Қазақстан тарихы пәнінен студенттердің өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар


-сұрақ. XIX ғ. 60-70жж. Орал, Торғай обылыстар мен Маңғыстаудағы көтерілістер?



бет27/52
Дата02.12.2023
өлшемі165,98 Kb.
#132761
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   52
Байланысты:
?àçà?ñòàí òàðèõû ï?í³íåí ñòóäåíòòåðä³? ?ç³í-?ç³ òåêñåðó ?ø³í ñ?ð

48-сұрақ. XIX ғ. 60-70жж. Орал, Торғай обылыстар мен Маңғыстаудағы көтерілістер?
1867-1868 жылдардағы реформалар отаршылдық езгіні тереңдетті. Жерді патша үкіметінің мемлекеттік меншігі етіп жариялады. Жаңа бекіністер салуға шаруалардың жері тартып алынды. Шаңырақ салығы 1 сомнан 3 сомға дейін өсірілді. Земство салығын қосқанда 3 сом 50 тиынға көтерілді. Осы ауыртпалықтар қазақ шаруаларын азаттық күреске көтерді.
49-сұрақ. Ж.Нұрмұхамедов бастаған Сырдария қазақтарының орыс және Хиуа басқыншылығына қарсы көтерілісі.
Ресей әскерлерінің қазіргі Қазақстанның Оңтүстігі мен Оңтүстік-шығыс аумақтары арқылы ілгері жылжи түсуі, Хиуа мен Қоқан хандықтары тарапынан үнемі шабуылдардың жасалып тұруы, олардың шектен тыс озбырлықтары мен шұрайлы жерлерді тартып алуы жергілікті қазақ халқының көтеріліске шығуына себеп болды. Ол көтерілістер кезінде халықтың қалың бұқарасын атақты батырлар Жанқожа Нұрмұхамедұлы мен Есет Көтібарұлы басқарды.

50-сұрақ.Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісі
Емельян Пугачёв бастаған шаруалар көтерілісі басылғаннан кейін патша үкіметі Кіші жүз қазақтарының көшпелі қауымына отаршылдық езгіні күшейтіп жіберді.
Сондықтан да қазақтардың көтеріліске шығуы тіпті де кездейсоқ нәрсе емес еді. Оның өзіндік себептері болды.
Біріншіден, шекара шебінің ішкі жағына уақытша өткен қазақтарға қойылатын талаптар тым қатайтыла түсті.
Екіншіден, Орал казак әскерлері тарапынан бұрынғысынша дала төсіндегі «әскери іздестірулер» тоқтатылмады.
Үшіншіден, Нұралы ханның және оның төңірегіндегілердің беделі жыл өткен сайын төмендей берді.
51. И.Тайманов пен М.Өтемісов бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.
Өткен ғасырдың 20 — жылдарының орта кезінен бастап 1836–1838 жылдарда Бөкей ордасы мен Кіші жүздің батыс бөлігінде қазақ батырлары Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық-азаттық көтеріліс туралы көптеген зерттеу еңбектер жариялана бастағаны мәлім. Ал,қазақ елі тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейінгі жылдарда осы көтеріліс тарихына байланысты біраз жаңа ғылыми-зерттеу еңбектер жарық көрді.Сол еңбектерді зерделей келе Исатай мен Махамбет батырлар бастаған көтеріліс тарихына байланысты әлі-де анықтай түсетін жағдайлардың бар екендігі байқалуда. Кейінгі жылдарда тарихшы ғалымдар бұл көтерілісті жаңа методологиялық негізде-тәуелсіз ел тұрғысынан зерттеуді қолға алды. Бөкей хандығы құрылуының алғышарттары: көтерілістің Кіші жүздің батыс бөлігінде өрістеуі және, Ақбұлақ шайқасы; Жәңгірхан, Махамбет сияқты тарихи тұлғалар; Исатай мен Махамбет батырлардың ержүрек сарбаздары туралы және басқа да деректер әлі-де тереңірек зерттеуді қажет ететіндігі байқалуда.
Біз осы баяндамамызда И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған халық-азаттық көтерілістің кезеңдері туралы әңгіме қозғамақпыз. 2000 жылы «Ата мұра» баспасынан жарық көрген Академиялық «Қазақстан тарихының" 3 томында осы көтеріліс 3 кезеңге бөлініп көрсетілген. Онда, 1833- 1836 жылдарды қамтитын бірінші кезең-қарулы көтеріліске дайындық кезеңі деп сипатталады. Екінші кезең, көтерілісшілердің ханға қарсы бас көтеруінен (1837 жылдың басы) басталып,1837 жылдың қараша айының орта кезінде олардың жеңілуімен аяқталады.Үшінші кезең, 1837 жылдың желтоқсан айының орта кезінде Исатай мен Махамбет батырлар бастаған азғана топтың Жайық өзенінің сол жақ бетіне өткен уақытынан басталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет