбіт мақсаттарға қолдану басталды, химия өнеркәсібі қарыштап дамыды.
1964 жылы 14 қазанда КОКП-ның пленумында Н.С.Хрущевті елдегі ұжымдық басқарудың принциптерін бұзғаны және Қытаймен арадағы қатынасты ушықтырғаны үшін қызметтен босатты. КОКП ОК-нің Бас хатшысы болып Л.И.Брежнев сайланды.
Өкімет билігіне келген Л.И.Брежнев бастаған партиялық-әкімшілік топ өзінің саяси және әлеуметтік-экономикалық бағытын жүргізуге кірісті. 1965 жылы экономикалық реформа 1965 жылдан 1970 жылға дейінгі сегізінші бесжылдық жылдарында өзін неғұрлым табысты түрде көрсетті. Өнеркәсіп өндірісі 50% өсті. Мың тоғыз жүздей ірі кәсіпорындар салынды, олардың қатарында Тольяттидегі Волга автозауыты да бар. 1970 жылы осы зауыт алғашқы «жигулилерді» шығара бастады. Ауыл шаруашылығы өндірісі 20% өсті. Кеңес адамдарының материалдық әл-ауқаты жақсарды. Теледидарлар, тоңазытқыштар, радиқабылдағыштар күнделікті өмірге енді. Тұрғын үй құрылысы қарқын алды.
1982 жылы 10 қарашада Л.Брежнев қайтыс болды. КОКП Оталық Комитетінің Бас хатшылығына Ю.В.Андропов сайланды. Ол өндірісті интенсивтендіру ісін тездету, кәсіпорындардың дербестігі туралы мәселені шешуге көшу туралы талаптар қойды. Мектеп реформасын әзірлей бастады. 1984 жылы ақпанда Ю.Андроповтың өлімі оның өз идеяларын іс жүзінде орындалуына бөгет болды.
КОКП Орталық Комитетінің Бас хатшысы қызметіне К.Черненко сайланды.
1985 жылы наурызда К.Черненконың қазасынан кейін Кеңес Одағы Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы болып М.С.Горбачев сайланды. Қоғамның барлық жақтарын, оның экономикалық негізін, әлеуметтік өмірін, саяси құрылымын жаңарту қажеттілігі туды. Кеңес қоғамында көптеген реформалар басталды. Бұл қайта құру деп аталды.
1986 жылы КОКП-ның ХХVII сьезі КСРО ұлттық мәселесі толық шешілді деп әдейі мәлімдеме жасады. Алайда көп ұзамай Алматыда желтоқсан оқиғалары орын алды. 1987-1988 жж. Ферғанада, Наманганда, Ош облысында, Сумгаитте ірі қақтығыстар болып өтті.
Ұлттық республикалардың көпшілігінде жікшіл күштер орталықтың әлсіздігін пайдаланып, өз әрекеттерін жандандырды. 1990 жылдың көктемі мен жазында, ең алғашқысы болып Балтық бойы республикалары, Латвия, Литва және Эстония өздерінің ұлттық егемендігін жариялап КСРО-дан бөлініп кетті және ТМД-ға мүше болудан бас тартты.
Ал одан кейін КСРО-ның басқа республикалары, оның ішінде РКФСР ұлттық егемендік туралы Декларация қабылдады, іс жүзінде өздерін одақтық мемлекеттке қарсы қойды. Бұл үдеріс «егемендік парады» деп аталды және елді біржолата ыдыратуға жақындата түсті.
1991 жылы 19 тамызда Горбачевтің төңірегіндегі мемлекеттің жоғары қызметтегі адамдары оны қызметтен тайдырып, бүлік шығарды. Олар елдегі тәртіпті қалпына келтіріп, КСРО-ның ыдырауына жол бермейтінін мәлімдеп Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комитет (ТЖМК) құрды.
19 тамыз күні Б.Ельцин ТЖМК әрекетін мемлекеттік төңкеріс деп бағалап, еңбекшілерді жаппай ереуілге шақырды.
1991 жылы 8 желтоқсанда РСФСР, УКСР және БКСР Беловеж тоғайында Белоруссияның Брест түбіндегі «Вискулидегі» резиденциясында жиналып, КСРО-ның таратылғаны және «Тәуелсіз мемлекеттер Достастығының» (ТМД) құрылғаны туралы мәлімдеді. 21 желтоқсанда Алматыдағы кеңесте ТМД-ға тағы да 8 республика қосылды.
Республиканың егемендігін жариялауға байланысты енді президентті бүкіл халық болып сайлау қажеттігі туды. Қазақстанда 1991 жылы желтоқсанның 1 күні сайлау өтіп, халықтың 98,78% Н.Назарбаевқа дауыс берді. Желтоқсанның 10 күні салтанатты түрде ант қабылдап, халық сайлаған Президенті ретінде ресми іске кірісті.
1991 жылы 10 желтоқсанда республика атауын өзгерту туралы заң қабылданды. Бұдан былай Қазақстан Республикасы деп аталатын болды.
1991 жылы 21 желтоқсанда Алматыда бұрынғы КСРО құрамындағы Әзірбайжан, Қазақстан, Ресей Федерациясы, Армения, Қырғызстан,Украина басшыларының кеңесінде ТМД құру туралы келісімнің хаттамасына қол қойылды.
1991 жылы 25 желтоқсанда М.С.Горбачев ыдыраған мемлекеттің президенті ретінде өзінің қызметін тоқтататындығы жөнінде мәлімдеді. КСРО өзінің өмір сүруін тоқтатты.
1999 жылы 31 желтоқсанда президент Б.Ельцин өзінің қызметтен кететіндігін жариялады. Ол президент міндеттерін уақытша атқарушы етіп үкіметтің төрағасы В.В.Путинді тағайындады. 2000 жылы 26 наурызда президент сайлауы болды. Онда В.В.Путин жеңіске жетіп, Ресей Федерациясының Президенті болып сайланды.
Орталық Азия аумағындағы елдер Біртұтас Орталық Азия кеңістігі одағын құруға мүдделі. Астана-Душанбе-Бишкек 2008 жылы маусым айында Ташкент пен Ашхабадтың шешімін күтпей Орталық Азиялық кеңістік Одағын құруға бел байлады.
2004 жылы наурызда Ресей Федерациясының президент сайлауы болды. 6 кандидат ұсынылды. В.Путин 71,2% дауыс алып бірінші орынға шықты. 2004 жылы күзде мемлекеттік өкімет жүйесінде реформа жүргізілді. Губернаторларды жалпы ұлт болып сайлаудан енді Ресей президентінің ұсынысы бойынша федералдық парламенттерде бекітуге көшу басталды. Әлеуметтік салада зейнетақы, бала туғанда берілетін жәрдемақы көбейтілді, дәрігерлер мен мұғалімдердің жалақысы арттырылды. Сонымен қатар әскери қызметшілерді баспанамен қамтамасыз ету шаралары қолданылды.
2008 жылы Ресей президенті Д.Медведев Ресей Федерациясының сыртқы саясаты жөніндегі жаңа тұжырымдамасына қол қойды. Бұл құжатта Ресей елінің халықаралық саясаттағы негізгі нысаналы мәселелері айқындалды және Ресей елі НАТО-ның шығысқа қарай ену саясатын ашық түрде қаламайтындығын атап көрсетіп, Украина мен Грузияның НАТО құрамына қабылдануына қарсылығын білдірді.
105.КСРО-ның ыдырауы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) құрылуы.
991 жылғы тамыз төңкерісінен кейін КСРО-ның ыдырау үрдісі тез қарқынмен жүзеге аса бастады. 1991 жылғы 8 желтоқсанда Минскіде Беларусь, РКФСР, Украина республикаларының басшылары өзара келісіп, 1922 жылғы КСРО-ны құру туралы шарттың күшін жойғанын жариялады. Сонымен қатар Тəуелсіз Мемлекеттер Одағының (ТМО) құрылғандығын мәлімдеді. 1991 жылғы 13 желтоқсанда Ашхабадта Орта Азия мен Қазақстанн басшылары бас қосып, Минскіде қабылданған шешімдерді қолдайтындықтарын білдірді.

1991 жылдың желтоқсанына дейін КСРО-ның құрамында болған республикалардың бəрі мемлекеттік тəуелсіздігін жариялады. Қазақстанда тəуелсіздік алуға қарсы күштер белең алды. Орыс автономиясын құру немесе солтүстік облыстарды Ресейге қосу идеялары көрініс берді. Тəуелсіздік туралы заңды қабылдауды референдумға салу талаптары алға тартылды.


1991 жылғы 10 желтоқсанда Қазақ КСР-інің атауы Қазақстан Республикасы (Қазақстан) деп өзгертілді. 1991 жылғы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық сайлауда 98,78% дауыспен Н.Ə.Назарбаев Қазақстан Президенті болып сайланды. 10 желтоқсанда Н.Ə.Назарбаев Республика сарайында салтанатты түрде ант қабылдады.


Н.Ə.Назарбаев еңбек жолын 1960 жылы Қарағанды облысы, Теміртау қаласында «Қазметаллургқұрылыс» тресінде жұмысшы болып бастады.


1969 жылы партиялық қызметке ауысып, Теміртау қалалық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, қалалық партия комитетінің бөлім меңгерушісі, қалалық партия комитетінің екінші хатшысы болды.


1973-1977 жылдары Қарағанды металлургия комбинатының партком хатшысы, Қарағанды облыстық партия комитетінің екінші хатшысы қызметтерін атқарды. 1979-1984 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы, 1984 жылдан Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы болып қызмет істеді. 1989 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болды. 1990 жылғы сəуірде Қазақ КСР-нің Президенті болып сайланды.


1991 жылғы 16 желтоқсанда “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тəуелсіздігі туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы қабылданды. Тәуелсіз Қазақстан демократиялық даму жолын қалаған, зайырлы, әлеуметтік жəне құқықтық мемлекет болып құрылды.


Қазақстан Республикасы әлемдік қауымдастықтың тең құқықты мүшесі болып жарияланды. 1992 жылғы 2 наурызда Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды.


1991 жылғы 21 желтоқсанда Алматыда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тəжікстан, Түркіменстан, Ресей Федерациясы, Украина, Беларусь, Молдова, Əзірбайжан, Армения басшылары бас қосты.


Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) құрылғандығы туралы хаттамаға қол қойылды. Бұл жолы одақ сөзі достастық сөзімен алмастырылды. КСРО іс жүзінде өмір сүруін тоқтатты.


Бұл кездесуде ядролық қаруы бар мемлекеттер (Қазақстан, Ресей, Украина, Беларусь) ядролық қару жөнінде біріккен саясат қалыптастырып, ТМД мүшелерінің ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге келісті.


106. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңы.


1980 жылдардың аяғына таман Кеңес елі ыдырай бастады. КСРО халық депутаттары бірінші съезінің өзінде-ақ және партиялық форумдарда егемендік, экономикалық, дербестік, орталық пен федерацияның мүшелері арасында өкілеттікті бөлісу, жаңа одақтық шарттар жасау идеялары талқылана бастады.

Қоғамды жаңғыртуға бағытталған қозғалысты Н.Ә. Назарбаев басқарды, ол әрдайым аса күрделі мәселелерді демократиялық жолмен шешуге тырысты. Оңшыл және солшыл радикализмге қарсы Н.Ә. Назарбаев табанды, демократиялық реформалар жүргізу және әлеуметтік прогресс, барлық қазақстандықтың теңдігіне негізделген ұлтаралық ынтымақты сақтау, мемлекеттік саясаттың түбегейлі принципі ретінде саяси тұрақтылықты сақтауға баса көңіл бөлу саясатын жүргізді.


1990 жылы 25 қазанда республика Жоғарғы кеңесі Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылдады.


Егемендік алу Қазақстанда жалпы демократиялық процестердің барысын шапшаңдатты, мұның өзі елдегі болып жатқан оқиғалармен тығыз байланысты еді.


1991 жылғы тамыз оқиғасы КСРО-ның күйреуін жылдамдатты.


1991 жылы 8 желтоқсанда РСФСР, Украина, Беларусь басшылары Минск қаласында кездесті (Беловеж келісімі). Талқыланған негізгі мәселелер 1922 жылғы КСРО құру туралы келісімшартты жою және Тәуелсіз Мемлекеттер Одағын құру болды. Бұл кездесуге Қазақстан президенті Н.Ә. Назарбаев, басқа Орта Азия республикаларының басшылары да шақырылмады.


Одақтас республикалардың жеке мемлекет болып бөлініп шығуы Қазақстанның да тәуелсіздігін жариялауын тездетті.


1991 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан басшылары Ашхабадта басқосты. Орта Азия мемлекеттерінің басшылары Минск (Беловеж келісімін) шешімін қолдайтындарын білдірді.


Ақыры Тамыз бүлігінен кейінгі төрт ай ішінде аса шиеленіскен саяси күрес үлкен тарихи маңызы бар оқиғамен аяқталды. 1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы қабылданды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды.


Тәуелсіздік Қазақстанға қазақ халқының екі жарым ғасырдан астам уақыт бойы үзбей жүргізген күресі арқылы келді. Бұл мерзім ішінде қазақ халқы патша отаршылары мен большевиктік аппараттың үстемдігіне қарсы 400-ге жуық көтеріліс жасады.


Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін жариялауы қазақ халқының тарихындағы шын мәніндегі ұлы оқиға болды. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде әлемдік қауымдастыққа енуі бұған дейін тоталитарлық әкімшілік жүргізіп келген қазақ халқын ассимиляциялау, қазақ жерін Ресей империясының бөлігіне айналдыру саясатының күлін көкке ұшырды.


Қазақ халқы ұлт ретінде жойылып кету қаупінен құтылды. Ұлттық тіл, мәдениет, дәстүр, дүниетаным қайта жанданып, өзінің табиғи даму жолына қайта түсті. Ұлттық зиялы қауымның қалыптасуына және дамуына жағдай жасалды. Большевиктер билеген жылдары еріксіз шетелге ауып кеткен қазақтардың тарихи отанына оралуына жол ашылды. Қазақ ұлты қайта түледі. Әлем халықтарымен терезесі тең, іргелі ел болу құқығына ие болды.


Тәуелсіз Қазақстан демократиялық даму жолын қалаған, зайырлы, әлеуметтік және құқықтық мемлекет болып құрылды. Республика тұрғындары азаматтық еркіндік пен әлеуметтік теңдікті сезіне бастады. Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің құрылуына жол ашылды. Бұқаралық ақпарат идеологиялық бақылаудан құтылды. Пікірдің алуантүрлілігіне жол берілді. Тарихтағы ақтаңдақтар сырлары ашылды. Жазықсыз жазаланғандар ақталды.


Бұған дейін орталықтың шикізат базасы, арзан еңбек күші ретінде пайдаланылып келген республика меншіктің көптүрлілігіне негізделген нарықтық қатынастарға көше отырып, экономикалық өрлеу жолына түсті. Дүниежүзі мемлекеттерімен экономикалық байланыстарын арттырды.


1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды.


107.Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымын жасақтау.


азақстан Республикасы — президенттік басқару формасы бар демократиялық, құқықтық, унитарлы, зайырлы мемлекет.

Алғашқы конституция 1993 жылы қаңтарда қабылданды. 1995 жылы тамыз айында жаңа конституция қабылданды; 1998 жылы, 2007 және 2011 жылы түзетулер енгізілді. Жаңа конституция бойынша Қазақстан — демократиялық құқықтық унитарлы мемлекет, оның тәуелсіз үш билік тармағы бар: атқарушы, заң шығарушы жән сот биліктері. Атқарушы билікті президент басқарады, ол 40 жастан асқан, Республика аумағында соңғы 15 жыл тұрған және мемлекеттік тілде (қазақ тілінде) еркін сөйлей алатын азаматтыры арасынан 5 жылға сайланады. Заң шығарушы билікті қос палаталы парламент атқарады (Сенат - 47 депутат және Мәжіліс - 107 депутат). Сот билігін Конституциялық сот пен жергілікті соттар жүйесі атқарады; сот төрелері қызметіне Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Конституциялық заңдарға сәйкес тағайындалады және тұрақыты түрде толық өкілетілікке ие болады


108.Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын қалыптастыру.


Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты. Тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстан Республикасының құрылуы мемлекеттің сыртқы саясаттағы бағдары мәселесін алға қойды. Ол келесі проблемалық аспектілерді қамтыды:
1. Әлемдік қауымдастықтың Қазақстан Республикасын халықаралық қатынастардың субъектісі ретінде қабылдауы.
2. Мемлекеттің сыртқы саяси қызметінің негізгі принңиптерін, оның сыртқы саяси құндылықтары мен басымдықтарын жобалау.
3. Халықаралық қатынас субъектілерімен халықаралық байланыстарды жолға қою және дамыту.
4. Халықаралық құқық принциптері мен нормаларын тану және игеру.
5. Халықаралық қатынастар мәдениеті: дипломатия мен дипломатиялық қызметті қалыптастыру.

109.Қоғамның конституциялық құрылысының негіздерін құру.


Мемлекет – белгілі бір территориясы, шегарасы, рәміздері, ұлты бар жалпыхалықтық ұйым. Қоғамның барлық саласында болып жатқан құбылыстардың бәрін заңмен басқару үшін қажетті нормативті актілердің саны қанша болуы керегін ешкім де дәл тауып айта алмас еді. Заңдардың бәрінің бастауы, негізі – Конституция. Конституция (лат. constitutio – құрылу, өкім деген мағынаны білдіреді) – қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттің гегізгі заңы.

Конституцияның мәні мемлекеттің негізгі заңдылық мүдделеріне, халықтың шын мәніндегі еркіне сай келуімен және құзіреттілігімен айқындалады. Адамның және азаматтың конституциялық мәртебесі, бүкіл халықтың мәртебесі, мемлекеттік билік пен мемлекеттің әлеуметтік базасының қайнар көзі ретінде адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары және міндеттері баян етіледі. Қазақстан Республикасының конституциясында халық ұғымы барлық ұлтты түгел қамтитын, тұтас әлеуметтік-саяси құбылыс ретінде түсіндіріледі.


110.ҚР мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұранының бекітілуі.


Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Гимн Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері болып табылады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы - ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы - 1:2.


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде "QAZAQSTA№" деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ "QAZAQSTA№" деген жазу – алтын түстес.


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні - осы Конституциялық заңда көзделген жағдайларда орындалатын музыкалық-поэтикалық туынды.


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасының эталондары Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясында сақталады.


111. Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің, Ұлттық армияның құрылуы.


Қазақстанның Қарулы Күштері — Қазақстан Республикасының әскери құрылымы әскери басқару органдарын, Қарулы Күштердiң түрлерiн, арнайы әскерлердi, тыл, әскери оқу орындары мен ғылыми мекемелердi қамтиды.

Соғыс уақытында құрамына қорғаныс министрлігіне қарайтын әскер түрлерiнен басқа Ішкi iстер министрлігінiң iшкi әскерлерi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң шекара қызметi және басқа да әскерлерi, республикалық «Ұлан», азаматтық және аумақтық қорғанысты басқару мен құру органдары кiредi.


Қазақстанның геосаяси жағдайы үлкен өзгерiстерге (экстремизм, шекараға таяу жерлерде әскери қақтығыстардың өршуi, жаңадан ядр. мемлекеттер пайда болуы, т.б.) ұшырауда.

2007 жылғы 21 наурызда Қазақстан Респуб­ликасы Президентінің № 299 Жарлығымен мемле­кеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, соғыс­тар мен қарулы жанжалдарды болдырмауға, Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралым­дарды дамыту мен қолдануға негіз қалаушы көз­қарастар жүйесін білдіретін Қазақстан Республи­касының жаңа Әскери доктринасы бекітілген болатын.


Әскери доктрина Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелерін, Мемлекет басшысы жарлықтарының талаптарын, Қазақстан­ның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын, Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын, Қазақстан Республика­сы­ның заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ Қазақстан қатысу­шысы болып табылатын халықаралық шарттарды нақтылайды.

Әскери доктрина қорғаныстық сипатта, ол ұлттық мүдделерді қорғауды, елдің әскери қауіп­сіздігіне кепілдік беруді батыл шеше отырып, Қа­зақстан Республикасының бейбітшілікке бейілді­лігін айқындайды, асимметриялық қатерлер­ге: терроризмге, экстремизмге, есірткі тасымалына, қаруды заңсыз таратуға, заңсыз көші-қонға қарсы күресті ескере отырып, Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды дамыту шарттары мен жаңа бағыттарын нақтылайды.


Әскери доктрина ережелерін іске асыру әскери басқару жүйесін одан әрі жетілдіру, өзара байла­ныс­ты саяси, дипломатиялық, экономикалық, әлеуметтік, ақпараттық, құқықтық, әскери және Қазақстанның әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да шаралар кешенін жүргізу есебінен қамтамасыз етілетін болады.


112.ҚР мемлекеттік шекарасын делимитация және демаркациялау нәтижелері және Ұлттық қауіпсіздікті нығайту.


Мемлекеттік шекара - мемлекеттік аумақты белгілейтін шектер.

Политологиялық тұрғыда шекараны ұлттық егемендік таралатын кеңістіктің шектері ретінде түсіндіреді. Мемлекеттік шекара – белгілі бір елдің құрлықтағы немесе судағы аумағының шегін көрсететін меже.[1]


Меже ішіне енетін әуе кеңістігі мен жер қойнауы және су түбі сол мемлекеттің аумағы болып табылады. Көршілес мемлекеттердің шекара межелері өзара келісімдер мен шарттарда белгіленеді.


Мемлекеттер арасындағы шекараны белгілеу делимитация деп аталады.


Жер бетінің құрамына қарай (тау жоталарымен, өзен арналарымен, т.б.) жүргізілген шекара сызығы орография деп аталады.
Жер бетіндегі екі белгі арасында тікелей тартылған шекара сызығы геометрия деп аталады.
Әдетте шекараны делимитациялау туралы шарттар шекара жөніндегі арнаулы келісімдерде, бітім шарттарында, мемлекеттік аумақтың белгілі бір бөлшегін екінші бір мемлекетке беру туралы, т.б. келісімдерде белгіленіп, шекара сызығын сол белгіленген жерлер бойынша нақтылы жүргізу демаркациялау деп аталады.

Берлин(оң жақта) мен Нидерланд(сол жақта) арасындағы шекара


Ресми түрде белгіленген және бекітілген сызығын мемлекеттердің бір жақты бұзуы немесе қайта қарауы халықараралық құқыққа қайшы келеді. Мемлекеттік шекараны бойлай шекаралық белгілер орнатылады. Мемлекеттік шекараның күзетін шекаралық әскер (шекарадағы күзеттер, шекаралық қара-уылдар) жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасынан керекті құжаттарсыз және тиісті рұқсатсыз өту немесе шекаралық белгілерді заңсыз алу, жылжыту не жою қылмыстық жауапкершілікке тартылады (Қазақстан Республикасы Қазақстан Конституциясынің 330, 331-бабы). Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғалы бері көршілес мемлекеттер – Қырғыз Республикасы, Қытай Халық Республикасы және Өзбекстан Республикасымен мемлекеттік шекараны делимитациялау туралы меморандумға қол қойды

113. Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшудің негізгі кезеңдері, қиыншылықтары мен кемшіліктері.


Жоспарлы Экономика– КСРО-да және басқа да “социалистік” деп аталған елдерде қолданылған экономика жүйені ұйымдастыру тәсілі, мұнда материалдық қорлар мемлекет меншік болып есептеліп, барлық кәсіпорындардың экономика қызметі директивалық жоспарлау, басқару және бақылау арқылы бағытталып, үйлестіріліп отырды.


КСРО-да 1921 жылы тоталитарлық қоғамның негізгі экономика мақсаттарын жоспарлаушы экономика орган – Мемлекеттік жоспарлау комиссиясы (1947 жылдан Мемлекеттік жоспарлау комитеті) құрылды. Оған халық шаруашылығын жоспарлау, шаруашылық жоспарларының орындалуын бақылау, одақтас республикалардың жоспарларын үйлестіру және жоспарлы көрсеткіштерді аумақтық және салалық ауқымда өзара сәйкестендіру міндеттері жүктелді (қ. Бесжылдықтар). Қазақстандағы Жоспарлау комитетінің құрылымы республика халық шаруашылығының барлық салаларын жоспарлауды және жоспарлардың орындалу барысына бақылау жасауды қамтитындай етіп құрылды (1921 жылы Қазақ АКСР Жоспарлау комиссиясы болып құрылған). Айталық, халық шаруашылығын шикізат көздерімен қамтамасыз етуді геология бөлімі жоспарлады; өндіргіш күштердің орналастырылуын, облыстарды, өнеркәсіп тораптарын кешенді дамытуды аумақтық жоспарлау бөлімі үйлестірді; халықты тұрғын үймен, коммуналдық, сауда, тұрмыстық, мәдени-ағарту, дәрігерлік мекемелерімен қамтамасыз етуді тиісті салалық бөлімдер жоспарлады; материалдық-техника жабдықтау мәселелері материалдарды, отынды, жабдықты, машиналарды бөлу жоспары мен баланс бөлімінде жинақталды; халық шаруашылық жоспарының, күрделі қаржының, еңбек пен жалақының, қаржы мен өзіндік құнның жиынтық бөлімдері осы салалар бойынша жалпы республикалық жоспарлар жасады, жоспарлардың салалық және аумақтық жағынан үйлестірілуін қамтамасыз етті, жоспарларды жасауға қажетті көрсеткіштер мен үлгілерді әзірледі, халық шаруашылық жоспарларының орындалуына талдау жасап, салалық бөлімдердің жұмысын үйлестірді. Алайда, КСРО құрылғаннан бастап ыдырағанға дейінгі аралықтағы жоспарлы экономика саясаты сайып келгенде ел экономикасының жоспарлы түрде бірқалыпты ырғақпен дамуын қамтамасыз ете алмайтындығын көрсетті. Әкімшілдік-әміршілдік жүйенің қыспағымен белгіленген мерзімде орындалуы мүмкін емес, базалық дайындығы негізсіз жоспарлар жасалды. Соның салдарынан тек қана кеңестік қоғамға тән экономика-мәдени секірістер жасау үшін жалған жоспарлар жасалып, жалған ақпар беру жаппай белең алды. Жоспарлы экономика принциптеріне сай жергілікті жерлердегі шаруашылықтар мен өнеркәсіп орындары өнімнің бір ғана түрін өндіруге жұмылдырылып, біржақтылыққа бой ұрды. Кеңестік Жоспарлы эканомикаға тән теріс сипаттар ретінде мыналарды атап көрсетуге болады: барлық экономика реформалардың бір ғана мемлекет меншікке негізделуі; қоғамдық және әлеуметтік талаптың – сұраныс пен ұсыныстың ескерілмеуі; соның салдарынан басы артық тауарлардың қоймаларда жинақталып қалуы; өнеркәсіп орындары мен шаруашылықтардың жаппай іріленіп, тек белгілі бір сала бойынша ғана мамандануы; өнім өндірушілердің өз жұмыстарының нәтижесіне ынталы болмауы; сандық және сапалық көрсеткіштерді жалған құндық және заттық көрсеткіштердің ауыстыруы, т.б. Мұның өзі кейбір одақтас республикалардың, соның ішінде Қазақстанның да тек шикізат өндіруші республикаға айналуына әкеп соқты. Қазақстанда, негізінен, агр. секторға басымдылық беріліп, ауыр өнеркәсіп дамытылмай, технол. жабдықтар шығарудан құралақан қалдырылды. КСРО-дағы жоспарлы экономика өзінің даму сатысында дәрменсіздігін сан рет танытқанымен, оның біржола күйреу белгісі 20 ғасырдыңдың 80-жылдарының ортасынан бастап айқын байқалды. 1985 ж. жарияланған жаппай “қайта құру” науқаны Жоспарлы экономиканың шын мәнінде дағдарысқа ұшырағандығын көрсетті. Осы кезеңнен бастап КСРО ыдырағанға дейінгі аралықта жоспарлы экономиканы сақтап қалу үшін оған нарықтық экономиканың кейбір нышандарын енгізу шаралары жүзеге асырылды. Алайда қандай да бір тосқауылдарға қарамастан нарықтық экономика жоспарлы эканомиканы біржола ығыстырып шығарды.

114.Ұлттық валютаның енгізілуі.


Қазақстан теңгесі — Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылы 15 қарашадағы жарлығы бойынша айналысқа енгізілді. 1992 жылдың 27 тамызы күні Ұлттық банк теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Ертесіне қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Әбжәлеловтер Англияға аттанды. 1992 жылы теңге дизайнындағы портреттер бекітілді. Теңге Ұлыбританияда басылып шықты. 1993 жылдың 12 қарашасы күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды.[1]

1993 жылғы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы — теңге айналысқа енгізілді. Ескі ақшаны қазақстандық теңгеге айырбастау 1993 жылы 15 қарашада сағат 8.00-де басталып, 20 қарашада сағат 20.00-де аяқталды. Ұлттық Банк бастапқыда 1 теңгені сол кездегі мың рубльге бағалаған болатын. Дегенмен, еліміздің саяси, әлеуметтік мәселелері және мемлекетаралық қатынастар ескеріліп 1 теңге 500 сомға бекітілді. Теңге бірінші айналымға кірген күні 1 доллар 4,75 теңге болып бекітілді.


1993 жылы қараша айына дейін эмиссиялау қызметін тек қана КСРО-ның Мемлекеттік банкі, кейіннен Ресейдің Орталық банкі атқарып келді. Ол кезде Қазақстан аумағында төлем құралы ретінде КСРО Мемлекеттік банкінің немесе Ресей Орталық банкісінің 1961— 1991 жылдары шығарған рублдегі банкноталары мен монеталары қызмет етті. Ендеше сол уақыттары біздің шаруашылық айналымға қажетті Ресейдің рублін сатып алып отырғанымызда жасырын емес. Әсіресе 1 рублдегі қолма-қол ақшаны 2 рубль қолма-қолсыз ақшаға сатып алған. КСРО ыдырағаннан кейін кейбір оның кұрамына енген республикалар өздерінің ұлттық ақша бірлігін айналымға енгізіп, яғни «рубль аймағынан» шығып кеткен болса, ал біздің республикамыз сол аймақта екі жыл бойы қалды. Оның басты себебі, Қазақстанда өзінің банкнота шығаратын фабрикасы мен Монета сарайы болмады.


115. Экономиканы дамытудағы «Нұрлы жол», «100 нақты қадам» бағдарламаларының жүзеге асырылуы.


1-қадам. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ҚАБЫЛДАУ РЕСІМДЕРІН ЖАҢҒЫРТУ. Мемлекеттік қызметке қабылдау ТӨМЕНГІ ЛАУАЗЫМДАРДАН басталуы тиіс.

2-қадам. Төменгі лауазымдарға кандидаттарды реттеу және одан әрі лауазымдық өсу ІСКЕРЛІК ҚАСИЕТТЕР негізінде жүзеге асырылуы тиіс.


3-қадам. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ РӨЛІН АРТТЫРУ есебінен мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданушыларды ІРІКТЕУ РЕСІМІН ОРТАЛЫҚТАНДЫРУ. Үш сатылы іріктеу жүйесін енгізу.


4-қадам. 3+3 ФОРМУЛАСЫ БОЙЫНША мемлекеттік қызметке бірінші рет қабылданушылар үшін МІНДЕТТІ ТҮРДЕ СЫНАҚ МЕРЗІМІ (тиісінше үш айдан кейін және алты айдан кейін сәйкестілікті межелік бақылау).


5-қадам. Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын қызметінің нәтижесіне байланысты ӨСІРУ.


6-қадам. ЕҢБЕКАҚЫНЫ НӘТИЖЕ БОЙЫНША ТӨЛЕУГЕ КӨШУ. Мемлекеттік қызметкерлер үшін – жеке жылдық жоспарларды орындау; мемлекеттік органдар үшін – стратегиялық жоспарларды орындау; министрлер және әкімдер үшін – мемлекеттік қызмет сапасының арнаулы индикаторлары, өмір сапасы, инвестиция тарту; Үкімет мүшелері үшін – интегралдық макроэкономикалық индикаторлар.


7-қадам. Мемлекеттік қызметкерлердің ЛАУАЗЫМДЫҚ ЕҢБЕКАҚЫЛАРЫНА ӨҢІРЛІК ҮЙЛЕСТІРУ КОЭФФИЦИЕНТТЕРІН қосу


8-қадам. Ауыстырылатын мемлекеттік қызметкерлерге лауазымдық міндеттерін атқару кезеңінде оларға ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ ҚҰҚЫҒЫНСЫЗ ҚЫЗМЕТТІК ПӘТЕРЛЕРДІ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ БЕРУ.


9-қадам. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ТҰРАҚТЫ ТҮРДЕ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІН ЗАҢДЫ ТҮРДЕ БЕКІТУ – үш жылда бір рет олардың кәсіби шеберлігін арттыру.


10-қадам. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ МАНСАПТЫҚ ЖОҒАРЫЛАТУ ҮШІН КОНКУРСТЫҚ НЕГІЗГЕ КӨШУ. "Б" корпусының жоғары лауазымдарына жылжыту төменгі лауазымдағы мемлекеттік қызметкерлер қатарынан тек қана конкурстық негізде жылжыту есебінен меритократия қағидатын нығайту.


11-қадам. ШЕТЕЛДІК МЕНЕДЖЕРЛЕРДІ, ЖЕКЕМЕНШІК СЕКТОРДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН МАМАНДАРЫН, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтарын мемлекеттік қызметке жіберу. Оларды тағайындау ерекше талаптар және лауазымдардың жеке кестесі бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл қадам мемлекеттік қызметті ашық және бәсекеге қабілетті жүйе етеді.


12-қадам. ЖАҢА ЭТИКАЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРДІ ЕНГІЗУ. Мемлекеттік қызметтің жаңа Этикалық кодексін жасау. Этика мәселелері жөніндегі уәкілетті өкіл лауазымын енгізу.


13-қадам. ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТІ КҮШЕЙТУ, сонымен бірге, жаңа заңнамалар әзірлей отырып, Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің құрылымында жемқорлық құқық бұзушылықтың жүйелі түрде алдын алу және сауықтыру үшін жемқорлыққа қарсы арнайы бөлім құру.


14-қадам. Барлық мемлекеттік органдарға, оның ішінде құқық қорғау органдарының барлық қызметкерлеріне қатысты МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ қабылдау.


15-қадам. Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң қабылданғаннан кейін ІС БАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ КЕШЕНДІ АТТЕСТАТТАУДАН өткізу, кәсіби талаптарды күшейту және еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу.


116. Дүниежүзі қазақтарының Құрылтайлары (1992-2017жж.).


Қазақтардың Дүниежүзілік құрылтайы — Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының ең жоғарғы органы.[1]

Дүние Жүзі Қазақтарының Құрылтайы - Алматы қаласында 1992 жылы 28 қыркүйек пен 4 қазан аралығында дүние жүзі қазақтары өкілдерінің қатысуымен өткен құрылтай. Құрылтай қарсаңында қазақ ұлтының саны 10 млн. 537 мыңға жеткен. Дүние Жүзі Қазақтарының Құрылтайына ТМД елдерінен 350 адам және көптеген шет елдерден делегаттар қатынасты. Құрылтайға қатысушылар Түркістан, Жезқазған, Ұлытау сияқты еліміздің ежелгі саяси-әлеум., мәдени орталықтарында болып, ата жұртымен қауышты. Құрылтай жұмысын 200-ден астам журналистер, 50-ден аса телерадиокомпаниялар насихаттауға ат салысты. Дүние Жүзі Қазақтарының Құрылтайына қатысушылар Қазақстан халқына және дүние жүзінің басқа да халықтарына, мемлекеттеріне, олардың үкіметтеріне Үндеу қабылдады. Құрылтай күндері “Қазақтар: кеше, бүгін және ертең” деген тақырыпта ғылыми конференция болып өтті. Конференцияда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев “Құшағымыз бауырларға айқара ашық” деген тақырыпта баяндама жасады. Қазақ халқының тағдыры, ата-баба мұрасы, тілі, бүкіл дүние жүзіндегі қазақтарды біртұтас ұлттық мемлекетіне біріктірудің құқықтық негіздері, т.б. мәселелер жөнінде баяндамалар тыңдалды. Конференцияда Дүние жүзі қазақтарының қауымдастығы құрылып, оның төрағасы болып Н.Назарбаев сайланды. Бұл орталыққа ұлт өмірін жан-жақты зерттеп, қазақтардың әлеуметтік-экономика, мәдени, рухани тыныс-тіршілігіндегі мәселелерді шешу міндеттері жүктелді. Құрылтай шет елде жүрген қазақтарға олардың артында арқа сүйер іргелі елі барын танытты.


117.ҚР қоғамдық қозғалыстарының құрылуымен көп партиялық жүйенің қалыптасуы.


Тәуелсіздік алған жылдары елімізде саяси партиялардың және партиялық жүйелердің орнығуына, тәуелсіз баспасөздің дамуына көп көңіл бөлінді. Бұл жағдай республиканың өркендеуіне, қоғамның демократиялануына, реформаның тереңдеуіне, экономиканың және халықтың тұрмыс-тіршілігінің жақсаруына ықпал етті.

Партия – мақсаты билікке қол жеткізу болып саналатын саяси ұйым. Партия қоғам мен мемлекет арасындағы дәнекер буын қызметін атқара алады. Партия халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтауы тиіс.


1990 жылдың аяғына қарай қатарында 800 мыңға жуық коммунист болған Қазақстан коммунистік партиясы сан жағынан ең көп саяси күш болды. Дегенмен елде компартияға деген халықтың сенімі әлсіреді. Бұл жағдай компартия беделінің түсуіне айтарлықтай әсер етті. 1990 жылы компартия мүшелерінің 42 пайызы өз еркімен партия қатарынан шықты. Осы жылы партия мүшелерінің қатары 49 мыңға кеміді.


«ҚХКП» (Қазақстанның Халықтық-коммунистік партиясы) – Қазақстан Коммунистік партиясының ыдырауы нәтижесінде құрылды. ҚХКП-ға ҚКП-дан 15 мың адам мүшелікке өтті. Бұл партия 2004 жылы сәуірде ҚР Әділет министрлігінде тіркелді.


Партияның мақсаты – қоғамда шынайы халық билігін, терең адамгершілік, еркіндік және ғылыми-техникалық жаңғыру негізінде дамыған экономика, әлеуметтік әділеттік орнату. Партия 2012 жылғы мәжіліс сайлауында 7 мандатты иеленді.


Сипаты – халықтық-коммунистік, коммунизм идеясын сақтай отырып, әлеуметтік әділетті қоғамға қол жеткізуді мақсат етеді. 1991 жылы Қазақстан социал-демократиялық партиясы құрылды және «Азат» азаматтық қозғалысының партиясы құрылды. Бұл уақытта «Желтоқсан» партиясы да құрылды. Бұл партияның құрамына 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқандар кірді. Ал жастар өздерінің саяси қозғалысы «Алаш» партиясын құрды.


1993 жылдың соңында Қазақстанда 4 саяси партия тіркелді. Олар – Социалистік партия, Қазақстанның Республикалық партиясы, Қазақстанның Халық конгресі және Коммунистік партия. 1994 жылы желтоқсанда Қазақстанның Халықтық-кооперативтік партиясы, 1995 жылы қаңтарда Қазақстанның Өрлеу партиясы, 1995 жылдың басында Қазақстанның Аграрлық партиясы, 1995 жылы жазда Қазақстанның Демократиялық партиясы құрылды.


1999 жылғы қаңтарда «Отан» партиясы құрылды. Бұл партия Н.Ә. Назарбаевтың президенттікке кандидатурасын қолдау үшін қоғамдық штаб негізінде құрылды.


Қазақстандағы саяси жүйені жетілдіріп, партияларды ірілендіру үшін «Отан» өзімен мақсат-мүддесі бір «Асар», «Азаматтық» және «Аграрлық» партиялармен бірігу нәтижесінде қайта құрылды. Сипаты халықтық-демократиялық болды, мақсаты – халықты өзін-өзі басқаруға қатыстыра отырып, қоғам мен мемлекет арасында үйлесімді қатынасқа қол жеткізу.


ҚР парламентінің 1998 жылы 7 қазанда Қазақстан Республикасы конституциясына партиялық тізім бойынша сайлауды елдің сайлау жүйесіне енгізуі партиялық құрылыс процестерін тездетті.


Жалпы 1999 жылы республикада барлығы 14 саяси партия мен 30-ға жуық саяси қоғамдық қозғалыс, бірлестік құрылды. 2000 жылы республикадағы ресми тіркелген партиялар саны 15-ке жетті.


2002 жылы шілде айында қабылданған Қазақстан Республикасының «Саяси партиялар туралы» заңы және 2009 жылы 6 ақпандағы осы заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар елдің партиялық жүйесін одан әрі құрылымдық жағынан сапалы түрде өзгертті.


2006 жылы желтоқсан айында «Отан» партиясының 10-съезінде партияның аты «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы болып өзгертілді. 2007 жылы тамызда өткен парламент сайлауында партия айқын басымдылықпен жеңіске жетіп, билік партиясы аталды.


Партияның мақсаты – қоғамдық институттар мен мемлекеттік органдар күшін біріктіріп, әлемдік экономикалық дағдарыстың кері әсерін болдырмау және дағдарыстан кейін Қазақстанның дамуына қолайлы жағдай жасау. 2013 жылы қазан айында «Нұр Отан» партиясының ХV съезі болып өтті. Онда «Нұр Отан» партиясының саяси доктринасы «Нұрлы болашақ жолында» қабылданды.


Партия қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыруға; азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеруге; әлеуметтік әділеттік орнатуға және елімізде тұрақтылықты сақтауға; ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға; Қазақстан Республикасының жан-жақты және үйлесімді дамуы үшін азаматтардың отансүйгіштігі мен жауапкершілігін тәрбиелеуге белсенді ықпал етуді басты мақсаттары етіп жариялады.


Мәжілісте «Нұр Отан» көпшілік орынды иеленді.


2011 жылы республикада Қазақстан азаматтарының әртүрлі көзқарастарының кең шоғырын көрсететін 10 саяси партия тіркелді: Қазақстанның Демократиялық партиясы – «Азат», Қазақстанның Демократиялық партиясы – «Ақ жол», Қазақстанның Социал-демократиялық партиясы – «Ауыл», «Әділет» Демократиялық партиясы, Қазақстанның Коммунистік партиясы, «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия, Қазақстан патриоттар партиясы, «Руханият» партиясы.


Жалпы алғанда, Қазақстандағы партиялық жүйе қоғам мен мемлекет байланысының тиімді механизмі болып саналады және қоғамды демократияландыру мен ішкі саяси тұрақтылықты нығайту процестерінде маңызды рөл атқарады.


118.Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы өзгерістер.


Бүгінгі Қазақстан үшін ең маңызды қос мәселе - Көші-қон мен демографиялық өсім екені түсінікті. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясаты да аталған мәселені оңтйлы шешуге қарата бағытталып отырғаны жайлы жазып келеміз.

Қазақ халқы небір алмағайып күндерді бастан кешті. Десе де, халқымыз «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» бүгінгідей бақытты, бейбіт күнді ешқашан көрмеген болар. Бабаларымыздың ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғаған байтақ даласы бізге қалай мирас болса, осы ел мен жердің тәлейіне туған Нұрсұлтан Назарбаев алыстағы ағайынды Отан құшағына оралтып, қазақ тарихында алтын парақтар ашты.


1999 жылғы санақ жүргізілген кезде Қазақстан Республикасының әкімшілік-территориялық бөлінісіне сәйкес, оның әкімшілік-территориялық бірлігінен 84 қала және 200 кент, 2036 округ және 7684 ауылдың елді меккендер кіреді. Ресми статистикалық мәліметтер бойынша Қазақстан тұрғындарының 56%-і қалалық елді мекемеерде, 44%-і ауылдық елді мекендерде тұрады.


Әдетте қазақтардың көпшілігі ауылдық жерлерде тұрады. Сондықтан онжылдықтағы олардың қалалықтарға айналу қарқыны жоғары.


Консулдық қызмет департаменті басқармасының соңғы мәліметі бойынша, әрбір үшінші қазақ шет елдерге тұрады. Алыс және жақын шетелдердегі жалпы қазақтың саны 6 млн 100 мың адам.


119.Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласының тарихи маңызы.


«Қазақтың жері ешбір шетелдіктің меншігіне берілмейді, ешқашан сатылмайды». Мемлекет басшысының «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған мақаласында қоғамды мазалап жүрген жер мәселесі бойынша тағы бір мәрте нақты жауап берілді. «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деп аталатын мақалада Қасым-Жомарт Тоқаев егемендігіміз бен елдігіміздің тірегі болатын басты бағыттарға тоқталып, іргеміздің берік болуы үшін қажет шараларды да айқындап берді.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына қадам басқан Қазақстан үшін бұл он екі ай толымды істерге толы болуы тиіс. Президент мақаласының алғашқы бөлімі «Бағдар мен белес» деп аталып, онда осы күнге дейін елімізде атқарылған дүние сараланады. Алғашқы онжылдықта Қазақстан іргетасын қаласа, екіншісінде керегесін кеңейтіп, тарихын түгендеуге, шекарасын шегендеп, инфрақұрылымдық жобаларға баса мән берді. Үшінші онжылдықта еліміз индустриялық-инновациялық даму жолын таңдады. Ал алдағы төртінші онжылдықтағы міндет – қуатты елдің иесі және кемел қалық болу, - дейді Қасым-Жомарт Кемелұлы.


120.Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауының мәні мен маңызы.


Бүгінгі Жолдаудың мән-маңызы айрықша. Оның арқалайтын жүгі бір жылмен шектелмейді, ауқымы кең, мазмұны да бөлек. Біз алдымызға биік мақсаттар қойып отырмыз. Өздеріңізбен бірге Жаңа Қазақстанды құруға кірістік.

Баршаңызға мәлім, былтыр егемендіктің маңызды белесіне жеттік. Тарихи өлшеммен қарағанда 30 жыл тым көп уақыт емес. Халқымыз Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен осы кезеңде ауқымды жұмыс атқарды, көптеген табыстарға қол жеткізді.


Алайда, береке-бірлігімізді сақтамасақ, жетістіктеріміздің бәрінен айырылып қалуымыз мүмкін. Қаңтардағы дүрбелең кезінде бұған көзіміз анық жетті. Бұл оқиғалар бүкіл қоғамды дүр сілкіндірді. Халқымыз бұрын-соңды болмаған қауіп-қатермен бетпе-бет келді. Мемлекетіміздің тұтастығына және егемендігімізге зор қауіп төнді. Осы күндерде жұртымыз Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін жан-жүрегімен сезінді. Татулық пен тұрақтылық, тыныштық пен бейбітшілік қаншалықты маңызды екенін жете түсінді.


121. 2022 жылғы 5 маусымдағы Конституцияға түзетулер енгізу жөніндегі Референдум және нәтижесі.


Қазақстан Республикасы Конституцияның 91-бабының 1-тармағына және «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 18-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. 2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткiзiлсiн.


2. «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы «2022 жылғы 6 мамырда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасында баяндалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?» деген тұжырымдағы сауал қойылып, республикалық референдумға шығарылсын.


3. Осы Жарлық және «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы 2022 жылғы 6 мамырда бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жариялансын.


4. Республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткiзу Референдумның орталық комиссиясының қызметiн атқаратын Орталық сайлау комиссиясына, сондай-ақ референдумның аумақтық және учаскелiк комиссияларының қызметiн атқаратын аумақтық және учаскелiк сайлау комиссияларына жүктелсiн.


5. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясымен, Қазақстан Республикасының басқа да орталық мемлекеттік органдарымен және жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізу жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.


6. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


122.Қазақстанда Парламенттің рөлінің артуы және еліміздің саяси жүйесіндегі өзгерістер


1991 жылдың желтоқсанында Қазақстан демократиялық, адамзаттық құндылықтарға негізделген жаңа саяси құрылыстың жолында тұрды.

Нарықтық экономика құрылымына негізделген демократиялық қоғам Қазақстанның экономикалық және саяси дамуының таңдап алған жолы болды. Бұл мақсатқа жету үшін Қазақстанға жаңа сипаттағы дамудың құқықтық негіздерін көрсетіп отыратын жаңа конституция қабылдау керек болды.


Конституция – қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттің Ата Заңы. 1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстан Республикасының алғашқы Ата Заңы – конституциясы қабылданды.


Қазақстан Республикасының қазіргі конституциясы 1995 жылы 30 тамызда республикалық бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылданды. «Қазақстан демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік қоғам құруға ұмтылып отырған мемлекет, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» делінді.


Қазақстан Республикасы – президент басқаратын, унитарлы мемлекет. Мемлекеттік үкіметтің бірден-бір қайнар көзі – халық. Халық өз билігін республикалық референдум мен еркін сайлау арқылы жүзеге асырады.


Мемлекеттік үкімет бірегей, ол заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтары болып бөліну қағидасына сәйкес және олардың өзара қатынастары Қазақстан Республикасының конституциясы негізі мен заңдарына сүйенеді.


Тәуелсіздік алғаннан бастап республикада демократияландыруға бағытталған саяси өмірге өзгерістер енді. Бұрынғы уақытта үкімет-қоғам формуласы жұмыс істесе, ендігіде керісінше қоғам-үкімет негізге алынды. Мазмұндық және құрылымдық жағынан мемлекеттік басқару органдары бірқатар өзгерісті басынан кешірді. Құрылымдық өзгерістерге: президент лауазымының енгізілуі; биліктің үш тармаққа бөліну қағидасының қолданылуы; орталық атқарушы органдардың қосалқы функцияларын жою жатты. Мазмұны бойынша «Мемлекеттік қызмет туралы» заңға 1999 жылы өзгертулер мен қосымшалар енгізілді. Осы шешімге сәйкес алдағы уақытта кадрларды таңдау, аттестациялау және қызметке тағайындау механизмі реттеліп отыратын болды.


Конституция берген өкілдік шеңберінде мемлекет атынан президент сөйлейді. Қазақстан Республикасы президенті – мемлекет басшысы және ең жоғарғы лауазым иесі. Ол мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтайды. Президент мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісімді қызметін және биліктің халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді.


Қазақстан Республикасының парламенті – республиканың заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғарғы өкілетті орган. 1995 жылғы конституция бойынша елімізде заң шығарушы орган – екі палаталы парламент жұмыс істейді. Жоғарғы палата – сенат, төменгі палата – мәжіліс.


Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдарға басшылық етеді және олардың қызметін бақылайды. Үкіметті президент құрады, үкімет президент алдында жауапты және оған есеп береді. Премьер-министрді парламентпен келісе отырып президент тағайындайды. Премьер-министрдің ұсынысын ескере отырып президент үкіметтің құрылымын анықтайды, оның мүшелерін тағайындайды және босатады. Республиканың үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарын құрады, жояды немесе қайта құрады.


Қазақстан Республикасында әділеттікті тек сот жүзеге асырады. Сот билігі азаматтардың құқығын, бостандығын және заңды мүдделерін, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғайды. Сот билігі азаматтық, әкімшілік және қылмыстық сот ісін жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Сот билігі органдары: Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты, сондай-ақ төмен тұрған соттар.


Жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы жағдайға жауапты жергілікті өкілетті және атқарушы органдар жүзеге асырады. Жергілікті өкілетті орган – мәслихат тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі тұрғындар еркін білдіреді және жалпы мемлекеттік мүддені ескере отырып, оны жүзеге асыру шараларын анықтайды. Жергілікті атқару органдары Қазақстан Республикасы атқару органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді, тиісті аумақтағы мүдде мен қажеттіліктер дамуын үйлестіре отырып, атқару билігінің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етеді.


124. Ұлттық Құрылтайды құру және оның мақсат, міндеті.


1919 жылғы 10 шілдеде Қырғыз (Қазақ) өлкесін басқару жөніндегі революциялық Комитет құрылды. Құрамы: Астрахань губерниясының қазақтар тұратын бөлігі, Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстары.

Ол өлкедегі ең жоғарғы əскери-азаматтық басқарма болып саналды. Қазревком басшысы – С.Пестковский. Мүшелері – В.Лукашев, Ə. Жангелдин, А.Байтұрсынұлы, М.Тұнғаншин, С.Меңдешев, С.Сейфуллин, В.Радус-Зенькович, А.Авдеев, Б.Қаратаев, Ə.Əйтиев, Ə.Əлібеков, С.Арғыншиев, Х.Ғаббасов, Т.Седельников.


Қазревком міндеттері:


1. Контрреволюция мен интервенцияға қарсы күресу.


2. Өлкеде мемлекеттік, шаруашылық, мəдени құрылыс үшін жағдай жасау.


3. Кеңестердің Құрылтай съезін əзірлеу.


Қазревком қазақ жерлерін біріктіру жөнінде жұмыстар атқарды. Қазревкомның органы – “Ұшқын” газеті шығарылды.


1920 жылғы 9 наурызда өзін “Қазақ елінің үкіметі” деп атаған Алашорданы тарату туралы Қазревком шешімі қабылданды.


1920 жылғы 20 тамызда “Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы” декрет шықты. Астанасы – Орынбор қаласы (1920-1924жж).


1920 жылы 4 қазанда Орынборда Қырғыз (Қазақ) АКСР Кеңестерінің Құрылтай съезі өткізілді. РКФСР құрамындағы Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы жарияланды. Қазақ халқының ұлттық мемлекетінің шаңырағы қайта көтерілді.


Жоғарғы өкімет органдары сайланды:


1. Орталық Атқару Комитеті, төрағасы – С.Меңдешев.


2. Халық Комиссарлары Кеңесі, төрағасы – В.Радус-Зенькович.


“Қазақ АКСР еңбекшілері құқықтарының декларациясы” қабылданды.


Қырғыз (қазақ) әcкери-революциялық комитеті жанынан арнаулы комиссия құрылып, республика шекарасын белгілеумен айналысты. Отаршылдық пиғылдағылар Қазақстанға Ақмола, Семей, Орал облыстарының қосылуына қарсы шықты. Басқа біреулер республика құрамына Омбы облысын, Орта Азияның көп бөлігін, Барнаул уезін, Алтай өлкесін қосуды көздеді.


Орынборды Қазақстан құрамына енгізудің маңызы зор болды. Қостанай аймағын республика құрамына қосу қажеттігін А.Байтұрсынұлы мен М.Сералин жан-жақты дəлелдеді. Батыс Сібірге еніп келген Ақмола мен Семей облыстары Қазақстан құрамына енгізілді. Ə.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы, Ə.Ермеков, М.Сералин ол жерлердің ежелден қазақтікі екенін дәлелдеді.


ҚАКСР құрамына енгізілген аймақтар:


1. Семей облысы – Павлодар, Семей, Өскемен, Зайсан, Қарқаралы уездері.


2. Ақмола облысы – Атбасар, Ақмола, Көкшетау, Петропавл уездері жəне Омбы уезінің бір бөлігі.


3. Торғай облысы – Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз, Торғай уездері.


4. Орал облысы – Орал, Ілбішін Темір, Атырау уездері.


5. Маңғыстау уезі, Закаспий облысы Красноводск уезінің 4,5-адай


болыстары.


6. Астрахань губерниясының бір бөлігі (Каспий теңізінің солтүстік шығысы).


7. Бөкей Ордасы жəне Каспий теңізі жағасындағы округтерге жақын жатқан болыстар.


1921 жылы Ақмола жəне Семей облыстары Сібір ревкомы қарамағынан ҚазАКСР-іне берілді. 1921 жылы Жайық, Ертіс өзендері бойындағы бұрын казактар иеленіп келген 10 шақырымдық өңір қазақ халқына қайтарылды. Орта Азияны ұлттық-мемлекеттік жағынан межелеу барысында қазақ жерінің біртұтас Қазақ республикасы болып қалыптасуы аяқталды.


Сырдария облысының Қазалы, Ақмешіт, Түркістан, Шымкент уездері, Əулиеата уезінің көп бөлігі, Ташкент, Мырзашөл уездерінің бір бөлігі, Самарқан облысы, Жизақ уезінің бірнеше болысы, Жетісу облысының Алматы, Жаркент, Лепсі, Қапал уездері, Пішпек уезінің бір бөлігі Қазақстанға қарады.


Республика аумағы – 2,7 млн. шаршы шақырым (1/3-дей кеңейді).


Халқы – 5 млн. 230 мың (1 млн. 468 мыңға көбейді). Қазақтар – 61,3% (1926 ж. санақ). 1925 жылғы сəуірде Кеңестердің бүкілқазақстандық V съезінде “қырғыз-қазақ” атауы берілді.


1924 жылы астана – Қызылордаға, 1929 жылы Алматыға көшірілді.


125. Білім және ғылым жүйелеріндегі реформалар. «Болашақ» бағдарламасы.


Осы жылдардың ішінде «Болашақ» халықаралық стипендиясы Қазақстанның бірегей брендіне айналды. Мұны Елбасымыз да өткен жылы елордада өткен «Болашақ» халықаралық стипендиясының 25 жылдығына арналған «Адами капитал - жаңғыру негізі» атты форум қатысушыларына жолдаған құттықтауында атап өткен еді.

«Ширек ғасырдан бері еліміздің талантты жастарына қолдау көрсетіп келе жатқан «Болашақ» стипендиясы дүниежүзіне танылған қазақстандық брендке айналды. Біз сонау 1993 жылдан бері 13 мың жастың шетелде білім алуына жағдай жасап, олардың заман талабына сай білікті маман болуына жол аштық. Бүгінде «Болашақ» стипендиясымен оқып келген түлектер білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым және техника салаларында жүздеген ғылыми әзірмелер мен ірі жобаларды жүзеге асырып, зор жетістіктерге жетіп отыр», - делінген еді Тұңғыш Президенттің құттықтау хатында.


126. «Мәдени мұра», «Тарих толқынында» мемлекеттік бағдарламалары: мақсаты мен негізгі кезеңдері.
«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасын Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев бастауымен құрылған. 2003 жылы мемлекет Басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанның үлкен мәдени мұрасын, мемлекеттік тілде гуманитарлы білім қорын, тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіруді, ұлттық әдебиет пен жазудағы көпғасырлы тәжірибені біріктіруді зерттеудегі бірыңғай жүйе қалыптастыруға бағытталған бағдарлама жасауды бұйырды.

Бағдарламаны жүзеге асыру 2004 жылы басталған болатын және екі жылға есептелген. Кейін тағы екі кезең құрылды: 2007 жылдан 2009 жылға дейін және 2009 жылдан 2011 жылға дейін.


127. «Мәңгілік ел» идеясының негіздері.


014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат — Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол — «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті«,- деп бастады.

Бұл орайда елең еткізген жаңалық — тұңғыш мемлекеттік ресми идеология, яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы. Бұл — Қазақстан Республикасының ұлттық идеясынан келген түйін-тұжырым.


Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу. «Мәңгілік ел» ұғымын тереңнен түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету мәселелері маңызды болып табылады.


Түркі тарихын, көне түркі мұраларын зерттеуші филология ғылымдарының докторы, профессор Қаржаубай Сартқожаұлының «MANGI EL» халықаралық ғылыми-көпшілік тарихи журналында: «Мәңгілік ел — түрік жұртының данагөйі, үш бірдей қағанның кеңесшісі болған атақты Тоныкөк (Тұй-ұқық) негізін қалаған идея...» — екендігін жазған [1, 20-21 бб.]. Елтеріс Құтлық қаған екінші Түрік қағанатын құрғаннан кейін Тоныкөк «Мәңгілік ел» идеясын қолға алды. Мәңгілік ел — мақсаты түрік елінің билігі деп осыдан 13 ғасыр бұрын мәңгілік идеясын ұсынған. Елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін геосаяси және ішкі, сыртқы қорғаныс шеңберін жасап, мәңгілік ел саясатын Көк Түріктер іске асырды. Сол идея, сол мұрат бүгінгі қазақ елінің бас ұранына айналуда.«Күл тегін» жазуының қазіргі қазақ тілінің нормасына келтірілген Ғұбайдолла Айдаровтың нұсқасында: «Көктегі түркі тәңірісі, түркінің қасиетті жер-суы былай депті: Түркі халқы жоқ болмасын дейін, халық болсын дейін...» — деген жолдар бар


128. Тәуелсіздік жағдайында тарихи сананы жаңғыртудың кезеңдері


Қазақстанның тәуелсіздікке ие болуы қазақ халқының ұлттық санасының күрт өсуіне әсер етті. Ол сонымен бірге одан өткен тарихын жан-жақты ұғынып, оны қайта зерделеуді талап еткені де анық. Өйткені бұл сол кездегі күрделі өзгерістер заманында заңды түрде күн тәртібіне шығарылған ауыр да өткір мәселелердің қатарына жатты. Себебі егемендікпен қатар халыққа жаңа ұлттық бірегейлік қалыптастыру үшін тарихи өзіндік жеткіліктілігін дәлелдеу де керек болды. Алғашында тарихымызды терең зерделеуде кәсіби көзқарас жетіспеді. Тарихқа деген қоғамдағы сұраныстың жоғарылылығы, оған кәсіби мамандардан бөлек тарихқа қызығушылық танытқан, әуесқой тарихшылар да қалам тартты. Онда аңыз да, ақиқат та болды. Бірақ осымен бірге дүниеге жаңа ғана келген жас тәуелсіз мемлекеттің азаматтарының жартысынан астамы Кеңес Одағын аңсаса, солардың бір бөлігі өздерін КРСО-ның азаматы санаған кезді де басымыздан өткердік. Бұл мемлекеттілік мәселесінің сынға түскен уақыты болатын.

Әрине, қазақ халқы тәуелсіздікке қол жеткізгенге дейін тарихи дамудың белгілі бір кезеңдерінен өтіп, этникалық және ұлттық тұрғыда өзінің мән-мағынасын, өзіндік ерекшеліктерін, өмір мен қоғамдағы өзінің алатын орнын нақты түсіну деңгейіне көтерілді. Яғни, ол этникалық әлемде өзін және басқа этностарды ажырататындай этникалық сана-сезімге ие болды. Осының негізінде олар тайпалық пен ұлыстықтан да күрделірек ұлттық сана-сезім деңгейіне көтерілді. Оның күрделілігі бір-біріне бағынышты этникалық, діни, әлеуметтік-саяси және тағы да басқа құрылымында болды.


Бұл үдеріс мемлекеттіліктің пайда болуымен тығыз байланысты болғандақтан, ұлттық сана-сезім мәселесінің мәдениеттің феномені ретіндегі өзектілігі арта бастайды. Өйткені, әрбір ұлттың мәдени мұрасы олардың төл тарихи тамырларына негізделеді. Алайда, КСРО ыдырағаннан кейін халыққа күшпен таңылған қос стандартты жалған мәдени мұра ұлттық сана-сезімнің пәрменіне деген көңілді көншіте қоймады. Себебі осыған дейін азаматтар арасында мақтаныш сезімін тудырып келген өмірге көзқарас келмеске кетсе, ендігі жерде оның орнында бос кеңістік пайда болды. Ол ұлтаралық қатынастар мен экономикалық байланыстардың күйреуі сияқты әртүрлі келеңсіз жағдайларға әкеліп соқты. Осының нәтижесінде туындаған қарама-қайшылықтар бітпейтін және ұлттың орны толмайтын мәдени көкжиегінің жоғалуына дейін әкелуі мүмкін еді. Ол өзінің кері әсері жағынан мәдени құлдыраумен тепе-тең болды. Нәтижесінде, ұлттың рухани-зияткерлік әлеуеті әлсіреп кетті.

129. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері.


Әлемдік және Дәстүрлі Діндер Лидерлерінің Съезі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев мемлекет басшысы және қоғамда діннің өсіп отырған рөлін толық шамада сезінетін саясаткер ретінде әлемдік және дәстүрлі діндер форумын Қазақстан Республикасының бас қаласы - Астана қаласында өткізуді ұсынды. Осындай іс-шаралардың ұйымдастырушы ретінде жетекші діндер мен конфессия өкілдері тарапынан ғана бұндай ұсыныс түсетін еді. Конфессияаралық келіссөздерді орнатуға бағытталған осындай іс-шаралардың бірі Италияның Ассизи қаласында 1986 жылдың қазан айында және 2002 жылғы қаңтарда әлем діндері мен конфессиялары өкілдерінің кездесуі ғана болатын.

Қазақстан Президентінің ойы бойынша бір бірі туралы жалпы аспектілер мен дәл мәліметтер негізінде құрылған әлем және дәстүрлі дін лидерлері арасындағы келіссөз өзара ынтымақтастық үшін кең болашаққа жол ашып біздің заманымыздың зомбылық, фанатизм, экстремизм және терроризм сияқты теріс көріністерді болдырмауға септігін тигізеді.


130. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты және халықаралық қатынастары


Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатындағы негізгі мақсаты – елдің қауіпсіздігін сақтау, саяси және экономикалық қарым-қатынастарда аймақтық, субрегиональдық құрылымдарға ену, тәуелсіз мемлекет есебінде елдің дамуы үшін сыртқы қолайлы жағдайларды қарастыру және оны тиянақтау.

Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталуымен ерекшеленеді.


Ресей, Қытай, Батыс пен Түрік-ислам әлемі арасындағы күштерді дұрыс теңестіру Қазақстанның сыртқы геосаясатының негізі болып есептеледі.


Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаяси және экономикалық факторларына байланысты көп ғасыр бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татулық және олардың аймақтық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді.


1992 жылы наурыз айында Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымыына мүше болып қабылданды.


Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. Жалпы алғанда, Қазақстан әлемдік қауымдастықтың 138 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты және ТМД елдері арасында дипломатиялық өкілдіктің ең тармақты желісін иеленіп отыр. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан 56 елде 75 шетелдік өкілдігін, 45 елшілігін, 6 дипломатиялық уәкілдігін, 8 бас консулдық пен 6 консулдық ашты.


Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр.


Бұл тұрғыда 2006-2007 жылдары аталған мемлекеттермен және аймақтармен екі жақты байланыс едәуір алға басты. Осылайша мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМД мемлекеттepi арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады.


Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік және халықаралық, ұлтаралық ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс істейді.


Қазақстан сыртқы саясатында басты үш мәселеге ерекше назар аударады:


ТМД, Азия, Еуропа елдері, АҚШ, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы елдерімен халықаралық байланысты өркендету. 2. Мәдени-экономикалық байланысты күшейте отырып, алдынғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу. 3. Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше назар аударатын мәселе – ең жақын әрі ірі көрші мемлекеттермен, солтүстікте – Ресеймен, шығыста – Қытай Халық Республикасымен ойдағыдай қарым-қатынас орнату.


1992 жылы 25 мамырда Қазақстан мен Ресей арасында достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарт жасалды. 1995 жылы 20 қаңтарда Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын кеңейту туралы декларация жарияланды, ал 1996 жылы 27 сәуірде Алматыда екі елдің бірлескен декларациясына қол қойылды. Бұл декларацияларда екі ел арасындағы егемендікті, тәуелсіздікті құрметтеу, аумақтық тұтастық пен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау ұстанымдары қабылданды.


1992 жылы тамызда Қазақстан президентінің Қытай Халық Республикасына алғаш сапары болды, нәтижесінде барлық сауда байланыс жолы ашылды. 1994 жылы сәуір айында Қазақстан мен Қытай арасында шегара аумағын заңдастырып белгілеу (делимитация) жөніндегі келісімге қол қойылды.


1996 жылы сәуір айында алғашқы Шанхай келісімі жүргізіліп, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы құрылды. Бұл келісімге Ресей, Қытай, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан қатысты. Мұнда шегараны бұзбау, бейтарап аймақтық қашықтықты 100 шақырымға дейін жеткізу сияқты мәселелер қаралды.


Қазақстанның сыртқы саясатында АҚШ-пен қарым-қатынастың маңызы өте зор. 1991 жылы 25 желтоқсанда АҚШ Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін таныды. Қазіргі кезде АҚШ Қазақстан экономикасының аса ірі инвесторы болып отыр. 1997 жылы Қазақстан мен АҚШ арасында экономикалық әріптестік бағдарламасы жасалды. Екі ел арасында Қарашығанақ кеніші жөнінде және Каспий айлағын бөлісу жөнінде келісімдерге қол қойылды.


1999 жылы желтоқсанда Қазақстан мен АҚШ арасындағы келісімде – екі ел арасындағы серіктестікті одан ары дамыту, АҚШ-тың Қазақстанға демократиялық, экономикалық өркендеуде қолдау көрсетуі, аймақтық, ғаламдық негізде тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында ынтымақтастық үшін барлық мүмкіндікті пайдалану сияқты мәселелер қарастырылды.


АҚШ Қазақстанға мәдениет пен білімді дамыту саласында үлкен қолдау көрсетіп келеді. «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде қазақстандық студенттер АҚШ, Франция, Германия оқу орындарында оқиды.


1993 жылы президент Н.Ә. Назарбаев Лиссабон хаттамасына қол қойды. Қазақстан ядролық қарудан еркін аймақ болып жарияланды. Соғыс өнімдерін шығаратын кәсіпорындарды бейбіт заттар өнімдеріне айналдыру (конверсия) жүзеге асырыла басталды.




1996 жылы 31 қыргүйекте Қазақстан БҰҰ-ға мүше 129 елдің қатарында ядролық қаруды таратпау жөнінде шартқа қол қойды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет