Қазақстан тарихы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені білім беру бағдарлама Бакалавриаттың барлық білім беру бағдарламаларына арналған


Көрнекілік және үлестірме материал



бет51/82
Дата20.12.2023
өлшемі6,27 Mb.
#141352
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   82
Байланысты:
kazakstan tarih paninen oak 2022zh (1)

Көрнекілік және үлестірме материал:Слайд, иллюстрация
Ұсынылатын оқу тізімі:
1.История Казахстана (с древнейших времен до наших дней). В5-ти томах. – Том 2. – Алматы: Атамұра, 1997. – 345 с.
2.Кумеков Б.Е. Государство кимаков в IХ-ХI вв.– Алма-Ата, Наука, 1972- 695 с.
3.Қазақстан тарихы. І Том. Алматы, 196ж. 541 б.
4. Қазақстан тарихы. (Көне дәуірден 2005 жылдың басына дейін) Ч.Мусин. Алматы, 2005ж. 71 экз.
Бақылау сұрақтары:

  1. Қазақстан аумағындағы ерте орта ғасырдағы мемлекеттер (VI-IX ғғ)?

  2. Жібек жолының бағыттары



Дәріс 3. Ұлы Дала Алтын Ордалық кезеңде (XIII-XV ғғ.)
Дәрістің мақсаты: Шыңғыс хан негізін қалаған Моңғол мемлекетінің құрылымы, жаулаушылық саясаты және Қазақстан жеріндегі ортағасырлық Алтын Ора, Ақ Орда, Моғолстан, Ноғай Ордаларының құрылу тарихына тоқталу.
Түйінді сөздер:Жасақ, Қарақорым, жорық, этнос, территория, этникалық құрылым,даруга, беклербек, ұлыс, бек, би.
Күтілетін нәтижелер: Моңғол империясының және ортағасырлық мемлекеттердің қоғамдық-саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуына тән ерекшеліктерді түсінеді. ХІУ-ХУ ғғ. мемлекетерге қатысты әр түрлі тарихи дереккөздерді қолданады.Мемлекеттердің құрылуына әсер еткен факторларды талдайды.


Негізгі сұрақтар:
1 Шыңғыс хан және Монғол империясының құрылуы.
2. XIV-XV ғғ. Ортағасырлық мемлекеттер

XIII ғасырдың екінші онжылдығында Қазақстан территориясы Шыңғыс-хан бастаған соғыс–құмар татар-монғол тайпаларының шапқыншылығына ұшырады. Бұл тайпалар Азияның ішкі шалғай аудандарының ұлан – байтақ жерін иеленген еді.Моңғол тайпалары әлеуметтік–экономикалық дамудың түрлі сатысында болатын, «орман халқы» және көшпелі қыр халқы деп аталатындарға бөлініп өмір сүрді. «Орман» тайпалары негізінен аң аулаумен, қыр тайпалары көшпелі мал шаруашылығымен айналысты және бұлар сан жағынан басым болып, монғол қоғамының саяси өмірінде жетекші роль атқарды.ХІІ–ХІІІ ғасырлардың межесінде монғол қоғамында феодалдық қатынастардың қалыптасу процессі жүріп жатты. Бұл қоғам екі топқа бөлінеді: нояндар және езгідегі араттарға бөлінді. ХІІІ ғасырдың басында татар - монғол тайпаларының басын біріктірген Монғол феодалдық мемлекеті құрылды. Бұл мемлекеттің негізін салушы Борджеген тайпасынан шыққан Темучин болды. Ол бір дерек бойынша 1162 жылы, екінші дерек бойынша 1155 жылы бай ноян Есугей – бағадұрдың отбасында дүниеге келген. Шешесі -Меркет қызы, руы қоңрат. Темучин ер жете келе көшпелілер үстінен билік жүргізуүшін, тайпалар арасындағы күрес жағдайынданегізгіқарсыластарыныңбарлығын женіп, 1203-1204 жылдары моңғолдың бүкіл тайпаларын өзінің қол астына біріктірді. Егер бұрын Моңғолиянымекендеген тайпалардың көпшілігі татар деген (ең қуатты тайпалардың бірі аты ) белгілі болса, енді мемлекеттің нығаюына байланысты моңғолия тайпалары өздерін моңғолдар деп атай бастады да, бұл термин жинақтаушы этникалық – саяси мәнге ие болды.


1206 жылдың көктемде Орхон өзенінің сағасында Темучинді жақтаушылардың–моңғол ақсүйектерінің құрылтай жиналысыболып, онда ол Шыңғыс-хан деген атпен моңғолдардыңәміршісіболып салтанатты түрде жарияланды. Шыңғыс хан деген сөз моңғолша «көктен жаралған» деген ұғымды білдіреді. Сөйтіп, Орталық Азияда құдіретті күштіШыңғыс-хан империясы құрылды .Шыңғыс-хан құрған мемлекеттіңнегізіне әскери тұрғыдан ұйымдастыру принципіалынды. Бүкіл территориясы мен халқы оңқанат (барунғар), сол қанат (зұңғар – жоңғар) және орталық (гол) атты үш әскери-әкімшілік округке бөлінді. Әрбір округ «түменге» (түмендер) бөлінді. Олардың әрқайсысы оң мың адамнан тұрды, «мыңдар» – он «жүзден», ал «жүздер», - «ондықтан» құралды. «Қасиетті аңызға» сәйкес, бүкіл Моңғолия Шыңғыс-ханның туыстарымен оны қолдаушылардың биілігіне таратылып берілген 95 «мыңға жіктелді». Бұдан басқа Шыңғыс-ханға 10 мың өзіне шын берілген таңдаулы жауынгерлерден тұратынкешігі (гвардиясы) қызмет етті. Оның көмегімен Шыңғыс-хан нояндар мен басқа феодалдарды өзіне тәуелді етіп ұстады.
XIII ғасырдың басында Солтүстік және Орталық Қазақстанның далалық кеңістіктерінде Ертістен Батысқа қарай қыпшақтардың мемлекеттік бірлестігі орналасты. 1210 жылы Жетісудағы қарақытайлар аумағының бір бөлігін наймандардың жол бастаушысы Күшлік жаулап алса, Жетісудың Солтүстік бөлігі Қарлұқ ханы Арсыланға бағынды. Сырдария алабы, Мәуереннахр өзіне тиесілі аудандармен қоса Хорезм шахы Мұхаммедтің қол астына қарады. Алтын Орданың мемлекеттік-саяси құрылысын еске түсірер болсақ, Шыңғыс хан әскері 1219—1224 жылдары Қазақстан мен Орталық Азияны жаулап алды. Монғол шапқыншылығы аймақтың саяси қартасын толығымен өзгертті.Басып алған жерлерді Шыңғыс хан Жошы, Шағатай, Үгедей ұлыстарына бөлді. Жошы ұлысы оның баласы Батый хан тұсында экономикалық және әскери күш-қуаты толысып, мемлекет жерінің көлемі ұлғайды. Ұлыс иелігі Шыңғыс хан ұрпақтарына мұрагерлік жолмен, кейде мемлекетке сіңірген қызметтері үшін де берілді.Ұлыстар өз кезегінде неғұрлым ұсақ үлестерге бөлінді. Ұлыстар мен үлестер ханға бағынды. Хан оларға елді басқаруға, елден салық жинауға ресми қағаз беретін болды. Хан жанынан хан кеңесі шақырылды. Оған хан туыстары, дінбасылар қатысты.Шыңғыс ханның тұсында 1206 жылы қабылданған "Йасы" заңдар жиынтығы жұмыс істеген. "Йасы" заңына бағынған барлық көшпелілер бір халық деп есептелді. Шығыс Ертістен Батысқа Дунайға дейін созылып жатқан орталығы төменгі Еділде орналасқан көлемді мемлекет орыс жылнамаларында "Алтын Орда" деп аталған.Алғашқы орталықтандырылған мемлекет ретіндегі "Алтын Орда" Қазақстан тарихында ерекше орын алады. Оның тұңғыш билеушісі Батый мен оның ағасы Берке кешпелі дәстүрлер мен Шыңғыс ханның Йасы ережесіне сүйене отырып, мемлекеттіліктің негізін қалады. Бүкіл мемлекет екі қанатқа бөлінді, сол жақтағы "Көк Орда" және оң жақтағы Ақ Орда, сондай-ақ "ұлыстар" деп аталған көптеген біршама ұсақ үлестерге белінді.Үлестер табыс кезі қызметін атқарып, империя басшысына бағынды. Шығыстықтардың басшысы Ұлы хан болды. Мемлекет басшысы ретіндегі оның құқығына әскери, заңды және әкімшілік билік кірді. Монғол империясының саяси өмірінде құрылтай үлкен рөл атқарды.
Құрылтай — бұл шыңғыстықтар мен монғол көшпелі ақсүйектерінің жалпы империялық жиналысы. Құрылтай сөз жүзінде жоғары биліктің ұйымы. Үлес билеушісінің қарамағында елеулі әскери күш болды, олар өз ұлысын толығымен дербес ұстады, сондай-ақ үлестерді тәуелсіз иелік жасауға ұмтылды.Алтын Ордаданың ішкі басқару жүйесінде қызмет ететін адамдар, сондай-ақ әскери-көшпелі ақ сүйектен тұратын әкімшілік-шенеунік аппарат жүйесінде маңызды орын алды. Ерекше лауазымды қызметтерге тағайындалды.Көшпелі-әскери шонжарлардан құрылған әкімшілік-шенеунік аппарат жұмыс істеді. Шыңғыс ханның "Йасы" заңы негізінде әскери істі — беклербегі, азаматтық істі — уәзірлер, салық жинауды — даругалар, басқақтар аткарды.Кез келген мемлекеттің қазынасын толтыру көздерінің бірі — жергілікті тұрғын халықтан, сондай-ақ, өзіне бағынышты аумақтың халқынан алынатын салықтар болып табылады. Бұдан басқа қосалкы және төтенше бірқатар міндеткерліктер мен алым-салықтар түрлері де болды. Олардың ішінде әскерлерді, поштаны, шенеунік аппаратты жабдықтауға арналған салықтар бар. Бұл салықты малшылар 100 бастан 1 бас мөлшерінде төлеп отырған, ол купчур деп аталды. Отырықшы халық жер салығын харадж төледі (егіннің 1/10 — 1/5 бөлігі). Әскерлерді астықпен, малмен және т.б. жабдықтау үшін заттай алым — тағар белгіленді.Алтын Орда ыдырағаннан кейін (XV ғасырдың 30—70-жылдары) оның үйіндісінде жаңа мемлекеттер: Қырым хандығы, Қазан хандығы, Астрахан хандығы, Сібір хандығы, сондай-ақ Қазақ хандығы мен Ноғай ордасы құрылды. Олардың бәрі хан атынан елді басқарды. Енді XIV—XV ғасырлардағы жеке хандықтардың тарихына арналған кестеге назар аударыңдар.
Ақ Орда мемлекеті. XIII ғасырдың ортасынан бастап Алтын Орданың Шығыс Дешті Қыпшақ аумағында — Ақ Орда мемлекеті өмір сүрді. Бұрынғы Қыпшақ хандығының жері Ақ Орданың негізгі аумағын құрады.Түркі және түркіленіп кеткен жергілікті шонжарлардың саяси- экономикалық жағдайының нығаюы нәтижесінде, Ақ Орда XIV ғасырдың ортасында Алтын Ордадан біржола бөлініп шықты. Ақ Ордада Жошының баласы Орда Ежен әулеті билік құрды.Шығыс Дешті Қыпшақ, Солтүстік-Шығыс Жетісу, Ертіс өңірі алғашқыда Жошының үлкен ұлы Орда Ежен ұлысына қарады және Көк Орда деп аталды. Ал Жайық, Ырғыз, Тобыл, Сарысу өзендері бойындағы иеліктер, Арал өңірі далалары, Сырдарияның төменгі ағысы Жошының басқа баласы — Шайбани ұлысы құрамына еніп, Ақ Орда деп аталынды.Осылайша, XIV ғасырда Жетісудан басқа Шағатай мемлекетінің құрамына енген барлық аумақ іс жүзінде Ақ Орда құрамында- болды. Орталығы — Сығанақта орналасты. Ақ Орданы Орыс хан (1361—1376/77 жылдары), оның баласы Барақ (1423—1428 жылдары) билеген жылдарда Шығыс Дешті Қыпшақтағы қуатты мемлекетке айналды.Ақ Орда — монғолдардан кейінгі кезеңде Қазақстан аумағында жергілікті этностық негізде құрылған тұңғыш ірі мемлекеттік құрылым. Онда қыпшақ бірлестігінің құрамына кірген халықтардан басқа наймандар, арғындар, үйсіндер, қарлұқтар, т.б. мекендеді.
Әбілхайыр хан мемлекеті (1428—1468 ж). XV ғасырдың 20-жылдарында Ақ Орда мемлекетінің ыдырауы барысында Қазақстанның далалық бөлігінде Әбілхайыр хан мемлекеті құрылды. Ақ Ордадағы билік Жошы ханның басқа ұлы Шайбани әулетіне көшті. Әулеттің бірінші ханы Әбілхайыр болды. Әбілхайыр Шығыс Дешті-Қыпшақ аумағына енген Батыс Сібірдегі қазіргі Түмен қаласы еңірінде хан болып сайланды. Мемлекеттің шекарасын кеңейту мақсатында ол бытыраңқы Шығыс Дешті Қыпшақтағы ұлыстарды бағындыруға кірісті. Әбілхайыр Қажы-Тархан (Астрахан) ауданында Тока-Темір әулеті билеушілерін жеңіп, астанасын Орда-Базарға көшіреді.Әбілхайырдың ендігі бағыты — оңтүстік пен оңтүстік-шығысты бағындыру еді. Әбілхайыр хан өзінен бұрынғы Барақ хан сияқты Ақ Орданың экономикалық жағынан анағұрлым қуатты ауданын басып алуға ұмтылды. 1446 жылы ол аса ірі жеңістерге жетті. Қаратау алқабы мен Сырдария жағалауындағы Созақ, Сығанақ, Аркек, Аққорған, Үзкент сияқты қамалды қалаларды қосып алды. Сөйтіп, үшінші рет өз орталығын Ақ Орданың бұрынғы астанасы Сығанаққа көшірді.Кезінде Ақ Орданың бұрынғы қуатын қалпына келтіру мақсатында 1427 жылы Барақ хан дәл осы Түркістан аумағы үшін Темір әулетімен соғысып, жеңіске жеткен еді. "1428 жылы Барак, хан қаза болғаннан кейін бұл жерлер Темірдің ұрпағы — Ұлықбек мемлекетінің қолында болды ма, әлде Орыс хан мен Барақ хан ұрпақтарының қол астында болды ма?" деген сұрақ туады.Шамасы, Ұлықбек қол астында Түркістанның тек оңтүстік бөлігі (Йасы, Отырар) ғана қалса керек. Деректемелерді салыстыра отырып, мұнда XV ғасырдың 40-жылдарында Әбілхайыр ханға бас имеген Ақ Орда хандарының ұрпақтары мекендеген деп топшылауға болады. Дәлірек айтсақ, Тока-Темір мен Орда Ежен ұрпақтарының қонысы еді. Олардың екеуі де дәстүр бойынша Ақ Орданың тең дәрежелі билеушілері болатын. Олар Барақтың осы аумақтағы билігін мұраға алды. Сондықтан Әбілхайырдың Сырдария бойын бағындыруы бұл аймақта көшіп-қонып жүрген Орыс хан — Барақ хан мұрагерлері Керей мен Жәнібек сұлтандармен арадағы қатынастарды шиеленістіріп жіберді. Ендеше, қалыптасқан аса күрделі саяси жағдайдың болашақта Керей мен Жәнібектің өзіне қарасты халықты алып кешіп кетуінің себебін түсіну үшін маңызы зор.1457 жылы Әбілхайыр хан Сығанақ маңындағы Көккесене елді мекенінде ойраттың Үз Темір тайшысынан күйрей жеңілді. Бұл жеңіліс оның мемлекетінің саяси ыдырауына әкелді. Әбілхайыр ханның өзі 1468 жылы Моғолсташа жорық үстінде қайтыс болды.
Моғолстан — 14 ғ. орталығында құрылған мемлекет. Ол Шағатай әулеті иеліктерінің шығыс бөлігінде қалыптасты. Бұл мемлекеттің негізін қалаған Тоғлық Темір (1348—1362) болды.Моғолстан атауы моңғол деген сөздің түркіше, парсыша атауы болып табылады.
14—15 ғғ. Моғолстан құрамына Түркістан, оңтүстік-шығыс Қазақстан және Орта Азияның кейбір аумақтары кірді. Оған кіретін тайпалар: дұғлаттар, қаңлылар, керейттер, арғындар, барластар кірді. Орталығы — Алмалық қаласы.Бұрынғы Шағатай ұлысының жерін толық билеуді көздеген Тоғылық Темір Мәуереннахрды Шыңғыс әулеті Денішмендінің атынан билеп отырған Қазағанның көзін құртуды, сол арқылы бұл өңірді Моғолстанға қосып алуды ойлады. Сөйтіп, ол 1358 ж. Қазаған әмірді өлтіртті. Бір жылдан кейін Қазағанның мұрагері Абдолла да қаза болды. Осыдан кейін Мәуереннахр тәуелсіз ұлыстарға бөлінді. Оны пайдалану үшін Тоғлық Темір жанталасты.
14 ғ. ортасына қарай Шағатай ұлысы ыдырап, Шағатай ұлысының шығыс бөлігі – Оңтүстік-шығыс Қазақстан мен Қырғызстан аумағында Моғолстан мемлекеті құрылады. Ал ұлыстың келесі бөлігі – Мауараннахрдың батысында Әмір Темір мемлекеті құрылған. Моғолстан аталу себебі, Шығыс деректерінде «моңғол» сөзіндегі «н» әрпі түсіп қалып, «моғол» немесе «моғолстан» сөзі қалыптасып кеткен.Мемлекетті кезінде Шағатай ханға адал қызмет еткен дулат тайпасының әмірі Поладшы басқарған. Әмір Поладшы бастаған дулат ақсүйектері Поладшының хан болуға құқығы болмағандықтан, өздерін таңдайтын, Шағатай ұрпағы Дува ханның немересі, он алты жасар Тоғылық-Темірді 1348 жылы Моғолстан ханы етіп сайлайды. Ал негізгі саяси билік осы Әмір Поладшының қолында болған. 16 ғ. аяғында Әмір Темір Моғолстан жеріне бас көтертпей, дүркін-дүркін жорықтар жасайды. Алғашқы жорығы 1371-1372 жылдары болған. Бұл жорықта Алмалық қаласына дейін жетеді, бірақ қалаға кірмейді. Жол бойындағы елді мекендерді тонап, халықтың мал-мүлкін талан-таражға ұшыратып, көптеген тұтқын алып қайтады. Екінші жорықта 1375-1377 жылдары оңтүстік Қазақстан арқылы жүріп, жетісудің Шарын өзеніне дейін жетеді. Моғол ұлысының басшысы Қамар ад-динмен шайқасып, оны жеңеді. Қамар ад-дин Шығыс Түркістанға, Үш Тұрфанға қарай қашып құтылады. Әмір Темір Моғолстанға 1380-1390 жылдары да бірнеше рет жорық жасаған. Бұл жолғы жорықтың жойқындығы соншалықты, Әмір Темір өзінің балаларының қолындағы әскерлермен қосқанда 120 мың адаммен атанған. Моғолстанның Сонымен, Әмір Темір шабуылдары әбден титығына жеткен Моғол хандығы мүлде әлсірейді. Хандық бірнеше иеліктерге бөлініп, саяси жағынан бөлшектенеді. Қызыр-Қожа хан Темірге өзінің тәуелділігін мойындайды. Моғолстан Әмір Темір қаза болғаннан кейін (1405 жылы) ғана Қызыр-Қожаның мұрагері Мұхаммед ханның кезінде (1408-1416) тәуелсіздікке қол жеткізе бастайды. Моғолстан хандығы Жүніс ханның немересі Абдар-рашид ханның кезінде ыдырай бастайды. Оның Жетісу аймағы Қазақ хандығының құрамына енеді.
Ноғай ордасы (Маңғыт ұлысы) – Алтын Орда ыдырап, Ақ Орда әлсірегеннен кейін Батыс Қазақстан жеріне іргелес аймақта пайда болған мемлекеттік бірлестік. Негізгі аумағы Еділ мен Жайық аралығы болғанымен, шығыста Жайықтың сол жағасына, солтүстік-шығыста Батыс Сібір ойпатына дейін, солтүстік-батыста Қазанға дейін, оңтүстік-батыста Арал, Каспий теңізіне дейін, кейде Маңғыстау мен Хорезмге дейінгі алқапты қамтыды. Ноғай ордасы алғашында осы бірлестіктің негізін қалаған маңғыттардың атымен “Маңғыт Ордасы” аталған. Ноғай ордасының даралануы 13 ғ. 2-жартысында басталып, Нұр әд-Диннің (1426 – 40) тұсында аяқталды. Орт. – Жайық өзенінің төменгі саласы, Сарайшық қ. болды. Алтын Орда ыдырағаннан кейін пайда болған өзге де ордалар сияқты Ноғай ордасында этникалық құрылымнан гөрі, саяси құрылым басым еді. Бас билікті “бектер бегі” әмір атқарды. Негізгі бұқарасы “ұлыс адамдары” (ноян, мырза, кінәз, т.б.), “қара халық” деп аталды. Хан тағы тек Шыңғыс хан әулетінің ғана үлесі болса да, Ноғай ордасының саяси үстемдігі, экономикалық тіршілігі маңғыт әмірлерінің, яғни Едіге ұрпағының қолында болып, билік атадан балаға көшіп отырды.
Ш.Уәлиханов Ноғай ордасы мен Қазақ хандығы халқының туыстығы туралы “бауырлас орда” деп атаған (Қазақ-ноғай қарым-қатынастары). 15 ғ. аяғында Ноғай орда орыс мемлекетімен саяси және сауда-экономикалық байланыстар орнатып, ноғай билеушілері Мәскеу мен Қазан базарларына жыл сайын мыңдаған жылқы мен қой өткізіп тұрды. 16 ғ. 2-жартысында Қазан мен Астрахан хандықтарын Ресей жаулап алғаннан кейін Ноғай ордасы әлсіреп, бірнеше ұлыстарға, ордаларға бөлінді. Солтүстік Кавказда Кіші Ноғай ордасы, ал Жем, Ойыл жағалауларында Алты Ұлыс ордасы құрылды. Исмаил мырзаның қарамағындағы тайпалар Үлкен Ноғай ордасын құрып, 1557 ж. Орыс мемлекетіне бағынды. Еділ қалмақтарының шабуылынан кейін 1634 ж. ноғайлар Еділдің оң жағына көшіп, Кіші Ноғай ордасымен бірікті де, Қырым хандығына тәуелді болды. Ноғай ордасы ыдырағаннан кейін қазақ жерінде қалған ел Қазақ хандығы құрамына енді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет