Қазақстан тарихы пәнінен студенттердің өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар


-сұрақ. Қазақстандағы отарлық дәуірдің басталуы



бет25/52
Дата02.12.2023
өлшемі165,98 Kb.
#132761
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   52
Байланысты:
?àçà?ñòàí òàðèõû ï?í³íåí ñòóäåíòòåðä³? ?ç³í-?ç³ òåêñåðó ?ø³í ñ?ð

42-сұрақ. Қазақстандағы отарлық дәуірдің басталуы.
Қазақстанды Ресейдің отарлауы — 1731 жылы Кіші Жүз ханы Әбілқайырдың Ресейге қосылуынан басталды (қ. Әбілқайыр). Бұл процесс 130 жылдан аса уақытқа созылып, 19 ғасырдың 60 жылдарының ортасына қарай толық жүзеге асырылды. 1731 – 1860 жылдары Қазақстан Ресейге, көбіне сөз жүзінде ғана бағынып, іс жүзінде ру, тайпа билеушілері дербес саясат жүргізді. Патша өкіметі халық көтерілістерін аяусыз басып отырғанымен, елдің ішкі істеріне (сот жүйесіне, ру аралық мәселелерге) араласпады. Ел ішіндегі беделді адамдарға, ру басыларына жалақы тағайындап, әр түрлі атақтар беріп, екінші жағынан әкімшілік реформалар жасап, көнбегендерін жазалау арқылы өз билігін күшейтті. Мысалы, 1822 жылы Орта жүзде, 1824 жылы Кіші жүзде хандық басқару жойылды, қарсы шыққандар күшпен талқандалды (Кенесары Қасымұлы бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы). 19 ғасырдың ортасына қарай Батыс, Солтүстік-шығыс, Орталық Қазақстан Ресейге толық бағынды. Оңтүстік, Оңтүстік-шығыс Қазақстан Қоқан, Хиуа хандықтарына қарады. Олар жергілікті қазақтарға салықты үсті-үстіне көбейтті. Көтеріліске шыққан халық Ресей өкіметінен көмек сұрады. Бұған қоса осы кезде Орталық Азияны отарлау жөнінде Ресей мен Ұлыбритания елдері арасында бәсеке күшейе бастады. Үндістан арқылы Ауғанстан мен Иранға орныққан ағылшындар Қоқан, Бұхар, Хиуа хандықтарын Ресейге айдап салып, оларға өз ықпалын жүргізуге тырысты. Қоқан, Хиуа хандықтарының езгісіне қарсы көтеріліске шыққан қазақтарға көмек беруді желеу етіп Ресей өкіметі оңтүстік бағытта ел ішіне ене түсті. 1854 жылы Верный (Алматы) бекінісі салынды. 1862 – 64 жылдары орыс әскерлері Әулиеата, Шымкент, Түркістан қалаларын басып алды. Оңтүстік Қазақстанды бағындырғаннан кейін Қазақстанды Ресейдің оарлауы толық іске асты. 1867 – 68 жылғы Ресей үкіметінің “Уақытша Ережесі” бойынша әкімшілік және сот жүйелері толығымен Ресей өкіметінің қолына көшіп, қазақ жері облыстарға бөлінді.
43-сұрақ. 1739-1741 жж. жоңғар-қазақ соғысы. Абылайдың Жоңғармен, Қытаймен, Ресеймен қарым-қатынастары. Абылай сұлтанның дипломатиялық өнер.
Қазақ-жоңғар, қазақ-қытай және қазақ-орыс қатынастарын тиімді жолға қойылып, елдің тыныштығы мен тұтастығын сақтауда маңызды істер атқарылды. Көрсетілген мерзімдегі аталған мемлекеттермен арадағы осындай қатынас¬тар бейбіт келісім және жеңісті соғыс қимылдары арқылы да іске асырылды.
Осылардың ішінде қазақ жерінің бірлігін қамтамасыз етіп, қантөгісті болдырмау, Қытай агрессиясына кез-келген жолмен тойта¬рыс беруді қамтамасыз етуде Абылай сұлтан қи¬мыл¬дарының маңызы ерекше.
ХVІІІ ғасырдың бірінші ширегінен әр түрлі себептермен тұтастығынан айырылып, бөлшектенуге түскенімен осы ғасырдың екінші жар¬тысында елдің қайтадан бірігуі және оның сыртқы жауларға қарсы күресін шеберлікпен ұйымдастыра білген білгір саясаткер, ше¬бер дипломат, қолбасшы Абылай сұлтанды бас еткен қазақ хал¬қы елдің ішкі жағдайын реттеу мен сыртқы сая¬сат¬та нәтижелі табыстарға қол жеткізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет