ІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
ІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Жиынтық бағалаудыңөткізілууақыты– 45 минут
Балл саны– 30 балл
Тапсырмалар түрлері:
КТБ- көп таңдауы бар тапсырмалар
ҚЖ- қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
ТЖ-толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар сұрақтар, қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады. Берілген нұсқа қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 5 тапсырмадан тұрады. Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және шығармашылық дағдыларын көрсетеді. Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/сұрақтардан тұрады.
ІІ тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы