Көрнекілік және үлестірме материал: Слайд, карта,
Ұсынылатын оқу тізімі:
1.Ерофеева И.В. Хан Абулхаир: полководец, правитель, политик. – Алматы:Дайк-Пресс, 2007. - 456 с.
2.Қазақстан тарихы.ІІІ том. Алматы, 2002ж.
3. Қазақстан тарихы. Лекциялар курсы.Қ.С.Қаражан Алматы, 2009ж. 10 экз.
Бақылау сұрақтары:
1.1710жылы Қарақұм маңында бас қосудың себебі?
2.Кіші жүз қазақтарының Ресейге қосылу себебі?
3.1867-1868ж әкімшілік реформаның нәтижесі?
Дәріс 6. Қазақтардың Ресей отаршылдық үстемдігінің орнатылуына қарсы ұлт-азаттық күресі
Дәрістің мақсаты: Қазақ халқының тәуелсіздігі мен бостандығы үшін орын алғанкөтерілістердің алғышарттары, себеп-салдары, мақсаты мен сипатын және тарихи маңыздылығын баяндау. Қозғалыс жетекшілерінің ерлігін насихаттау арқылы Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.
Түйінді сөздер: Бостандық, Тәуелсіздік, отарлау, қозғалыс
Күтілетін нәтижелер:Тарихи тұлғалардың рөлін бағалайды.Ұлт-азаттық көтерілістердің себеп-салдарын жинақтайды. Әр кезеңде орын алған қозғалыстардың ерекшеліктерін анықтайды.
Негізгі сұрақтар:
1 Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысы
2.Бөкей хандығындағы Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісұлы бастаған қазақтардың көтерілісі(1836-1838 ж.)
3.Сұлтан Кенесары Қасымұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысы (1837-1847)
.
Қысқаша мазмұны
XVIII— XIX ғасырларда қазақ халқы сырттан төнген экспансияға қарсы үздіксіз күрес жүргізді. Қазақ қоғамы XVIII ғасырдың алғашқы жартысында Жоңғар хандығымен, оның артын ала Цинь империясымен, Орталық Азия хандықтарымен өз еркіндігі үшін тынымсыз күрес жүргізіп, ең соңында Ресей империясымен бетпе-бет келді.
Ұлт-азаттық қозғалыс — отар елдерге тән тарихи құбылыс. Ұлт-азаттық қозғалыстың басты мақсаты — ұлтты езгіден азат ету, оның ұлттық мүддесін қорғайтын мемлекеттілігін қалпына келтіру және отаршылдық билікті жою арқылы ұлттық дербестікке қол жеткізу. Демек, ұлт-азаттық қозғалыс — отар халықтардың отарлық езгіге қарсы жалпы халықтық күресі.
Оның басты мақсаты — ұлтты өзге мемлекеттің экономикалық, саяси және басқа езгісінен азат ету, елдің табиғи ұлттық мүддесін қорғауға қабілетті мемлекеттілігін қалпына келтіру. Мұндай көтерілістер қатарына Сырым Датұлы, Исатай мен Махамбет, Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістерді айтамыз.
Сырым Датұлы бастаған көтерілістің себептері:
Біріншіден:
Патша үкіметінің жарлығы шығып, онда қазақтардың Жайықтың оң жағалауындағы аймақтарға қыс мезгілінде жайылымдық жерлерді жалға алу арқылы ғана уақытша өтуіне рүқсат етілді.
Екіншіден:
1782-1783 жылдың қысында шекара шебінің ішкі жағында казактар қазақтардың 4 мыңнан астам жылқысын күшпен тартып алды. Қыстың өте суық болуы жағдайды одан сайын қиындатып жіберді. Жұт басталды. Дала тұрғындарының 10 000-нан астам жылқысы мен сиыры қырылып қалды. Міне осындай қиын-қыстау жағдайда Кіші жүздің шекара шебіне таяу ауылдарында бұқаралық қозғалыс басталып, ол көп ұзамай азаттық күресіне ұласты.
Бұл көтеріліс Батыс Қазақстан өңірлерінде 1783-1797 жж. аралығында болып өтті.Көтерілістің туындауына отарлық езгінің күшеюі, қазақтардың Жайықтан өтуіне тиым салынуы, орыс-казактардың арғы бетке өткен ауылдарды ашық тонауы, Кіші жүздегі хан билігінің әлсіздігі т.б. себеп болған еді. Сонымен бірге, ықпалды билер мен Нұралы хан арасындағы қайшылықтар да әсер етті. Көтеріліс Батыс Қазақстанның біраз жерін қамтыды. Оның негізгі орталықтары – шепке жақын орналасқан Байбақты, Табын және Тама рулары қоныстанған Елек, Шыңғырлау, Қобда өзендерінің бойлары болса, орыс шебіне шабуылдар кезінде Ойыл, Жем, Темір, Сағыз өңірлері де көтерілісшілердің ту тіккен ордаларына айналды. Көтеріліске Кете, Шекті, Шеркеш, Таз т.б. рулар да қатысқан. Деректерге қарағанда, Сырымның қол астында 2700 адам, Барақ батырда – 2000, Тіленші батырда – 1500 адамдық жасақтар болған.
Еділдің шығыс өңіріндегі ірі халықтық сипаттағы қозғалыс, көтеріліс патша үкіметінің отарлау саясатын, Жайық бойындағы өңірді басып алуға мейлінше тырысқанын дәлелдейді, тарихи қозғалыс ру арасындағы қайшылықтар халықтың басты мақсатына жетуіне зор кедергі болатынын көрсетті.1797 жылы Қаратай сұлтанның өршеленген қуғынынан құтылу үшін Сырым Датұлы Хиуа хандығына өтіп кетті. Ал 1802 жылы белгісіз себептерден батыр сонда дүние салды.
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (1837-1847 жылдар аралығы) — қазақтардың патша үкіметіне қарсы барынша бұқаралық және ұзаққа созылған көтерілістерінің бірі болды. XIX ғасырдың 20 — 30-жылдарында отаршыл өкімет билігі мен қазақ халқының арасындағы қарым-қатынас елеулі түрде шиеленісе түсті. Біріншіден, Кіші жүз бен Орта жүздегі хан билігінің жойылуы сұлтандардың, билердің және батырлардың едәуір бөлігінің наразылығын туғызды. Екіншіден, патша үкіметі қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлі жерлерін әскери бекіністер салу үшін жаппай тартып ала бастады. Үшіншіден, бұрын Ресейге ешқандай алым-салық төлеп көрмеген қазақтарға ендігі жерде жасақ, түтін салығы, жол салығы сияқты алым-салық түрлері көбейе түсті, қазақ өз жерін өзі жалға алып, пайдаланатын күй кеше бастады. Төртіншіден, патша үкіметінің әскери отрядтары қазақ ауылдарына шабуыл жасап, күн көрсетпеді. Осының бәрі байырғы жергілікті халықты (номадтарды) қатты күйзеліске ұшыратты, олардың күн көрісін қиындатып жіберді.
Көтерілістің басты мақсаты қазақтардың патша үкіметі тартып алған ежелгі жерлерін өздеріне қайтарып алу, округтерді тарату, отаршылар енгізген алым-салықтарды жою еді.
Көтерілістің қозғаушы күші қатардағы қарапайым көшпелілер, сондай-ақ старшындар мен би, батырлар, тіпті сұлтандар да болды. Көтерісшілердің қалың қолына үш жүздің атақты батырлары жетекшілік етті.
Көтеріліске қатысушылар негізінен қазақ халқы еді. Бірақ олардың арасында орыстар мен башқұрт, өзбек, қарақалпақ, түрікмен, тіпті поляктар және басқа халық өкілдері де болды. Олардың кейбіреулері ханның ерекше сенімі мен құрметіне ие болып, жоғары лауазымды қызметтер атқарды.
1837 жылы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс басталды. Ол Қазақстандағы ірі көтерілістердің бірі еді. Оған үш жүздің қазақтары түгел қатысты. Кенесары тарих сахнасына өзінің ұлы бабасы Абылай ханның ісін жалғастырып, алға алып барушы ретінде шықты.
Сұлтан Кенесары 1802 жылы дүниеге келген. Ол Қасым сұлтанның бел баласы, Абылай ханның туған немересі еді. Көтерілістің болашақ басшысы Кенесары бала кезінен-ақ ат құлағында ойнады, құралайды көзге атқан мерген болды. Қанжығасы қанды ғажайып аңшылығымен, қара қылды қақ жарған әділдігімен, ерік-жігері, қажымас қайратымен және жүрек жұтқан батылдығымен, қайтпас қайсар қаһармандығымен тaнылды. Оның бойында ұйымдастырушылық және әскери қолбасшылық таланты мол болатын. XIX ғасырдың орта кезіндегі орыс зерттеушілерінің бірі Л. Майер «Кенесарыға көзсіз ерлік тән еді» деп жазды. Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс қазақ халқының патша үкіметіне қарсы жаппай қатысқан бұқаралық соғыстарының бірі болды. Көтерілістің жеңіліске ұшырауы патша үкіметінің қырғыз жерлерін, Жетісудың аумағын және Оңтүстік Қазақстанды басып алуына жол ашты. Сондай-ақ Бұхара, Қоқан және Хиуа хандықтарын қосып алудың алғышарттары жасалды.
Кенесары Қасымұлы қазақ халқының есінде талантты әскери қолбасшы, аса көрнекті мемлекет қайраткері ретінде қалды. Хан билігі іс жүзінде жойылған жағдайдың өзінде ол қазақтың үш жүзінің басын біріктіріп, қазақ мемлекеттілігін қайтадан қалпына келтірді.
Бөкей ордасындағы ұлт-азаттық көтеріліс (1836-1837) — әлеуметтік-әділетсіздік пен патша үкіметінің езгісіне, отарлаушылық саясатына қарсы қазақ шаруаларының көтерілісі. Оған Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басшылық етті.
Қозғалыс толқыны өрбіген аудандарда хан билігінің берекесі қашты. Көтерілісшілер үйлерді өртеп, хан жақтаушыларының мүлкін тартып алды, қоныстарынан қуып шықты. Көтерілісшілердің ірі күші бірнеше топқа бөлініп, хан ордасын басып алу үшін солтүстікке, Нарынқұм жағына аттанды. Жол-жөнекей олар патша шенеуніктерінің, бай-шонжарлардың, сұлтандардың ауылдары мен қора-жайларын талқандап, жерлерін тартып алды. Кейбір жерлерде рулық басшылыққа өз адамдарын тағайындап отырды. Қарапайым халық екі жақты қысымға — жергілікті билеушілердің озбырлығына және отаршылдық езгіге ұшырады. Хан тәртібі мен қанаушыларға деген ашу-ыза, өшпенділік қазақ рубасыларын осылайша ашық күреске итермеледі. Көтеріліс алғышарттары Қозғалыс толқыны өрбіген аудандарда хан билігінің берекесі қашты. Көтерілісшілер үйлерді өртеп, хан жақтаушыларының мүлкін тартып алды, қоныстарынан қуып шықты.
Көтерілісшілердің ірі күші бірнеше топқа бөлініп, хан ордасын басып алу үшін солтүстікке, Нарынқұм жағына аттанды. Жол-жөнекей олар патша шенеуніктерінің, бай-шонжарлардың, сұлтандардың ауылдары мен қора-жайларын талқандап, жерлерін тартып алды. Кейбір жерлерде рулық басшылыққа өз адамдарын тағайындап отырды. Көтерілістің бірінші кезеңі Қозғалыстың келесі, екінші кезеңі көтерілісшілердің хан ордасын қоршауға алып, екі апта патша үкіметінің күші басым тұрақты әскерлерімен алғашқы қақтығысуымен басталды. Патша әскерлері қоршауды бұзды. Хан ордасынан оңтүстік-шығысқа қарай шегінген көтерілісшілердің негізгі күші 1837 жылдың қарашасында Тастөбе сайының маңында подполковник Гекенің жазалаушы отрядтарымен шайқасқа түсіп, жеңіліске ұшырады. Көтерілістің екінші кезеңі Қозғалыстың үшінші кезеңінде көтерілісшілердің шағын тобын бастаған Исатай мен Махамбет бұл ұрыста жеңіске жете алмайтындарын біліп, Жайықтан өту жолын іздестірді. Өзеннің екі жағына жағалай қойылған әскери күзетке қарамастан, олар 1837 жылдың 13 желтоқсанынан 14-іне қараған аязды, бұрқасынды түні Жаманқала бекінісінің маңынан Жайықтан өтіп кетті. Бөкей хандығының шаруалар көтерілісі осымен аяқталып, Жайықтың сол жақ жағалауына ауысты. Көтерілістің ерекшеліктері Бөкей хандығы қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісінде орта ғасырлық шаруалар қозғалысына тән белгілер болды. Бұлар: көтерілісшілердің батылдығы мен жеке отрядтарының бытыраңқылығы, саяси мақсаттарының айқын болмауы мен ұйымшылдықтың нашарлығы. Бүған патриархалдық-рулық қатынастар мен көшпелі мал шаруашылығы басым дамыған қазақ қоғамының ерекшеліктерін қосуға болады. Көтеріліс Бөкей хандығында жеңіліске ұшырағанымен, халықтың әлеуметтік бостандығы жолында күресуші кейінгі ұрпақтың ойы мен есінде мәңгі сақталып қалды.
Достарыңызбен бөлісу: |